Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Йелдер кеңес орнының құрылысы мен жұмысы



Ана мен балаға деген қамқорлық әйел жүкті болысымен-ақ әйелдер кеңес орнында басталады. Әйелдер кеңесінің жұмысы аймақтық-учаскелік қағида бойынша құралып, әр дәрігерге белгілі мөлшердегі қаралушылар тіркеледі. Учаскеде акушер-гинеколог және акушер (медбике) жұмыс атқарады. Сондай-ақ пациентке өзі таңдаған дәрігеріне қаралуға да болады. Олар әйелдер кеңесінде дәрігерге (акушер-гинекологқа, терапевтке және т.б.) алдын ала көрініп, жан-жақты тексеруден өтіп, босанғанға дейін бақылауда болады. Ал жүктіліктің соңғы мезгілі мен босану, босанғаннан кейінгі кезеңдердегі акушерлік көмектер тек перзентханада көрсетіледі.

Ана мен баланың денсаулығын қорғау осы мекемелердің ұйымдастыру жұмыстарының сапасына байланысты. Ұйымдастыру жұмысын толық қамтамасыз ету үшін акушер-гинеколог басқа дәрігерлермен (бала дәрігері, терапевт, хирург), әйелдер кеңес орнымен тығыз байланыста жұмыс жасауы қажет. Тек осы аталған жағдайларда ғана ана мен бала өлімінің көрсеткіштерін кемітуге болады.

Әйелдер кеңес орны – алдын ала емдеу мекемесі. Өз жұмысын диспансерлік бақылаумен және аймақтық принциппен жүргізеді.

Бұл мекеменің негізгі мақсаттары:

1. Жүкті әйелдер арасында алдын ала дайындық жүргізу;

2. Жүкті және босанған әйелдерге емдеу және алдын алу көмектерін көрсету;

3. Ана мен бала өлімін кеміту және өз мезгілінен бұрын босанатын әйелдер санын азайту;

4. Гинекологиялық аурулармен ауыратын әйелдерге емдеу және плдын алу көмегін көрсету;

5. Әйелдер арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу;

6. Әйелдердің еңбек жағдайларымен танысып, оларды заң тұрғысында қорғау;

7. Перзентханамен және басқа мамандармен (терапевт, балалар дәрігерлері) бірлесе отырып ана денсаулығын толық қорғау.





Дата публикования: 2014-10-30; Прочитано: 2213 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...