Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Шығыстың білім ордасы



Қазақстанның белгілі жоғары оқу орындарының бірі – С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті. ШҚМУ классикалық жоғары білім беру мен заманауи технологиялардың бірігуімен ерекшеленеді. Қазіргі уақытта С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті - Республиканың Шығыс аймағындағы ірі рухани, ғылыми, мәдени және заманауи білім беру орталығы.
Университет тарихы 1952 жылдың бесінші шілдесінен басталады. Кеңес уақытында институт тек республикада ғана емес, сондай-ақ одақ көлемінде де жетекші оқу орындарының бірі болды.

1991 жылы Өскемен педагогикалық институты Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті болып өзгертілді. 2003 жылдың қазанында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен белгілі лингвист-ғалым, түркітанушы С.Аманжоловтың есімі берілді.

Университет әлемдік білім кеңістігінде өз орнын белгілеу мақсатымен жан-жақты халықаралық байланыстар орнатуда. Біздің оқу орнымыз - Университтердің Еуразиялық Қауымдастығының белсенді мүшесі. 2009 жылдың қыркүйегінде ШҚМУ Болон үрдісінің ұстанымдарын жүзеге асыру үшін Университеттердің Ұлы Хартиясына енетін 600 әлемдік жетекші университеттердің қатарына кірді.

Бұл білім ордасында ғылыми еңбектерімен республикаға, шетелге танылған ғалымдар дәріс береді. Профессор-оқытушылар құрамында докторлар, кандидаттар, PhD докторлары және біліктілігі жоғары әдіскер-мамандар қызмет етеді.

Жоғары оқу орынында еліміздің түкпір-түкпірінен келген студенттер білім алады. Университеттің 8 факультетінде 12 мыңнан астам студент оқиды. Оқу үрдісі 33 кафедраның жұмысы арқылы жүзеге асырылады. Университетте кредиттік технология бойынша бакалавр-магистр-доктор үшсатылы жүйе негізінде 47 жоғары кәсіби білім беру мамандықтары бойынша және 20 жоғары оқудан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша дайындық жүргізіледі.

Университеттің сапа менеджменті жүйесі бойынша Республиканың Шығыс аймағындағы жоғары оқу орындары арасында алғашқы болып Мюнхен Сертификаттау орталығының (Германия) ISO 9001:2000 үлгісіндегі халықаралық стандарттар талаптары сертификатына ие болды.

2008 жылы Білім беруде сапаны қамтамасыз ету бойынша қазақстандық тәуелсіз агенттіктің Бас рейтингі бойынша С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Қазақстанның жетекші алпыс ЖОО-ның арасында алтыншы орынға ие болды.

2009 жылдың қыркүйегінде ШҚМУ Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды және 600 әлемдік университеттермен бірге Болон үрдісінің қағидаттарын қолдайды.

Бүгінгі күні біздің жоғары оқу орнымыз білім беруге жаңа технологияларды енгізуден көшбасшы ретінде танылған. Университетте қашықтықтан білім алуға барлық жағдайлар жасалған. Болашақта С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауда әлемдік білім кеңістігінде өз орнын табады деп сенеміз.

Сөздік:

Заманауи – современный Қамтамасыз ету – обеспечивать
Рухани – духовный Үрдіс - процесс
Қауымдастық – ассоциация, сообщество Қол қою - подписывать
Дәстүр - традиция Талап - требование
Алқа – коллегия Сапа менеджменті - менеджмент качества
Жетекші – ведущий    

5-тапсырма

Келесі сөйлемдердегі мәліметтер мәтіннің мазмұнына сай ма?

Сөйлемдер дұрыс қате
.1. Университеттің профессор-оқытушылар құрамында докторлар, кандидаттар және PhD докторлары бар    
2. Бұл университетте 20 мамандық бойынша мамандар даярлайды.    
3. 2008 жылы қазақстандық тәуелсіз агенттіктің Бас рейтингі бойынша С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Қазақстанның оқу орындары арасында жетекші алтыншы орынға ие болды.    
4. 2000 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен белгілі лингвист-ғалым, түркітанушы С. Аманжоловтың есімі берілді.    
5. Институт тек республикада ғана емес, сондай-ақ КСРО-да да жетекші оқу орындардың бірі болды.    
6. Университет Болон үрдісінің қағидаттарын қолдамайды.    

6-тапсырма

«Шығыстағы білім ордасы» мәтіннен көптік, септік жалғаулары бар сөздерді табыңыз

Зат есімнің септік жалғауларын қайталауға арналған жаттығулар

7-тапсырма

Келесі сөздерге барыс, шығыс, жатыс септіктерін жалғаңыз:

Университет, мекеме, министрлік, баспа (издательство), әкімдік, терезе, Студенттік кәсіподақ ұйымы, білім, бастық, орынбасар, Өскемен қаласы, қала, Қазақстан Республикасы, баяндама, хабарлама, университет, кафедра, кеңсе, деканат.

8-тапсырма

Келесі сөйлемдердегі жақшаның ішіндегі сөздерді аударып, оларға тәуелдік жалғауын жалғаңыздар.

