Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Азақтың тұңғыш чемпиондары



Ж.Үшкемпіровты халқымыздың мақтанышы деп танимыз. Одақтас республикалардың арасынан топ жарған, одан кейін Олимп шыңына ту тігіп, чемпион атанған Ж.Үшкемпіров - Қазақстан спортының дамуына өлшеусіз үлес қосқан спортшы.

Жақсылық Үшкемпіров 1975 жылы КСРО халықтарының жазғы спартакиадасында чемпион атанды. Екі дүркін КСРО чемпионатында топ жарды (1975 жылы және 1980 жылы), алты рет жүлдегер болды. Бүкілодақтық ауыл спортшылары біріншілігінің алтын тұғырына түтінін үзбестен қатарынан тоғыз жыл табан тіреді. Яғни, тоғыз дүркін чемпион! Қазақстан чемпионатын әлденеше рет жеңіп алды. Ол - 1980 жылғы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері. Мәскеу Олимпиадасының чемпионы! Осы олимпиадада бокстан С.Қонақбаев, күрестен Ж.Үшкемпіров жеңіс тұғырына көтерілді.

Қазір олар қазақ спортының дамуына өз үлестерін қосуда. Спортшылар өзінен кейін шәкірттерін шыңдауда да жетістікке жетуде.

20-тапсырма

Келесі сұрақтарға есімше қолдану арқылы жауап беріңіздер:

· Қазақстанды әлемге танытқан қандай спортшыларды білесің?

· Қазақстанда дамыған спорттың түрлері қандай?

· Олимпиадада чемпион болар спортшылар бізде көп пе?

· Қаламызда футбол ойнайтын алаңдар бар ма?

· Халықаралық Азиада ойындары қай жерде өтті?

· Бұқаралық спортты дамыту үшін не істеу қажет?

21-тапсырма

Мәтінді аударыңыз, оны қарамен берілген тірек сөздер арқылы мазмұндап беріңіз:

1 Азиаданың ашылуы

2011 жылдың 30 қаңтары еліміздің спорт тарихындағы айтулы күнге айналды. Дәл осы күні VII Қысқы Азия ойындары елордадағы «Астана – Арена» стадионында салтанатты түрде ашылды. Отыз мың көрермен еркін сыятын заманауи кешенге жиылған жұрт нағыз шоудың куәсі болды. Азия Олимпиадалық Кеңесінің штаб-пәтері Әл-Кувейт қаласынан бас­тау алған Азиаданың алауы еліміздің барлық аймағын аралап, алып аренада орнатылған Ойындардың бас қазандығында тұтанды.

VII Қысқы Азия ойындарының ашылу салтанаты Олимпиа­да ойындарының ашылу салтанаттарынан кем түскен жоқ. Өзге дамыған елдердің іс-шараларымен терезесі тең деңгейде, ал ұлттық нақышты көрсету жағынан тіпті асып түсті десе де болады. Іс-шара үлкен құмсағаттың іске қосылуымен басталды. Ашылу салтанаты екі тілде Ойындарды қарсы алған елдің мемлекеттік тілі – қазақ тілінде және ағылшын тілінде жүргізілді.

Ежелгі түркі мәдениетімен бірге Ислам жауһарлары да Ақ Азиаданың ашылуында көрермен назарына ұсынылды. Мәселен, Түркістандағы Ахмет Ясауи кесенесі және Тайқазан жәдігері мен адамзатты кемесіне салып топан судан сақтап, Қазығұртта қалған Нұх пайғамбардың кемесі де сценарийден тыс қалмаған. Тайқазан маңына жиналған қазақ жерінде тұратын әр ұлттың өкілдерінің басқосуы татулығымызды білдірсе, Әбу Насыр әл-Фараби, Жүсіп Ба­ласағұн және Қожа Ахмет Ясауи көріністері халық даналығын одан әрі айқындады.

