Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Элементтік бойынша, топтық жəне циклдық синхронизация



Синхронизация дегеніміз – екі не одан да көп процесстердің арасындағы белгілі бір уақыт қатынасын анықтау және процессі. Циклдік, элементтік және топтық синхронизация дегеніміз - бұл таратылған және қабылданған цифрлы сигналдардың синхронизациясы.

Элементтік синхронизация қабылдағышта бір бірлік элементті келесіден дұрыс ажыратуға және оның тіркелуіне ең жақсы шарттар қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Топтық синхронизация қабылданған бірізділіктің кодалық комбинацияға бөлінуінің дұрыстығын қамтамасыз етеді. Ал циклдік синхронизация дегеніміз – қабылдағышта уақытша біріктірілген элементтер циклының дұрыс бөлінуі. Әдетте циклдік және топтық синхронизацияның есептері бірдей тәсілдермен шешіледі.

Элементтер бойынша синхронизация жұмысының принципі және құрылғылары. Элементтер бойынша синхронизация құрылғыларына келесі талаптар қойылады:

1) Синхронизацияның жоғары дәлдігі. Идеалды синхронизацияға сәйкес келетін жағдайлардан синхроимпульстердің біршама ауытқуы, εдоп= ± 3%.

2) Синхронизмге кірудегі аз уақыт (бастапқы қосылу кезінде де және байланыстың үзілісінде де).

3) Бөгеуілдер мен байланыстың аз уақыттағы үзілістер кезіндегі синхронизмнің сақталуы.

4) Таратылған хабардың статикалық құрылымынан синхронизация дәлдігінің тәуелсіздігі.

Сигналдардың құрылымының радиациалы жолын таңдау арқылы және синхронизация құрылғыларының оптималды параметрлерін таңдай отырып, талап етілген синхронизацияның дәлдігін қамтамасыз етуге болады.

1-сурет - Элементтік синхронизацияның резонансты құрылғысының

құрылымдық сұлбасы





Дата публикования: 2014-10-20; Прочитано: 1358 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...