Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Берел ескерткіштері



«Берел кезеңінің» ежелгі көшпенділердің көркемөнері үлгілерін Таулы Алтай, оның ішінде Шығыс Қазақстанның аумағында көптеп кездестіруге болады. Олардың ішінде ең атақтысы - «патшалар жазығында» орналасқан кешен.

1997-2000 жылдары Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданының Берел ауылы маңынан бұрыштарында қоладан жасалған аң-құстардың бейнесі бар мәйітхана табылды. Бұл мәйітханада қымбат киім киген ер мен әйел жерленіпті. Олармен бірге ер-тұрман, ат әбзелдерімен он үш ат та жерленіпті. Тоңазыту тәсілімен қатырып тасталған аттар еш бұзылмастан сақталған. Аттардың басына алтынмен апталған тау ешкінің бейнесі бар бетперде кигізілген. Ертегі, аңыздарды суреттелетін самұрық құстар, жыртқыш аңдардың бейнелері асқан шеберлікпен жасалған.

Ағаш пен сүйектен, алтын мен қоладан, тері, киізден жасалған өнер туындылары - берелдіктердің жоғары мәдениетінің дәлелі. Қазір бұл мұралар әлемдік деңгейде зерттелу үстінде. Берел ескерткіштерінің көшірмесі Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті мұражайында сақталған.

1. Қазақстан мәдениетінің қандай жетістіктерін білесіз?

2. ЮНЕСКО арқылы әлем жұртшылығы кімдерді таныған?

3. Көне түркі ескерткіштеріне қандай ескерткіштер жатады?

4. Олар қай жерлерден табылған?

5. Ескерткіштерде не туралы жазылған?

6. Руника жазуы қай кезде қолданылған?

7. Көне түркі жазулары қандай бұйымдарға ойылып жазылған?

8. Күлтегін ескерткішінің көшірмесі қайда қойылған?

9. Шығыс Қазақстанда түркі мәдениетінің қандай ескерткіші табылды?

10. Берел ескерткішінің ерекшеліктері неде?

11. Берел ескерткіштеріндегі жәдігерлер туралы не айта аласыз?

8-тапсырма

Сұхбатты рөлдерге бөліп оқыңыздар.

- Сәлем, Асқар! Қайдан келе жатырсың?

- Амансың ба, Марат! Мен орталық мұражайдан келе жатырмын. Ол жерде Көне түркі ескерткіштерінің көрмесі болды.

- Қызық болды ма? Маған айтып берші!

- Мен өзіме өте қызықты мәліметтер алдым. Білесің бе? Көне түркілер өте ертеде жазуы, мәдениеті дамыған ел болған екен. Түркілер өте жауынгер халық болған және олардың тарихы тасқа жазылып қалған ескерткіштерде сақталған

- Иә. Мен де естігенмін. Біздің Шығыс Қазақстанда көне түркі мәдениеті Шілікті, Берел обаларынан табылған ескеркіштермен де белгілі. Мұражайда олар болды ма?

- Берел ескерткіштерінің көшірмесі болды. Сол обада сақталған аттың

суретін, оның әшекейлерін де көрдім. Әшекейлер аң стилінде асқан шеберлікпен жасалған екен. Бір қызығы, сақ патшасымен бірге он үш ат тірідей жерленген екен. Олар бұзылмай қалай сақталғанын ғалымдар зерттеп жатыр.

- Асқар, сен мені қатты қызықтырдың. Бұл көрмеге бару керек екен.

ТАҚЫРЫПТЫҚ СӨЗДІК:

1. мәдениет – культура

2. жетістік – достижение

3. жәдігер – экспонат

4. ат әбзелі – конское снаряжение

5. мұра – наследие

6. ескерткіш – памятник

7. жаһандану, ғаламдану – глобализация

8. лайықты орын – достойное место

9. әлемдік құбылыс – мировое явление

10. қалыс қалмайды – не отстает

11. үрдіс – процесс

12. бөлінеді – подразделяются

13. тасқа жазылған жазулар – надписи на камнях

14. табылған – найденные

15. қолданған – использовали

16. ұлттық – национальный

17. әдебиет – литература

18. салт-дәстүр – обычай, традиция

19. обалар – захоронения

20. лайықты – достойный

21. қайраткерлер – деятели

22. мақтаныш ету – гордиться

23. тұлға – личность

7.2 ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР:

1-тапсырма

Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.

