Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

ДӘріс сабаҚтарыныҢ кешені 3 страница



Шекаралас мемлекеттердіңүздіксіз шабуылынан қорғану үшін Қазақстан күшті одақтас іздеді. Болып жатқан жағдайларғаоның солтүстік-батыс көршісі – Ресей көмектесе алатынына көзі жетті. Осы кезден бастапҚазақстан Ресейдің тауарларға арналған базасына айналды. Қазақ хандығы мен Ресей арасындағы жиі хат жазысу дипломатиялық қатынастар орнауына қазақтардың ешқандай қарсылығы жоқ екендігін көрсетеді. Хақназардың өзінде Ресеймен жақсы қарым-қатынастар билеуші тапқа үлкен басымдылық әкелетінін түсінді. Ресей өз алдына Көшімге қарсы одақтас іздеді. 1573 жыл қазақ жеріне Ресейдің алғаш Ресей елшілігін Тертьяк Чебуков бастап барады. Иван Грозный оғна тек дипломатиялық қатынастар орнатпай Сібір ханы Көшімге қарсы одақ құрып келуді бұйырады. Бірақ елшілік өз дегеніне жетпейді, себебі Көшім хан 1573 жылы өзінің жиені Мәметқұлдың бастауымен елшілікке қарсы отряд жібереді.

1594 жылы Москваға қазақ елшісі Құлмұхаммед Тәуекел ханның атынан оның жиені Ораз-Мұхаммедті босату туралы өтінішімен келеді. Осы жағдайды сылтауратып хан Ресеймен жақсы саяси қатынастар орнатқысы келді, аманат ретінде ол өзінің баласын жіберуге уәде береді. XVII ғасырдың өзінде Ресей мен Қазақ хандығы арасында берік сауда, саяси дипломатиялық қатынастар орнады.

Жоңғарларың қазақ жеріне шабуыл жасауы өте ауыр халге әкелді, ол өзінің нағыз күштілігін 1723 жылы көрсетті. Бұл жыл қазақ тарихына “Ақтабан шұбырынды” деген атпен кірді. Қазақ билеушілірі бұл жағдайдан шығу үшін Ресей бодандығын алу керек деп ұйғарды.

1716 жылы Қайып хан Ресеймен үздіксіз одақта болып, жоңғарлармен соғысуға бас қосуды ұсынды. 1716-1717 жылдары Тәуке хан Ресейден көмек сұрайды. 1717 жылы Әбілхайыр хан жоңғарларға қарсы соғысқа көмек сұратқан.

2. Қазақстан мен Ресейдің жақындасуы өте ертеден келе жатты. Тәуекел кезінде қазақ даласы Ресейді сыртқы жаулардан қорғану үшін одақтас таныды. Бұл ойлар Тәуке хан кезінде күшейіп өзінің нақты формаларын тапты. Әбілхайыр хан ары қарай барды. Ол Ресейдің Қазақстандағы бодандығын қарастырды. 1726 жылы Әбілхайыр хан Ресейге құрамына кіру үшін бірқатар шаралар қолданды. Бірақ ханның бүл іс-әрекеттері жауапсыз қалды. 1730 жылдың қыркүйегінде Петербургқа Әбілхайыр ханнан Сейтқұл Қайдағұлов пен Құлмамбет Қамтаев деген екі елші келді, олар Ресей бодандығын құпталуы туралы Анна Иоановнаға хат әкеледі.

1731 жылдың 19 ақпанында Анна Иоановна қазақтың Кіші жүзін Ресей бодандығына алу туралы грамотаға қол қояды. Ресей өз жағынан Әбілхайыр ханға 1731 жылы Тевкелев бастаған елшілік жібереді. Бодандықты Кіші жүздің тек беделді азаматтары қабылдайды. Осылайша қазақ жері Ресей құрамына кіре бастайды.

1731 жылдың аяғында Орта жүздің ханы Сәмеке Ресей бодандығын мойындайды. 1740 жылы Әбілмәмбет хан мен Абылай сұлтан да дәл солай жасайды. Олардың бодандықты мойындауы Орта жүздің Ресей құрамына енуінің басы еді, нақты айтсақ заңды түрде Кіші жүз Ресей құрамына 1731 жылы, ал Орта жүз 1740 жылы енеді.

1733 жылы Ресейдің құрамына енуге Ұлы жүз алғашқы әрекеттер жасады. 1734 жылдың 10-маусымында Анна Иоановна Ұлы жүзді Ресей құрамына қабылдау туралы грамотаға қол қойды.

