Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

ДӘріс сабаҚтарыныҢ кешені 4 страница



XX ғасырдың басында қазақ қоғамы әлеуметтік жағынан күрделірек болды. Сауданың, тауар- ақша қарынастардының дамуымен біртіндеп қазақ тауар буржуазиясы қалыптасады. Кәсіпорынның әрі қарай дамуына байланысты ұлттық жұмысшы топтың қалыптасуы күшейді. Кәсіпорындарда жұмысшылардың көбі қазақтар болды, олар орыс есеппен 60-70%, алтын іздеуде, тұз өндіруде, шахталарда және рудниктерде бүкіл жұмысшыларды 90% құрады.

XX ғаысрдың басында құрыла бастаған жаңа қоғамдық-экономикалық қатынастар әлеуметтік- саяси жағдайлар, сонымен бірге орыс мәдениетінің әсерінен жаңа ұлттық интиллигенция өкілдері қалыптасты- инжинерлер, журналистер, білім беру жүйесінің қызметкерлері және т.б. Ұлттық интилигенцияларының санына байланысты әр түрлі көз қарастар бар. Жуықтап санаудың өзі, XX ғасырдың басында ұлттық интилигенция құрамына 900 адамнан аса кірген. XX ғасырдың басындағы Қазақстан халқының ортақ сауаттылығы туралы сұрақта әр түрлі көзқарасқа ие болды. Бір санауларға қарағанда халықтың ортақ сауаттылығы 8-10 %, ал басқалары бойынша 18,5 %болды. Патша үкіметінің отаршылдық саясаты бірінші кезекте халықтың мәдени –білім деңгейін төмендетуге бағыттаған.

XX ғасырдың басында қазақ интилигенциясының арасында екі бағыт байқала бастады: ұлттық – лебералдық және радикалды демокраниялық. Бірінші Ресейлік ревалюцияда қолданылған әлеуметтік және саяси еркіндікті пайдаланып, қолданып, ұлттық интилигенцияның өкілдері халқын патриархалдық орта қалушылықтан алып шығуға отарлық құлдықтан босатуға оларға білім мен прогресс жолын көрсетуге, ұлттық мемлекеттілікті алуға тырысты.

Ресей империясы 1- ші Дүниежүзілік соғысқа қатысқанда, соғыс ауырпалықтары- мобилизация, малды реквизициялау, әскери салықтар Қазақстанға да жүктелді. Соғыстың 3-ші жылында патша үкіметі басқа халық өкілдерін тыл жұмыстарына салып, әскери тәуелділікті енгізді. 1916 жылы 25 шілдеде патшалық қазақтарды, қырғыздарды, өзбектерді, түркмендерді,дүнгендерді және ұйғырларды тыл жұмыстарына әскери мобилизациялау туралы үкімі шықты. «Мобилизация» деген көздің орнында үкімде «Реквизация» сөзі қолданылды. Мобилизацияға 19-43 жастағы еркектер кірді түркістан мен дала өлкесінен 500 мыңнан астам жігіт алу көзделді. Бұл үкім Орта Азия мен Қазақстанның көтеріліске шығуына себеп болды. Көтерілісті: Т.Жангелдин, С.Сейфулин, Т.Рысқұлов және басқалар басқарды. Ә.Бөкейханов бастаған либерал демократиялық интилигенция басқа бағыт ұстанды.1916 жылы 8 тамызда А.Байтұрсынов «Қазақ» газетінің бірінші бетінде жазған мақаласында үкімнің мазмұны мен мәнін талдап көрсетті.Ол үкім жарияланысымен осы сұрақ бойынша бүкіл Қазақстандық жиналыс ашуды ұйымдастыруды бастады.

