Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

МОСКВА ҮІШН ШАЙҚАС 12 страница



—Жоспарды полк командирі мен комиссар бекітті ме? — деп генерал түсін суыққа салды.

—Полк командирі аптасына бір рет келеді. Осы жолы мына біз әзірлеген тақырыпта сабақ еткізбек. Батальонды оған дейін өзіміз жаттықтырып қояйық деген едік.

—Полк командирі алдында ұялып қалмауыңызды ойлағаныңыз дұрыс. Бізге де ұнайды ол,— деп қулана сөйледі. Полк комиссарына қарады да,— сіздердің барлық батальондарыңыз осылай әзірлене ме?

—Ол жағына мен аса жетік емеспін, жолдас генерал! — Осылай дері деседе Логвиненко өз сөзінен өзі қатты қысылып, қызарып кетті.

Генерал мырс етіп күлді, бірақ ешнәрсе деген жоқ.

—Батальонды әзірлік жүргізетін жерге апарыңыз,-— деп бұйырды маған. Даярлықтарыңыз қандай екен, көрейік.

—Сіздердің жоспарларыңызға аса түсіне қоймадым-ау деймін, Кәне, бірінші рота мен екінші ротаның орнын ауыстырып көріңдерші. Роталар орнын ауыстырып жатқанда генерал қарындашпен біздің схеманы сызғылап, бағытты және роталар алдындағы міндетті өзгертті.

—Жігіттер шылым тарта тұрсын,— деді ол маған қып-қызыл шимай болған схеманы ұсынып.— Мына мен сызған жобамен үйретіңіз жұртты. Логвиненко екеуміз батальонды аралап келейік... Генерал біраздан кейін қайтып оралды. Рота командирлері мен политруктерін шақырып алды да, олардың кезінше полк командирінің орнына өзі батальон алдындағы «жауынгерлік» міндетті түсіндіре бастады. Алға қойған міндетті айтып, жағдайды көрсет, шешім қабылда деп бұйрық берді маған. Мен сасқалақтап қалдым, аузымнан сөзім тусіп... ешнәрсе айта алмадым білем. «Дұрыстап адам сияқты түсіндір, тіпті өлі жанның миына қонатын болсын». Мен онан сайын састым. Бір уақытта өзімді өзім қолға алып, бой жидым да, сөйлей бастадым. Жас баланы тәй-тейлеген анадай менің әрбір сөзімді «так, так...» деп "құптап тұрды. Бұл мені жігерлендірді. Дұрыс сөйлей бастадым. «Адамша, командирше» сөйледім... Генерал менің шешімімді құп көрді. Одан әрі рота командирлерін тыңдады. Филимонов шу дегенненақ шатасты. Ал, Севрюков пен Краев тақылдатып бәрін айтып шықты, өздерінің кім екенін танытты. Жасалған жоспар бойынша жауынгерлер «соғысқа» шықты. Генерал жоспар бойынша команда берді. «Соғыс» аяқталды. Жұртқа демалыс берілді. Батальон жиналды. Еңалдымен генерал жауынгерлер алдында жалпы әнгіме айтып, кейбір жекелеген кемшіліктерді көрсетті де, өзінін, сөзін «бүгін өздеріңді жақсы көрсеттіңдер, ал ертең бұдан да жақсы, бүрсүгүні тіптен жақсы боласыңдар деген сенімдемін. Жақсы үйренсеңдер, жақсы білсеңдер соғыста қиналмайсыңдар». Мен ол кісілерді машинаға дейін шығарып салдым. Генерал Логвиненкоға бажырая қарады да:

—Бірінші ротаның командиріне айта барыңыз. Беталды арызданғанша батальон командирінен үйренсін. Арызданбасын,— деді. Логвииенко кезін жыпылықтатып, не істерін білмей қалды. Сыр білдірмеуге тырысты. Талай шытырманға себепкер болған Филимонов соғысқа кіргенде барлық өкпесін ұмытты, кеуде кетеруі де басылып, майдан үстінде, қатал сын кезеңінде шыңдала бастады. Филимоновқа телефон соққаннан кейін біз біраз басқа әңгімеге кеттік. Мұны оқушылар да ескерсін деп әдейі айтып отырмын. Телефонда оның «жолдас комбат, егер олар лап қойса... отпен қарсы аламыз... одан басқа не істеуге болады» деген сөзін ұмыта қойған жоқ шығар-сыздар.

