Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Акушерлік



Акушерство (obstetrisia) - ұрықтандыру, жүктілік, босану және босанудан кейінгі кезеңмен байланысты физиологиялық және патологиялық процестерді зерттейтін, босануға көмектесуді, жүктілік пен босану, сонымен қатар ҰРЫҚ және жаңа туған нәресте аурулары асқынуларының алдын алуын және емдеуін әзірлеп, жүзеге асыратын клиникалық медицина аясы.

Акушер (франц. «assoucher» ­ «босану кезінде көмек көрсету») ­ акушерлік іс-әрекетке байланысты.

Антисептика ( грек. Anti – қарсы, septicon – шіру, іріңдеу) - антисептика. Микробтардың өсіп-өнуіне кедергі жасау, микробтарды жоюға бағытталған емдеу–сақтандыру шараларының жиынтығы.

Асептика (грек. «а» жоқ, septicon – іріңдету, іріп-шіру) - асептика. Әртүрлі ұйымдастыру шаралары арқылы адам денесіне, оның жарасына сыртқы ортадан түрлі микробтардың енуіне кедергі жасау. Операцияға қатысы бар сайман-аспаптарды қайнату, автоклав көмегімен микробтарды жою.

Жансыздандыру (синонимы - анальгезия) ­ ауру сезімін тыю, жою. Жергілікті және жалпы жансыздандыру болып бөлінеді. Операция жасалатын жерге ине арқылы арнайы дәрілер енгізілсе, ол - жергілікті жансыздандыру. Тыныс алу мүшелеріне аспап арқылы газ жіберілсе, көк тамыр арқылы арнайы дәрі жіберілсе, ол орталық ми жасушаларына әсер етіп, науқас адам терең ұйқы жағдайына ұшырайды, есінен танады. Оны жалпы жансыздандыру немесе наркоз деп атайды.





Дата публикования: 2014-10-30; Прочитано: 1229 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...