Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Мал шаруашылығынан алынған өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау



Мал шаруашылығында калькуляциялау объектілері болып негізгі өнімдердің ішінде: сүт, жүн, төл, тірі салмақ өсімі, жалпы тірі салмақ саналады. Сонымен қатар мал шаруашылығының көптеген саласында негізгі өніммен қатар ілеспе өнімдер де алынады, мысалы сүт бағытындағы ірі қара мал шаруашылығынан сүт және төл, қой шаруашылығынан жүн, төл, тірі салмақ өсімі, құс шаруашылығынан жұмыртқа және ет. Сондықтан шығындар есебінің объектісі мен калькуляциялау объектілері бір-біріне сәйкес келмеуіне байланысты шығындарды негізгі және ілеспе өнімдер арасында дұрыс бөлудің маңыздылығы өте жоғары болып табылады. Сонмыен қатар, мал шаруашылығында жанама өнімдер де алынады.

Мал шаруашылығында жанама өнімдерге қи, түлеген жүн, өлі туылған төлдің терісі және т.б. Негізінде мал шаруашылығынан алынған жанама өнімдердің өзіндік құны калькуляциялауға жатқызылмайды. Негізгі өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау кезінде олар мүмкін сатылу бағалары бойынша жалпы шығындардың сомасынан шегеріліп тасталынады.

Мал шаруашылығы саласының түрлері бойынша өндірістен алынатын өнімдердің өзіндік құндарын калькуляциялау тәртіптерін рет-ретімен қарастырайық.

Сүт бағытындағы ірі қара шаруашылығы. Сүт бағытындағы ірі қара мал шаруашылығы бойынша негізгі табыннан алынатын өнімнің өзіндік құнын есептеу объектісі – сүт пен төл; бордақылауға қойылған барлық жастағы мал мен ірі қара мал бойынша – тірі салмақ өсімі және жалпы тірілей салмақ болып табылады. Түленген жүн, өлі туылған бұзаудың терісі мүмкін сатылау бағалары бойынша бағаланады.

Сүт пен төлдің өзіндік құнын анықтау үшіннегізгі табын бойынша есепке алынған шығындардың жалпы сомасынан қидың және басқа да жанама өнімнің құны мүмкін сатылу бағасы бойынша шегеріліп тасталады. Шығындардың қалған сомасы сүт пен төлдің (өлі туған бұхауларды есептемегенде) арасында былайша бөлінеді: (сүтке – 90 пайыз; төлге – 10 пайыз).

Ірі қара мал шаруашылығы бойынша 1 ц сүт пен 1 бас төлдің өзіндік есептеу тәсілін төмендегі 6-кесте арқылы көрсетіп отырмыз.

6 кесте - 1 ц сүт пен 1 бас төлдің өзіндік есептеу тәсілі

Көрсеткіштер Көлемі Сомасы, теңге, тиын
  Малды жыл бойы күтіп-бағуға жұмсалынған шығындар (орта есеппен 600 бас)   2 406 670
  Жыл бойы алынған сүт (центнер)   -
  Алынған төл (бас)   -
  Алынған жанама өнім: - көң, тонна Жанама өнімнің жалпы құны      
  Негізгі өнімге жатқызылатын шығын сомасы (2406670-43320) - 2 363 350
  Шығынның жалпы сомасының өнім түрлеріне апарылуы: - сүтке 90%; (2363350 х 90%) - төлген 10 %; (2363350 х 10%)   - -   2 127 015 236 335
  Алынған өнімнің өзіндік құны: - 1 ц сүт (2 127 015:12200 ц) - 1 бас төл (236 335:450 бас) - 1 т көң (43320:1100 т)     174-35 525-84 39-40