Үлгі: Менің бастығым ертең Астанадан келеді.

Менің (начальник) ертең Астанадан келеді. Сенің (здоровье) болмай жүр ғой. Оқытшы (книга) үстелде жатыр. Біздің (дружба) жарасқанына талай жыл болды. Еліміздің (будущее) білімді жастарда. Сіздің (специальность) өзіңізге ұнайды ма?

9-тапсырма

Тәуелдік жалғауын жалғаңыз, аударыңыз.

Үлгі: Менің әкем.

Менiң - әке…, жұмыс орн…, бала…, балалар…, ата-ана…, телефон нөмір..., білім.... Сенiң - әке…, ата-ана…, бала…, жұмыс орн…, әріптес…, телефон..., әріптестер.... Сiздiң - бала…, шеше…, жұмыс…, отбасы…, телефон нөмір…, ата-ана..., аты-жөн.... Оның - әке…, фирма…, аты-жөн..., телефон нөмір..., құжат..., өмірбаян..., білім....

10-тапсырма

Тиісті сөздерге тәуелдік жалғауын жалғап, сөйлем құрастырыңыз, аударыңыз.

Үлгі: Менің әкем – іскер.

Менің Сенің Сіздің Оның Біздің Сендердің Сіздердің Олардың әке, іні, сіңлі, шеше, қарындас, апа, аға, немере, нағашы, жезде, келін, бала, қыз, ата, әже, жиен, туыс, жолдас, әйел, дос, әріптес, курстас, сыныптас, жерлес іскер, сатушы, филолог, менеджер, инженер, дәрігер, оқушы, студент, зейнеткер, қызметкер, аудармашы, тәрбиеші, есепші, заңгер, экономист, суретші, педагог, әнші.

11-тапсырма

Сұрақтарға септік жалғаулы сөздермен жауап беріңіз:

Үлгі:Оқытушы студентпен әңгімелесті.

- Оқытушы кіммен әңгімелесті?

- Кімнің сабағы бар?

- Студенттер қайда сапалы білім алады?

- Нені жөндеуге бердіңіз?

- Университетте кіммен кездестің?

- Қай ғимарат орталықта орналасқан?

- Сіз қайдан келесіз?

- Сен қандай мамандықты таңдадың?

- Ненің орталығы әдемі?

- Қазір кімді шақырып келейін?

- Нені құрметтейміз?

- Неге сенеміз?

- Сен қайдан шықтың?

- Кімге берейін?

Қажет сөздер мен сөз тіркестері:

Университетте, досыма, олардың үйі, сендердің компьютерлеріңді, оның досына, әлеуметтік жұмыс мамандығын, Өскемен қаласының, анамды, деканның, Отанымызды, елімнің болашағына, университететтен, студентпен, бесінші ғимарат.

Жатыс септіктің қолданысы:

ü Сағат нешеде? Сағат бір+де, үш+те, алты+да, сегіз-де

ü Жасың нешеде? Отыз бес+те, қырық-та, он алты-да, он екі+де

12-тапсырма

Келесі жағдаяттар бойынша ойларыңызды қазақ тілінде жеткізіңіздер:

Қайда оқитыныңызды айтыңыз:

Үлгі (образец): - Мен университетте оқимын. Ал Сіз ше? Мен университетте, тарих факультетінде оқимын. Қайда (кімде) отырғаныңызды айтыңыз:

Үлгі: Мен университеттің кітапханасында отырмын. Мен бастықтың кабинетінде отырмын.

А) Сағат 9-да қайда боласыз?

- Сағат тоғызда мен сабақ студенттер үйі көз дәрігерді кәсіподақ ұйымы деканның кабинеті

боламын

В) Жасыңызды көрсетіңіз:

- Менің жасым отыз бес жиырма он сегіз қырық жиырма бір он алты он тоғыз

13-тапсырма

Келесі сұрақтарды аударып, жатыс септіктегі сөздермен жауап беріңіздер:

Где Вы живете? Сіз қайда тұрасыз?

Мен Өскеменде тұрамын.

1. В какой республике Вы живете? _______________________

______________________________

2. В каком доме, в какой квартире Вы живете? __________________________________________________________

3. На какой улице Вы живете? _______________________________

______________________________

14- тапсырма

Келесі кестені қолданып, сөйлемдер құрастырыңыздар, жатыс, барыс септіктерінің қолданысына назар аударыңыз:

Үлгі: Мен спорттық үйірмеге жазылдым.

- Мен спорттық үйірме Тіл үйрену орталығы баспахана үйі Жастар орталығы «Имидж» газеті университет ғимараты студенттер үйі би алаңы бесінші ғимарат бардым жазылдым істедім тіл үйрендім кеттім тұрдым оқыдым жүрдім

15-тапсырма

Бұл зат неден жасалған (тігілген, қаланған)? сұрағына шығыс септігінде жауап беріңіз:

Үлгі: Бұл орындық ағаштан жасалған.

