Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Кодтарды түзету классификациясы



Түзету кодтары деп кодалық комбинациялардағы қателерді түзете алатын және қателерді таба алатын кодтарды атайды. Олар екі топқа бөлінеді: 1) табылған қателер кодтары; 2) табылған және түзетілген қателер кодтары.

1) Табылған қателер кодтарының ерекшелігі болып оның құрамындағы кодалық комбинциялардың бір-бірінен кем дегенде d=2–ге ажыратылатынында. Оларды шартты түрде екі топқа бөлуге болады:

а) қолданылатын комбинациялардың санын кеміту арқылы құрылған кодтар.

Комбинациялардағы бірліктер және нөлдердің тұрақты саны бар код.

, (2)

мұндағы l – n ұзындықты сөздегі бірліктер саны.

Бөліп тұратын код Бұл да бірге тең тұрақты салмақпен кодтың түрі. Кез-келген кодалық комбинацияда тек қана бір бірлік болады. Бөліп тұратын кодтағы кодалық комбинациялар саны

. (3)

n=6 кезінде кодалық комбинацияларды мынандай түрде жазуға болады: 000001,000010,000100,001000,010000,100000. Екі комбинацияның 2 модулі бойынша бірігуі олардың бір-бірінен d=2 кодалық қашықтыққа ажыратылатынын көрсетеді.

1 К е с т е - Тұрақты бірліктер және нөлдер саны бар кодтар

Код Код
11000 10010 01010 00011 01100 01001 00101 10001 00110 10100  

б) барлық комбинациялар қолданылатын, бірақ олардың әр біреуіне белгіленген ереже бойынша бақылау символдары қосылатын кодтар, m - символдар. Жұптыққа тексеретін кодтар. Бұндай түр (неизбыточного) кодтың ақпараттық символдардан тұратын жіберіліп жатқан комбинацияға m (0 немесе 1) бақылау символын қосу арқылы жүзеге асады. Жіберіліп жатқан комбинацияның бірліктерінің жалпы саны жұп болу үшін жасалады. Жалпы жағдайда:

. (4)

2 К е с т е - Жұптыққа тексеретін кодтар

к ақпараттық символдары m бақылау символдары n=k+m толық кодалық комбинация
     
     

Комбинациялардың жалпы саны N=2n-1

в) бірліктер саны үшке тең бөлінетін кодтар. Бұл код ақпараттық символдарға кодалық комбинациялар сызығына жіберілетін бірліктер қосындысы тең болатын мәндері бар екі қосымша бақылау символдарын (m=2) қосу арқылы жасалады.

3 К е с т е - Бірліктер саны үшке тең бөлінетін кодтар

Ақпараттық символдар к Бақылау символдары m Толық кодалық комбинация  
     

2) Қателерді табатын кодтардың ерекшелігі олардың түзететін код құруында. Түзететін кодтарды құрастыру келесі ереже бойынша жасалады: алдымен ақпараттық символдардан тұратын кодалық комбинацияға қосу керек бақылау символдарын анықтайды. Содан осы бақылау символдары орналасатын орын белгілінеді.

Хемминг кодтары. Хемминг кодтары (Hamming codes) - бұл келесідей құрылымы болатын блокты кодтардың қарапайым класы:

, (4)

мұндағы m= 2,3,.. Осы кодтардың минималды қашықтығы 3, сондықтан олар барлық бірбитті қателерді түзете алады немесе блоктағы барлық екі не одан аз қателер комбинациясын таба алады. Хемминг кодтарына синдромдар көмегімен декодалау оңай жүзеге асады.Фактілі түрде синдромды қатенің орналасуының екілік көрсеткішіне айналдыруға болады. Бірақ Хемминг кодтары қатты қуатты болып табылмайды, олар блокты кодтардың өте шектелген класына жатады. Циклдік кодтар. Сызықты блокты кодтардың маңызды класстар ішіндегіболып екілік циклдік кодтар табылады (cyclic codes). Сызықты код (n, к) циклдік деп аталады, егер ол келесі қасиетке ие болса. Егер n-кортеж U= (u0, u1, и2, …, un-1) S кеңістік ішіндегі кодтық сөз болса, онда U(1)=(un-1, u0, u1, и2,..., un-1), циклдық ығысудың көмегі арқылы U-дан алынған S-да да кодтық сөз болып табылады. Немесе жалпы алғанда U(i)=(un-i;. un-i+1,…, un-1, u0, u1,… un-i-1), алынған i циклдық ығысулармен S-те кодтық сөз болып табылады.

Файра циклдік коды. Қателер жинағын табатын және түзететін циклдік кодтар (Файра кодтары). b ұзындықты қателер жиынтығын шеткі разрядтардың арасындағы бөгеттермен бұзылған b-2 разряды бар бөгет комбинациясының түрін түсінеді. Мысалы, b=5 кезінде бөгеттер комбинациясы, яғни қателер жиыны келесі түрде болуы мүмкін: 10001 (тек шеткі екі символдар ғана бұзылған), 11111 (барлық символдар бұзылған), 10111, 11101, 11011 (тек бір ғана символ бұзылмаған), 10011, 11001, 10101 (үш символ бұзылған). Файра кодтары b ұзындықты қателер жиынын түзете алады және b ұзындықты қателер жиынын таба алады.

Боуза-Чоудхури-Хоквингэм кодтары . Бұл кодтарды Боуз, Чодхури и Хоквингэм (қысқартылғанда БЧХ кодтары) құрастырған, осы кодтар кез-келген қателер санын тауып, түзей алады. БЧХ кодтарың қателерді табу үшін келесі тәсілмен құрайды. Егер жұп санды қателерді табатын код құру қажет болса, онда берілген r саны бойынша d және s мәндерін табады. Егер тақ санды қателерді табатын код құру қажет болса, онда жақын аз бүтін s санын табады және алдыңғы жағдайдағыдай кодтау жүргізіледі: көпмүшені қосымша екі мүшеге көбейтеді. Мысалы, n=15 кезіндегі жеті қатені табатын код құру керек. Осыдан d=8, ал ең жақын аз шама s=3. Енді көпмүшені анықтаймыз және оны екімүшеге көбейтеміз, яғни аламыз. Осындай тәсілмен БЧХ(15,4) коды құрылады.





Дата публикования: 2014-10-20; Прочитано: 1893 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...