—Сонымен Ефим Ефимович! Жаудың не ойы бар?— деп сұрадым мен одан.

—Орманның ішіне бекер жиналып жатпаған болу керек. Кешікпей шабуылға шығатын шығар.

—Жау шабуылын бір сағатқа кешіктірсек қайтеді?

—Бір сағатқа' кешіктіргені қалай, жолдас комбат?

—Олармен алдымен Кургановты сөйлестіріп алсақ.

—Түсіндім, жолдас комбат, түсіндім... Филимоновпен сөйлесіп болғаннан кейін Рахимовты одполковник Кургановқа, Бозжанов пен Андреевті Мат-рениноға, Филимоновқа жібердім. Артиллеристер бүл жолы да мықтап көмектесті. Матрениноның, қарсы алдындағы тоғайдың шетінде шоғырланған жау әскерлері екі дүркін атыс астына алынды. Атыс екі сағаттан кейін толастай қалды. Бірақ бұл ете мазасыз толас еді. Күн мүлгіген орман үстінен сәл-ақ кетеріңкі. Жаңа ғана болған қым-қиғаш атыстың ар-тынан қардың беті шешек шыққан адамның бетіндей шып-шыбар боп қалған.

Соғыста уақыттың қалай өткенін білмей қаласың дейді. Бұл пікірмен өз басым келісе алмаймын. Шыдамыңды кұртып, қас қылғандай уакыттың қамырдай созылатыны соғыс кезі. Әсіресе, қорғанып жаткан кезде өте қиын болады. Күші басым жау қай жағыңнан соғарын білмей тыпыршып тұрған кездегі мазасызданудан жаман не бар дейсіз. Ал, күн ұясына кіргісі келмей қасақана тұрып алғандай болды.

1941 жылы немістер де, біз де түнде оңдырып соғыса қоймайтынбыз. «Түнгі қимылдар», «түигі айқас» дегендердің жоспары штабта ғана жасалып, басшыларға айтылып жатады, ал, шын мәнінде дәл сол жоспарда көр-сетілгендей жарытымды қимыл бола қоймайтын. Түнде ұрысқа шығыңдар деген бұйрық алса да, немістер аттап баспайтын. Бізге де қарсы шабуылға шығуға бұйрық болатын... Түн негізінен күшті жинақтауға, орын ауысты-руға пайдаланылатын. Екі жаққа да түн сәл де болса ес жинап, тыныс алу мерзімі. Қараңғылықтың түсуін асыға күтуіміз де сондықтан еді. Я жау шабуылға шықпайды, я күн батпай қойды. Міне, біздің мазамызды кетірген осы жай. Бір сәтте аспан жарылып кеткендей күңіренген гүрсіл басталды. Сағатыма қарап түрмын. 5 минут етті... 10 минут...

—Филимоновпен жалғастырыңдар... Ефимушка, тірімісің, не боп жатыр?

—Әзір тірімін, жолдас комбат. Естіп тұрған боларсыз, иттің балалары тағы да жынын құсты ғой.

—Матрениноға келіп, түнейін деген ғой.

— Біз, жолдас комбат, онысына көне қоймаспыз.

—Көп сөзді қой! Тыңдап ал, алдымен.

—Тыңдап тұрмын.

—Жау атысты тоқтатысымен ұрыссыз-талассыз Матрениноны тастап шық.

—Немене, немене дейсіз? — Филимонов аяқ астынан абыржып қалды.— Ұрыссыз тастап шығыңдар дейсіз бе, о не дегеніңіз, жолдас комбат?

—Құлағым қағыс естіді деп тұрсың ба? Жау атысты саябырлатысымен жаралыларды алыңдар да бытырап кепірге карай қашыңдар! Көпір жанында тоқтандар. Бүткіл рота болып қашыңдар. Матрениноны жауға беріңдер.

—Тоқта, комбат,— деп Толстунов менің иығымнан бар күшімен тартып қалды.— Сен ақылыңнан адасканнан саусың ба? Не істеп тұрсың, не дедің?

—Жұлқыламаңыз, Федор Дмитриевич. Менің де қолым бар.

