Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Асиетті іс



Экология, алдымен, адамның өз басынан басталады. Яғни адам жанының экологиялық тазалығы сақталуы қажет. Ол үшін табиғат пен адамның бүлінбейтін біртұтас дүние екендігі жайлы ұмытпағанымыз дұрыс.

Кішкене кезімізде әр көктем сайын аталарымыз ауылдағы ойын балаларын жинап алатын. Оларға бірнеше ересек жігіттерді басшы етіп, бұлақтардың көзін ашуға жіберетін. сонда ата-әжелеріміз: «Су бар жерде –тіршілік бар, бұлақтың көзі ашылса су мол болады. Су мол болса, астық та, шөп те, гүл де жайқалып өседі. Бұлақтың көзін ашсаңдар, өмір-тіршіліктің де көзін ашқандарың», - дейтін.

Үлкендер: «Жаңа шыққан көк шөпті, жабайы гүлдерді көктей жұлма, көктей соларсың», - деп жұлуға, таптауға тиым салатын.

Ата-бабаларымыз жақсылықтың да, жамандықтың да адамға айналып соғатынынын жақсы түсінетін.

(З. Ахметова «Кәусар бұлақ»)

1. Мәтінде не туралы айтылған?

2. Кішкентай кезімізде ата-әжелеріміз қандай тәрбие берген?

3. Су бар жерде тіршілік бар – дегенді қалай түсінесің?

4. Үлкендер не нәрсеге тиым салған?

3-тапсырма

Берілген сөйлемдерді қазақшаға аударыңыздар.

1. Экология, в первую очередь, должна начинаться самого человека.

2. Где вода, там и жизнь. 3. Взрослые запрещали топтать зеленую траву, срывать полевые цветы. 4. Наши предки понимали, что содеянное добро или зло возвращается человеку.

4-тапсырма

Сұхбатты жалғастырыңыздар.

- Кешіріңіз, сізге сұрақ қоюға бола ма?

- Иә, сұраңыз.

- Өскеменде экологиялық мәселенің ең күрделі мәселе болу себебі неде? Өз ойыңызды айтыңызшы.

- Басты мәселе - бұл ауаның ластануы проблемасы. Ауаны ластаушы көздер.....

5-тапсырма

Мәтінді аударыңыздар, мазмұндап беріңіздер.





Дата публикования: 2014-10-25; Прочитано: 1195 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...