Сахна төріне Азия Олимпиадалық кеңесінің туын Серік Қонақбаев, Владимир Смирнов, Людмила Прокашева, Әлия Жүсіпова, Кенже Сәрсекенова, Май Хван сынды елімізге белгілі спорт қайраткерлері көтеріп шықты. Қазақ елі – әлем алдында өзіндік болмысы, ұлттық рухы, ғажайып тарихы, қазынасы мол рухани құндылығы бар екенін осы кеште барынша көрсете білді. VII Қысқы Азия ойындары қазақ халқын тағы бір мәрте танытумен тарихта қалатын болады. Ал спортшыларымыз болса мұндай айбарлы кештен соң алтыннан алқа тағуды басты мақсатқа қояры сөзсіз. Еліміздің рухы асқақ, тұғыры биік болғай! (Егеменді Қазақстан газеті)

2Азиаданың жабылуы

Азия ойындары зор табысты өткізілді, барлық қатысушылар бақытты және өздеріне көңілдері толады. Олар мұнда алған әсерлерін ұзақ уақыт есте сақтайды. Бұл туралы Алматыдағы Б.Шолақ атындағы Спорт сарайында өткізілген Азиаданың жабылу салтанаты барысында Азия Олимпиадалық кеңесінің (АОК) вице-президенті Тимоти Фок айтты. Оның айтуынша, Ойындардың ашылуында да, оның жабылуында да барлық қатысушылар Қазақстан үшін мақтаныш сезімінде болды.

Т.Фок: «Біз үйлерімізге Қазақстан мен оның халқы туралы жылы сезіммен қайтамыз. Осы жердің халқының қонақжайлылығы мен ақжарқындығының арқасында біз Қазақстанда өз елімізде жүргендей болдық. Елдің тұтқаұстарлары мен Мемлекет басшысы Н.Назарбаевқа көп рахмет», - деген бағасын берді.

Еске сала кетсек, бұл Ойындар біздің құраманың толықтай жеңісімен аяқталды. Қазақстандықтардың қоржынына 70 медаль түсті, оның 32-сі алтын.

ТАҚЫРЫПТЫҚ СӨЗДІК:

1. айналысу, шұғылдану – заниматься

2. әуестену – увлекаться

3. балық аулау – ловить рыбу

4. жариялау – опубликовать

5. жалпы – вообще

6. жақсы көру – любить

7. ғылыммен айналысу – заниматься наукой

8. Интернетте жұмыс істеу – работать в Интернете

9. компьютер ойнау – играть на компьютере

10. қонаққа бару – ходить в гости

11. ұнау – нравиться

12. мақала – статья

13. машина жүргізу – водить машину

14. музыкалық аспап – музыкальный инструмент

15. пайдалану, қолдану – использовать

16. саяхатқа шығу – путешествовать

17. сәт – миг, момент, мгновение, удача

18. серуендеу – гулять

19. тиімді – эффективно

20. уақыт үнемдеу – экономить время

21. шаңғымен сырғанау – кататься на лыжах

22. домбырада ойнау – играть на домбре

23. рухани байлық – духовное богатство

6.2 ӨЗДІК ЖҰМЫСҚА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР:

1-тапсырма

Келесі сұхбаттарды мұқият тыңдап, орыс тіліне аударыңыз.

1. - Бос уақытыңызды қалай өткізесіз?

- Мен классикалық музыканы жиі тыңдаймын.

- Сізге халық әндері ұнай ма?

- Әрине, маған халық әндері ұнайды.

- Сіз қазіргі әуендерді ұнатасыз ба?

- Жоқ, маған қазіргі әуендер ұнамайды.

- Сүйікті әншіңіз кім?

- Менің сүйікті әншім – Күләш Байсейітова.

-Иә, менің ата-анамның да сүйікті әншісі - Күләш апай. Әкем Құрманғазының күйлерін де жақсы көреді және оларды жақсы біледі.

- Иә, қазақ халқы ән мен күйге бай ғой!

- Мен Құрманғазының күйлерін жақсы көремін. Ал сіз ше?

- Мен күйлерді ұнатпаймын, себебі мен оларды түсінбеймін. Күйдің қандай ерекшелігі бар?

- Күй тек музыка аспаптарымен ойналады. Дауыс қосылмайды.

- Ә-ә, енді түсінікті.

2. -Құрбым, сен бос уақытыңда не істейсің?

-Мен балық аулауды ұнатамын. Маған аң аулау да ұнайды. Айтшы, сені не қызықтырады?

- Мені саясат қызықтырады. Сондықтан мен кешке дейін теледидар көремін. Газет-журналдарды да көп оқимын.

3. Жаңа лексиканы пайдаланып, сұхбаттарды аударыңыздар, осы үлгіде әңгімелесіңіздер:

- Бұл қандай арна?

- Бұл - «Хабар» арнасы.

- Ол - шетелдік арна ма, әлде Ресей арнасы ма?

- «Хабар» белгілі Қазақстан арнасы ғой! Қазір «Бетпе –бет» бағдарламасы болады.