—Кешір, Бауыржан, байқамай қалыппын. Бірақ, түсіндіріп айтшы өзің, Матрениноны ұрыссыз жау қолына таста дегенің не? Генералдың бұйрығы бар емес пе?

—Сіз Федор Дмитриевич түсініңіз мені. Әйтеуір соңғы оқ қалғанша атыса беру әмсе абырой бермейді. Құр өлу оның аты. Онсыз да бүгін қанша адамнан айрылдык. Генерал бұйырды дейсіз, генерал адамдарды сақтай да біліңдер деген жоқ па еді.

Бірақ қашып сақтаңдар деген жоқ қой.

—Мен қашуды жөн керіп тұрмын. Немістер Матрениноны құр қол алмақ. Солардың ойынша-ақ болсын, біз деревияны ұрыссыз береміз де, роман ішінен атқылап сазайын тартқызамыз.

—Ал, қашқан адамдар көпір түбіне сен бұйырғандай тоқтай алмаса, немістер өкшелеп қуа берсе қайтесің. Осы сөзді айтқанда Толстуновтын, өңі қашып кетті.

—Мұның да дұрыс екен. Ол жаққа өзім барайын. Сіз осында менің орнымда, Танковтың орнында қалыңыз. «Күл болмаса бүл болсын», бұйрықтың қайта өзгертпеймін. Рахимов, Синченко үшеуміз Матрениноға шаптық. Орманнан шыға келгенімде бүткіл ротаның тым-тырақай болып деревнядан қашып келе жатқанын көрдік. Қашып бара жатқандармен шаруасы жоқ, Андреев ештеңе білмейтін адамдарша алшақ-алшаң басып асықпай келе жатыр. Менің зәрем ұшып кетті. Адамдар шынында да үрей-лене қашып келеді. Еқ соңында Филимонов пен Бозжанов. Үріккен бұзаудай Бозжанов айналасына жалтақ-жалтақ қарайды да, аттаған сайын сүрінеді. Біз көпір жанында аттан түстік. Спортшы-алпинист Рахимов қашып келе жатқан адамдарға «тоқтаңдар» деп айқай салып алдынан жүгіріп шықты. Мен әдейі көпір үстінде жүрдім де қойдым. Алғашында алды-артына қарамайтындай боп көрінген, зәресі ұшқан бұл топ 100 қадамдай асып барып тоқтады.

— Ақсақал, сіз осындасыз ба? — деді Бозжанов ентігіп. Бар ашуы бетіне шыққан. — Бүйтіп қашқаннан да өлген артық,— деді ол.

—Мүмкін батальонды басқаруды қолыңа аларсың?

—Жоқ, олай дегенім емес, жолдас аға лейтенант құдай сақтасын,— деді ол сасқалақтап.

—Бар ендеше, ана жұрттың есін жиюға Филимоновқа кемектес. Бозжанов көпірдің астына зып берді. Андреев келді.

—Жолдас аға лейтенат, — өкпелі кейіппен гүжілдеп,— бұқалай болды өзі? Неміс қуған жоқ, ал біз қашамыз.

—Сіздің міндетіңіз сез таластыру емес, айтқан бұйрықты орында, жолдас Андреев.

—Бұйрықты орындауға әзірмін,— мол денесін лықсыта қарсы алдыма сылқиып тұра қалды.— Кетуге рұқсат етіңіз.

—Осында қалыңыз!

—Қалуға әзірмін. Қасыңыздамын.

... Немістер атуды тоқтатты. Сапқа рота-рота болып тұрды да, үш танканы алға салып Матрениноға қарай бет түзеді. Еңселері жоғары, кәдімгідей масаттанып келеді. «Орыстар бір қашса артына қарамайды» деп ойлаған болу керек.

—Андреев, немістер қанша адам көрінеді? Бинокольмен Андреев ұзақ қарады. Немістер саппен деревняға жақындап қалды.

—60—70 адамнан төрт колонна, барлығы 240—280 шамасы. Егер танкшілерді және олардың машинистерін қосса 300—400 болып қалар.

—Соғыста саны кеміген батальон десеңші.

