Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Атмосфераны ластайтын заттектерді топтастыру



Қоршаған ортаға енген немесе шектен тыс мөлшерде пайда
болған және ортаны ластайтын кез-келген физикалық агенттерді,
химиялық заттектерді және биологиялық микроорганизмдерді ластағыштар деп атайды.

Ластағыш заттектердің қоршаған ортаға әсері физикалық, химиялық қасиеттеріне, олардың ыдырауы арқылы пайда болған өнімдердің касиеттеріне және қоршаған ортаға тасталған әр түрлі өндіріс шығарындыларының мөлшеріне байланысты. Ластағыштардың атмосферада таралуын анықтайтын ең негізгі параметрге олардың атмосферада болатын уақыты жатады. Осыған байланысты ластаушы заттектердің өзі немесе шығарындылар үш түрге бөлінеді:

әлемдік көлемде ластайтындар - қай жерде шығарылса да қоршаған ортада әлемдік аумақта тарайтын қабілеті барлар,
атмосферада көп уақыт бойы (бірнеше жыл немесе айлар)
сақталатын шығарынды (тастанды) заттектер (көмір қышқыл
газы, фреондар, жартылай ыдырау мерзімі бір айдан жоғары радионуклидтер);

айматық (региондық) көлемде ластайтындар (бірнеше мемлекеттердің территориясы немесе бір елдің едәуір әкімшіліктік бөлігі кіруі мүмкін) – үлкен аймақты ластайтын, бірақта оның мөлшері осы жердің шекарасынан асқасын тез төмендегеніне қарамай ластанудың іздік мөлшерде жан-жаққа таралып, шектеулі уакыт (әдетте бірнеше тәулік) бойы атмосферада сақталатын шығарынды заттектер (күкірт пен азот оксидтері,пестицидтер, ауыр металдар);

жергілікті көлемде ластайтындар (бір жердің шеңберінен аспайтын) — атмосферада аз уақыт қана сақталатын шығарынды заттектер (ірі дисперсиялық аэрозольдар, күкіртті сутек және басқа заттектер, сонымен қатар жоғарыда келтірілген түрлердің өкілдері, мысалы, аласа көздерден шығатын күкірттің, азоттың, т. б. оксидтері).





Дата публикования: 2014-10-18; Прочитано: 1446 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...