1916 жылы 7 тамызда Орал, Ақмола, Жетісу, Торғай, Семей облыстарынан өкілдері қарысқан жиналыс өтті.Ол Ореборда Ә.Бөкейхановтың басшылығымен болды, және қазақтардың ұлттық ерекшеліктерін жан- жақты қарастыруды талап ететін, және әскерге шақыруды нақты түрде реттеу туралы ұсыныс 18 бөлімнен тұратын резалюция қабылданды. Отандастарының мобилизацияға реакциясын жақсы білген. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов,М.Дулатов патша әкімшілігін асықпауға көндірмекші болды. Сонымен бірге олар үкімге қарсы шықпауды сұрады. Олар қарусызқалып, үкіметін жазалау шараларының құрбаны болды деп қауып төнді. Бұл орайда олар соғыс жеңіспен біткен жағдайда өз халқынан тағдырын жеңілдету мен ұлттық автономия құруға үміттенді.

Мұнан басқа, ұлттық интилигенциясыныңбелгілі бір бөлігі, Ресей империясына қауып төнгенде шетте қалмай Германияға қарсы күресулер керек деп есептеді.

1916 жылы халық көтерілісі- бұл өте қысқа мерзім ішінде бүкіл қазақ даласын дерлік қамтыған және ақпан ревалюциясына дейін созылған ұлт азаттық қозғалыс. Оның негізгі сипаты қазақ қоғамының бүкіл қабаттарын қамту массовость, ұлттық лозунгтерін шығару, мемлекеттік билік институттарын құру.

Көтерілістің аса ірі орталықтары Жетісу және Торғай облыстары болды. Торғай облысындағы көтеріліс мейлінше табанды және ұзақ болды.Мұнда қарсыластардың күші аз және олардың ұйымдасулары кішкентай болды. Репрессияның маштабы мен қатыгездігі жан түршігерліктей болғандықтан, бұл сұрақ мемлекеттің думада көтерілді. XX ғасырдың басындағы ұлттық көтерілісте топтық көзқарас қана емес, сонымен бірге әлеуметтік және саяси факторлар болды. Ұлттық қозғалыс екі сипатта болды,ұлттық және әлеуметтік бостандыққа ұмтылу болды.

2.1917 жылы қазандағы және ақпандағы оқиғалары қазақ даласын, өз мақсаттарына жету жолында ештеңеден тайынбайтвн екі қарсылас жоқтардың арасына қойды. Ақпан ревалюциясына бірінші болып тыл жұмыстарына алынған қазақтар үн қатты. Ақпан ревалюциясы қазақтарға жоғары мемлекеттерінің лауазымдарға ие болған мүмкіндік берді. Бұрында олар тек болыстық қызметке қана тағайындалатын. Уақытша үкіметтің комисарлары болып Ә.Бөкейханов Торғай облысында, Жетісуда М.Тынышпаев, Түркістанда М.Шоқай. 1917 жылы 7 сәуірінде уақытша үкімет Түркістан комитетін құрды. Оның міндетіне сол өлкені басқару бойынша туындайтын сұрақтарды шешу кірді. Наурыздың басында далалы өлкеде және Түркістанда Советтер құрыла бастады, және майдың аяғында бұл аймақтың қалаларында орнықты.

Сол себепті орталықта пайда болған саяси биліктің жаңа формасы біртіндеп шеткі аймақтарға да қарай бастады. Уақытша үкімет біршама жаңа ірі өзгерістер енгізді. Ол сөз баспа, одақтардың, жиналыстардың, стачкалардың бостандығы жариялады, топтық, діни, ұлттық жіктелулерді жойды, бүкіл саяси және дін мәселесінде, сонымен бірге террордық актілер үшін және көтеріліс жасғандары үшін соттағандарға амнистия жариялады. 1916 жылы көтерілісіне қатысқандарға амнистия жариялады. Көтерілістен зардап шеккен Жетісу халқына көмектесу туралы шешім қабылданды, және тыл жұмыстарына алғандарды қайтару туралы сұрақ шешілді. Дегенмен, бейбітшілік, жер, ұлттық территориялық құрылыстар туралы сұрақтар шешілмеді. Аграрлық мәселе кейінге қалдырылды. Уақытша үкімет негізіне бұрынғы державаның саясатын жалғастырды.