Бордақылауға қойылған жас мал мен ірі қара мал бойынша калькуляциялау объектісі тірі салмақ өсімі мен тірілей салмақ болып саналады. Жыл ішінде алынған тірі салмақ өсімін анықтау үшін есепті топтағы малдың жыл соңындағы жалпы тірілей салмағына жыл ішінде шыққан малдың тірілей салмағын қосады (өлген малдардың тірілей салмағын қоспағанда). Шыққан тірілей салмақ қосындысынан төлдің, жыл бойы бордақылауға түскен және есепті жылдың басында қалған малдың тірілей салмағын шегеріп тастайды. Алынған айырмашылық жыл ішінде алынған мал түлегі бойынша тірі салмақ өсімін құрайды. 1 центнер тірі салмақ өсімінің өзіндік құнын анықтау үшін мал түлегіне жалпы шығын сомасынан жанама өнімнің құнын шегере отырып, тірі салмақ өсіміне тиісті шығын сомасын алынған тірі салмақ өсімінің көлеміне бөледі.

1 центнер тірілей салмақтың өзіндік құнын анықтау үшін есепті жылдағы малды бордақылауға және күтіп-ұстауға жұмсалынған шығын сомасына (жанама өнімнің құнын шегере отырып) жыл басындағы бордақылауға қойылған малдардың баланстық құнын, есепті жылда бордақылауға түскен малдың әділ құнын және есепті жылда алынған төлдің әділ құнын қосып, шыққан қорытынды соманы мал басының санына бөледі (бодақылауға қойылған малдың жыл соңындағы тірілей салмағы, жыл бойы шыққан малдың тірілей салмағы (өлген малдың тірілей салмағын қоспағанда)).

1 центнер тірі салмақ өсімі мен тірілей салмақтың өзіндік құнын есептеуді 7-кесте арқылы көрсетіп отырмыз.

7 кесте - 1 центнер тірі салмақ өсімі мен тірілей салмақтың өзіндік құнын калькуляциялау

Көрсеткіштер Мал басы, бас Тірілей салмақ, ц Өзіндік құны, теңге
  Жыл басындағы қалдығы     2 291 110
  Жыл ішінде түскені: - төл - тірі салмақ өсімі - сатып алынғаны Барлығы   -     600 000 842 960 162 950 3 897 020
  Негізгі табынға ауыстырылғаны     287 280
  Сатылғаны     1 217 220
  Өлгені     х
  Барлық шыққаны     1 504 500
  Жыл соңында қалғаны     2 392 520
  1 центнер тірілей салмақтың өзіндік құны х х 1376-60
  1 центнер тірі салмақ өсімінің өзіндік құны х х 1028-00

Ет бағытындағы ірі қара мал шаруашылығы. Ет бағытындағы ірі қара мал шаруашылығы бойынша калькуляциялау объектілері болып тірі салмақ өсімі, 8 айға дейінгі бұзаулар және тірілей салмақ саналады. Ал 8 айдан жоғары жас мал және бордақылауға қойылған ірі қара мал бойынша – тірі салмақ өсімі мен тірілей салмақ саналады.

8 айға дейінгі бұзау бойынша 1 центнер тірі салмақ өсімінің өзіндік құнын анықтау үшін негізгі табынды бағып-күтуге жұмсалынған шығындардан (екі жастан асқан, бұзаулауына 2 ай қалғанда аналық табынға берілген қашарлармен қоса сиырлар және өгіздерді бағып күту шығындары, 8 айға дейінгі бұзауларды бағып күту шығындарымен қоса) жанама өнімнің құнын шегере отырып, қалған шығын сомасын 8 айға дейінгі бұзаулардан алынған нақты тірі салмақ өсіміне бөлу қажет.

Енесінен айырған кезде 8 айға дейінгі 1 бас бұзаудың өзіндік құны негізгі табынды бағып-күтуге жұмсалынған шығындардан (екі жастан асқан, бұзаулауына 2 ай қалғанда аналық табынға берілген қашарлармен қоса сиырлар және өгіздер) жанама өнімнің құнын шегере отырып, жыл басынан бастап сол топта жүрген және жыл ішінде сырттан алынған бұзаулардың әділ құнын қосып, алынған сома жыл аяғында қалған, жыл ішінде шыққан және 8 айға толмаған бұзаулардың жалпы салмағына бөлу қажет.