—Солай болу керек. Бұларды деревняға жібермесе де болатын еді, жолдас аға лейтенант,— деп Андреев күрсінді. «Иә, жібермесе де болатын еді» деп келістім мен ішімнен. Немістер деревняға кірді. Үйді-үйге тарап жатыр. Экипаждар танктен шығып, люктерін ашық тастап, үйге кірді. Тауықтарды, шошқалардың торайларын қуып жүрген жаңғыз-жарым солдаттар көрінеді.

—Немістердің беймалалдығы сонша, тіпті күзетші де қоймады,— деп гүрілдеді Андреев.— Кәдімгі қайнына қонаққа келгендей-ақ.

Мен командирлерді шақырып алдым. Темір жолдың бойында жатырмыз.

—Немістер дұрыстап бір дем алайын деген болу керек,— деді Рахимов.

—Олар демалмай кім демалады еңді.— Бұл сөзді филимонов кекете айтты.

Бозжановтың Андреевтің, Рахимовтың, Филимоновтың сөздері менің жанымды жеп барады. Олар, сірә, маған іштей риза болмау керек. Матрениноны тастап шығыңдар дегенім жақпағаны-ау деймін. Жағдайды қалай ондауға болады. Осы мәселелерді ойлап отырмын. Орман ішіне барып, орнығып демалып жатқан немістерге тамсанып қарап тұра беру керек пе, жоқ, олай етуге болмайды.

—Филимонов, қанша адам бар сізде?

—120, жолдас комбат.

— Адамдарды қырықтан үш топқа бөліңіз. Матрениноны бір мезгілде үш жақтан шабуылдаймыз. Немістерді қуып шығу кажет. Қешкі тамақты Матренинода ішіп, сонда түнейміз. Ол топтардың командирі етіп сізді, Бозжановты, Рахимовты тағайындаймын. Шабуылды өзім басқарамын...

Деревняны үш жақтан коршауға алып біздін. жауынгерлер мылтықтарын кезеніп, ентелеп бара жатты. Үнсіз, аяғымызды нық басып келеміз. Бір уақытта темір жол бойындағы бір төмпешіктің үстінен қалқанды пулемет тырылдап қоя берді. Жауынгерлер уралап жүгіре атып, тұра ұмтылды. Немістер үйді-үйден атып-атып шықты. Не істерін білмей сасқалақтап, бет-бетімен қаша женелді. Тым жайланып, бейғамдықтың сазайын тартты. Офицерлерінің айкайын да тыңдамай, тоз-тоз болып барады. Біздің жауынгерлер деревняға кірісімен күрт жігерленіп кетті. Немістін тым-тырағай болып қашуы оларға рух берді. Кейбір жауынгерлердіц жауды қууға қызыққаны соншама, тіпті деревнядан өтіп, қыр соңынан қалмай, өкшелеп темір жолға дейін барды...

— Мынау бір ғажап іс болды, жолдас аға лейтенант,— деді қуанған Андреев.— Осы кетіп бара жатқаныңда артынан 50 шақты снарядты зулатар ма еді, шіркін. Подполковник Курганов біздің қолқамызды орындады. Андреев немістер тығылған орманды мықтап снарядтармен бұрқылдата төмпештеп алды. Филимоновқа осы арада бекінуге бұйрық. беріп, біз Горюныға қайттық. Толстунов екі езуі екі құлағына жеткен, біздін, ал-дымыздан жайраң қағып шықты. «Жярайсыңдар, қырандарым»,— деп бәріміздің қолымызды қысты. Содан кейінол генералдың маған қатты ашуланғанын айтты Матрениноны ұрыссыз- тастағаныма ашуланыпты. Тол-стуновтың қайтадан қарсы шабуылға шығады дегең сөзіне «тым білімпаз болып кеткен екенсіздер, қашқан әскер қайтып шұғыл қарсы шабуылға шыға алушы ма еді», депті. Сәтті шабуыл жөнінде Толстунов телефон соққаннан кейін генерал: «Ол әншейін болған сәттілік, авантюра! Батальон командиріне айтыңыз, әмсе көз-жұмбаға салына беруге болмайды. Мен оның бұл қылы-ғын әлі жақсы дей алмаймын», депті.( Генералдың реніші бәріміздің де қабырғамызға батты. Күрт көңілсіздік басты.

—Апырай, сендерге бекер айтқан екенмін,— деп қынжылды Толстунов.

—Генералдікі дұрыс. Жағдай қиын да болуы мүмкін еді,— дедім мен.

