Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сан есімдерді қайталауға арналған лексика-грамматикалық тапсырмалар



8-тапсырма

Мәтінді аударыңыз, сан есімдерді сөзбен жазыңыз.

Қазіргі қазақ тілінде – 42, ағылшын тілінде – 26, грек тілінде – 24, ал

химер тілінде 72 әріп бар. Дағыстанда тұратын табасаран деген халықтың тілінде зат есімнің 37 септігі бар. Соңғы есеп бойынша әлемде 5652 тіл бар. Соның шамамен 500-і белгілі деңгейде зерттелген. 1400-і өліп, бара жатқан тілдер тобына жатады.

Филиппинде 100 шақты тіл мен диалект бары анықталған. Үндістанда 15 ұлт тілі және 1652 басқа да тіл мен диалект бар. 42 миллион халқы бар Эфиопия тұрғындары 85 тілде сөйлеседі. Ағылшындарға өз тілін үйренуге 8 жыл, ал испандарға 2-3 жылдың өзі жетеді. Ватиканның кітапханашысы болған Джузеппе Меццофанти 114 тіл мен 72 диалектіден аударма жасаған. 60 тілде еркін сөйлеген.

9-тапсырма

Үлгі бойынша уақытты сөзбен жазыңыз.

Үлгі: екі жарым – 02:30

Төрттен он бес минут кетті; беске алты минут қалды; тоғыздан он минут кетті; бірден жиырма минут кетті; алты жарым; сағат он; үштен үш минут кетті; тоғызға он бес минут қалды; екіден он минут кетті; алтыға бес минут қалды; бестен отыз минут кетті; төртке үш минут қалды; онға он минут қалды; жетіге он үш минут қалды; он екіден он үш минут кетті; екіден отыз минут кетті; сегізге жиырма бес минут қалды.

10-тапсырма

Сұраққа жауап беріңіз.

- Бір жылда неше ай бар?

- Бір айда неше апта бар?

- Бір аптада неше күн бар?

- Бір тәулікте неше сағат бар?

- Бір сағатта неше минут бар?

- Бір минутта неше секунд бар?

- Бүгін қай күн?

- Қазір қай мезгіл?

* Есте сақтаңыз!

  Реттік сан есім мен зат есім тіркесіп келгенде реттік сан есім цифрмен жазылса, зат есімнің алдына дефис қойылады. Мысалы: 31-топ. Рим цифрымен жазылған сан есімнен кейін және жылдың, айдың, күннің ретін білдіретін сан есімнен кейін дефис қойылмайды. Мысалы: VІІ ғасыр, ІІ курс, 2005 жыл.

11-тапсырма

Аударыңыз.

1. В нашей группе 25 студентов. 2. Наш деканат находится на втором этаже. 3. В университете обучаются около 10-и тысяч студентов. 4. Время половина пятого. 5. Я встаю в 7 часов. 6.Моей маме 45 лет. 7. На занятия мы приезжаем на №44 автобусе. 8. В 2009 году я закончила школу.

12-тапсырма

Берілген сөз тіркестерден сөйлем ойлап жазыңыз.

Сағат 10-да, 15 қазанында, 2007 жылдың, 16 желтоқсан, 22 наурыз, үшінші курс, бесінші қабатта, он беске таман, жүзден астам, екі жарым килограмм, 35 теңге, 3,5 МБ, 20 дербес компьютер.

13-тапсырма

Сұхбаттағы саңдарды сөзбен жазыңыз.

- Сен қай жылы дүниеге келдің?

- Мен......... тудым.

- Сен қай үйде тұрасың?

- Мен......... тұрамын.

- Сен нешінші курста оқисың?

- Мен........... курста оқимын.

- Сабақ нешеде басталады?

- Сабақ ……. басталады.

- Сабақ нешеде аяқталады?

- Сабақ............. аяқталады.

- Сенің телефонның нөмірі қандай?

- Менің ұялы телефонымның нөмірі -... …….

14-тапсырма Төмендегі мақалдарды оқып, көп нүктенің орнына тиісті сан есімдерді қойып жазыңыз, жаттап алыыңыз.

1.... ауыз сөздің тобықтай түйіні бар. 2.... сом ақшаң
болғанша,... жолдасың болсын. 3.... кісінің түсін білгенше,...
кісінің атын біл. 4.... саусақ бірдей емес. 5. Білекті... жығады, білімді... жығады. 6........ араз болса, ауыздағы кетеді.,...... түгел болса, төбедегі келеді

Күлкі – көңіл ажары*

- Мен ең жақсы көретін спорт түрлерінің бірі – бокс. Сол бокс арқылы мен әжептәуір табыс табамын.

- Соған қарағанда, сіз кәсіпқой боксшы болдыңыз ғой.

- Жоқ, мен - тіс дәрігерімін.

15-тапсырма

Мәтінді оқыңыз, аударыңыз, сан есімдерді табыңыз, мазмұндап беріңіз.





Дата публикования: 2014-10-25; Прочитано: 3114 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...