Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Лексикалық тақырып: Қр-ның банкі жүйесі, қызметі



Банк итал. Banko – үстел деген мағынаны білдіреді. Банк – ерекше кәсіпорын. Егер кәдімгі кәсіпорын қызметінде ақша төлем рөлін атқарса, ал Банк қызметінде ол тауар орнына жүреді. Банктер уақытша пайдаланылмай тұрған бос ақша қаражаттарын өзіне жинақтау, тұтынушыларға есепшот ашып, кассалық қызмет көрсету, қысқа және ұзақ мерзімге несие беру, несие бөлу, инвестициялық қызмет атқару (ұзақ мерзімді күрделі шығындарды қаржыландыру, құнды қағаздар шығару) тағы сол сияқты басқа да қызметтерді атқарады. Банк жүргізетін операциялар пассивті және активті болып бөлінеді. Негізгі пассивті операциялардың қатарына Банктің өзіндік капиталы, депозиттер қабылдау жатады, ал негізгі активті операцияларға банкаралық несие беру, инвестициялық қаржы бөлу т.б. жатады.

Алғашқы банктер орта ғасырда Солтүстік Италияда, кейінірек Германия мен Нидерландтың сауда орталықтарында пайда болды. Банк ісінің ілгері дамуына әсіресе, 1716-20 ж. Франциядағы Джона Ло банкінің ықпалы зор болды. Оның шығарған банкноттары айналым барысында мемлекеттік қағаз ақшаға айналды.

Қазақстанға банк капиталының енуі және оның территориясында несие желісінің жасалуы ХІХ ғасырдың соңында басталды. Қазақстандағы негізгі банктер – Ресей банктері болды. Олардың филиалдары өлкенің орталық қалаларында (Оралда, Омбыда, Петропавлда, Семейде, Верныйда) орналасты.

Қазақстанда 1991 жылы басталған Банк реформасының нәтижесінде қос деңгейдегі банк жүйесі құрылды. Жоғары (бірінші) деңгейдегі Банк – ҚР-ның Ұлттық банкі. Оның міндеттері, қызметінің бағыттары, құқықтық мәртебесі ҚР Президентінің “Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы” Заң күші бар Жарлығында (30.3.1995) белгіленген. Өзге банктердің бәрі банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейіне жатады. Көбінесе олар “Коммерциялық Банктер” деп аталады. Қазақстанның екінші деңгейдегі Банктерінің ең ірілерінің қатарына Казкоммерцбанк, Тұранәлембанк және т.б. жатады.





Дата публикования: 2014-10-19; Прочитано: 815 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...