Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Азақстанның тұңғыш президенті



1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында туған.

1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бiтiрдi. Экономика ғылымдарының докторы.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі.

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры.

Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.

1960 – 1969 жылдары - Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.

1969 – 1973 жылдары – Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

1973 – 1977 жылдары - Қарметкомбинаттың партком хатшысы.

1977 – 1979 жылдары - Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-хатшысы.

1979 – 1984 жылдары - Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы. 1984 – 1989 жылдары – Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.

1989 – 1991 жылдары – Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы, 1990 жылғы ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.

1990 жылдың сәуірінен – Қазақстан Республикасының Президенті.

1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан Президентін тұңғыш жалпыхалықтық сайлау өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев көпшілік дауыспен (98,7%) жеңіске жетті.

1995 жылдың 29 сәуірінде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды.

2005 жылдың 4 желтоқсанында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н.Назарбаев 91,15% дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президентi болып қайта сайланды. 2011 жылғы кезектен тыс сайлауда 95, 5 % дауыспен Елбасымыз жеңіске жетті.

Қазақстан халықтары ассамблеясының төрағасы.

Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы.

Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы.

Жұбайы – Сара Алпысқызы Назарбаева. Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын басқарады.

Президенттің үш қызы бар: Дариға – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты; Динара – Н.Ә.Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады; Әлия – бизнеспен айналысады.

Етістікті қайталауға арналған лексика-грамматикалық жаттығулар

8-тапсырма

Етістіктердің болымсыз түрін жасаңыз, орыс тіліне аударыңыз.

Үлгі: баста - бастама

Баста, айнал, зертте, кел, бағала, әкел, апар, жина, тексер, дамыт, жаз,

есепте, аудар, қолдан, енгіз, бекіт, әпер, бер, ал, таңда, талда, үйрен, жоспарла, баянда, есепте, сана.

9-тапсырма

Үлгі бойынша етістікті жедел өткен шақ және ауыспалы келер шақ формаларында жазыңыз.

Үлгі: Қонақтар үйге келсін (келді, келеді).

1.Астанаға барайық_____________. 2. Сен шетелдік қонақтарды шақыр________________. 3. Қазақстанды картадан көрсет_____________. 4. Қонақтарды үйге кіргіз_____________. 5. Сіз жоғары шығыңыз_________________. 6. Қонақтарға сусындарды беріңіз_______________. 7. Әнұранды айтайық____________. 8. Қымыздың дәмін татсын_____________. 9. Мен Сізге шай құяйын_________. 10. Әңгіме айтыңыздар__________________. 11. Қонақтардың көңілін көтер______________. 12. Балалар қонақтарға қызмет көрсетсін_____________. 13. Гүлдерді үстелдің ортасына қойыңдар____________. 14. Қазақ жерінің байлығын игеріңдер_______________. 15. Атамекенді сағынышпен еске алайық___________.

10-тапсырма

Қазақ тіліне аударыңыз.

1. Я завтра собираюсь ехать в Астану.

Мен ертең Астанаға жүрмекпін.

2. Мы намерены ждать Вас завтра.

__________________________________

3. Вы собираетесь попращаться с друзьями.

__________________________________

4. Он собирается подготовиться к уроку.

____________________________________

5. Ты собираешься идти на собрание?

_________________________________

6. Марал собирается писать статью.

_____________________________________

7. Вы собираетесь приглашать иностранных гостей?

______________________________________

8. Мадина собирается летом в Алаколь.

_______________________________________

9. Мы собираемся смотреть фильм.

________________________________________

10 Я собираюсь поговорить с другом.

_______________________________________

11. Они собираются нам сказать.

_________________________________________

12 Жанибек собирается в этнографический музей.

__________________________________________

11-тапсырма

Сөйлемдерді жедел өткен шақта аяқтаңыз және оларды аударыңыз.

1. Менің елімде көп жаңалықтар бол ды. 2. Болат Алматыда тұр___. 3. Студенттер «Менің Отаным» тақырыбына шығарма жаз___. 4. Сен Астанаға пойызбен кет_____. 5. Біз кітапханада кітап ізде____. 6. Ермек ауруханада жұмыс істе____. 7. Сенің нағашың ауылдан кел___. 8. Жәлел мемлекеттік университетте оқы___. 9. Еліміз көп қиындықтарды жең___. 10. Театрдан қызымды қарсы алып тұрмын. 11. Көп адам Медеуде коньки теуіп жүр.

12-тапсырма

Жіктік жалғауын қойыңыз.

1. Мен Семей қаласында туды м.

2. Сен қай жерде дүниеге келді__?

3. Мен №44 орта мектепті бітірді__.

4. Сіз қай жоғары оқу орынды тәмамдады__?

5. Мен 2004 жыл Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-ға оқуға түсті___.

6. Сен қайда жұмыс істеді____?

7. Мен 1990 жылы Өскемен қаласының Қорғасын-мырыш зауытына жұмысқа орналасты___.

8. Мен 1991-1999 жылдар аралығында Машина жасау зауытында техник болып қызмет етті___.

9. Сіз 2000 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Информатика» мамандығы бойынша бітірді___.

13-тапсырма

Қажетті қосымшаны қойыңыз және оларды сөйлесімде қолданыңыз.

- м - ім - ым - ң - ің - ың  
- ді - ды - ті - ты
Мен дүниеге кел…

Сен дүниеге кел…

Мен бітір… + +

Сен бітір…

Мен оқуға түс…

Сен оқуға түс

       
 
- ған - ген - қан - кен
 
- мын - мін - сың - сің


Мен ту..

Сен ту…

Мен орналас… + +

Сен орналас…

Мен жұмыс істе…

14-тапсырма

Кестені толтырыңыз.

