Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ызыл кітап




Қам көңілдің көк тұманы, тез айық!

Өмір үшін күреспеудің өзі айып.

Динозавр құрып кетсе бір кезде,

Енді, міне, қалды піл де азайып.

Ауру қазір табиғаттың бүйрегі.

Мықтыларың мықтылықтан күйреді.

Жунглиде жүргізбейтін

Жау жүрек

Жолбарыстың өзі де әбден сиреді.

Қайран күндер!..

Көңілсіз көл қоғалы.

Қайда олардың киесі мен обалы?

Алыптардың алыбына жататын

Киттерің де барады тез жоғалып.

Сирей-сирей

Құстар менен балықтар,

Жер-анаға ұятты боп қалыпты ар…

Жолбарысты, Пілді, Китті ойласам,

Түседі еске опат болған мамонттар.

Табиғаттың бір перзенті,

Бір ұлы -

Мамонт қайтып келмейді енді тіріліп.

Дүниеге сыймайтын не жының бар.

Айналайын ірілік-ай,

Ірілік!

(Қ.Мырзалиев)


2-тапсырма

Келесі тақырыптарға шағын хабарлама жасаңыз.

· Жер-Ана – біздің ортақ үйіміз

· Шығыстың орманын сақтап қалайық

· Өскемендегі ауа бассейінінің хал-ахуалы

· Экология - баршамызға ортақ мәселе

8.3 ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ

Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдаңыз.

1.Су бар жерде не бар?

1) өмір

2) тіршілік

3) қалалық

4) ұлақ

2. Жер-Ана ………..

1) жыласын

2) жыламасын

3) дамысын

4) дарысын

3. Қазақстанда …… тапшылығы мәселесі бар.

1) тұщы су

2) ащы су

3) ауыз су

4) азық-түлік

4.Семей полигоны қай жылы жабылды?

1) 1985

2) 1988

3) 1989

4) 1991

5. Бұл - Семей полигонының зардаптары. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері қай сөз табынан келген?

1) сын есім, есімдік

2) зат есім, есімдік

3) етістік, зат есім

4) есімдік, сын есім

6.Қоршаған, сақтау, тазалығын, мәселесі, қазір, болып отыр, өзекті, орта. Дұрыс құрастырылған сөйлем қайсы?

1) Қоршаған мәселе орта тазалығы қазір өзекті болып отыр.

2) Өзекті мәселе қазір қоршаған орта тазалығын сақтау болып отыр.

3) Қоршаған орта тазалығын сақтау мәселесі қазір өзекті болып отыр.

4) Қазір қоршаған орта тазалығын сақтау мәселесі өзекті болып отыр.

7.Сөйлемде қандай тұрлаусыз мүшелер бар? Жер-ананың байлығын ысырап етпейік.

1) анықтауыш, пысықтауыш

2) анықтауыш, толықтауыш

3) толықтауыш, пысықтауыш

4) толықтауыш, бастауыш

8.Табиғи өзгерістер адамзаттың табиғатқа аяшылық етпеуінің нәтижесі. Қандай тыныс белгісі қажет.

1) қос нүкте

2) сызықша

3) нүкте

4) үтір

9.Бір күннің ………қалпына келтіру үшін жүздеген жылдар қажет болуы мүмкін.

1) бұзуын

2) бұзатын

3) бұзуда

4) бұзғанын

10. Табиғатты …………! Жер-Ананы ………..!

1) аялайық, қорғайық

2) аямайық, қоршайық

3) аяласын, қорысын

4) аялайды, қорғайды

А қосымшасы

ОҚЫЛЫМҒА АРНАЛҒАН МӘТІНДЕР

1 Жер шарын мекендейтін халық

Жер шарын мекендейтін адамның саны 1800 жылы 1 миллиардқа жетті. 1930 жылы 2 млрд, 1960 жылы 3 млрд, 1975 жылы 4 млрд, 1987 жылы 5 млдр, 1999 жылы 6 млдр болды. 2012 жылы 7 миллиардқа жетпек. Күн сайын 237 мың адам дүниеге келсе, 140 мың адам өмірден өтіп жатады. Үндістанда әрбір минут сайын 48 адам өмірге келеді екен. Жыл сайын бұл елде адамдар 18 млн-ға артып отырады.





Дата публикования: 2014-10-25; Прочитано: 803 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...