Бордақылауға қойылған 8 айдан асқан жас мал мен ірі қара малдың тірілей салмағының өзіндік құны да сауын малындағы мал төлі бойынша тірілей салмағының өзіндік құны сияқты анықталады.

Қой және ешкі шаруашылығы. Қой шаруашылығында шығындар есебінің объектілері болып қойдың биязы жүнді, биязылау жүнді, ұяң жүнді, жартылай ұяң жүнді бағытындағы негізгі табын, өсімдегі және бордақылаудағы ересек қойлар мен жас қойлар топтары (3 айдан жоғары жастағы қозылар) болып саналады да, ал калькуляциялау объектілері болып жүн (биязы, биязылау ұяң жүн), төл, тірі салмақ өсімі алынады.

Қой шаруашылығында бір уақытта негізгі өніммен қатар жанама өнім де (қи, жүн талшығы, өлген төлдің терісі) алынады. Қи шығындары оны жинауға жұмсалатын нормативтік шығындардан, құрал-жабдықтарға есептелген тозу сомаларынан, қиды сақтау орындарынан жою шығындарынан тұрады. Ал қиды минералды тыңайтқыш ретінде пайдалануға дайындаса, онда оларды тасымалдау, тиеу-түсіру шығындары өсімдік шаруашылығының шығындарына апарылады. 1 тонна қидың өзіндік құнын анықтау үшін норматив бойынша қиға апарылған шығынның жалпы сомасын оның физикалық салмағына бөледі.

Сонымен, қой шаруашылығында шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың объектілерін төмендегі 8 – кесте арқылы көрсетуге болады.

8 кесте – Қой шаруашылығындағы шығындар есебінің объектісі және алынатын өнім түрлері

Шығындар есебінің объектілері Калькуляциялау объектілері Калькуляциялау бірліктері
Қойдың негізгі табыны (айыруға дейінгі қозылар мен аналықтар, қошқарлар) Жүн (негізгі өнім) Ет (негізгі өнім) Айыруға дейінгі қозылар Сүт (жанама өнім) 1 бас 1 ц 1 ц 1 ц 1 ц
Өсімдегі және бордақылаудағы қойлар Тірі салмақ өсімі Тірілей салмақ Жүн 1 ц 1 ц 1 ц
  Жанама өнім Сүт Өлген төлдің терісі Қи Түлеген жүн 1 ц 1 дана 1 т 1 ц

Қой шаруашылығында өнімнің өзіндік құны қойдың түрлеріне тікелей апарылатын негізгі шығындардың сомасынан және белгіленген әдіс-тәсілдер арқылы есепті мерзімнің соңында бөлініп таратылатын үстеме шығындардан тұрады.

Қой шаруашылығынан алынған жанама өнімдер калькуляцияланбайды. Ал, қойдан алынған қосарлы өнім олардың мүмкін сатылу немесе пайдалану бағасы бойынша бағаланады. Оған қойдың қылшық жүні, сойылған қойдың терісі және т.б. жатады. Қосарлы өнімнің құны қойдың сол тобын немесе түрін бағып-ұстауға жұмсалынған жалпы шығын сомасынан шегеріліп тасталынады.

Жаңадан туылған қозылардың өзіндік құны етті-жүнді және жүнді-етті бағытындағы негізгі табын шығынынан 10%, романов бағытындағы негізгі табын шығынынан – 12%, қарақөл бағытындағы негізгі табын шығынынан – 15% мөлшерімен анықталады.

Бір центнер тірі салмақ өсімінің өзіндік құнын - тірі салмақ өсіміне апарылған тиісті шығын сомасын әрбір қойдың тобы бойынша (өлген тірі салмақ өсімін қоса) жалпы тірі салмақ өсімінің көлеміне бөлу арқылы анықтайды. Жас және үлкен топтағы қойлардың тірі салмақ өсімі - жылдың соңындағы қойдың тірі салмағына жыл ішінде шыққан (жоғалған қойдың тірі салмағын қоса) қойлардың тірі салмағын қосып, одан төлдің және бордақылауға түскен қойдың тірі салмағы мен жылдың соңындағы қойдың тірі салмағын шегеру арқылы анықтайды.

