Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Перинатальдік Қауіп-Қатерлерді Ұпай арҚылы баҒалау



(А.Г. Фролованың кестесі)

1 кесте

№№ Қауіп-қатердің салмағы Ұпаймен бағалануы
     
І. Әлеуметтік тіршілік жағдайы
1. Ананың жасы: 20 жасқа дейін 30-34 жас 35-39 жас 40 жас және одан жоғары  
2. Әкесінің жасы 40 жас және одан жоғары  
3. Кәсіби зияндылықтар: анасында әкесінде  
4. Зиянды әдеттер: анасында: күніне бір сауыт темекі тартқанда арақ-шарап ішуге құмарлығында әкесінде: арақ-шарап ішуге құмарлықта      
5. Уайымшылдықтың артуы  
6. Бойы және дене салмағы: 150 см және одан төмен дене салмағы қалыпты жағдайдан 25 % жоғары болса  
  Бағаның жинағы  
ІІ. Акушерлік-гинекологиялық мәліметтер
1. Босану саны: 4-7 8 және одан да көп  
2. Тұңғыш босанар алдындағы жасанды түсік: 3 және одан көп  
3. Бірнеше рет немесе ақырғы босанғаннан кейінгі жасанды түсік: 3 және одан да көп болса    
4. Мезгілінен бұрын босану: 2 және одан көп  
5. Өлі туу: 2 одан да көп болса  
6. Нәрестенің алғашқы жеті күндегі өлімі: 2 және одан көп болса  
7. Нәрестенің өсіп дамуындағы кемтарлықтар  
8. Жүйкелік бұзылулар  
9. Мезгіліне жетіп туған нәрстенің дене салмағы: 2500 және 4000 г одан жоғары болса  
10. Бедеулік (бала көтермейтіндер): 2-4 жыл ішінде 5 жыл және одан жоғары  
11. Жатыр тыртығы  
12. Жатыр мен аналық бездердің ісіктері  
13. Жатыр мойнының ішкі ернеуінің әлсіздігі  
14. Жатыр ақауларының дамуы  
  Бағаның жинағы  
ІІІ. Ананың жыныс мүшелерінен тыс аурулары
1. Жүрек-қан тамыр аурулары: а) қан айналысы бұзылмаған жүрек ақауы б) қан айналысы бұзылған жүрек ақауы, гипертония в) І – ІІ – ІІІ сатылары г) қан тамырларының шеттік жүйесінің айнымалылығы     2-8-12
2. Бүйрек аурулары: а) жүктілікке дейін б) жүктілік кезінде аурудың асқынуы в) бүйрек бездерінің аурулары  
3. Эндокринопатиялар: А) диабет Б) туыстық диабет В) қалқанша бездің ауруы  
4. Каназдық (гемоглабиннің мөлшері 90-110 г/л) 4-2-1
5. Коагулопатия  
6. Миопия және көздің басқадай аурулары  
7. Созылмалы жұқпалы аурулар (өкпе ауруы, бруцеллез, мерез, токсоплазмоз, тағы басқалары)  
8. Жүктілік кезіндегі инфекциялық аурулар  
  Бағаның жинағы  
IV. Жүктіліктің асқынуы
1. Ерте гестоздар  
2. Кеш гестоздар: а) жүктілік шемені б) жүктілік нефропатиясы І – ІІ – ІІІ сатылары в) жүктілік талмасы г) жүктілік преэклампсиясы   3 – 5 – 10
3. Жүктіліктің бірінші және екінші жартысындағы қан шығыны   3 – 5
4. Жүктіліктегі иммунологиялық сыйыспаушылықтар резус-фактор бойынша   5 – 10
5. Қағанақ суының көп болуы  
6. Қағанақ суының аз болуы  
7. Нәрестенің жамбаспен орналасуы  
8. Егіз жүктілік  
9. Ұзаққа созылған жүктілік  
10. Нәрестенің теріс жатуы (көлденең, қисық)  
  Бағаның жинағы  
V. Жатырдағы нәрестенің жағдайы
1. Нәрестенің гипотрофиясы  
2. Нәрестенің тұншығуы  
3. Бір тәулік бойындағы зәрдегі эстриолдың мөлшері: 30 жұмада 4,9 мг 40 жұмада 12 мг  
4. Аминоскопия көрінісінде қағанақ суының өзгеруі  
  Бағаның жинағы  

Ұпайдың жинағына қарай жүктілер үш топқа бөлінеді: төмен дәрежелі қауіп – 4 балға дейін; орташа дәрежелі қауіп – 5-9 балға дейін; жоғары дәрежелі қауіп – 10 және одан жоғары.