Ақпан ревалюциясы ұлттық – демократиялардың да социал- демакраттардың да үміттерін ақтамады. Уақытша үкіметтің консирвативті бағыты, әр мүшесі кодеттер болған, конституциялар партиядан бөлінуге мәжбүр болды. 1917 жылы мамырда Ә.Бөкейханов өзінің кодеттер партиясының құрамына кететіндігін жариялады. Оның негізгі аргументі «мен партиядан неге кеттім?» деген мақаласында болды. Ол өзінің кодеттер мен 3 сұрақ бойынша қарама- қайшылықтары туралы айтқан: мемлекетпен діннің қарым – қатынасы; ұлттық автономия және қазақтардың жер проблемасы. 1917 жылы жазы мен күзінде Қазақстанда «Алаш» және үш-жүз ұлттық саяси партиялары құрылды.

1917 жылы 21-28 шілдеде Орынборда «Алаш» партиясының құрылуына негіз салған бүкіл қазақ съезі болды. «Алаштың» бағдарламасы 1917 жылы 21 қарашада «қазақ» газетінде жарық көрді.

Бұл бағдарламаның негізгі мәселерері мемлекеттік биліктің түрлері: сот, дін, жерді пайдалану мәселелері. «Алаштың» бағдарламасында Ресей демакратиялық мемлекет болу керек деп жазылған. Ал құрылымы бойынша федеративті, Ресейде тұратын басқа да халықтар сияқты, қазақ автономиясы Ресей федерациясының құрамына кіреді. Шығу тегіне, дініне, жынысына қарамай, барлығын тең құқылы деп жариялады. Бұл демакратиялық, гуманистік идеялар Ресейдің ешбір заңында айтылмаған. «Алаш» бағдарламасы шіркеудің мемлекеттен бөлінуін мойындады, сонымен бірге мемлекеттік функцияларды орындады, неке қию, туу туралы куәлік беру, және т.б.мәселелері болды. Партияның бағдарламасында тағы да бір маңызды мәселе болды. Білім бәріне де ортақ болу керек. Бұл демократиялы және гуманитарлық болды. «Алаш» бағдарламасы бойынша ортақ білім бәріне де тарады, бастауыш мектептерде сабақ ана тілінде жүргізілуі керек. «Алаш» жерді сатуға тиым салды, бұрын қазақтарда таратып алынған жерлерді қайтарып алуды қарастырды.

1917 жылы желтоқсанда екі жалпы қазақ съезінде партия террирориалды ұлттық автономия құру туралы мәселе көтерді. Съездің қорытындысы уақытша халық советінің құрылуы болды. Оның құрамына 25 адам он орынды басқа ұлт өкілдеріне берді. Алаш автономияның деклорациясының мерзімі туралы сұраққа съезде қатысушылардың көзқарастары әртүрлі болды. Досмухамедов бастаған топ автономияны туу арада жариялауды ұсынды,ал Бөкейханов, Дулатов, Байтұрсынов және т.б. қарсы болды. Олар автономияға облыстардың қорғау емес халықтарының қарым- қатынастары жөніндегі мәселелер шешілмеуінше сұрақты ашық қалдыруды ұсынды.

1917 жылы қарашада жаңа үш жүз қазақ социолистік партия құрылды. Орталық комитеті сайланды, прецидатель М.Айтпеков прецедателдің жолдасы К.Тоғысов ОК орналасқан жері- Омбы. Үшжүздің баспасы 1917 жылы желтоқсанда Петропавл қаласында шығады. Партия солтүстік- шығыс аудандарда жұмыс істеді. Партиялардың еккінші баспа органдарда оның бағдарламасының тезисі жарияланды.Бағдарламалық тезистеріне қарағанда үш жүз партиясының пазициясы алаштың пазициясының 3 проблемаларға байланысты бір- біріне қарама- қарсы жер мәселесінде, қазақ автономиясының сипаты жөнінде, мемлекет пен діннің қарым қатынасымәселесінде.

