Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Синхронды жəне асинхронды жүйелердегі синхронизация



Синхронизация дегеніміз – екі не одан да көп процесстердің арасындағы белгілі бір уақыт қатынасын анықтау және процессі.

Синхронды тәсіл кезіндегі таралуда таратқышτ0 уақыттағы сигналдың элементтерін үздіксіз қалыптастырады, бірлік интервалға тең элементтерді Тк уақытындағы комбинацияларға біріктіреді. t0 таратқышыныңқосылуының басталу сәтін біле тұра бірлік элементтің келу уақытын анықтауға болады, ал кодалық комбинациялардың бірлік элементтерінің санын біле тұра бір кодалық комбинацияны екіншісінен оңай бөлуге болады. 2,б,в суретінде бір элементтен екіншісін және бір топ элементтерін екіншісінен бөлетін импульстер көрсетілген.

Элементтер пайда болатын уақыт интервалдарын анықтағаннан кейін сигнал элементтерінің ең бекем бөлігінің келу уақытын болжауға болады. Осы бөлікте сигналды тіркеу арқылы элементті дұрыс емес қабылдау ықтималдығын төмендетуге болады. Таратқыш пен қабылдағыш бөлгішінің синхронды жұмысы автоматты түрде қуатталады. Бұл үшін қабылдағышта қажеттілігі бойынша генераторын (ҚГ) беретін жиілік сигналдары шығарылады. Осы генератордың жиілігі мүмкіндік бойынша берілу генераторының жиілігімен дәл келу керек.

ҚГ fзп жиілігі таратқышта fн жиілігі номиналдыға тең болсын. ҚГ жиілігі қабылдағышта тұрақсыздықтың салдарынан fн номиналды мәнінен Δf (тұрақсыздық коэффициенті k=Δf/fн) шамасына ауытқуы мүмкін. ҚГ жиілігінің жоғалуы қабылдағышта тактілік бірізділіктің идеалды қалпынан ауытқуына алып келеді. t0=0 кезінде тактілік бірізділік идеалдымен сәйкес болсын. ε. шамасына тең болатын бірлік элементтің ұзақтығынан өрістердің фаза бойынша кетуіндегі уақытты анықтайық. Бұл үшін сәйкесінше қабылдағышта және таратқышта ҚГ өндіретін f1 және f2 жиіліктерімен екі гармоникалық сигналдарды қарастырайық. (9.1-суретті қара). Осы ауытқулардан тактілік бірізділік қалыптасады f1=1/(Т-ΔТ), мұндағы Т=τ0, f2=1/(Т+ΔТ) делік. Бірлік интервалдардың τ0/ΔТ=n фаза бойынша айырмашылығы ε=1

. (1)

уақытында туады. Мұндағы κ=ΔТ/ τ0 немесе қабылдағыш және таратқыш генераторының біршама тұрақсыздығына байланысты tε=1/2κВ.

Егер εдоп арқылы фаза бойынша мүмкін айырмашылықты белгілесе, онда фаза бойынша кету уақыты мүмкін шамадан асып кетеді (синхронизация пайда болады),

. (2)

Егерεдоп бірлік элементтін процентпен белгілесе, онда (2) формуласы келесідей болады:

. (3)

Алынған мәндерді қолдана отырып, tε доп және В үшін κ қажетті

шамасын табамыз.

1 сурет - Циклдік, элементтік және топтық синхронизация

2 сурет - Таратқыштың синхронды тәсіліндегі кодалы комбинациялы элементтердің қалыптасуы





Дата публикования: 2014-10-20; Прочитано: 2351 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.011 с)...