Бордақылаудағы жас және үлкен қойлардың тірі салмағының өзіндік құны есепті жылда өсіруге және бордақылауға жұмсалған шығындардан, жыл басындағы бордақылаудағы қойлардың құндарынан, басқа жақтан және негізгі табыннан түскен қойлардың құндарынан, сонымен қатар ағымдағы жылы алынған төлдің құнынан тұрады. Бір центнер тірі салмақтың өзіндік құнын анықтау үшін алынған соманы тірі салмақтың көлеміне (жыл соңындағы тірі салмақ және шыққан қойдың тірі салмағына) бөлу арқылы анықтайды.

Бір центнер тірі салмақтың өзіндік құны арқылы шыққан қой басы (сатылған, басқа топтарға ауыстырылған, шаруашылықта сойылғандардың, табиғи апат немесе кінәлі тұлғалардың салдарынан өлген, жоғалғандардың) бағаланады. Сонымен қатар, қой шаруашылығында тірі салмақ өсімі және тағы басқа да өнімнің өзіндік құнын анықтаумен қатар, шыққан малдың (сатылған, негізгі табынға ауыстырылған) және есепті жылдың соңындағы тірі салмақтың өзіндік құнын да анықтайды. Әрбір малдың түрлері бойынша тірі салмақ өсімінің нақты өзіндік құнына жас және кәрі малдың өлімі бойынша (кінәлі тұлғадан қайтарылатын және эпидемиялық аурулардан және төтенше жағдайлардан жоғалтуларды қоспағанда) жоғалтулар қосылады. Эпидемиялық аурулардан және төтенше жағдайлардың салдарынан жас және кәрі малдардың жоғалтулары қаржылық нәтижеге апарылады.

Қозыларды аналарынан айыру кезінде 1 ц тірі салмақ өсімінің өзіндік құны қозылардың туылған сәтінде жоғарыда көрсетілген нормалары бойынша шығындардан, тірі салмақ өсіміне жұмсалған шығындардан, жыл бойы басқа жақтан алынған қозылардың құнынан және аналықтан айыру кезіндегі тірі салмақтан (өлген қозылардың тірі салмақ өсімін шегермей) тұрады. Жас малдың және бордақылаудағы қойлардың 1 ц тірі салмақ өсімінің өзіндік құны жалпы тәртіппен анықталынады. Қарақөл қой шаруашылығында 1 қарақөл терісінің өзіндік құнын анықтау үшін барлық шығындарды (яғни, қозының құны, сою шығындарын, отарды сою пунктіне дейін жеткізу шығындарын, сою пунктерін ұстау шығындарын, теріні алғашқы өңдеу шығындарын қосып) терінің санына бөледі.

Жүнді-етті қой шаруашылығынан алынатын өнімнің өзіндік құны мынадай тәртіппен анықталынады: алдыменен жалпы шығын сомасынан жанама өнімнің құны және төлге апарылған шығын сомасы (10 %) шегеріліп, қалған шығын сомасы өнім түрлері, яғни жүн мен тірі салмақ өсімі арасында сату бағасына пропорционалды түрде бөлінеді.

Жүннің өзіндік құнын биязы, жартылай биязы, жартылай қылшықты және қылшықты деп бөлу арқылы анықтайды. Жүннің осы түрлері арасында шығындарды жүнді сату бағалары бойынша пропорционалды жолмен бөліп, таратады. Қой шаруашылығынан алынған жүн және тірі салмақ өсімінің (еттің) өзіндік құнын төмендегі 9-кесте арқылы анықтап отырмыз.