1738 жыдың 19-қыркүйегінде императрица Анна Иоановна Ұлы жүз ханы Жолбарыстың атына Ұлы жүздің Ресей құрамына кіргені туралы грамота жібереді. Бірақ ол 30 жылдары қиындай түсті, себебі Ұлы жүз территориясы Ресейден алшақ орналасты. 1740 жылы Ұлы жүз ханы Жолбарыстың өлтірілуіне де байланысты еді.

1818 жылы Ұлы жүз қазақтары Ресейге бодан болуы туралы ұсыныс жіберді. 1819 жылдың 18-қаңтарында Сүйін Аблайханов Ресейге барды. 1824 жылдың 13-мамырында Александр І Жетісуда көшіп-қонып жүрген Ұлы жүздің 14 сұлтанын Ресей құрамына қосу туралы грамотаға қол қойды. 1845-1847 жылдары Ұлы жүз тайпаларының барлығы Ресейді мойындады. 1863-1864 жылдары Ресей әскері Созақ, Шолақ – Қорған, Әулие – ата, Шымкент, Түркістан бекіністерін алды.

Қазақтардың Ресей құрамына кіруі Кеңес тарихнамасында өз еркімен болған жағдай деп қарастырылады. Бірақ тарихшы С. Асфендияров оған қарсы шығады. Оның ойынша қазақ жері жаулап алынды. ХХ ғасырдың 50 жылдарына бұл көзқарас тән болды.

90 жылдарғы қарай бұл көзқарастардың өзгеруі байқалады. Енді оны ғылыми тұрғыда қосылу емес, “кіру” деп атай бастады. Қазақтар үшін бұл ауыр және мәжбүрлі қадам болды. Бұл бодандық деген ұғымды екі жақ әр түрлі қарастырды.

Қазақтар үшін бодандық тәуелсіздікті сақтай отыра, күшті державаның саяси қорғауына сүйену деп танылды. Ресейдің көзқарасы бір басқа болды.

ХVIII-ХІХ ғасырладың тарихшылары бодандықты вассалитет ретінде қарастырды.

Сонымен, Қазақстанның Ресей құрамына кіруі саяси, әлеуметтік және географиялық факторлардың әсерінен болады.

Ресей Қазақстанды өз құрамына империя жерін кеңейту үшін қосып алды.

5 Дәріс Қазақстан Ресей империясының құрамында.

1. ХІХ ғасырдың 20-90 жылдарындағы Қазақстандағы реформалар.