Толстунов күлді де менің иығымнан қақты.

—Өтер іс етті, енді алдағыны ойлайық. Не істейміз, кәне, айтшы езің. Егер өз басыңды азсынсаң, менін, басымды қоса тіккін құрбандыққа.

—Қайсысы алдымен алғашқысын ба, соңғысын ба? деп сұрады Бозжанов.

Толстунов сасып калғансып:

—Алғашқысы, әрине,— деді. Бәріміз ду күлдік. Бозжановқа лейтенант Танковтың ротасын басқаруды тапсырдым. Рахимов 151,0 биіктікке Краевқа кетті. Ал, Борисовты келік алып Матренинодан документтерді, олжаларды алып келуге Филимоновқа жібердім. Подполковник Георгий Федорович Курганов келді. Барлығымыз орнымыздан тұрдық.

—Иә, жігіттер, халдерің қалай? — деді орындыққа отыра беріп.— Менің жұмыс күнім аяқталуға жақын. Ымырт жабылғанша ғана аялдармын.

—Сен өзің тым тәуекелшіл адам екенсің. Байқа, «қызбалыққа» ырық бере берме. Сен үшін генерал мені де келістірді... Біздің әңгімемізді телефонның сылдыры бөліп кетті.

—Жолдас комбат, мен мұнда әзір асқа мәзір болдым,— деді Рахимов. Дұрыстап айтшы, немене дейсің?

—Мен келгенше өздері де бәрін әзірлеп қойыпты.

—Ей, ол не дегенің?

—Краевтің жауынгерлері барлық документтерді алыпты, екі танк, үш машина — біреуі жеңіл, біреуі штаб машинасы қолға түсіріпті.

—Жау қайда

—Адасып келген бір батальонның штабы болуы керек.

—Батальонның өзі қайда?

—Осы маңда, орман ішінде қаңғырып жүр-ау деймін.

—Барлық документтерді алыңдар, танктер мен машиналарды гранатамен бүлдіріңдер. Қараңғы түсісімен Краевтың барлық шаруасымен осында келіндер.

—Жарайды, жолдас комбат. Мен трубканы қойысымен Толстунов тағы да:

—Ссн немене, төбені де ұрыссыз тастап кетейін деп тұрсың ба? — деді.

—Ұрыссыз емес, ұрыспен. Естімедің ғой. Рахимов екеуміздің не сөйлескеніміздің қысқаша мазмұнын подполковникке дивизия штабына бара салысымен генералға жеткізіңіз деп айтып бердім.

—Горюныдағы горнизон күні бойғы арпалыс ұрыста төрттен бір бөлігі шығындалды. Горнизонды күшейту үшін 151,0 биіктіктен Краевтың ротасын шақырып алып отырмын,— дедім.

—Бар күшті енді жинақтап үстаймын дөгеніңіз, мына жағдайда дұрыс шешім,— деп, подполковник бізбен қош айтысып, жүріп кетті. Аспанда алақандай бұлт жоқ. Қап-қараңғы. Үй ішінде чемодандар, портфельдер, планшеттер, автоматтар, дүрбілер, компастар, телефон аппараттары жатыр. Бүл Матренино мен 151,0 биіктігінен Борисов пен Рахимов әкелген олжалары. Бірнеше майшам жағылған жер кепеде кезекші телефонистер отыр. Біздің аспазшымыз Жан Файзиев тамақ жасап жүр. Синченко мен Курбатов әкелінген олжаларды іріктеп отыр. Командирлерден жалғыз мен ғана. Қалғандары түнде істелетін шаруаларды реттеуге кеткен. Күндіз біз кеп едік. Бір рота капровтыңтар, саперлер, артиллеристер. Авиация да біраз көмектесті. Горюны

