Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Армандастар



Сөзі: Н.Әлімқұлов. Әні. Ә. Бейсеуов.

Бір ауылдың түлеп ұшқан жастары едік,

Бір дәірдің мөлдіреген аспаны едік.

Бәріміз де жазылмаған дастан едік,

Армандастар-құрдастар.

Қайырмасы:

Біз дәуірдің мөлдіреген аспаны едік,

Бәріміз бір өмір жолын бастап едік.

Армандастар қайда?

Абзал достар қайда?

Замандастар, қарлығаштар қайда екен?

Арман қуған, қиял қуған кезің қайда,

Құрбы-қыздар, мөлдіреген көзің қайда?

Сол алғашқы алалаулаған сезім қайда?

Армандастар-құрдастар. Қайырмасы.

Бәрің достар, әр тарапқа кеттіңдер ме,

Әлде биік асулардан өттіңдер ме?!

Әлде игі армандарға жеттіңдер ме?!

Қайдасыңдар, құрдастар?! Қайырмасы.
7-сабақ Лексикалық тақырып: Білім – байлығымыз.

Білімнің адам өміріндегі рөлі.

Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз.

«Білімде дүние жарық, білімсіздің күні кәріп» деген бұрынғылар.

Бүгінгі таңда жеке адамның біліміне көңіл бөлмеу – оның ертеңгі күні мәңгілік орташа дәрежеде қалуына әкеліп соғады. Бұлай бүкіл халықтар жөнінде де айтуға болады. Білім ерікті қоғамның ірге тасы болып есептеліп, соның негізінде әрі күшті, әрі сау келешек мемлекеттің негізін қалайды және тұтқасы болады.

Ең алдымен, білуге, білімге ұмтылу жақсы қасиет. Бірақ, қазіргі уақытта білімді жалаң мақсат етіп, соның мәнін түсінбейтіндер де баршылық. И.Гете «Біліп қана қою – аз, сол білгеніңді істе қолдана білуің керек, ниеттану ғана- аз, сол ниетіңді іске асыруың керек» - деген.

Қазіргі заманғы өндіріс салалары, қоғамның рухани өмірі әрбір азаматтан жалпы, политехникалық, компьютерлік білімді ғана талап етіп қоймайды, сонымен қатар арнаулы кәсіби мамандықты, икемділікті қажет етеді. Кәсіптік білім жеке тұлғаның, яғни әрбір адамның жан-жақты дамуының қажеттілігі болып саналады.

Кәсіби білімнің, адамның жеке басының өсіп, дамып отыруы материалдық ынтаның пайда болуына, оның алғы шарттарын жасауға байланысты. Ол алғы шарттардың бірі – мамандардың жалақысының, материалдық жағдайларының дәрежесі. Материалдық ынта – білімді дамытудың, кәсіби шеберлікті арттырудың бірден-бір кепілі.

Сонымен, білім – жеке адамның ғана емес, қоғамның талабы. Білімділік саналықтың қажеттілігі, ал мемлекеттің қуаттылығы да оның әрбір мүшесінің саналылығына байланысты.

Сұрақтар:

1. Қазақстанда білім беру жүйесі неше баспалдақтан тұрады?

2. Білім ненің талабы?

3. Материалдық ынта дегенімізді қалай түсінесін?

4. Кәсіби білімнің алғы шарттарын жасау қандай жағдайларға байланысты деп ойлайсыздар?





Дата публикования: 2014-10-19; Прочитано: 948 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...