Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жүйені жинау



Ø Сыртқы орамның бүтіндігін және жүйенің жарамды мерзімін анықтау.

Ø Залалсыздандырылмаған пинцетпен дәрілік заты бар флаконның орталық бөлігін ашу.

Ø Спирттелген мақта шаригімен резеңке тығынды өңдеу.

Ø Орамды ашып, бетперде кию.

Ø Қолды өңдеп, қолғаптар киіп, жүйені орамнан алып шығып, оны залалсыз салфеткаға қою.

Ø Ашық залалсыз үстелдегі лотокқа спиртелген шариктер, салфеткалар, 2-3 ине, шприц, пинцетті салып, залалсыз салфеткамен жабу.

Ø Ауа өткізгіш иненің қақпағын шешіп, флакон тығынына соңына дейін инені кіргізу, ауа өткізгіштің басқа бос соңын флаконда аптекалық резеңкемен бекіту.

Ø Винтті қысқышты жауып, жүйенің қысқа соңындағы иненің қақпашасын шешіп, бұл инені соңына дейін флакон тығынына енгізу.

Ø Флаконды аударып, оны штативке орнату, жүйені көлденең бұрып, қысқышты ашып, жүйені жартысына дейін ақырындап толтыру.

Ø Қысқышты жауып, жүйені бұрыңғы қалпына келтіру, фильтр құйылатын сұйықтықта түгелімен батырылған болуы қажет.

Ø Қысқышты ашып, ауа толық шығарылғанша және иньекцияға арналған инеден тамшылар ақпайынша жүйенің ұзын түтікшелерін баяу толтыру.

Ø Жүйенің ұзын түтігінде ауалы көпіршіктердің жоқтығына көз жеткізу.

Ø Жүйе толтырылды.

Венепункция көктамырішілік иньекция сияқты жасалынады.

Обсервациялық бөлімде індетке қарсы тәртіп аса ұқыпты жүргізілуі тиіс. Обсервациялық бөлімге кірген шақта медициналық қызметкер халатын ауыстырып, бахила киюі қажет.

АИТВ-жұқпаланған әйелдерді босандыру және олардың босанудан кейінгі кезеңі арнайы босану бөлімінде жүзеге асырылады, ал ондай бөлім болмаған жағдайда, обсервация бөлімінде палата бөлінеді. Онда ана мен бала стационардан шыққанша болады. Манипуляциялар кезінде АИТВ-жұқпалы әйелдерге бір рет қолданылатын құралдар мен басқа да медициналық жабдықтар пайдаланылады. АИТВ жұққан әйелдер мен нәрестелер күтімін жүргізетін медқызметкерлер жеке бас қауіпсіздік шараларын сақтауы қажет (барлық манипуляциялар кезінде қолғап кию). Қолдар зақымданған кезде жарақаттанған жерді 70% спиртпен немесе 5% спиртті йод тұндырмасымен өңдеу қажет және бұласыр немесе лифузоль жабыстыру керек.


Терминдерге түсініктеме





Дата публикования: 2014-10-30; Прочитано: 1425 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...