Бұл орындық, сақина, шәйнек, сырға, кәдесый, ойыншық, ыдыс, саба, тон, мүсін, бетперде, кірпіш, үй Қағаз, ағаш, әйнек, форфор, саз, құм, тас, алтын, күміс, темір, мата, бағалы тері, жібек, тері   жасалған тігілген қаланған

16-тапсырма

Сұхбатты оқыңыз, аударыңыз. Үлгі бойынша сөйлесіңіз.

- Сәлеметсің бе, Сәкен?

- Қайырлы күн! Кім боласыз?

-Менің аты-жөнім - Мұратқызы Жанар. Мен - «ШҚМУ имиджі» студенттік газетінің тілшісімін. Сен - біздің университетіміздің белсенді студенттердің бірісің, Президенттік шәкіртақының иегерісің. Сенен сұхбат алайын деп едім. Қарсы емессің бе?

- Жақсы, сізді тыңдап отырмын. Қандай сауалдарыңыз бар?

- Бірінші сұрағым, сен қай жерде, қашан, қандай отбасында дүниеге келдің?

- Туған жерім - Өскемен қаласы. Мен 1990 жылы 15 мамырда мұғалімдер отбасында дүниеге келгенмін.

- Қай мектепте оқыдың?

- Өскемен қаласының №44 мектебінде.

- Біздің университетке оқуға қашан түстің?

- 2010 жылы мен ШҚМУ-ға Филология факультетіне оқуға түстім. Қазір ағылшын тілі мамандығы бойынша білім алудамын.

- Сен бұл университетті неге таңдадың?

- Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті - еліміздегі филолог мамандарды сапалы дайындайтын оқу орны.

- Отбасың туралы не айтасың?

- Әке-шешем мұғалім. Олар Өскемен қаласында тұрады. Мен әке-шешеммен бірге тұрамын. Қарындасым Айжан 10-ншы сыныпта оқиды.

- Тағы бір сұрағым, бос уақытыңды қалай өткізесің, әуесқойлығың бар ма?

- Әрине, маған шахмат ойнау ұнайды, жеңіл автокөлікті жүргізе аламын. Келешекте ғылыммен айналысқым келеді.

- Сұхбатыңа үлкен рахмет. Сау бол.

17-тапсырма

Өзіңіз туралы мәліметтер бойынша кестені толтырыңыз.

Аты-жөніңіз Туған жеріңіз Туған күніңіз, жылыңыз, айыңыз Отбасы жағдайыңыз Біліміңіз Не істеуді ұнатасыз?  
             

ТАҚЫРЫПҚА ҚАТЫСТЫ СӨЗДІК:

1. аяқтау – завершить

2. білім алу – получить знания

3. бірыңғай – единое

4. бітіру, тамамдау – заканчивать

5. жоғары оқу орны – высшее учебное заведение

6. жоғары білім – высшее образование

7. зерттеу – исследовать

8. қызығу – интересоваться

9. мамандық алу – получить специальность

10. мамандық таңдау – выбрать специальность

11. мәселе – проблема

12. меңгеру – изучать

13. оқыту – обучать

14. өту – проходить

15. пікір айту – сказать мнение

16. пікірлесу – обмениваться мнениями

17. сөйлеу – говорить

18. талқылау – обсуждать

19. тапсырма – задание

20. тапсыру – поручить, сдать

21. емтихан тапсыру – сдавать экзамен

22. тестілеу – тестировать

23. түсіну – понимать

24. түсу – поступать

2.1 ӨЗДІК ЖҰМЫСҚА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР:

1-тапсырма

Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.

Меня зовут Айгуль. Фамилия Шамирова. Мне восемнадцать лет. Я учусь в ВКГУ им. С.Аманжолва. Я студентка первого курса. Я учусь на факультете Международных отношении и истории. Родилась в городе Семипалатинске.

В нашем университете мне очень нравится учится. Я познакомилась

со многими студентами. В нашей группе 25 человек. Я живу в общежитии. Общежитие находится недалеко от университета. Мы учимся по кредитной технологии. В январе у нас начинается зимняя сессия. Я постараюсь хорошо сдать сессию.

2-тапсырма

Сөйлем құрастырыңыз.

Үлгі: Бөлменің ортасында үлкен үстел тұр.

1.Бөлменің, тұр, ортасында, үстел, үлкен. 2. Біздің, қаланың, пәтер, шетінде, орналасқан. 3. Жетінші, тұрады, олар, қабатта. 4. Үйлері, олардың, үш бөлмелі, төртінші, қабатта. 5. Ыңғайлы, сендердің, пәтерлерің, жылы, жарық. 6. Досым, менің, екі бөлмелі, сатып алды, пәтер. 7. Отбасың, биыл, сенің, Астанаға, көшеді. 8. Әке-шешесінде, оның, ауылда, екі қабатты, бар, коттедж. 9. Жылжымайтын мүлікті, газетте, туралы, сату, жарнамалар, көп. 10. Көшесінде, Ушанов, сатылады, төрт бөлмелі, пәтер.

3-тапсырма

Мәтінді оқып, аударып, сұрақтар дайындап ол бойынша мазмұндап беріңіз.





Дата публикования: 2014-10-25; Прочитано: 808 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.017 с)...