Қазақ облыстарының автономиясы туралы сұраққа «Үш жүз» партиясы оларды түрік- татар федерациясына қосу керек деді. «Үш жүз» партиясы «Алаш» ұсынған жерді муниципализациялауға қарсы шықты. Бірақ «Үш жүз» партиясының тезистерінің алтернативті формуласы болған жоқ. Партия, мемлекет пен дін қатынастарының проблемасын шешу үшін шариат пен құқықтық негізінде заң жинақтарын құрастыру керек деп түсінді. Сонымен қатар «Үш жүз» партиясы социал ревалюционерлердің саяси платформасын ұстанатындығын айтты. Басқа сұрақтарда партияның ұстанған пазицияның тұрақты болмауы әсіресе ұлттық мәселелерді, халық арасында кең қолдауға ие болмауына себеп болды.

Нақты саяси платформасының және әлеуметтік базасының болмауы «Үш жүз» партиясының үлкен саяси күшке жеткен жалпы ыдырауына әкелді. 1917 жылы қазаны мен ақанында болған оқиғаларды анализдеу. 1917 жылы ақпандағы бальшевиктердің жеңісі заңдылықты және барысында әлеуметтік- экономикалық және саяси қайшылықтардың болуымен сипатталады. 1917 жылы большивиктік доктрина Ресейдің түрлі тенденцияларының акумулировала. Ревалюцияның оқиғалардың барысында болшивиктердің лидерлары үлкен өнерліктермен оларға үкен қолдау көрсеткен моментерді тандапалды. Халыққа бейбітшілік; шаруаларға жер; жұмысшыларға завод;советтерге билік. Сонымен бірге болшивиктердің бағдарламасы халық бұқарасының талпыныстарымен ынталарына сай келді. Сөзсіз, болшивиктердің билікке күресін жеңіп жетуіне халықтың соғыстан шаршауы әсер етті. Осыны пайдаланған болшивиктер 1917 жылы қазанның 24-нен 25 –ке қараған түнінде Петроград қаласында қарулы көтеріліс басталды. 1917 26 қзанның таңында басып алған билікті бальшивиктер жұмысшы советтер мен салдат депутатарының 2-ші бүкіл Ресейлік съезін тапсырды. Оның авторитеттің барлық демографиялық партиялар халық өкілдерінің органдарына мойындаған съезд көтерілісінің нәтижесін заңдастырды және большивиктерге халық атынан билік етуге мүмкіндік берді. Ол үшін атқарушы биліктің уақытша орган ретінде біржақты үкімер СНК құрылды және биліктің заң шығарушы органы ВЦИК құрылды.

Қазақстанда совет билігін орнату процессі бірнеше айға созылды. 1917 жылы қазанның соңынан 1918 жылдың наурыздың басына дейін. 1917 жылы қазанның аяғы мен желтоқсанның аралығында совет билігі Перовекіде, Әулие- атада, Шымкентте, Петропавлде, Қостанайда және Ақмолада, Үрдеде орналастырылды. 1918 жылы қаңтары мен наурызда Ақтөбеде, Атбасарда, Өскеменде, Павлодарда, Семейде, Верныйда жеңіске жетті. Бұл совет билігінің орнауы бірдей болған жоқ, ол көбінде ревалюциямен контревалюцияның күштерінің қатынасына тәуелді болды. Сырдария, Ақмола облыстарының көп аудандарында және Бөкей Ордасында совет билігі қарулы күрессіз орнады.

