Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ауіпсіз жҮктілік



Әйелдер кеңес орындарының негізгі мақсаттарының бірі – жатырдағы нәрестенің денсаулығын түрлі аурулардың әсерінен қорғай отырып, перинаталдық өлім көрсеткіштерін кеміту. Жатырдағы нәрестенің дұрыс өсіп-жетілуіне анасының денсаулығы, жүктіліктің асқынулары, нәрестенің туа болатын, тұқымқуалайтын аурулары, қоршаған ортаның тазалығы үлкен әсер етеді. Сондықтан кеңес орнында жүрек-қан тамыр, өкпе, бүйрек т.б. аурулармен ауыратын жүктіліктері асқынған, жасы отыздан асқан әйелдерді ерекше қауіп-қатер тобына бөліп, диспансерлік бақылауға алады. Диспансерлік бақылауды 12-ші аптаға дейін жүргізу қажет. Жүкті әйел тұңғыш рет кеңес орнына келгенде, жүктілік мерзімін анықтай отырып, қажетті тексеруден өткізіп, жатырдағы нәрестеге төнетін қауіп-қатердің себептерін О.Г.Фролованың кестесі бойынша есептейді.

Нәрестеге қауіп-қатер туғызатын перинаталдық факторлар:

І. Әлеуметтік тіршілік жағдайы.

ІІ. Акушерлік-гинекологиялық мәліметтер нәтижесі.

ІІІ. Ананың жыныс мүшелерінен тыс аурулары.

IV. Жүктіліктің асқынуы.

V. Ұрықтың және нәрестенің хал-жағдайы.

І. Әлеуметтік тіршілік жағдайында нәрестеге қауіп-қатер туғызатын негізгі себептердің бірі - әйелдің жасы. 40 жастан кейін перинаталдық өлімнің қаупі 4 есе, ал 20 жасқа дейін 2 есе өседі. Ерінің жасы 35-40 жастан асқан жағдайда нәрестенің іштен кемтар болып тууы жиіленеді. Сонымен қатар әйелдің зиянды өндіріс орнында істеуі, арақ-шарап, темекі қолдануы ұрыққа және нәрстеге теріс әсерін тигізеді.

ІІ. Жүкті әйелден мәлімет алған кезде, соңғы жүктілік нешінші екенін, алдыңғы жүктілік және екіқабат кезінде жүрек, бүйрек және басқа ағзалардың жалпы жағдайы, барлық босану жолдары, босанғаннан кейін қандай ауруларға шалдыққаны анықталады. Көп босанған әйелдерде перинаталдық өлім екі-үш есе жиі кездеседі. Сонымен қатар бұрын медициналық көп түсік тастаған әйелдерде немесе өлі бала туған жағдайда соңғы жүктіліктің асқынуы жиілейді.

ІІІ. Жыныс мүшелерінен тыс аурулардың ішінде көбінесе іштегі нәрестеге зиянын тигізетіні ревматизм мен гипертония ауруының ІІ-ІІІ-сатысы. Сондықтан, мұндай әйелдер ерте кезден диспансерлік есепке алынуы керек. Себебі дәрігер жүктілікті ары қарай созу мүмкіндігінің бар-жоғын уақытында шешуі тиіс. Жүрек ауруымен ауыратын аналар перзентханаға мына мерзімдерде заңды түрде үш рет алдын ала жатуы тиіс: бірінші рет үш айға дейінгі мерзімде, екінші рет 26-32 апта аралығында, үшінші рет босанар алдында.

Жүрек-қан тамыр ауруымен ауыратын әйелдерде жүктілік көбіне гестозбен (токсикозбен) асқынады. Сондықтан, осы топқа жататын әйелдерді ерекше тексере отырып, жатырдағы нәрестенің жай-күйін (КТГ, ЭКГ) бақылап, өз уақытында тиісті шараларды қолданудың маңызы зор.

IV. Жүктіліктің асқынуы, гестозы, мерзімінен кеш босану және кесар операциясынан қалған тыртық ана мен нәрестеге үлкен қатер туғызады. Мұндай жүкті әйелдер кеңес орнына екі есе жиі қатынап тұрады (жүктіліктің бірінші жартысында айына екі рет, ал екінші жартысында 3-4 рет). Дәрігер әйелдің арнаулы жекеленген ІІІ формадағы картасына жасалған операцияның сипатын толық жазып көрсетуі тиіс (жатырды кесудің түрі, нәрестенің жағдайы, операциядан кейінгі мезгілдің қалай өткені, үйге қайтқан күні). Осы мәліметтерге сүйене отырып жүктіліктің 37-38 апталық мерзімінде перзентханаға жатқызады. Кесар операциясынан кейінгі тыртықты УДТ аппараты арқылы тексергеннің маңызы зор.

Бұл топтағы әйелдерге алдын ала жатырдағы нәрестенің тұншығуына қарсы 13-16, 24-26, 34-36 апталарда, плацента жатырдың алдыңғы қабырғасына орналасқан кезде (нәрестенің жағдайы нашарлайды) ем жүргізу керек.

Еске алатын бір жағдай кесар тілігінен кейінгі тыртық көбіне жүктіліктің 35-36 аптасында жыртылады, сондықтан осы мерзімде жүкті әйелді перзентханаға жатқызады.

Бірден-бір жатырдағы нәрестеге қауіп туғызатын ана мен баланың иммунологиялық сыйыспаушылығы. Бұл құбылыс акушерлік тәжірибеде резус-фактор, АВО жүйесі бойынша кездеседі.

Резус қайшылықты жүктілік едәуір жиі кездеседі және 20-25% нәрестелер ауру болып туады (гемолитикалық ауру). Сондықтан резусы теріс әйелдерді бірден ерекше есепке алып, антирезус, антиденелердің титрін ай сайын анықтау қажет. Сонымен қатар жатырдағы нәрестенің жағдайын УДТ, КТГ, ЭКГ аппараттарымен анықтайды. Бұл топтағы әйелдерге жүктілік кезінде 3 рет 10-12 күннен десенсибилизация емін қолданады. Қанында антидене анықталған жүкті әйелдерді 35-36 апталық мерзімде перзентханаға жатқызып, босандыру қажет, себебі жүктіліктің соңғы апталарында резус-антиденелер нәресте қанына тез өтеді.

Мұндай әйелдер операциясыз өздері босануға тиіс.

Жүктіліктің перинаталдық қауіп-қатер дәрежелерін О.Г.Фролова және Е.И.Николаева кестесі бойынша анықтайды:

1. Ең жоғарғы перинаталдық қауіп-қатер – 10 және одан жоғары балл.

2. Орташа перинаталдық қауіп – 5-9 балл.

3. Ең төмен перинаталдық қауіп-қатер – 4 және одан төмен балл.

Осы топтағы жүкті әйелдердің фето-плацентарлық жүйесін түгел тексерген жөн, себебі осы жағдайда плацентарлық жетіспеушілік жиі кездеседі.





Дата публикования: 2014-10-30; Прочитано: 2307 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.011 с)...