9 кесте - Қой шаруашылығы өнімінің нақты өзіндік құнын калькуляциялау

Көрсеткіштер Алын-ған өнім көлемі Орташа сату бағасы, тг Сату бағасы бойынша өнімнің жалпы құны, тг Жалпы өнім құнында-ғы үлес салмақ, % Өнім түрлеріне тиісті шығын сомасы, тг Өнімнің бір өлшемінің өзіндік құны, тг
Есепті жылы қойларды күтіп-бағуға шығын, тг х х   х х х
Жанама өнім құны, тг х х   х х х
Төлге апарылған шығын сомасы, (10%) тг х х   х х х
Негізгі өнімге апарылған шығын сомасы, тг       х х х
Алынған өнім:            
жүн, ц       18,66   8256,37
тірі салмақ өсімі (ет), ц       81,34   24768,65
төл, бас   х х х   690,92
Барлығы х х   100,0   х

Шошқа шаруашылығы. Шошқа шаруашылығында калькуляциялау объектілері болып тірі салмақ өсімі және борқыланған, өсірілген шошқаның тірілей салмағы саналады. Бордақыланған және өсірілген шошқалар бойынша 1 центнер тірі салмақ өсімі мен тірілей салмақтың өзіндік құндары бордақылауға қойылған жас малдар мен ірі қара малдардың тірі салмақ өсімі мен тірілей салмақтақтарының өзіндік құндары сияқты анықталады.

Жылқы шаруашылығы. Негізгі табын бойынша – алынған төлдің, жас мал бойынша мал өсімінің өзіндк құны және марқайтылған (сатылған, негізгі табынған көшірілген және одан әрі өсіруге қалдырылған) малдың өзіндік құны анықталады. Жама өнімдер – түлеген жөн, жал-құйрық қылы, тері және өлген тай-құлынның кәдеге жаратылған еті. Туған кеізндегі құлын бие бағып-күтілген 60 жем-шөп күннің құнымен бағаланады.

Атқорада ұсталған жағдайда сүт бағтында ұсталатын жылқы шаруашылығында негізгі өнім – қымыздың өзіндік құны биелер мен айғырларды бағып-күту жөніндегі шығындардың сомасы (оның ішінде биені сауу мен қымыз ашыту бойынша шығындар) арқылы анықталады. Бұл шығындардың сомасынан енесінен айырылған құлындардың, биелер мен айғырлар жұмысының, жанама өнімдердің құндары шығарылып тасталады. Асыл тұқымды емес құлындар – ет бағытындағы құлындардың бағасы бойынша, енесінен айырылған асыл тұқымды құлындар – тиісті тұқымдас бірінші класты екінші категориялы бір атқа белгіленіп, мүмкін сатылу бағасының 40 пайызы мөлшерінде, биелер мен айғырлар жұмысының құны жұмыс атының ат-күнінің нақты өзіндік құны бойынша; жанама өнім мүмкін сатылу бағалары бойынша бағаланады.

Шаруашылықта қымыз өндірілмейтін жағдайда жылқыны үйірлеп өсірген кезде биелер мен айғырларды бағып-күту бойынша барлық шығындар (жанама өнімнің құнын қоспағанда) нақты алынған төлдің өзіндік құнына жатқызылады. Егер үйірлі жылқыдан төл мен қымыз алынса, биелер мен айғырларды бағып-күту бойынша шығындар жанама өнімнің құнын шегер отырып, мынадай коэффициенттерді пайдалана отырып (жарамды төлдің 1 басы – 6; 1 центнер қымыз - 1) жарамды төл мен қымыз арасында таратылады.

Асыл тұқымды жылқы шаруашылығында жас малды бағып-күтуге жұмсалынған шығындар әрбір жас малға туылған жылы бойынша ашылатын талдамалық шоттар бойынша есепке алынады. Жыл аяғындағы нақты жұмсалынған шығындар (жанама өнім құнын шегере отырып) өсірілген әр малдың құнына қосылады. Асыл тұқымды жылқы шаруашылығында төлдің өзіндік құн жыл аяғындағы нақты жұмсалынған шығындардан жанама өнім құнын шегере отырып алынған төлдің нақты санына бөлу арқылы анықталады.