1919жылы аяғы 1920 жылдың басынан бастап интенсивті түрде қазақ автономиясының құрылуында дайындық жүре бастады. 1920 жылы тамызда Калинен мен Ленин Қазақ АССР құрылуы Оренбургте астана көшіру жөнінде декретке қол қойды. 1920 жылы қазанда тағайындау кеңес съезінде ҚазақАССР жұмысшылыр құқылы декларациясын қабылдап С.Мендешов басқаруында ОК Радусзенковичті басқаруында СНК тағайындайды. Республиканың территориясы шамамен 2 млн. Шаршы шақырым болса, халықының саны 5 млн. Шамасында болды. Алайда территорияның көп бөлігі Түркістан АКСР қойған Ақмола, Семей және Орал облыстарындағы жер туралы сұрақтар әлі шешілмеген. Бұл күрделі мәселелер 1924 жылыОрта Азия мен Қазақстан арасындағы ұлттық территориясының бөлінісі кезінде сәтті аяқталды. Сөйтіп Қазақ АКСР территориясы 700 мың км кеңейсе, халқы 1 млн. 468 мың адамға артық жалпы санның бойынша 5млн. 230 мың адамды құраса, оның ішіндегі қазақтардың саны республика бойынша 61,3% құрайды. 1925 жылы Қазақ АКСР астанасы Ақ- Мешіт қаласы Қызыл- орда деп атын өзгертті.Қазақстанда тоталитарлық рижимнің нығаюы Ф.И.Голощекинмен байланысты. Ол 1925 жылы күзінде өлкелік партия ұйымының секретарі болып сайланды. Осы кезден өзінің «Кіші қазан» идеясын жүргізе бастап, түрлі ұлттық топтарды тауып,жергілікті ұлттық партиялық- кеңес кадрларына қуғындау әрекеті басталды. Осыдан жоғарыдағы әр бір бұйрықты орындайтын, орталыққа бағынатын бюрократиялық апараттың қалыптасуы басталды.

8- Дәріс 20-30-ШЫ ЖЫЛДАРЫ ҚАЗАҚСТАН. ТОТАЛИТАРИЗМНІҢ НЫҒАЮЫ.

Сұрақтар:

1. Истриялизациялау мақсаты, міндеті, қорытындысы

2. Күштеп ұйымдастыру міндеттері

3. Мәдениет, Ғылым, Қоғамдық саяси өмірі.

20 жж. Аяғына қарай ЖЭС құлдырап күштеп социализмнің құрылу кезеңіне өту басталды. Бұл бірнеше себептергеие болды. 20 жылдың басында Дүниежүзілік пролитариат ревалюцияның жеңілуіне үміт үзілді. Ленин пікірінше дүниежүзілік пролитариат ревалюциялық Ресейде социолизм құрылуының жағдайлары жоқ деген жаңа жағдай оның көзқарасын бұрып, Ресей сияқты техникамен экономиканың дамуынан қалған жеке меншіктерде социолизм құру мүмкіндіктерін іске асыру болды. Бұл құрылыстың негізгі звенолары индустрияландыру ауыл шарашылығын ұйымдастыру мен мәдени ревалюция болған олар бір-бірімен байланысты. Социолизмдегі Ленин концепциялары бойынша олардың реттеуі: индустрияландыру немесе өндірістік модернизация өзінің заңдылықтары болды. Бір өндірістік елдің жалпы атмосферасы. Ресей еш қашан дамыған елдер қатарына енбеген, ЖЭС арқасында 1914 жылы қандай да бір сатыға өсті. Өндіріс ұлттық кірістің 20-25% берді. Халықтың 80% машинаға дейінгі өндірісте примитивті түрде еңбек етті. 3-4 млн. Тонна чугун, 4-5 млн. Тонна темір, 35-40 млн. Тонна көмір,бұл көрсеткіш Германия, Англия, Францияға қарақанда 2-3 есе аз болған. Ал халық өндірісі 5 есе аз болды. ІІ- көптеген салалар болмады: машина құрылысы, авиа құрылыс, химиялық технологитя тағы басқалары. Халық шаруашылығын индустрияда даму дәрежесіне жетті. Бұл айырмашылықты жоюдың жолдарын табу керек болды.Сталин былай деген: «Біз өзге елдерде 50-100 жылға артта келеміз 10 жылдың ішінде бұл шекараның бұзып өтуіміз керек біз оны істемесек бізді құртып жібереді.» Осыған соғыс қалпы қаупі мен лозунгтер шыққан: «Потуже зовяжем ремни». Сөйтіп экономиканың көтеріп дамыту басталды.