Етістіктер Жедел өткен шақ Бұрынғы өткен шақ Ауыспалы (осы, келер) шақ
дүниеге келу дүниеге келді дүниеге келген дүниеге келеді
туу      
оқу      
түсу      
бітіру      
жұмысқа орналасу      
жұмыс істеу      
қызмет атқару      

15-тапсырма

Қажетті етістікті қойыңыз.

1. Ол 1988 жылы Алматы қаласында дүниеге келді.

2. Мен 1975 жылы Семей университетіне _______

3. Сен 2005 жылы орта мектепті _______.

4. Олар 1995-2000 жылдар аралығында Өскемен қаласында __________.

5. Сіз биыл біздің фирмаға жұмысқа _______.

6. 1990-1995 жылдар аралығында мен «Мерей» кәсіпорынында ________.

7. Мен Қазақстан тарихы пәнін______________.

8. Ол қазақша жақсы ______________.

9. Біз ертең емтиханға _______________.

Қажетті сөздер: оқуға түстім, дүниеге келді, түсінеді, бітірдің, орналастыңыз, дайындаламыз, жұмыс істедім, жақсы көремін, оқыды.

ТАҚЫРЫПҚА ҚАТЫСТЫ СӨЗДІК:

1. Отан – Родина

2. туып-өскен жер – земля, где родился и вырос

3. егеменді – суверенный

4. ел –страна, народ

5. мемлекет – государство

6. айналу – превратиться

7. гүлдендіру үшін – ради процветания

8. дүние жүзі елдері – все страны мира

9. жолдау – послание

10. кең өлке – просторный край

11. құрметтеу – уважать

12. мақтан ету – гордиться

13. пайдалы қазбалар – полезные ископаемые

14. өндіру – производить

15. орасан зор аймақ – очень большая территорию

16. сақтап қалу – сохранить

17. тәуелсіз - независимый

18. тану – узнать

19. түсіністік – согласие

20. ұлтаралық достық – межнациональная дружба

21. ұлан-байтақ – необъятный

22. ұлан-ғайыр – беспредельный

23. шектесу – граничить

24. ынтамақтастық – солидарность

3.2 ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

1-тапсырма

Мақал-мәтелдерді жаттаңыздар:

Басқа елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.

Ел іші - алтын бесік.

Туған жерге туыңды тік.

Өзелім - өлең төсегім.

Отан оттан да ыстық.

Ит тойған жеріне, ер туған жеріне.

Жері байдың - елі бай.

2-тапсырма

Берілген мәтінді жалғастырып, шығарма жазыңыз.

Әркімге туған жері қымбат! Адам үшін туған жерден артық ешнәрсе жоқ. Туған жер деп адам өзінің туып-өскен жерін айтады. Туған жер ұғымы – кең ұғым. Бұл ұғымға туған үйің, туған ауылың, туған қалаң жатады. Қазақ халқында туған жер мен туған ел, Отан деген түсініктер бір-бірінен бөлінбейтін ұғымдар. Қазақ туған елін атамекен, атақоныс деп бекер атамайды. Өйткені бұл жерге ата-бабаларымыздың қасық қаны, маңдай тері сіңген. Қайда жүрсең де өзің туып-өскен ауылыңды, қалаңды ұмытпайсың, себебі сол жерлерде сенің балалық шағың, жастық кезің өтті.

Әрине, жас кезіңде жер бетін аралап, көргің келеді. Бірақ өз туған еліңді ұмытпа! Шетелде білім алып, көп нәрсе үйренсең де, Отанымыздың келешегі үшін еңбек етуге тырыс!

Отансыз, туған жерсіз біздің рухымыз биік болмайды.

3.1 ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ

Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдаңыз.

1. Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасы … мемлекет.

1) біртұтас, құқықтық, демократиялық
2) өркениетті тең құқылы, жалпы
3) монархиялық
4) парламенттік
5) біртұтас, еркін, дамушы

2. Елдің бас заңы

1) «ҚР Тіл туралы» Заң
2) Конституция
3) «Жер туралы» Заң
4) «БАҚ туралы»Заң
5) «Қазақстан – 2030» бағдарламасы

3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары

1) Гимн, Теңге, Ән
2) Гимн, Теңге, Ән
3) Теңге, Тәуелсіздік
4) Ту, Елтаңба, Гимн
5) Шаңырақ, Өрнек, Жұлдыз

4. Қазақстан БҰҰ мүшелігіне қабылданған жыл

1) 1995 ж.
2) 1991 ж.
3) 1992 ж.
4) 1990 ж.
5) 1999 ж

5. Қазақстан Республикасының Парламенті … палатадан тұрады

1) екі
2) үш
3) төрт
4) бес

6. Қазақстан Республикасының заң шығарушы жоғары өкілетті органы

1) Парламент
2) Сенат
3) Мәжіліс
4) Үкімет
5) Әкімшілік

7. Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданған жыл

1) 1995 ж.
2) 1996 ж.
3) 1997 ж.
4) 1998 ж.
5) 1999 ж.

8. Қазақстан Республикасындағы ең құрметті орден

1) Құрмет
2) Айбын
3)Даңқ
4) Парасат
5) Халық Қаһарманы

9. Тәуелсіздік белгілері

1) Астана
2) «Тіл туралы» Заң
3) Мемлекеттік нышандар
4)Мемлекеттік тіл
5) Мемлекеттік нышандар және ұлттық теңге

10. Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш таныған ел?

1) АҚШ
2) Түркия
3) Германия
4) Франция
5) Швейцария

11. Мемлекеттік елтаңбада … бейнеленген





Дата публикования: 2014-10-25; Прочитано: 699 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.015 с)...