тас жолдағы ең бір мықты бекініс еді. Оны күні бойғы қиянкескі ұрыста біз де байқадық жау да байқады. Дәп кәзір жаңғыз қалғандаймыз. Шынын айтсақ, күшті қарудан танкіге қарсы оқ ататын 6 пушка ғана, содан кейінгісі жаяу әскерлер. Басқалары дивизияның негізгі күшіне қарай ауысты. Мен картаны ашып қойып қарап ақпар жазып отырмын. Күні бойғы соғысты қысқа тұжырымды етіп жазбай, ұзақ баяндап жібергеніме өзіме-өзім наразымын. Әдетте жоғарыға жазғанда командир ең соңында бөлек бір тармақ етіп, енді не істейгінін баяндайды да үлкен командирге қояр тілегін жазады. «Менің шешімім...» деп жаңа жолды бастадым да ары қарай жаза алмай отырып калдым. Өйткені не істейтінімді өзім де айқын елестетіп отырған жоқпын. «Менімше Горюны мен Матрениноны шама келгенше қорғау. Ол үшін 151,0 биіктігін тастап, Горюныдын горнизонын екінші ротамен күшейтіп, Матренинода қорғанып жатқан бірінші ротаға екі қалқанды пулемет жіберу...» «Сізден сұрайтыным» деп жаңа жолды бастадым... Осы сәтте кіріп келген Толстуновка мен жазғанымды толық. оқып бердім. «Берік бекініс жасау», «күшейту» деген сөздерді біртүрлі ызалана оқыдым. Адам қажығанда шамадан тыс нәрсеге осылай келеді. Толстунов:

—Несі бар, дұрыс жазылған. Басқа қандай әңгіме болуы мүмкін,— деді. Оның бұл сөздерін естімегенсіп, ары карай оқи бердім де, «Сізден сұрайтынымға» келгенде тоқтадым да қалдым.

—Иә, нені сұрағың келіп еді?

—Мен «Сізден сүрайтыным...» деп жаза бергенімде сен келіп қалдың.

—Мен саған бөгет болдым ба, сонда?

—Осындай жағдайда не сұрайсың, Федор Дмитриевич?

—Дұрыс айтасың: Ештеңе сұрама. Бізді мүнда жаңғыз тастау генералға да оңай тиіп отыр дейсің бе!

...Хаби, Рахимов, Бозжанов, Борисов, Степановтар келді. Олар түнде істелетін шаруаларын жайғастырып болғандықтарын айтты.

—Байқацдар, жігіттер,— деді Толстунов даусын қатаңырақ шығарып,— жауынгерлер ұйықтап қалып жүрмесін. Күні бойы әбден қалжырады ғой олар.

—Барлығы да ескерілді, жолдас аға политрук,— деді Бозжанов. — Мысалы менің ротамда бес адамнан бір топ құрылды. Яғни бір адам бес адам үшін жауап береді. Ал, бес адам бір адам үшін жауап береді. Біреуі тік түрегеп, айнала қарап тұрса, екіншісі жерде отырып оны қарап отырады. Қалғаны бір-екі сағат ұйықтайды да, одан кейін түрегеп тұрады. Оның орнына екіншісі тынығады. Рахимовты Синченко мен Курбатовтың олжа дүниелерді реттеуі қанағаттандырмады. Ол өзіне тән ұқыптылықпен барлық документтерді алды да әдемілеп қаттады. Документтер мен олжа дүниелер дивизия штабына жіберілді. Түн ортасында мені Рахимов оятты.