Бұл социолизм құру міндеттеріне сәйкесінше модель

бағынады.Егер өндірістік революцияның дамуы «В» тобынан басталса, тұтыну заттарын өндіретін өндіріс, ол Сталин «А» тобының дамуын- өндіріс үшін заттарды өніру дұрыс деп санаған.

Қорлану мәселесі де қиынға түсті. Өндірістік ревалюция сыртқы кредит пен колониямен жартылай колониялардың тонаумен дамыды. Кеңес үкіметінде ақшалай көмек беоетін сыртқы көзі болған жоқ. Оның ішкі көзі шаруалар салық төлеген және Кеңес үкіметі кулактарды қысқан.

І Бесжылдықтың жоспарлық және қорытынды таблициясы:

атауы Оптималдық жоспар. 1929ж. 1930ж.XVI съездің түзетулері Факты түрде орындайды
Чугун 100 млн. Тн. 12 млн тн. 6 млн. Тн.
Авто көлік 100 мың д. 200 мың д. 25 мың д.
Тракторлар 55 мың дана 170 мың д. 50 мың д.
Эл. Энергия 23 млрд. Кв\ч 35 млрд кв\ч 13 млрд квт\ч

ІІ- бесжылдықтың қорытындысы жоспардағынан 1,5-2 есе аз болды.Шынында да І-ІІ соғысқа дейінгі бесжылдықтарда белгілі мерзімнен бұрын немесе тапсырмадан асыптүсу болған емес. Бұның бәрі бағаның өсуіне, инфляцияға әкелді. Энтузиазм жетпеген жерде күштеу, зорлау шаралары кеңінен қолданылды. Осыдан шығатын бұйрық: «әлеуметтік құрылыс облысындағы ирепрессиялар қарсылықтың негізгі элементтері болып табылады». Осының бәрі тоталитарлық рижимнің нығаюына соқтырды.

Тәжірбие жүзінде индустриализацияоңай жүрді; капиталистік индустриализацияда тәжірбие болды, дайын техника мен технология, техника мен құрал- жабдықтардың 80-85 %шетелдерден импортқа әкелінді.

Қазақстандағы индустриализацияның өзінің ерекшеліктері болды. Жер ресурстарына бай болса да, өндіріс орындары, транспорт жолдары, байланыс электроэнергетика, бұқаралық сауатсыздық және кадрдың жоқтығы елеулі орын алды. Қазақстан индустриализациясы Лугавое станциясынан Семейге дейінгі 1400 км созылған Түркісіптің салынуынан басталды.Сонымен бірге түсті металургияның кәсіпорындарының: Риддер, Қарсақбай, Жезқазған құрлысы жүрді. Көмір өңдеу орындары Қарағанды мен мұнай өндіру орындары Мақат, Сағыз, Қосмагыл, күлсары ашылды.

Одақтықпен салыстырғанда Қазақстан өндірісі тез қарқынмен дамыды.

Таблица 2. Өндіріс кәсіпорындарының өсуі(1913-40жж.)

өсіті Одақ бойынша Қазақстан бойынша
Мұнай өндіру 3 есе 5,9 есе
Көмір өндіру 5,7 есе 70 есе
Эл.энергия өндіру 23,7 есе 700 есе
т\ж салыну ұзындығы 1,4 есе 3,1 есе

Республика Индустриалды (56,9%) аграрлыққа(41,1%) айналды.1939 ж. Қазақстан одақ бойынша 73,9%қалайы, 54%мыс, 20% мұнай өңдеді, 6,3 млн. тонна көмір өңдеп,мемлекеттің ІІІ- көмір базасына айналды. Қалалар саны 40 (1926), 81 (1939) дейін өссе, қала халқы 8,2 % -тен 27,7 % көбейді. Жалпы республикадағы халық шаруашылығынан дамуы шикізат түрінде болды, машина жасау саласы жаңа техналогия жеңіл өнеркәсіпте болады.