Жас жылқының нақты өзіндік құны есеп беріліп отырған жыл ішіндегі өсім құнына жыл басындағы жас жылқының бастапқы құнына қосу арқылы анықталады.

Түйе шаруашылығы. 1 төлдің өзіндік құны інгенді бағып-күтуге жұмсалынған 120 жемшөп-күнінің құнына тең болады. Енесінен айырған кездегі төлдің өзіндік құны енесінен айырғанға дейінгі боталарымен қоса негізгі табындағы түйені бағып-күту бойынша жыл басындағы аяқталмаған өндіріс шығындарына қосу жолымен анықталады және алынған сомадан жанама өнімнің және жыл соңындағы аяқталмаған, келесі жылға қалдырылған өндіріс құны шығарылып тасталынады.

Жұмыс мал бойынша марқайтылған төлдің өзіндік құны. Ағымдағы жылы және өткен жалдардағы туылған марқайтылған төлдің өзіндік құны шығындардың жалпы сомасынан жанама өнімнің құнын шегере отырып, қалған шығын сомасын әр жылда туылған жас мал арасында азықтандырылған күн санына пропорционалды түрде бөлу арқылы анықтайды.

Бақылау сұрақтары:

1. Мал шаруашылығы саласының технологиялық ерекшеліктеріне сипаттама беріңіздер.

2. Мал шаруашылығы саласында бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың қандай ерекшеліктері бар?

3. Мал шаруашылығында бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың негізгі мнідеттері қандай?

4. Мал шаруашылығындағы шығындар есебінің объектілеріне жеке-жеке сипаттама беріңіздер.

5. Мал шаруашылығы саласында шығындар есебі қандай шығын баптары бойынша ұйымдастырылады және олардың құрамына шолу жасаңыздар.

6. Мал шаруашылығында мал азығы шығынын рәсімдеу бойынша алғашқы құаттардың рәсімделу тәртіптеріне тоқталыңыздар.

7. Мал шаруашылығындағы еңбек ақы шығындарының құрамына сипаттама беріп, еңбек ақы шығыны бойынша алғашқы құжаттарды рәсімдеу тәртіптеріне шолу жасаңыздар.

8. Мал шаруашылығы саласындағы негізгі құралдарды пайдалану бойынша қандай алғашқы құжат үлгілерін білесіздер?

9. Мал шаруашылығындағы үстеме шығындар дегеніміз не?

10. Мал шаруашылығындағы үстеме шығындарды құрамына сипаттама беріп, оларды өнім түрлері арасында бөлудің жолдарын көрсетіңіздер.

11. Мал шаруашылығы саласында жинытық есеп қандай калькуляциялық шотта жүргізіледі және оған сипаттама беріңіздер.

12. Мал шаруашылығында өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау объектілері болып не саналады? Және оларға сипаттама беріңіздер.

13. Сүт бағытындағы ірі қара шаруашылығынан алынған өнімдердің өзіндік құны қандай тәртіп бойынша анықталады?

14. Ет бағытындағы ірі қара мал шаруашылығы бойынша тірі салмақ өсімі мен тірілей салмақтың өзіндік құнын калькуляциялау тәртіптеріне тоқталыңыздар.

15. Қой және ешкі шаруашылығы бойынша алынған өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау тәртіптері қалай?

16. Шошқа шаруашылығы бойынша өнімнің өзіндік құны қалай анықталады?

17. Жылқы шаруашылығы бойынша өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау тәртіптеріне сипаттама беріңіздер.

18. Түйе шаруашылығы бойынша өнімнің өзіндік құны қалай анықталады?

19. Жұмыс малы бойынша марқайтылған төлдің өзіндік құны қалай есептеледі?

20. Мал шаруашылығында өнім шығымы есебінен сипаттама жүргізіңіздер.

Тест сұрақтары:





Дата публикования: 2014-10-30; Прочитано: 2983 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.016 с)...