Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Гестоз ауруымен ауырған әйелдерді босандыру тәсілдері



1. Толғақ басталысымен-ақ әйелдіңжағдайы қиындайбастайды, әрбір толғақтан кейін жүрек қағысы, дем алысы ауырлайды, әсіресе, қан қысымы жоғарылайды. Сондықтан, толғақ кезінде дәрігер әйелді өте көңіл қойып бақылауы және қарқынды емді тоқтатпауы керек.

2. Толғақты азайту үшін анестезиологпен ақылдаса отырып, жансыздандыратын дәрі-дәрмектер қолдану керек. Толғақ кезінде кең қолданылатын дәрі ­ промедол, ал морфин акушерлік істе онша қолданылмайды, себебі ол жатырда жатқан нәрестенің дем алысын нашарлатады. Толғақтың арасында әйелге оттегі қосылған азот тотығын иіскеткен дұрыс болады. Бұл газдың анаға да, балаға да зияны аз, ол толғақты едәуір азайтады.

Толғақ кезінде, әсіресе, гестоздың ауыр түрлерінде қазіргі кезде қолданылып жүрген анестезиологиялық әдіс ­ перидуральдық анестезия. Бұл толғақты азайтып қана қоймайды, сонымен қатар қан қысымын төмендетеді, микроциркуляцияны реттейді, жатыр мойнының ашылуын жылдамдатып, босану әрекетін ретке салады.

3. Толғақ басталысымен нәрестенің қағанақ пердесін тесіп, қағанақ суын жіберу керек.

4. Қан қысымы өте жоғарылап кеткен жағдайда (с.б. 170/100), әсіресе, босанудың екінші кезеңінде салыстырмалы гипотония әдісі қолданады. Оның негізі мынада: ганглиоблокаторлардың біреуін, мысалы, арфонадтың 0,2% ертіндісін глюкоза сұйықтығымен көк тамырға ақырын тамшылатып құяды, қан қысымын өлшеп, бақылап отырады, ол керегінше төмендегенде, тамшының санын азайтады. Әйел босанғаннан кейін құюды тоқтатады.

5. Егер толғақ кезінде гестоз асқынып, әйелдің жағдайы нашарласа, наркоз беріп кесар тілігі арқылы босандыру керек.

Жүктілік гестозбен асқынған кезде барлық жүйелер мен ағзалар (әсіресе, бүйрек пен бауыр) көптеген өзгерістерге ұшырайды. Осыған байланысты гестозды түгелімен емдеп жазуға болмайды, тек асқынуын тоқтатып, кейде ауыр түрін жеңілдетуге болады. Бұл дерттен әйел тек жүктілік үзілгенде немесе босанғаннан кейін ғана толық айығады. Сондықтан, гестоздың ұзаққа созылған және ауыр түрлерінде ана мен балаға тигізетін теріс әсерін ескере отырып, жүктілікті үзіп, мезгілінен бұрын босандырып алады.

Мезгілінен бұрын босандырудың қажеттілігі:

1. Ұзаққа созылған, екі-үш аптадан асқан гестоздарда;

2. Гестоздың жеңіл түрлерінде (ісік пен нефропатияның бірінші дәрежесі) екі аптаның ішіндегі ем нәтижелі болмаса;

3. Гестоздың орташа жеңіл түрінде (нефропатияның екінші дәрежесі) ем 5-7 күн ішінде нәтижесіз болса;

4. Гестоздың ауыр түрі – нефропатияның үшінші дәрежесінде бір ғана тәулік, ал преклампсияда 4-6 сағаттың ішінде ем нәтижесіз болса;

5. Эклампсияда әйелді тез арада, бір сағаттың ішінде босандырып алу керек.





Дата публикования: 2014-10-30; Прочитано: 1546 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...