Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сурет Оттек айналымы



Озон барлық тірі организмдерге әсер ететін ғарыштық ультракүлгін сәулеленудің едәуір мөлшерін тұтып отырады, былайша айтқанда, биосфераның қорғаныш қалқаны, себебі тірі организмдердің көптеген молекулалық құрылымдары осы ультракүлгін сәулесінің әсерінен бұзылады. Осыған байланысты озон қабатының бұзылуы (озон «тесігінің» пайда болуы) адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға елеулі өзгерістер туғызуы мүмкін.

Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау үйымының (БДҰ) мәліметтері бойынша, атмосферадағы озон құрылымының 1%-ке төмендеуі адамдардың катерлі ісік ауруларының көбеюіне (тері обыры, көз катарактасы және т.б. рак аурулары) себепші болды. Қарқынды түрде түсетін ультракүлгін сәулесі адамның жүйке жүйесінің әлсіреуіне, жұқпалы ауруларға карсы екпенің тиімділігінің төмендеуіне соқтырады.

Озон қабатының бұзылу процесі антропогендік факторлардың салдарынан, атап айтқанда, атмосфераға суытқыштар (фреондар) мен азот оксидтері (космос аппараттарында және ұшақтарда органикалық отынның толық жанбаған өнімі) шығарындыларының көп бөлінуінен болады.

Фосфор айналымы. Фосфор азот сияқты шектеуші биогендер қатарына жатады. Ол нуклеин қышқылдарының құрамына, клетка мембраналарының, энергия тасымалдаушы жүйеге (аденозиндифосфат, аденозинтрифосфат), сүйек тканіне, дентинге (тістің негізгі бөлігін құрайтын сүйек тканінің бір түрі) кіреді. Оның айналымын басқа айналымдардай қозғалысқа келтіретін энергия және де бұл процеске қатысушы фосфор органикалық түрден бейорганикалыққа, одан қайта органикалық түрге алма-кезек ауысып отырады.

Фосфордың биогеохимиялық циклының ерекшелігі редуценттердің фосфорды органикалық түрден бейорганикалық түрге тотықтырмай көшіретіндігінде.

Көміртектің, оттектің және азоттын айналымынан тағы да бір айырмашылығы фосфордың циклын тұйықталған деп есептеуге болмайды, себебі фосфаттардың басым көпшілігі мұхит шөгінділерінде қалып отырады.

Фосфор жылжымалы элемент, сондықтан оның айналымымен байланысты процестер қоршаған ортаның көптеген факторларына тәуелді, бірінші кезекте антропогендік факторларға. Мысалы, табиғи сулардың фосфор тыңайтқыштарымен, жуғыш заттармен (детергенттермен) ластануы салдарынан су қоймалары эвтрофтанады. Осы себептен бірқатар елдерде фосфаттарды жуғыш заттар құрамына қосуға тиым салынған, оның балама алмастырғыштары қолданылады.

Фосфордың биогенді айналымы 7.4-ші суретте келтірілген.

Өсімдіктердің фосфорды сіңіруі топырақ ерітіндісінің қышқылдығына байланысты. Суда натрий мен кальций фосфаттары нашар ерісе, сілтілі ортада мүлдем ерімейді, қышқылдық көтерілген сайын фосфаттар жақсы еритін фосфор қышқылына айналады (4-ші сурет). Фосфор тыңайтқыштарын біліксіз артық мөлшерде қолданса, топырақта фосфорлану деген зардап орын алуы мүмкін. Фосфор уытты элемент болмаса да, фосфорлану кезінде тұздардың концентрациясы жоғары болғандықтан өсімдіктердің өсуі мен дамуы, әсіресе вегетация басталған кезеңде тегжелуі байқалады, себебі фосфордың мөлшері топырақта көп болғандықтан басқа элементтердің біршама тапшылығы күшейіп, өсімдіктердін қоректенуінің бұзылуы орын алуымен қатар, экологиялық тұрғыдан зиянды ауыр металдарды және де басқа токсиканттарды көбірек сіңіруге ықтимадығы жоғарылайды.

6-сурет. Қысқартылған түрдегі фосфордың биогенді айналымы (Риклефс P., 1979)

Су айналымы. Су айналымына кіретін процестер 7.5- суретте айқын көрсетілген. Бұл табиғат жағдайында былай жүреді: жауын-шашын атмосферадан жер бетіне түсіп, топыраққа сіңіп, су қоймаларына ағады, су мұхиттардың, құрлықтардың, өзендердің және басқа да су қоймаларының бетінен буланып,ауа арқылы су буы тасмалданып,шықтанып,жауын-шашын мен қайтадан жер бетіне оралып отырады. Осылардан басқа, су айналымы процесіне өсімдіктердің ауамен жанасатын барлық сыртқы және ішкі беттеріндегі судың (транспирациялық су) булануы және Жердің өте терең қабаттарындағы магмадан бөлінетін оттек пен сутектен түзілген жер асты сулары (ювенилді сулар) жатады.





Дата публикования: 2014-10-18; Прочитано: 4074 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...