Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жүктілік шемені



Жүктіліктің екінші жартысындағы гестоздың алғашқы сатысы.

Жүктілік шеменінің негізгі белгісі ­ ісік және зәрдің азаюы. Ісінудің үш дәрежесі бар:

І. Ісік тек аяқтарда ғана болады.

ІІ. Ісік аяқпен қатар іш пердесін де қамтиды.

ІІІ. Ісік бүкіл денені қамтиды.

Жүктілік шеменінде зерде ақуыз болмайды, қан қысымы физиологиялық қалыптан аспайды.

Жүктілік мерзімінің екінші жартысында жасырын ісіктің де болуы ықтимал. Оны анықтаудың бірнеше жолдары бар. Олар: жұма сайын жүкті әйелдің салмағын өлшеу (жұмасында 350-400 грамнан артық салмақ қосылуға тиіс емес), зәрдің тәуліктік мөлшерін білу, сақина және Мак-Клюр-Олдрич сынақтарын жүргізу.

Мак-Клюр-Олдрич сынағы – 0,2 мл физиологиялық ерітіндіні шприцпен білезік сүйек аймағындағы терінің ішіне жібереді. Бұл жерде күлдіреу пайда болады. Егер қан тамырларының гидрофилдік қасиеті өзгермеген болса, күлдіреу 40-45 минут шамасында сорылып, жоқ болады. Ал, гидрофильдік қасиет артқан жағдайда күлдіреу тез арада (15-20 минут) сорылады. Бұл жағдай жүктіліктің жасырын шеменінде кездеседі.

Сақина сынағы деп киіп жүрген сақинаның жүктілік кезінде саусаққа сыймай қалуы.

Жүктілік шемені көбіне бүйрек ауруларымен ауыратын әйелдер арасында кездеседі. Себебі, жүктілік кезінде күш көп түсетін мүшелердің бірі – бүйрек. Бұл кезеңде жатырдағы ұрықтың өсуіне байланысты, бүйректің қызметі екі есе артады. Бүйрек арқылы адам ағзасындағы қажетсіз заттың бәрі сүзіліп, сыртқа шығады.

Егер бүйрек бұрын да ауырған болса, жүктілік кезінде оның бөлу қызметі төмендейді. Осының салдарынан жүкті әйелдің аяқ-қолы ісінеді. Жүктілік шеменін дер кезінде емдемесе, ол асқынып, нефропатияға айналуы мүмкін.

Емдеу жолдары. Жүктілік шеменін тек босану үйінде емдейді. Емдеудегі негізгі мақсат – тұзды тамақ пен сұйықтықты мөлшерлі тұрғыда қолдану. Тәулігіне 700-800 мл сұйықтық және 5-6 грамм ғана тұз қолдану керек.

Әрбір 7-10 күнде бір рет жеңілдік күндерін ұйымдастыру қажет, ол күнгі тамақ мәзірі ­ 1,5 кг алма немесе 600 г сүзбе, 200 г қант, 200 г қаймақтан тұрады.

Ісікті қайтару үшін күніне 2 рет 0,1 г гипотиазид (3 тәулік) немесе 20 мг фуросемид береді. Бұл жағдайда ағзадан калий өте көп бөлінеді, сондықтан калий препараттары қоса беріледі (оратат калий). Қан тамырларының өткізгіштік қасиетін төмендету мақсатымен аскорбин қышқылын (0,1 х 3 рет), гласкорбин (0,5 х 3 рет), В1 дәрумені (1 мл күнделікті), метионин (0,5 х 3 рет), глюкоза (40% 20 мл) мен аскорбин қышқылын (5% 3,0 мл) күн сайын көк тамыр арқылы жіберу керек.

Жақсы ұйықтау үшін түнге қарай триоксазин, элениум дәрілері беріледі.

Емдеу кезінде жүкті әйелдің салмағы мен тәуліктік зәрін қадағалап отырудың маңызы зор.

Жүктілік шеменімен ауырған әйелді босану үйінде ісік толық қайтып, тәуліктік зәр өз қалпына келгеннен кейін ғана үйге қайтаруға болады.

Кеш басталатын гестоздардың келесі бір түрі ­ жүктілік нефропатиясы.

Преэклампсия

Жүктілік нефропатиясы өз уақытында толық емделмесе, гестоздың ауыр түрі – преэклампсияға ауысады. Бұнда нефропатияда айтылған ауру белгілерінің барлығы болады (гипертензия, протеинзия, протеинурия, ісіну). Оған қоса бұдан басқа да қосымша белгілер пайда болады. Аурудың асқынғаны сонша, жүйке жүйесінің қозуы біліне бастайды. Науқастың басы ауырады, көзі қарауытып, бұлдырап, көруі нашарлайды, көз алдында кішкентай шіркейлер ұшқандай болып көрінеді. Кейде көзі тіпті көрмей де қалады. Жүрегі айнып, құсады, асқазан тұсы қатты ауырады. Кейде мұндай ауруларды тамақтан уланған деп болжап, емді уақытында қолданбай, асқындырып алатын да жағдайлар кездеседі. Кейбір әйелдерді ұйқы басады, ал кейбіреулері, керісінше, абыржып, ашушаң, жылағыш болады. Тез уақытта ем қолданбаса, преэклампсия асқынып, эклампсияға ауысады.





Дата публикования: 2014-10-30; Прочитано: 2335 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...