Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Мәтінді оқыңыз және мазмұңдаңыз



Банкоматтарды қолданумен қатар, әлемдегі банк жүйесі тұтынушыларға төлемдердің электрондық жүйесін, яғни электронды техниканы пайдаланып, банк операцияларын үйде отырып-ақ жүзеге асыруды ұсынады.

Банк қызметінің бұл түрі Батыс Еуропада өткен ғасырдың 80 жылдарында қарқынды дамыды. 1982 жылы Nottingam Building Society құрылыс қоғамы мен Шотландия банкі және British Teleсom компаниясы Homelink жүйесін енгізді. Батыс Еуропадағы ең ірі банктер бір-бірімен бәсекелес бола бастады.

Үйде немесе жұмыс орнында болсақ та, уақытымызды үнемдеп, банк операцияларының барлық түрін іске асыруға арналған банк қызметінің бұл түрі, қазіргі кезде Франция мен Американың ең ірі банктерінде және Ресейдегі кейбір коммерциялық банктерде енгізілген. «Home banking» банк қызметін таңдаған клиенттерге пароль немесе кілті бар дискет беріледі. Осы дискет арқылы олар барлық төлем түрлерін компьютер арқылы жіберіп, электронды қол қойып растайды. Бұл жүйе аптасына жеті күн тәулік бойы қызмет көрсетеді.

Батыс экономистерінің болжамы бойынша, жақын арада банк мекемелерінде күрделі өзгеріс болады деп күтілуде. Өйткені телекоммуникация мен ақпараттық технологияның дамуы миллиондаған қызметкерлердің үйде отырып жұмыс атқаруын қамтамасыз етеді. Мұның салдарынан мекемелерде төрт миллионға жуық қызмет орны босайды; әкімшілік ғимараттарға сұраныс азаяды. Бұл өзгерістер еңбек өнімділігін төрт есе көбейтіп, ірі кәсіпорындардың шығынын кемітеді. Адамның жұмыс орны – үйі болып, бүкіл қажетті ақпаратты үйдегі сенімді досы – компьютерден алуы ықтимал, деп күтілуде.

(Банковкие технологии» журналы, 2000. -№9. С.47-50.).

Сұрақтар:

1. Әлемдегі банк жүйесі тұтынушыларға төлемдердің электрондық жүйесі, банк операциялары қалай жүзеге асуда?

2. ҚР Банк жүйесі қазір қандай деңгейде?

3. «Home banking» жүйесі сізге ұнады ма?

4. Бұл жүйенің артықшылығы мен кемшілігі туралы не айтар едіңіз?





Дата публикования: 2014-10-19; Прочитано: 861 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...