Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Емі және дәрігерлік амалы



Егер жүкті әйелден қан кетіп, әйелдер кеңес орнына келсе, оны тездетіп босану үйіне жатқызу керек. Онда бірден жатыр мойнын арнаулы айнамен қарап, оның ауруларын ажыратады. Егер әйелдің босанатын мерзімі жақын болса, қан шығыны шамалы болса, онда операцияға дайындай отырып, қынаптық зерттеу жасайды. Егер жатыр мойнының ашылуы жеткілікті, қан шығыны аз, әйелдің жалпы жағдайы жақсы болса, қағанақ суын ағызады. Осыдан кейін нәресте басы төмен түсіп, плацентаның қан тамырларын қысып, қан тоқтауы мүмкін. Ал жатыр мойнының ашылуы жеткізіксіз болып, қан шығыны артса, тез арада әйелді кесар тілігі арқылы босандырып, қан кұю керек. Егер әйелдің босанатын мерзімі жақын болмаса, жатырдағы нәресте әлі өсіп-жетілмесе, әйелдің жағдайы өзгермесе, қан шығыны аз болса, жүкті әйелді босану үйіне жатқызып, босанғанға дейін дәрігер бақылауына алынады.

Дәрігерлік амалдар. 1. Қатаң төсек тәртібі. 2. Жатыр қозуын бәсеңдететін дәрі-дәрмектер: магнезия, но-шпа, папаверин, дексаметазон (нәресте өкпесінің жетілуі үшін) қолданады. 3. Бөлшектеп қан кұю. 4. «С», «В» тобындағы дәрумендерді тағайындау.

Содан кейін лабораториялық анализ жасап, ана мен баланың жағдайын жақсартатын емдерді қолданып, жүктілік мерзімі жеткен кезде босандырып алады. Емдеу тәсілдері әйелдің жалпы жағдайына (қан шығыны, қан қысымына), жүктілік мерзіміне, плацентаның төмен орналасуының түріне байланысты.

Егер қан кетуі күшейіп, әйелдің жалпы жағдайы нашарласа, онда оны бірден кесар тілігі арқылы босандырады. Ал, плацентаның төмен орналасуының толық түрінде, әйелді тек кесар тілігі арқылы босандырады, егер жатыр жиырылуы төмендеп, қан кетуі артса, онда операция жасап, жатырды түгелімен алып тастайды (ампутация, экстирпация).

Плацентаның төмен орналасуының алдын алу − жасанды түсік тастаумен күресу, босану кезеңдерін дұрыс жүргізу.

Госпитальдық кезеңге дейінгі плацентаның төмен орналасуына байланысты қан кетудің емдік тактикалық тәсілдері.

- Көк тамырға 400 мл полиоксидин (полиэтиленгликоль ерітіндісі), волекама (оксиэтил – крахмал ерітіндісі), полиглюкин, желатиноль немесе реополигюкин енгіземіз.

- Көк тамырға 500 мл 5% глюкоза ерітіндісін енгіземіз

- 5 мл 5% аскорбин қышқылы

- 5 мл 5% унитиол ерітіндісі

- Керекті жағдайда жүрек гликозидтері: строфантин ерітіндісі 0,05% 0,5- 1,0 мл немесе корглюкон ерітіндісі 0,06% 0,5-1,0 мл тамыр соғысын қадағалай отырып, инфузиялық терапия көлемі жүкті әйелдің жағдайымен және стационарға жеткізу уақытымен анықталады.

- Бір уақытта оксигенотерапия жүргізіледі.

Плацентаның төмен орналасуы жағдайында қан кетулерде науқас әйелдерге декстран негізінде көп көлемді қан алмастырушы ерітінділерін енгізеді, бұл әйелдің қан ұю жүйесінің жағдайы нашарлатады, бұндай жағдайлар акушерлік практикада көп кездеседі.

Науқас әйелді көлденең жатқызып жеткізеді, ал жетілген жүктілік кезінде тыныс алу жетіспеушілігін төмендету үшін басын көтеріңкі ұстау керек.

Плацентаның төмен түсуіне байланысты жүкті әйелді тез арада II немесе III деңгейлі акушерлік стационарға реанимация немесе оперативті бөлімшелеріне жеткізілуі керек, бұл жерде науқас әйелге кесарь тілігі жасалады. Акушерлік стационарға ауыр жағдайда науқас әйел түсуін хабарлайды. Стационарға түскеннен кейін науқас әйел кезекші дәрігер қолына берілуі керек.





Дата публикования: 2014-10-30; Прочитано: 2750 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...