Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сабақ Лексикалық тақырып: Еуразия экономикалық қауымдастығы



Еуразия экономикалық қауымдастығы (ЕЭҚ) 2000 жылдың 10 қазанында Астана қаласында Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мемлекеттерінің қатысуымен құрылған саяси-экономикалық ұйым. Оған дейін бұл ұйым Кедендік одақ деп аталды. Еуразиялық одақ құру идеясын тұңғыш рет Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 1994 жылы 28 наурызда В.Ломоносов атындағы ММУ-дің профессорлары мен оқытушылары алдында сөйлеген сөзінде ұсынды. 1995 жылы 28 қаңтарда Қазақстан, Ресей, Белорусь мемлекеттері арасында Кедендік одақ құру жөнінде келісім жасалды. Бұл Одаққа 1996 жылдың наурызында Қырғыз Республикасы, 1999 жылдың 26 ақпанында Тәжікстан Республикасы қосылды. Кедендік одақтың мақсаты - одаққа кіретін елдер арасында бірдей кедендік тариф қалыптастыру; мүше-мемлекеттердің кедендік аумақтарын біріктіріп, біртұтас кедендік аумақ жүйесіне көшу. 1996 жылдың 29 наурызында Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей Президенттері экономика мен гуманитарлық салаларын дамытуды жетілдіру жөнінде келісімге қол қойды. Бұл келісімде Қазақстан Республикасы Президентінің Еуразиялық одақ құру жөніндегі көптеген идеялары мен ұсыныстары жүзеге асты. («Қазақстан» энциклопедиясы. Алматы, 2001. 448-бет.).

1-тапсырма. Мына сұрақтарға мәтіннен жауап іздеңіз.

Еуразиялық экономикалық одақ қандай ұйым?

Ол қашан және қай қалада құрылды?

Еуразиялық экономикалық одақ құру идеясын кім ұсынды?

Кедендік одақ құру келісімі қашан жасалды?

Бұл Одаққа 1996 жылы қандай республикалар қосылды?

Одақтың мақсаты қандай?

Кедендік одақ мемлекетаралық кеңесінің төрағасы кім?

Сөздік:

біртұтас –единый, монополитный, унитарный бірлесу– объединяться, сплачиваться деңгейге көшу –перейти в уровень жүйесіне көшу –перейти в систему жариялау –объявить, обнародовать Кедендік одақ– Таможенный союз келісім жасасу –соглашаться, делать договор Қоғамдастық – общество қосылу –присоединяться, прибавляться қалыптасқан жағдайлар– обычная обстановка ұйым– организация ұйымдасу- организовываться Еуразиялық одақ– Еуразийский союз мәлімдеме –заявление, сообщение шектеу –разграничить  

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

2-тапсырма. Мәтіннен жалқы зат есімдерді теріп жазыңыз.

3-тапсырма. Керекті жалғауларды жалғаңыз.

1. Еуразиялық одақ құру идея.... тұңғыш рет Қазақстан Республика........ Президент.. Н.Ә. Назарбаев ұсынды.

2. 1996 жыл... 29 наурыз.... экономика мен гуманитарлық салалар... дамыту...., жетілдіру жөнінде келісімге қол қойды.

3. Кедендік одақ... мақсат... – одақ... кіретін елдер арасында бірдей кедендік тариф қалыптастыру.

4-тапсырма. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.

1. Еуро – Еуропалық одаққа мүше елдерге арналған бірыңғай еуропалық валюта.

2. Еуропалық одақ шешімі бойынша 2002 жылдан бастап қазіргі қолданылып жүрген ұлттық валюталардың орнына Еуро айналымға енді.

5-тапсырма. Жақшаның ішіндегі сөздерді қазақ тіліне аударыңыз.

1. Еуразия экономикалық (ассоциация) 2000 жылдың 10 қазанда Астана қаласында (образовалась).

2. Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мемлекеттерінің қатысуымен құрылған саяси-экономикалық (организация).

3. Еуразиялық одақ құру идеясын тұңғыш рет Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев (предложил).

22-сабақ Валюта ОСӨЖ

1.Тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз, аударыңыз.

Валюта 1. Елдің ақша бірлігіжәне түрлері (алтын, күміс, қағаз). Шетелдік мемлекеттер халықтарының есеп айырысуда пайдаланатын ақшалай белгісі (шетелдік валюта).

Қазіргі кезде көптеген елдерде қағаз валютаға негізделген ақша жүйесі тән сипат. Қағаз ақшалар оны айналыс құралы және төлем құралы функцияларында алмастыратын алтын белгісі болып табылады.

Валюталық белгіленім – қолданыстағы заңдық нормалар мен қалыптасқан тәжірибеге сәйкес шетелдік валюталардың бағамдарын белгілеу. Валюталық белгілеуді (бағамдауды) мемлекеттік (ұлттық) немесе ірі коммерциялық банктер жүргізеді. Әдетте валюталық белгіленім кезінде шетелдік валютаның ақшалай бірлігінің бағамы ұлттық валюта бірлігінің әлдеқанша санымен белгіленеді.

Валюталық бағам – олардың өтімділік қабілеті мен басқа да факторлар арқылы (төлем балансы жағдайына, инфляция деңгейіне қысқы мерзімдік капиталдардың еларалық ауысымы арқылы) белгіленетін әр түрлі елдердің ақша бірліктері арасындағы қатынас.

ЭКЮ дегеніміз – Европалық экономикалық кауымдастыққа мүше елдердің валюталары жиынтығына негізделген европалық валюталық бірлік.

ЕЭҚ шеңберінде біркелкі ақша жүйесіне көшкенде ЭКЮ негізгі валютаға айналады деген болжам бар.

22-сабақ





Дата публикования: 2014-10-19; Прочитано: 1168 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...