Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Атмосфераны ластанудан қорғау жолдары



Атмосфера маңызды сарқылмайтын экологиялық ресурс екені ақиқат. Қаншалықты сарқылмайтын болса да біз бұл ресурсты тиімді пайдаланып, қорғай білуіміз қажет. Таза күйінде біздің тіршілігімізге өте қажетті айырбасқа жатпайтын ресурс. Ауаның тазалығымен адам баласының денсаулығы байланысты. Ауаның тазалығы өсімдіктер мен жануарлар әлеміне де, бізді қоршаған басқа да объектілерге қажет. Мысалы, ауа таза болмаса металдардан және басқа материалдардан жасалған конструкциялар, үйлер, ғимараттар коррозия тағы басқа процестерге ұшырап зақымдалады, тез ескіріп істен шығады. Осыған байланысты атмосфераның барлық кабаттарындағы энергия мен ауаның химиялық құрамын сақтауды қамтамасыз ететін шараларды жүзеге асырып, қорғап отыру әр өндірістің міндеті.

Зиянды заттектердің ауадағы мөлшерін азайтудың ең тиімді жолдарының бірі қалдықсыз немесе аз қалдықты өндірістерді және технологиялық процестерді іске қосу, ауа тазалайтын істегі қондырғылардың тиімділігін арттыру, ауаны жарым-жартылай рециркуляциялау арқылы тұйықты ауа айналымдарын енгізу. Осы уақытқа дейін ауаға тасталатын зиянды шығарындылардың көлемін азайту үшін негізгі әдіс газ тазалау жүйесін енгізу болып саналады. Әсіресе жаңадан қолданылуға бағытталған өнеркәсіп агрегаттары шаң және газ ұстайтын кұралдармен жабдықталғаны дұрыс.

Зиянды қоспаларды ұстау және залалсыздандыру тәсілдеріне және газ тазалайтын құралдардың конструкцияларына қарай газ тазалау техникасы әралуан болып келеді. Әдістер мен технологиялық және желдеткіштік газды шығарындылардың топтастырылуы 8.1-ші суретте келтірілген.





Дата публикования: 2014-10-18; Прочитано: 7681 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...