Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Пирамиданың биологиялық массасы



Экосистеманың тағы бір көрсеткішінің бірі биомасса пирамидасы. Ол әрбір азықтық тізбек, деңгейіндегі организмдердің деңгейінде жыртқыштар болған кезде организмдердің биомассасы кәдімгі үш бұрышты түрде, оның төбесі жоғары қараған биомассасын бейнелейді. Кейбір жағдайларда азықтық тізбек күйде болады. Американың Коларадо штатындағы екі көлінің жағдайын зерттегенде бірінші консументтің продуцентке қатынасы 0,4: 9,9 қатынасындай болған, басқаша айтқанда зоопланктонның (мысалы шаянтәрізділердің) биомассасы көп жағдайларда фитопланктоннан (су балдырлары) артықтау болған. Басқада оқымыстылардың зерттеуіне қарағанда (Флеминг және Левасту, 1956) ең жоғарғы кеңістікте жаз айларында планктонның фитопланктонға қатынасы 1:1,2-ге дейін артып отырған.

Пирамида биомассасы деген термин мына жағдайда байланысты пайда болады. Мысалы, үлкен экосистеманы алатын болсақ ондағы бірінші консументтердің массасы продуценттің арқасында тіршілік ететін деп қарасақ, сол продуценттердің массасына әлде қайда аз болады. Ал екінші консументтердің массасы бірінші консументтің массасына қарағанда аз болады. Сондықтан да биомасса пирамидасы бір-бірінен көлемі жағына аз үш тік бұрыштан тұратынын байқауға болады.

Бақылау сұрақтары:

1. Экологиялық қуыс дегеніміз не?.

2. Минимум заңын ғылымға енгізген кім?.

3. Пирамида санын ғылымға енгізген кім?

Әдибиеттер:

Ж.Ақбасова., Г.Ә. Саинова. Экология. Алматы 2003.- 58-164б.





Дата публикования: 2014-10-18; Прочитано: 1679 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...