Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Бұл процесске қарамастан жатыр мойны өте баяу ашылады, аранның жиектері тығыз, енгізілген саусақтармен күшпен созылады



Аранның тарылуы кезінде саусақпен ашу әдісі қолданылады. Жатыр мойнына 0,5% новокаин ерітіндісін енгізу өте тиімді болады: жатыр мойны қабатына, аранды айналдыра 5-6 жерге барлығы 50-60 мл ерітінді егеді.

Ынап пен аралықтың өзгерістері. Қынапта кейде туа біткен тыртықтар мен аралық бөгеттер болады. Олар босану жолдарын көп немесе аз мөлшерде тарылтады. Тыртықтардың пайда болу себептері әр түрлі: балалық жаста болған дифтериялық вагинит, күйіктер мен зақымданулар.

Кішігірім тыртықтар босану кезінде созылып, нәресте мен бала жолдасының қуылуына кедергі болмайды. Ал егер тыртықтар үлкенірек болса, әйелді кесар тілігі арқылы босандырып алады. Нәресте басының жылжуына кейде жасы келген әйелдер аралықтарының ригидтілігі кедергі болады.

Патологиялық прелиминарлық кезең. Бұл кезең жатыр мойынының дайындалау кезіңі. Бұл кезеңде жатыр жирылуы ауру тудырмайды және әйел өзін қалыпты сезінеді.

Ал патологиялық прелиминарлы кезең жатыр жирылғанда ауру тудырады және әйел өзін қолайсыз сезінеді.

Патологиялық прелиминарлық кезеңді емдеу жатырдың ауырсынулы жиырылуын жоюға бағытталады. Әйелге медикаментозды дем алыс жасалады, токолитикалық препараттар (партусистен, бриканил, гинипрал) енгізіледі.

Дұрыс қолданылған ем босану әрекетінің дамуына жағдай жасайды. Дегенмен, патологиялық прелиминарлық кезеңде әйелдер өздерін қолайсыз сезінеді әрі босану күші әлсіз болады. Бұл жағдайда әйелді тек кесар тілігі арқылы босандырады.





Дата публикования: 2014-10-30; Прочитано: 1502 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...