Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

МОСКВА ҮІШН ШАЙҚАС 16 страница



—Жолдастар, бүгін, міне кәзір Қызыл алаңда Москва горнизонының салтанатты парады болып жатыр... Сталин жолдас партия мен үкімет атынан сөз сөйледі. Ол бізді Октябрь революциясынын 24 жылдығымен құттықтады, я жолдастар, бұл жылды біздін, еліміз өте киын жағдайда мейрамдап отыр... Жау көп жерімізді алып қойды. Ленинград пен Москваға ете тақау. Біздің Қызыл Армия жаумен каһармандыкпен күресуде. Армия мен халық жауға қарсы күресте бүрынғыдан да топтаса түсті. Бірлік осалдаған жоқ—нығайды, күшейді. Естеріңізде болар, 1918 жылы интервенттер біздің көп жерімізді алып қойған еді, ал енді міне, немістер алы отыр, бірақ сол кезде біздің әкелеріміз, жолдастар ешбір қиындыққа қарамастан, аштыққа да, жалаңаштыққа да, қарудың аздығына да төзіп батырларша күресті деп бізде ше? Бізде тамақ та бар, киім де бар, әрқайсысьің. да қару-жарақ. Егер шындап ерлікпен күрессек немісті бұдан әрі жібермейтіндігімізді бәріміз де білеміз, Волоколамск түбінде оны көрсеттік те. Москвадан садаға кетсін, құзғын жау. Әлі-ақ тым-тырақай болып кейің қарай қашады. Немістер нашар соғыспайды... Осы араға келгенде Краев мүдірш қалды да мүсәпірсіп мен жаққа қарады.

— Оның рас, Краев, немістердің жаман соғыспайтынын өз кезімізбен керіп жүрміз ғой. Егер неміс нашар соғысатын болса біз бұл арада отырмаған болар едік,— деп қуаттадым мен оны.

— Иә, жолдастар! Бірақ, біз де жаман соғыспаймыз,—-деді Краев одан әрі. — Оны немістер де көрді. Оларды қанша рет тұмсықтан ұрып, қанша рет тоқтат-тық. Міне, Волоколамскіде отырғанына қанша болды. Қашан қуып шыққанша біз құзғын жауды төпеп ұра береміз, жолдастар. Олар әлі көресісін көрген жоқ. Жауды әзірге тоқтатқанымыз бер жағы ғана, ол қуыр-дақтың көкесін түйе сойғанда көреді. Бүгін Сталин жолдас айтты, бізде де танктер көп болады. Содан кейін немістерді қуамыз. Алды-артына қарамай қашар бәлемдер. Бізге, жолдастар, бүкіл халық қарап отыр, бүкіл халық қорғаным деп сеніп отыр. Мықтап соғысуымыз керек, халық сеніміне дақ түсірмеуіміз керек... Сталин жолдастың мына сөзі менің есімде қалды: «Бұл соғыста сіздердің ұлы аталарыңның — Алекеандр Невскийдің, Дмитрий Донскийдің, Кузьма Мининнің, Дмитрий Пожарскийдің, Александр Суворовтың, Михаил Кутузовтың әруағы қолдасын. Ұлы Лениннің жеңімпаз туы жігер берсін..,»... Краев мені оң жақ қанатқа дейін ертіп барды да ротасының басқа взводтарында әңгіме өткізуге кетті. Краевтың сөзінен қуат алып мен де штабқа қарай қайтып келе жатырмыи. Егер барлық командирлер мен саяси қызметкерлер Сталин жолдастың сөзін Краев сияқты айтып бере алса, онда жаман болмағаны. Менің есімде генералдың командирлер мен саяси қызметкерлердің бір кеңесінде айтқан мынадай сөзі есіме түсті: «Біз Волоколамскіні бердік, бірақ дұшпанды әбден титықтатып бердік.Ол өзінің түпкі мақсатына жете алған жоқ. Біз онық жоспарын бұздық, уақытша болса да ілгері карай жылжудан бастартуға оны мәжбүр еттік. Ол енді Волоколамскіде өнері тасығандықтан отырған жоқ. Осыны жауынгерлерге түсіндіріп айтықыздар, олар біздің әскерлер бекерден бекер шегініп келе жатыр деп ойламасын. Рас, біз де енеріміз тасығандықтан шегініп отырған жоқпыз, шегінуге мәжбүр болдық, бірақ шегінудің де шегінуі бар. Дұрыстап, ақылмен шегіну керек. Неміс уақытша тоқтады. Бірақ ол күшін жинап | жатыр. Оньщ ойы енді бір жұлқынып Москваға жетіп алмақ. Өткізе алмаспыз. Біз алдағы уақытта да есін кетіре соққы беріп, жаудың желігін басуымыз керек. Командованиенің кейінгі резервтерді алға жеткізіп жинақтауы үшін уақыт ұтуымыз керек. Уақыт! Уақытты ұту керек! Сталин айтты: «Біздін ісіміз әділ іс, біз жеңеміз!» деді. Я біз жедуге тиіспіз. Сондықтан да жағдай барған сайын шиеленісіп келеді. Жау да жанталасуда. Оның қатал құрсауы Москва төңірегін тарылтып, қусыра түсуде. Бұл қайсымыздың жанымызға батпайды дейсің. Қайсымыз осы қаланы сүй-- медік, қайсымыз осы қала туралы жырды шабыттана : жырламадық? Москва аман болса екен, Москва тыныш болса екен деп қайсымыз айтпадық. Күн асқан сайын біздін, шегіне түсуіміз де Москваға қатты батуда. Бірақ, біз берікпіз, берік бола бермекпіз! Уақыт! Уақытты үту керек! Сонда Москва жау қолына түспейді.

* * *

Ол күндер — қатал да қаһарлы күндер еді. Ұлы Октябрьдің жеңісі, ұлы халықтық намысы жолында қиян-кескі соғыс жүріп жатты. Социалистік революцияньвд, пролетарлық революцияның жеқісін осы бір қара түнек хауіптен қорғап қала аламыз ба, жоқ па? Әлдеқалай болады деген арпалыстағы сағаты еді. Әр жүрек осылайша қинала соғып, әр жүзден мейрімсіз жауға қаһарлы айбат туды. Жұрттың бәрінің қабырғасы қайысты. Сондықтан да «жаным арымның садағасы», деген ата дәстүрін ұстап, өлім хаупіне бас байланды. Өйткені ар кіндігі — артымыздағы Москвада еді. Москва үшін шайқас осылай басталды.

I





Дата публикования: 2015-02-18; Прочитано: 282 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...