Плацентарлық жетіспеушілік деп ұлпаның құрылысы мен қызметінің өзгерістерін айтады. Бұл құбылыстың дәрежелері төмендегі факторлармен анықталады: жүктілік мерзімi, жатырдағы ұрықтың бейімделу механизмі. Плацентарлық жетіспеушіліктің негізгі клиникалық белгілері жатырдағы нәрестенің тұншығуы және оның дамуының тоқтауы. Бұл белгілерді лабораториялық, УДТ, ЭКГ, КТГ әдістерімен анықтайды.

Әйелдер кеңес орнында плацентарлық жетіспеушілікте төмендегідей емдер қолданылады:

1. Жүкті әйелдер дәрумен және белоктары мол тағамдарды жеуі керек (піскен ет, балық, сүзбе).

2. Бүйрек аймағына 10 рет диатермия және УФО қолданылады.

3. Күнара көктамырға 20,0 мл 40 % -тік глюкоза, 0,5 мл 0,06 % коргликон жібереді.

4. 10-14 күн аралығында бұлшықетке 50-100 мг кокарбоксилаза жіберіледі.

5. Күніне 2 рет 0,15 г эуфиллин, 3 рет 0,005 г трентал, 1-2 таблеткадан 3 рет ферроплекс ішуге береді.

Сонымен, әйелдер кеңес орнында перинаталдық ауруды және өлімді кеміту үшін нәрестеге қауіп-қатер тудыратын аурулардың алдын ала емдеудің маңызы зор.

Әйелдерге кеңес беріп, тексеріп, алдын ала емдейтін ең ірі мекемелердің бірі – «Неке және отбасы» орталығы. Бұл мекемеде әйелі мен күйеуінің денсаулығын бірдей тексереді, әсіресе, бала көтермей жүрген әйелдерге тексеру жүргізіледі, ем жолдары кеңінен қолданылады.

Ал әйелдер кеңес орнының жұмысы – аймаққа бөлуден құрылады. Қалалық кеңес беру орнын қамтитын территория акушер-гинекологиялық аймақтарға бөлінеді. Әрбір аймақта тұратын жұрттың саны сегіз мыңдай болады.

Әйелдер кеңес орнының құрамына тіркеу орны, акушер-гинеколог, терапевт, тіс дәрігері, арнайы заңгер-кеңесші, емдеу, лаборатория, жатыр мойны ауруларын алдын ала емдейтін, жүкті әйелдерді босануға психопрофилактикалық жолдармен дайындайтын, жүктіліктен сақтану жолдарын үйрететін, аға медбике мен бөлім меңгерушісінің бөлмелері кіреді.

Әйелдер кеңес орнының бірнеше аймақтары болады (сегізден онға дейін). Әрбір аймақта бір дәрігер, бір акушерден болады. Дәрігер жүкті әйелдерді, босанған және гинекологиялық аурулармен ауыратын әйелдерді қабылдайды. Ол жүкті әйелдерді босану әрекеттеріне психопрофилактикалық сабақ жүргізу арқылы дайындайды. Сонымен қатар өндіріс орындарындағы әйелдер арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізеді.

Әйелдер кеңес орнының аймақтық принциппен жұмыс істеуінің маңызы зор, себебі акушер-гинеколог сол аймақтағы терапевтпен, тағы басқа мамандармен байланыса отырып, өз уақытында жүкті әйелдерді есепке алып, оларға алдын ала ем жолдарын жүргізе алады. Сонымен қатар өкпе, жүрек-қан тамыр ауруларымен ауыратын әйелдер арасында жүктілікті әрі қарай созуға бола ма, әлде болмай ма деген мәселені аймақ дәрігері басқа мамандармен бірлесе отырып, өз уақытында шешуі керек.

Әйелдер кеңес орнының сапалы көрсеткіштері:

1. Жүкті әйелдерді жүктіліктің алғашқы кезеңінен бастап (12 аптаға дейін) есепке алу.

2. Әрбір жүкті әйелді терапевттің тексеруінен өткізу.

3. Жүктілікке байланысты демалыстың қателік көрсеткіштері.

4. Жүкті әйелдерді клиникалық тексеруден түгел өткізу көрсеткіштері.

5. Ішкі ағза, жүрек-қан тамыр ауруымен ауыратын жүкті әйелдерді перзентханаға жатқызу жиілігі.

6. Жүктіліктің екінші жартысындағы гестоздың жиілігі.

7. Перинаталды өлім көрсеткіштері.

2 кесте





Дата публикования: 2014-10-30; Прочитано: 1802 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.011 с)...