Излюбленным инструментом народа была и остается домбра. Судя по различным памятникам и трудам ученых, домбра была известна еще в средние века. Домбры разных районов Казахстана имели свои отличительные черты – размеры, форму корпуса.

Нежная, легко певучая и бархатная звучность домбры известна издавна. В старину струны изготавливали из козлиных кишок. В основном домбра была двухструнной, однако встречались и многострунные домбры.

В различные эпохи сольная игра на домбре способствовала выдвижению ярких личностей таких, как Курмангазы, Даулеткерей, Таттимбет, Ихлас и др.

2-тапсырма

Жағдаяттар бойынша әңгімелесіңіздер.

1. Сіз көне түркі ескерткіштерін зерттеп жүрген ғалымды кездестірдіңіз. Ғалыммен осы тақырып төңірегінде ой бөлісіңіз.

2. Сіз – кітапханадасыз. Кітапханашыдан «Көне түркі ескерткіштері» тақырыбы бойынша материалдар сұрастырыңыз.

3. Сіздің шетелдік әріптесіңіз қазақтың ұлы тұлғалары туралы білгісі келеді. Оның сұрақтарына жауап беріңіз.

4. Сіз – тарихи мұражайдасыз. Мұражай қызметкеріне «Алтын адам», «Берел қорғаны» туралы сұрақтарыңызды қойыңыз.

3-тапсырма

«Көне түркі мәдениеті» тақырыбына дөңгелек үстел ұйымдастырыңыздар. Дөңгелек үстел үш бағытта жұмыс істейді:

1. Көне түркі мәдениетінің Алтай өңірі ескерткіштері

2. Алтын Адам және Есік қорғаны ескерткіштер

3. Көне түркі жазба ескерткіштері

7.2 ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ

Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдаңыз.


1. Қазақ халқының салт-дәстүрі бойынша қой сой...ып, ет ас...ды. Қоңыр дауыспен әуелеп ән шырқа...ды. Қандай жұрнақтар түсіп қалған?

1) -ыл, -іл

2) -ыр, -р, -ар

3) –ды, - ді, -ты

4) -ыл, -л


5) –іл, -л

2. Дәстүр -….....

1) мәдениеттің бастауы, өркениеттің қалыптасу тетігі.

2) мәдениетті қоғам, өркениетті ел.

3) мәдениетке көзқарас, өркениетке таным.

4) мәдениетті ел болу, өркениетті дамыту.

5) мәдениетпен бірге өркениетті дәріптеу тетігі

3. Оқытушы тақырып бойынша жаңа сөздерді......, сөздердің мағынасын.......

1) үйретеді, біледі

2) бермейді, жеңеді

3) үйретеді,түсіндіреді

4) сөйлеймін, жазамын

4. Ертеде көне түркі мәдениеті өте жоғары деңгейде.............

1) дамыр

2) дамиды

3) дамыған

4) дамуда


5) дамытамыз

4.Мәдениеттің бастауы -..................

1) өркениет

2) білім

3) салт-дәстүр

4) қоғам

5) тарих

5.Берел қорғаны Шығыс Қазақстаннан...............

1) басталған

2) табылған

3) жасалған

4) алынған

5) қаланған

6.Оқытушы «Түркілердің көне мәдениеті» тақырыбына эссе..........

1) жазбасын

2) жазылды

3) жаздырды

4) жазбастан

5) жазбақпын

7.Берел ескерткіштері қазба жұмыстарына студенттер..........

1) салысты

2) көмектесті

3) жұмыс істеді

4) зерттеді

5) қолдады

8.Жаса....., таб......., көрсет..... Сөздерге ырықсыз етістің жұрнақтарын жалғаңыз.

1) –ыл, -іл, -л

2) –дыр, -дір, -дір

3) –л, -ыл, -іл

4) –ған, -ген, -кен

5) –ыс, -іс, -с

9 Дұрыс құрастырылған сөйлемдерді көрсетіңіз:

1) Мен таңертең жуынамын, киемін, тараймын.

2) Мен таңертең бетімді жуамын, киінемін, шашымды тараймын.

3) Мен таңертең жуынамын, киінемін, таранамын.

4) Мен таңертең тұрар, жуармын, тарармын.

10 Көне түркілер руника жазуын қанша уақыт қолданған?

1) 1,4 мың жыл 2) 2 мың жыл 3) 1, 3 мың жыл 4) 1,5 мың жыл





Дата публикования: 2014-10-25; Прочитано: 1535 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.011 с)...