Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

СабақЕуропалық төлем одағы ОСӨЖ



Мазмұндау

Еуропалық төлем одағы – 1950-1958 жылдары Батыс Еуропаның он жеті елі арасында төлемдерді қамтамасыз ету мақсатымен әрекет еткен төлем жүйесі. Қатысушы елдердің өзара талаптары мен міндеттемелерін есепке алу халықаралық төлемдерді теңестіру жолымен жүзеге асырылатын көп жақты клирингтік жүйе. Еуропалық төлем одағы АҚШ-тың бастамасымен және қолдауымен құрылды. Оның валютасы халықаралық есептік ақша өлшемі – эпунит болды. Еуропалық төлем одағы шеңберіндегі есеп айырысу палатасының рөлін Халықаралық есеп айырысу банкі атқарды. 1958 жылдан бастап Еуропалық валюта келісімі шеңберіндегі төлем жүйесімен ауыстырылды.

(«Қазақстан» энциклопедиясы, Алматы 2001, 458-бет).

1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Еуропалық төлем одағы қашан құрылды?

2. Еуропалық төлем одағы қай елдің қолдауымен құрылды?

2-тапсырма. Сөйлем мүшесіне талдаңыз.

Бұл ұйым АҚШ-тың бастамасымен және қолдауымен құрылды. Оның валютасы халықаралық есептік ақша өлшемі – эпунит болды.

3-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

21 сабақ. Еуропа экономикалық қоғамдастығы СӨЖ

Мазмұндау

Еуропа экономикалық қоғамдастығы – батыс Еуропа елдерінің аса ірі экономикалық одағы. 1957 жылықұрылған. Оған Батыс Еуропаның 12 мемлекеті:Германия,Франция, Италия, Бельгия, Дания, Нидерланд, Люксембург, Ұлыбритания, Ирландия, Греция, Испания, Португалия кіреді. Еуропа экономикалық қоғамдастықта біртұтас кеден одағы құрылып, мүше елдер арасында капиталдардың, тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, жұмыс күшінің еркін орын ауыстыруына қойылатын шектеулерді жоятын ортақ нарық жұмыс істеді, сондай-ақ, бірыңғай валюта жүйесі құрылды. 1992 жылдан бастап ол Еуропа қауымдастығы деп аталды.

С. Тоқсанбай,(«Қазақстан» энциклопедиясы, Алматы 2001, 458-бет.).

1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

2-тапсырма. Сұрақтарға мәтіннен жауап іздеңіз.

1. Еуропа экономикалық қоғамдастығы қашан құрылды?

2. Оған неше мемлекет кіреді?

3. 1992 жылдан бастап қоғамдастық қалай аталады?

3-тапсырма. Мәтіннен таныс емес сөздер мен сөз тіркестерін теріп жазыңыз.

4-тапсырма. Өзіңіз жазып алған таныс емес сөздермен сөйлем құраңыз.





Дата публикования: 2014-10-19; Прочитано: 1040 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...