Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жатырдың жыртылуы, жиілігі, себептері, жіктелуі



Ананың босану жолдарындағы жұмсақ тіндер босану кезінде едәуір керіліп, созылады. Осының салдарынан аралық, қынап, жатыр мойны жарақаттанады. Әдетте ол бірінші тәулікте жазылып кетеді. Кейбір жағдайларда босану жолы ұлпаларының шектен тыс созылуы салдарынан акушерлік операциялардан кейін аралық, қынап, жатыр мойны және жатырдың өзі де жыртылуы мүмкін.

Жатырдың жыртылуы ана өміріне өте қауіпті, ауыр жарақаттың бірі. Оның жиілігі жалпы босанған әйелдер арасында 0,05-0,1% құрайды. И.Ф.Жорданияның мәліметі бойынша (1960) 1000 әйелге шамамен алғанда бір жатыр жыртылуы келеді. Әсіресе кесар тілігінен кейін және көп босанған әйелдердің жатыры он есе жиі жыртылады. Жатырдың жыртылуы жүктілік және босану кезінде болады, көбіне босану кезеңдерінде жиі кездеседі. Жатырдың жыртылуында қан шығыны артып, геморрагиялық шок жиі кездеседі, осыған байланысты әйелге жедел жәрдем көрсету өте қиынға соғады, бірден хирургиялық көмек қажет.

Жыртылу себебін түсіндіретін екі теория бар:

1. 1875 жылғы Бандельдің механикалық теориясы бойынша жамбас қуысы мен нәрестенің бас өлшемдерінің сәйкес келмеуінен жатырдың жиырылуы бұзылып, оның төменгі сегментінің қатты созылуына байланысты ол жұқаланып, жыртылады. Бұл жағдай жамбас қуысы өлшемдерінің тарлығында, баланың ірілігінде, көлденең немесе қиғаш жатқанда, басы шалқая орналасқанда кездеседі.

2. Вербов теориясы (1911) бойынша жатыр қабырғаларының бұлшық еттері қабынып, дегенеративтік-дистрофиялық өзгерістерге ұшырайды. Ол: а) кесар тыртығынан кейін; ә) жасанды түсіктерден кейін; б) жыныс мүшелерінің жетіспеушілігінде кездеседі. Қазіргі жағдайда көптеген акушерлер екі теорияны да мақұлдайды.

Жіктелуі:

1. Жатырдың өздігінен жыртылуы;

2. Жатырдың күшпен жыртылуы.

Жыртылу көлеміне қарай толық жыртылу (барлық қабаты) және жартылай жыртылу болып бөлінеді.

Орнына қарай түбінің, денесінің, төменгі сегментінің жыртылуы және жатыр мойнының ІІІ дәрежелі жыртылуы болады.

Клиникалық белгілеріне байланысты:

1. Жыртылу қаупі;

2. Жыртылудың басталуы;

3. Жыртылуы;

4. Кесар тілігінен кейінгі тыртықтың ажырауы болады.

Жатырдың жыртылу қаупі. Бұласқынуда жатыр жыртылмайды, оның қабырғалары сау, клиникалық белгілері механикалық теорияға сай келеді.

Клиникалық белгілері:

1. Толғақ өте ауыр, көбіне өте күшті болып келеді.

2. Жатырдың сырт пішіні ұзынша, түбі бір жағына қарай қисаяды, төменгі сегмент жұқаланып, созылып ауырады.

3. Контракциялық сақина өте жоғары қисық орналасады (кіндікте).

4. Жатырдың жұмыр байламы қатайып ауырады.

5. Жатыр мойны, қынапаралық сыртқы жыныс мүшелері домбығып ісініп кетеді.

6. Әйелдің кіші дәретке отыруы қиындайды.

7. Жүкті әйелдің мазасы кетіп, қатты қиналады.

8. Нәрестенің жүрек соғысы және жалпы жағдайы нашарлайды. Егер өз мезгілінде көмек көрсетілмесе, ол келесі түріне көшеді.

Жыртылудың басталуы. Жоғарыдааталған белгілерге қосымша: 1) Толғақ «талмалы» түрде болады. 2) Босану жолдарынан қан аға бастайды. 3) Зәрде қан болады. 4) Нәресте қысылып, тұншығады. 5) Әйелде үрей пайда болып, оның толғағы жиіленеді.

Жатырдың жыртылуы. Бұл асқынуда айқайлап жатқан әйел тынышталып қалады, толғақ бірден тоқтайды, босану жолдарынан қан кетеді, нәрестенің жүрек соғысы естілмейді, геморрагиялық шоктың белгілері пайда болады. Жатырдың пішіні өзгеріп, нәресте іштің перде қуысында анықталады.

 
 

       
   





Дата публикования: 2014-10-30; Прочитано: 9288 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...