Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ахмет байтұрсынұлы



(1873-1938)

А.Байтұрсынұлы - ағартушы, ірі ғалым-лингвист, қоғам қайраткері. Қазіргі Торғай облысы, Жангелді ауданы, Сарытүбек деген жерде туған. Тоғыз жасынан бастап ауыл мектебінде, кейіннен Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесінде оқиды. Одан соң Орынбордағы мұғалімдер мектебіне түсіп, оны 1895 жылы бітірген.

1895-1909 жылдары Ақтөбеде, Қостанай және Қарқаралы уездеріндегі мектептерде, орыс-қазақ училищелерінде мұғалім болып қызмет атқарады. 1913 жылдан «Қазақ» атты апталық газет ұйымдастырып, 1917 жылдың қыркүйегіне дейін оның редакторы болды.

Ол қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күрескен «Алаш» партиясы көсемдерінің бірі ретінде белгілі. 1922-25 жылдары Халық ағарту комиссариатына қарасты ғылыми-әдеби комиссиясының төрағасы болды, Халық ағарту комиссары болып сайланды. 1909 - 1911 жылдары оның көпке белгілі «Қырық мысал» және «Маса» жинақтары жарияланды.

Қазақ балаларын ана тілінде оқыту ісіне арнап тұңғыш оқулықтар жазды. Олардың арасында: «Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914), «Әліпби» (1914), «Жаңа әліппе» (1926-1928) және «Баяншы» (1926) деп аталатын әдістемелік оқу құралдары балаларды оқыту барысында маңызды рөл атқарды. ХХ ғасырдың 30 жылдары қазақ зиялыларын жаппай қудалаудың басталғаны мәлім. Сталиндік жазалау машинасының қармағына іліккендердің бірі А.Байтұрсынұлы болды. 1938 жылы ол әуелі тұтқындалып, кейіннен атылды. 1988 жылы ақталды.

4-тапсырма

Ахмет Байтұрсынұлының мысалын оқыңыз және негізгі айтар ойын түсіндіріңіз:

ЕГІННІҢ БАСТАРЫ

Бір адам жас баласын жанына алды,

Екеуі сайран етіп кетіп қалды.

Қыдырып әрлі-берлі жүрді-дағы,

Егінші егін еккен жерге барды.

Аралап әр егінді қарап жүрді,

Кез еді пісіп болған егін түрлі.

Бастарын дәнге толған төмен салып,

Бидайлар бейне тағзым етіп тұрды.

Жалғыз-ақ бір Бидай тұр көкке қарап,

Бейне бір жалғыз өзін көпке балап.

Баланың сол Бидайға көзі түсіп,

Білмекке кетті көңіл жөнін сұрап.

Құбылып бидайлар тұр басын салып,

Жіберген мырза құдай нұрға қанып.

«Әй, әке, мұның мәнін түсіндірші,

Бір іске тұрмын өзім қайран қалып.

Бұл Бидай көтеріп тұр басын көкке,

Қарайды шікірейіп өзге көпке.

Өзіне өзгелерді теңгермейтін

Соншама бұл Бидайдың дәні көп пе?

«Айтайын мұның мәнін, балам, саған,

Шырағым, түрін керіп таңданба оған

Айтайын мұның мәнін, балам,

Ойлама кем екен деп бәрі сонан».

Және де әкесі айтты баласына:

«Сұқтанба құр сорайған қарасына.

Құдайым өзгесіне дән бергенде,

Бұл Бидай дәнсіз қапты арасында.

Бұл Бидай көтеріп тұр басын көкке,

Қарайды шікірейіп өзге көпке.

Өзіне өзгелерді теңгермейтін

Соншама бұл Бидайдың дәні көп пе?

«Айтайын мұның мәнін, балам, саған,

Шырағым, түрін керіп таңданба оған

Айтайын мұның мәнін, балам,

Ойлама кем екен деп бәрі сонан».

Және де әкесі айтты баласына:

«Сұқтанба құр сорайған қарасына.

Құдайым өзгесіне дән бергенде,

Бұл Бидай дәнсіз қапты арасында.

Бидайлар басы толық иіліп қ иіліп тұр,

Дән берген қожасына сыйынып тұр.