Индустриаплизация демографияның өзгерістердің тууына себеп болды. Қазақстанға іріктеу арқылы 5,59 мың адам келсе, ал өз еркімен 1 млн. 800 мың адам көшіп келді. Осының салдарынан қазақтар саны 1926 жылы 57,6%- тен 1939 жылы 38,0 %-ке қысқарды, ал орыстардың саны осы жылдары 20,9%- тен 40,2% -ке өсті.

Индустриализацияның қорытындысы бойынша мемлекеттің өндірісінің артта қалуының ликвидациясы болды. 30-шы жылдарының аяғында КСРО адамға қажетті өндірістік өнімді шығара алатын планетаның 2-4 ірі мемлекеттер құрамына енді.

2. Халық шарушылығынын ұжымдастыру әлеуметтік құрылыстың жоспарды маңызды орын алды. Бұл орайда 3 мәселені шешу керек болды: 1) өндіріс өнімін жою, ішкі рынок құру керек болды; 2) ауыл қаланы азық-түлікпен, ал өндірісті шикізатпен қамтамасыз ету керек болды; 3) механизацияның болуынан ауылдағы жұмыс күшін фабрика мен зауыттарға жіберді. Шаруа қожалықтары осы мәселелерді шеше алмады. Өйткені, материалдық стимулдар мен финанстың мүмкіндіктері болмады.

Бұл мәселелердің шешілуі 20-жылдары нан тапшылығын тудырды. 1927 жылы мемлекетке 430 млн пұт нан және 1913 ж екілік деңгейі, бірақ тауарлық бөлігі 2 есеге қысқарды. 1928 жылы 300 млн пұт жиналды немесе 30% қысқа болды, егін егу көлемі қысқарды. Өйткені нанды сатып алу бағасы нарығтікінен гөрі 2-3 есе кем болды. Сондықтан қожалықтар нанның бағасы келешекте өседі деп, қолдау көрсетті.

Қазақстандағы ұжымдастыру 1932 жылы аяқталу керек еді, бірақ жергілікті үкімет басқа мемлекеттерден алға шығу үшін, жасанды оқиғаларды жылдамдатты. Мұнда жергілікті ерекшеліктерге байланысты мәселе күрделі болды. Олар: шөп шабу мен жер жырту мәселесі, байларды кәмпескелеу, көшпелі және жартылай көшпелі халықты отырықшыландыру. Ф. Голощекин мен т б бұған әсер етті. Егер 1928 жылы кооперация 2% болса, 1930 жылы көктемде – 50,5%, 1931 жылы қазанда – 65%, 1932 жылы күзде – 70-100% шаруашылық, яғни ұжымдастыру 122 ауыл райондарынан 78 аяқталды. Кооперация террормен үлесіп жатады, әсіресе кулактарға қарсы Қазақстанда репрессияға ұшырағандар саны 180015 адам болды. Бұл тұрғындардың қасрылығын тудырды. 1929-31 жылдары Қазақстанда 372 көтеріліс болып, оған 80 мың адам қатысты. 1929-31 жылдары ПП. ОГПУ деректері бойынша, 9805 істер жүргізіліп, 3386 адам атылып, 13151 адам концлагерлерге жіберілді. Отырықшыландыру қатыгездікпен жүріп жатты. Қысты күні жүздеген шақырым қырға адамдар мен мал қуылды. Қазгород көшелері жіппен байланып, киіз үйлер сызықтармен тұрғызылды. Осыдан эпидемия мен мал басының қысқаруы байқалды. Мысалы: Торғай облысында 1930 жылы 1 млн мал басынан 98 мыңы, яғни 10% қалды, Аулие – Атинск уездінде 500 мың мал басынан 7 мыңы, Шубыртық ауданында 1933 жылы 98 мың мал басынан 917 болды. Жалпы Қазақстан бойынша 40 млн мал басынан 5 млн қалды немесе 8 есе кеміді. Бұл үкіметтің қылмыстық әрекеттерінің салдары болды.





Дата публикования: 2015-02-28; Прочитано: 689 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...