- Басқа арнаға ауыстыршы. Жаңалықтарды тыңдайық!

- Жаңалықтар нешеде басталады?

- Жаңалықтар сағат он тоғызда басталады.

- Сізге қандай хабарлар ұнайды (ұнамайды)?

– Мен ән – күй хабарларын ұнатамын. Әсіресе, «Ән шашу» деген хабарды.

– Ал мен спорт хабарларын жақсы көремін. Әсіресе, «Sport. kz» хабарын.

- Маған “Жарнама” ұнамайды. Себебі жалықтырып жібереді /надоедает/. Хабар барысында жарнама деген көп болады! Не істейсің? Амал бар ма, қарап отырасың.

Сөздік:


Арна - канал

шетелдік арна - зарубежный канал

жергілікті арна - местный канал,

хабар – весть

ән – песня

халық әндері – народные песни

сүйікті – любимый

әнші – певец

әуен – мелодия

ұнау – нравиться

қазіргі-современный


2-тапсырма

Өзіңіздің сүйікті арнаңыз туралы келесі жоспар бойынша әңгімелеңіз:

1. Бұл хабар қай арнадан болады?

2. Ол сағат нешеде басталады?

3. Бұл бағдарламаның жүргізушісі кім?

4. Бұл хабар сізге несімен ұнайды?

5. Бұл хабарды көруге сіздің уақытыңыз үнемі болады ма?

3-тапсырма

Келесі сұрақтарды пайдаланып сұхбаттасыңыздар:

1. Сіздің облысыңызда спортшылар арасында чемпиондар көп пе?

2. Олар қандай ойындардың жеңімпаздары?

3. Сіздің облысыңызда қандай командалар бар?

4. Біздің қалада қай спорт түрлері дамыған?

5. Қазақстан спорты қандай дәрежеде?

6. Сіз қай спорт түрін үнатасыз?

7. Сіздің пір тұтатын спорт жұлдыздарыңыз кім?

4-тапсырма

Келесі тақырыптарға шағын шығарма жазыңыз.

· «Спорт – денсаулық кепілі»

· «Менің ұстанымым - салауатты өмір салты»

· «Кітап – білім бұлағы»

· «ЭЕМ-нің адам ағзасына зияны»

6.3 ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ:

1.Күрделі сан есімді көрсетіңіз.

1) бірінші

2) жеті-сегіз

3) төрт

4) Жиырманшы

5) Төртеу

2. Болжау мәнді сан есімді табыңыз:

1) отыз шамасында

2) бес-бестен

3) екеу

4) алтыншы

5) жетеу

3. Топтау мағынасын үстейтін жұрнақ.

1) –ыншы/інші

2) –ау/-еу

3) –тан/-тен

4) –лас/-лес

5) –тай/ -тей

4. Қажет сөзді қойыңыз: Мен алмаларды........ бөлдім.

1) үшеу

2) бірінші

3) екі-екіден

4) төрт шамасында

5) бесеу

5. Мен бос уақытта спортпен..........

1) жүгіремін

2) ұнатамын

3) жақсы көремін

4) шұғылданамын

5) ұнатамын

6. Сағат 17.40 дұрыс нұсқасын көрсетіңіз.

1) бестен жиырма минут кетті

2) төрттен жиырма минут кетті

3) беске жиырма минут қалды

4) алтыға жиырма минут қалды

5) жетіден жиырма кетті

7. Бұл адамның жасы.................

1) үште

2) екінші

3) қырықтар шамасында

4) бес-бестен

5) жиырмада

8. Сіз қай спорт түрімен әуестенесіз? Нақты жауап беріңіз.

1) Менің спортшы болғым келеді.

2) Мен спорттың бокс түрімен әуестенемін.

3) Мен боксты тамашалаймын.

4) Менің досым бокспен әуестенеді.

5) Мен спорттың барлық түрімен әуестенемін.

9. В здоровом теле здоровый дух. Аудармасын көрсетіңіз.

1) Денсаулық-байлық кепілі.

2) Тәні саудың, жаны сау.

3) Тазалық-денсаулық кепілі.

4) Бас ауырса, жан қорқады.

5) Аурудың алын ал

10. Мен далада көп серуендеймін, өйткені.........

1) мен үйде отырамын.

2) мен таза ауада демалармын.

3) таза ауа денсаулыққа пайдалы.

4) өзімді сергек сезінемін.

5) мен көп қыдырамын.





Дата публикования: 2014-10-25; Прочитано: 1115 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.02 с)...