Басында бұл Бидайдың дәні болмай,

Кекірейіп, көкке қарап бүлініп тұр.

Бидайлар басы толық иіліп иіліп тұр,

Дән берген қожасына сыйынып тұр.

Басында бұл Бидайдың дәні болмай,

Кекірейіп, көкке қарап бүлініп тұр.

Елде көп бұл Бидайдай адам, - дейді,

Тәкаппар,оны халық, жаман, - дейді.

Қалпы емес тәкаппарлық данышпанның,

Тұтынба бұл мінезді, балам» - дейді.

5-тапсырма

«Тілден артық қазына жоқ» сөзжұмбағын шешіңіз.

               
               
               
               
               
               
               

Көлденеңінен:

1. Қазақ тілі қандай тілдер тобына жатады?

2. Тілден артық...... жоқ.

3. Өнер алды -............

4. Көп тіл білу - өмірдің......

5. Көп тіл білетін адам?

6. Білімділіктің басты факторы – ана тілін.....

7. Тіл жоқ жерде, ұлт......

Тігінен:

1. Денсаулық кепілі -......

6-тапсырма

Мақал-мәтелдердің екінші сыңарларын анықтаңыз және жаттаңыз:

Бірінші сыңары Екінші сыңары
Жақсы сөз … Сөйлей-сөйлей шешен боласың
Ине көзінен сынады, у тамған
Шебердің қолы ортақ, Шешеннің тілі ортақ
Бал тамған тілден.... Шешен сөзінен сынады
Ана сүті бой өсіреді қазына жоқ
Тілден артық Адамзатты сөз бұзар
Жыланның уы тісінде Ана тілі ой өсіреді
Тауды, тасты жел бұзар жарым ырыс
Көре-көре көсем боларсың Адамның уы тілінде

1.3 ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ

Барлық дұрыс жауаптары бар нөмірлерді белгілеңіз.

1. Қазақ тілі қашан мемлекеттік мәртебеге ие болды?

1) егемендік алғаннан кейін
2) тәуелсіздік алғаннан кейін
3) бағдарлама жасалғаннан кейін
4) тіл туралы заң қабылдағаннан кейін
5) елімізде конституция қабылданғаннан кейін

2. Тіл проблемаларын оңтайлы шешу –

1) ұлтаралық келісімді бұзады
2) ұлтаралық келісімді жаңартады
3) ұлтаралық келісімді нығайту алғышарты
4)ұлтаралық қатынастарды нығайтудың бастысы
5) ұлтаралық келісімді нығайтудың алғышарты

3. Қазақ тілін дамытуға................. жасалған.

1) жан-жақты талап
2) жан-жақты сенім
3) жан-жақты білімділік
4) жан-жақты қамқорлық
5) жақсы қамқорлық

4. Қазақ тілін дамытуға қатысты заңнамалық құжаттар

1) Тіл туралы заң
2) тіл туралы доктрина
3)Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы
4) Тілдерді қолдану мен сақтаудың мемлекеттік бағдарламасы

5. Бағдарламаның басты мақсаты

1) ағылшын тілін жетік білу
2) шет тілдерді жетік меңгеру
3) орыс тілінің қолданысын шектеу
4) этностардың тілдерін дамытпау
5) қазақ тілінің әлеуметтік қызметін арттыру

6. Ахмет Байтұрсынұлының туған жері

1) Атырау облысы
2) Талдықорған облысы
3) Торғай облысы
4) Қостанай облысы
5) Павлодар облысы

7.Ахмет Байтұрсынұлының тұңғыш шығармасы

1) Қазақ хрестоматиясы
2) Сөздік құрамы
3) Тіл құралы
4) Түрік тілі
5) Әліппе

8.А. Байтұрсынұлы ұйымдастырған газет атауы

1) Маса
2) Қазақ
3) Айқап
4) Жұлдыз
5) Ана тілі

9.1914-1928 жылдары басылып шыққан еңбегі

1) «Тіл құралы»
2) «Сөздік құрамы»
3) «Түрік тілі»
4)«Әдебиеттанытқыш»
5)«Әдебиет теориясы»

10А.Байтұрсынұлының ақталған жылы





Дата публикования: 2014-10-25; Прочитано: 1155 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...