— Сізге полковник Серебряковтан хат келді,— деді ол. Умарланған дәптер бетінде қызыл қарындашпен жазылған біздін, дивизияның штаб бастығы полковник Серебряковтың мынадай сөздерін оқыды: «Жолдас Момышұлы! Генерал да, біздің барлығымыз да сіздің жұмыстарыңызға ризамыз...» Осы бір хаттың алғашқы жолдары әлі күнге дейін есімде. Одан әрі полковник қай полктың қай жерде екенін, не істеп жатқанын жазыпты. Генерал қолбасшыға кетіпті. Бізге рахмет айтып, алдағы уақытта абыройлы бола беруге тілек білдірген көрінеді. Майдан өмірінен осы бір әңгімені жазып отырған сәтте кәзір қаза болған Иван Ивановичтің — карт орыс полковнигінің, ұстазымның сол хатының қолымда жоқтығына қатты екінем. Бұл хат бізге берілген тұңғыш награда еді. Сондықтан да аса ыстық керінеді. Хат жүрегіңді жылытып жіберетін шын ықыласты хат еді. Әкімдіктің ешбір нышаны жоқ, бұйрық сыпатты ресми де жазылмаған. Қарапайым дос жүрегінен шыққан ыстық сөзі еді. Бұл хатты әскери билетіммен бірге сақтап, 1942 жылдың июль айының аяғына дейін ұстадым. Мооква түбінде болған талай ұрыстарда өзіммен бірге алып жүрдім. Холм ауданындағы Васильево деревнясында Талғар полкының бір жылдығын тойлағанда ол хатты автордың өзіне, полктың «көкілдір» клубында салтанатты жиналысында тапсырған едім. Онда менің әскери атағым майор болатын. 1942 жылдық 31 июльде біз полктың құрылғандығына жылға толуына арналған салтанатты жиналыс өт-кіздік. Жиналысты қысқаша сөз сөйлеп, мен аштым. Осы жиында полковник Серебряковтың хатын түңғыш рет көпшілік алдында оқып, өзіне тапсырдым. «Қорыққан да, куанған да бірдей» деген емес пе, алғашкыда Иван Иванович біраз абыржып қалды да, хатты ұзақ сақтап қайта өзіне тапсырғаныма қатты қуанды. Кейіннен бұд хат дквизия штабының оперативті бөлімінін ісіне тігіліп қойылды. Бұл түн күндегіден тыныш еткендей болды. Армия штабынан генерал Панфилов Горюны жаққа механизацияланған бригада келетіндігін хабарлады. Маған уақытша сол бригаданың командиріне бағынуға бұйрық берілді. Горюны арқылы моторланған толық екі батальон. 12 машинасы бар бір танк батальоны өтті. Танктердің біреуі ауыр «КВ» танкісі. Олар Горюны мен Матрениноның арасындағы орманға кірді. Келсем, бәрі жәйбарақат демалып жатыр. Мен бұған қатты таңырқадым. Бригада командирінің орынбасары орта бойлы, қара торы, үшкір мұрынды подполковник екен. Жағдаймен, бригаданың не үшін келгенін мүлде білмейтін боп шықты. Бар болғаны бригада командирі мен штаб начальни-гінің Армия штабына кеткенін айтты. Неде болса, солар біліп келмек. Оған осы маңға жетіп жайғаса бер деген бұйрық қана беріліпті.

— Командир келгеннен кейін не істейтінін айтар, қажет болса сізді де шақыртар, әзірше бара беріңіз өзіңізге, жолдас аға лейтенант,— деді ол маған. Мен штабқа келгенде Рахимов немістердің ту сыртқа шығып дивизияның басқа бөлімдерімен соғысып жатқандығын, жан-жақпен байланыстын. үзілгендігін айтты. Барлаушылардың айтуына қарағанда біздің айналамыздағы деревнялардың барлығын немістер алып қойыпты. Кей жерлерде болған қарсылықтарды басакөктеп жаншып, біздің әскерлердің негізгі бөлегі жатқан жаңа шепке қарай жылжып бет алыпты. Енді солармен соғысып жатқан көрінеді. Жау біздің екі жағымыздан орала айналып өткен. Бозжанов пен Краев жағдайға байланысты дереу жаңа шепке орналасты. Беталыстары енді шығыс және солтүстік шығыс жақ. Күндізгі сағат 12-ге дейін Горюныдың түбінде және Матренинода қоршауда қалған бізді неміс барсын. ба, жоқсың ба, демеді, елемей қойды. Әскери атағы да үлкен, оның үстіне полк штабына келген офицер бір септігі тиер деп Толстуновты әлгі бригадаға жібердік. Ол бұлқанталқан боп ашуланып қайтты. Бригада командирінің орынбасары оған да маған айтқанын айтыпты. Бригада өздеріне тамақ әзірлеп, нағашысының үйіне қонаққа келіп жатқандай жайғасқан көрінеді. Жаудын жан-жақты айналып, ілгері өтіп кеткенімен, неше күн бойы қасарысып, енді міне қоршауда қалған бізбен әлгі орынбасардың шаруасы жоққа ұқсайды. Бригада да военторгтын. азық-түлік тиеген автобусы бар екен. Толстуновтың содан неше күн бойы қалжыраған адамдарға біраз зат сатуды етінген тілегін әлгі подполковник кұлағына да қыстырмапты. Толстуновтың әбден құса болғандығы сонша, тіптен тұтығып кетіпті.





Дата публикования: 2015-02-18; Прочитано: 189 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.015 с)...