Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Акушерліктегі асептика мен антисептика



Акушер-гинекологиялық стационардың аса маңызды міндеті – жүктілік кезінде және босанудан кейінгі кезеңде жұқпалы асқынуларды ескерту.

Антисептика және асептика (грек тілінен anti – қарсы, а – болдырмау, sepsis - іріңдеу) – жаралардың зақымдануының алдын алу және күресі тәсілдері.

Антисептикаға дейінгі кезеңде босанудан кейінгі септикалық аурулардың пайда болуына байланысты асқынулар және соның салдарынан қайтыс болу жағдайлары өте көп болған.

Акушерліктегі антисептика мен асептиканы венгр акушері Земмельвейс енгізді. Ол босану үйіндегі тәжірибеге анатомиялық мұражайдан келетін студенттердің қолдарымен жұқпаны (өлік уы) әкелетінін байқады. Ол жұқпалардан соң босанудан кейінгі асқынулар туындап отырды. Ал студенттер басқа клиникалардан келгенде бұндай жағдай байқалмайтын. Земмельвейс алғаш рет қолды хлорлы әкпен өңдеуді ұсынған болатын. Ал Ресей акушерлігіне асептика мен антисептиканы дәрігер акушер-гинеколог, ұлы Пирогов оқушысы Крассовский енгізді.

Асептика – бактерияларды алдын алу мақсатында жою және физикалық әдіс көмегімен олардың жараға енуін ескерту.

Жұқпа қоздырғыштары жараға екі тәсілмен кіреді: экзогенді және эндогенді. Жұқпаның экзогенді көздері: ауа (ауалы жұқпа), сөйлесу, жөтелу, түшкіру және т.б. кезінде жараға микроскопиялық бөлік ретінде түсетін сұйықтық тамшылары, жарамен жанасатын бұйымдар, т.б.

Эндогенді жұқпа көздеріне әйел ағзасында болатын және ағзаның әлсіреуі нәтижесінде және оның дамуына ыңғайлы жағдай туындағанда патогенді қасиетке ие болатын жұқпалар жатады.

Асептиканың қатаң тәртібін сақтау үшін:

· босану үйлері дұрыс жоспарлануы керек;

· желдету және жарықтандыру жүйесі дұрыс салынуы керек;

· жұмыс қатаң ұйымдастырылуы керек.

Антисептика – жараның ішінде немесе оның сыртында түрлі химиялық зарарсыздандырушы заттар көмегімен жұқпамен күресу.

Механикалық, химиялық және биологиялық антисептиканы ажыратуға болады.

Механикалық антисептика жараға түскен микроптарды және басрлық өлі тіндерді, қан ұйымасын, т.б. алып тастау мақсатын көздейді.

Химиялық антисептика – микроптарды жою немесе олардың жарадағы дамуын тоқтату үшін түрлі химиялық заттарды қолдану. Бұл заттар негізгі талапқа жауап беруі керек: ағза тіндері үшін қауіпсіз және микроптар үшін қауіпті болуы керек. Мысалы: йодтың спиртті ерітіндісі, этил спирті, калий перманганаты, су тотығы, фурацилин, хлорамин, хлоргексидин.

Биологиялық антисептика – ағзаның иммунды күшін арттыратын әдістер. Бұған вакциналар, сарысулар, антибиотиктер және т.б. жатады.





Дата публикования: 2014-10-30; Прочитано: 2723 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...