Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Патологиялық босану



Мезгілінен бұрын босану (partus praematurus) - жүктіліктің 28-36 аптасында басталған босану.

Мезгілінен кеш босану (partus serotinus) - жүктіліктің 42-аптасынан аса басталған босану.

Жылдам босану (partus rapidus) - ұзақтығы 3-5 сағатты құрайтын босану.

Шұғыл босану (partus praecipitatus) - ұзақтығы 3 сағаттан кем уақытты құрайтын босану.

Қағанақ суларының мезгілінен бұрын ағып кетуі (effiuvium liquoris amnii praematurum) - қағанақ суларының босанудан бұрын ағып кету.

Қағанақ суларының ерте ағып кетуі (effiuvium liquoris amnii praecox) - қағанақ суларының жатыр мойнының 6 см ашылып, босану әрекеті басталуында ағып кетуі.

Бала жолдасы бөліктерінің кешігуі (retentio partium placentae seu retentio partium secundinarum) - жатырдан бөлінбеген және ішінде қалып қойған плацента немесе қабық қалдықтары.

Плацентаны сығып шығару (expressio placetae) - плацентаның жатыр қуысынан сыртқы тәсілдермен шығарылуы (Абуладзе, Гентер, Креде).

Плацентаны қолмен бөліп шығару (separatio et extractio placentae manualis) - плацентаны жатыр қуысына енгізілген қолмен жатыр қабырғасынан бөліп шығару.

Аралықтың жыртылуы (ruptura perinei) - босану немесе табиғи босану жолдары арқылы оперативті түрде босануға көмектесу кезеңінде аралық ұлпалары бүтіндігінің бұзылуы.

Қынап қабырғаларының жыртылуы (ruptura vaginae seu colporrhexis) - қынап қабырғасы бүтіндігінің бұзылуы.

Жатыр мойнының жыртылуы (ruptura cervicis uteri) - жатыр мойны бүтіндігінің бұзылуы.

Жатыр жыртылуының қаупі (ruptura uteri imminens) - төменгі сегменттің шамадан тыс созылуымен және ауырсынудың артуымен сипатталатын жағдай.

Жатырдың өз бетімен жыртылуы (ruptura uteri spontanea) - сыртқы факторлардың әсерінсіз болған жатырдың жыртылуы.

Босанудан кейінгі кезең

Бала жолдасы (secundinae) - нәрестені ана ағзасымен байланыстырып тұратын мүше, плацентадан, қағанақ суларынан және кіндіктен тұрады.

Жатыр инволюциясы (involutio uteri) - босанудан кейінгі кезеңде жатыр өлшемдерінің кішірею процесі.

Жатырдың субинволюциясы (subinvolutio uteri) - жатыр инволюциясының ақырындауымен және жатыр бөлінділерінің кешігуімен сипатталатын жағдай.

Бөлінділер (лохии) (lochia) - қан, шырыш, децидуалды қабықтың некрозды ұлпаларынан құралып, босанудан кейінгі кезеңде жатырдан бөлінетін бөлінділер.

Лохиометра (lochiometra) - бөлінділердің жатыр қуысында қалып қоюы, ол жатырдың жиырылу қабілетінің төмендеуімен және оның мойнының қысылуымен негізделетін.

Гипогалактия (hypogalactia) - лактация кезінде сүт бездерінің сұйықтық бөлу қызметінің төмендеуі.





Дата публикования: 2014-10-30; Прочитано: 2569 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...