2. XVIII ғасырдың соңында ХІХ ғасырдың І жартысындағы қазақ халқының ұлттық күресі.

1. ХІ ғасырда және ХІХ ғасырдың І жартысында ресейліктердің қазақ жеріне деген құық бекіту процесі жүріп жатты. Хандық биліктің сақталуы Қазақстанға өз билігін орнатуға үмтылған хан билігінің қызығуына жауап берген жоқ. ХҮІІІ ғасырда қазақтың хандарын патша билеушілері сайлады, ал олардың қызметі патша шенеуліктерімен бақыланып отырды. Бірінші рет хан билігін жоюға ХҮІІІ ғасырдың соңында Кіші жүзде жүргізілді. Қазақ даласын билеу үшін Орынбордың генерал-губернаторы О.А. Игельстром әдейі жоба жасады. Осы жоба бойынша Кіші жүзде хан билігі жойылуы керек болды. Қазақ халқын билеу үшін әдейі патша шенеуліктері мен қазақ зиялыларынан тұрған шекаралық сот құрылды. Шекаралық сот генерал-губернаторға бағынды және де ол Орынборда орналасты. Ал қазақ көшпелелер даласында әдейі әкімшілдік органдар құрылды, оларға шекаралық сот бағынды. Оның басында рудың старшиндары отырды. Орынбордағы шекаралық сот 1786 жыл ашылды. Бірақ осы жаңалықтар іске аспады. Шекаралық сот екі нәрсе істеген жоқ. Реформаны өткізу құқы мен билігінің төмендеген сұлтандардың қарсылығына тап болды. Жаңа билік басына келгендер мен құқы мен билігі шекталген сұлтандар реформаға өз қарсылығын білдірді. XVIII ғасырдың соңында орыс билеушілерінің хан билігін жоюы жүзеген аспады. Патша В. Пугачев бастаған шаруалар соғысынан кейін, қазақтарды өз мемлекетіне қауіпті деп санады. 1789 жылы болған француз ревалюциясы да Екатерниа ІІ зәресін ұшырды. Кіші жүздің хан билігін жоюы Петербургтемонархиялық уставтың бұзылуына әкелді. Игельстромның реформасын қауіпті тәжрибелеу деп аталы. Қазақ даласындағы қозғалыс ІІ Екатеринаны Кіші жүздігі хан билігін қайтадан қалыптастыруға мәжбүр етті. Тек қана ХІХ ғасырдың 20 жылдарында патша билі Қазақстандағы хан билігін жойды да жаңа билеу жүйесін, жалпыресейлік басқаруға көшірді. Патшаға Орта және Кіші жүздегі саяси жағдай қолайлы болды. Реформалар Орта жүзден басталды. Мұнда Уәли және Бөкей хандардың қайтыс болуы да қолайлы жағдай туғызды. 1822 жылы Сперанск басшылығымен құрастырылған “Сібір қырғыздары туралы” жарғы басылды. Ол жарлық бойынша Орта жүзде хан билігі жойылды. Оның орнына жаңа аға сұлтандардың билік институттары құрылды. Жүздің территориясы әкімшілік бірлікке бөлініп, Омбы облысының аймағына кірді. Округтер болыстарға, болыстар ауылдарға бөлінді. Округте полициялық және сот органы округтік бұйрық болды, оның басында үш жылға сайланатын сұлтан тұрды. Оның қолында патша әкімшілігі тағайындалған орыс отырықшылар, сұлтан және байлар тағайындалған екі қазақ өкілі отырды. Болыстың басында міндетті түрде сайланған сұлтандар тұрды. Ауылдардың басында сайланған қазақ старшиндары тұрды. Жаңа заң бойынша сұлтандар әкімшілік билікті өздеріне сақтады. Болыстардың сұлтандары мен ауыл старшиндары заң бойынша “жергілікті шенеуліктер” болып саналды. Сот ісі азаматтық және қылмыстық болып бөлінді. Ең ауыр қылмыс мемлекіттік сатқын, кісі өлтіру, тонау, барымта, қалыптасқан билікке бағынбау болып есептелді. Бұндай істерді билеу соты емес, шекаралық бұйрық соты, Ресей империясының жаопы заңдарының негізінде қаралды. 1822 жылғы жарлық қазақ даласында сайлау жүйесін енгізді. Қазақ зиялыларының билігін әлсірету және оларды патша шенеуліктеріне айналдыру басты мақсат болды. 1824 жылы Кіші жүзде Орыньор генерал-губернаторы П. К. Эссен құрастырған “Орынборлық қырғыздар туралы” жарлығы бойынша хан билігі жойылды. Шерғазыны Орынборға шақырып, оны сонда қалып, тұруды қамтамасыз етіп, ол 150 сом мөлшерінде еңбекақы алды. Жүздің террториясы 3 бөлікке бөлінді: батыс, орта және шығыс. Әр қайсысында Орынбор генерал-губернаторы тағайындаған билеуші сұлтан тұрды. 1831 жылы билік етудің дистанциялық жүйесі енгізілді. Кіші жүдің үш бөлігі де дистанцияға бөлінді. Дистанциялық жүйе жүздің оңтүстігіне таралған жоқ, онда рулық билеу жүйесі сақталды. Дистанциялар ауылдарға бөлінді, 1844 жылы дистанциялық бүкіл Кіші жүз бен Орта жүздің батыс аудандарында тарады. Кіші жүзде сайлау жүйесі пайда болды. Дистанциярадың басында дистанциялардың басшылары, ауылдардың басында – старшиндар тұрды. Олардың барлығы шекаралық комиссиямен тағайындалды.

ХХ ғасырдың 30 жылдары патша билеушілерінде Бөкей Ордасындағы хандық билікті жою туралы сұрақ туады. Орданың ханын Ресей басқару жүйесіне сәйкес ханды қоюды шешті. Ордада хан билігі 1845 жылы Жәңгір хан өліміне дейін сақталды. Ханның өлімі, патша шенеуліктеінің қолын босатты. Ордада билеу жүйесінің өзгеруіне қолайлы жағдай болды да, хан билігі жойылды. Хан билігінің орнына Бөкей Ордасында патша шенеуліктері басқарған Уақытша Кеңес құрылды.

Ресейдің Орта Азияның ортасына жылжуы және Қазақстаннның империяның ішкі облыстарына айналуы, қазақ даласына жаңа басқару жүйесінің енгізуі туралы сұрақ туды. ХІХ ғасырдың 60 жылдарында Қазақстанның Ресейге қосылуы толық аяқталды. Енді қорықпай билікті қайта құруға, өзгертуге болады. 1867 жылдың 11 тамызында Александр ІІ патша Жетісу мен Сырдарияны уақытша басқаруды, 1868 жылы 21 қазанда дала облыстарын уақытша басқаруды бекітті. Осы жағдайлар бойынша аймақта үш генерал-губернаторлық қалыптасты. Орынбор, Батыс Сібір, Түркістан және 6 облыс: Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Сырдария, Жетісу, Ішкі Орда болды.

Әкімшілік қатынаста Қазақстан облыстарға-уездарға, болыстарға-ауылдарға бөлінді. Барлық әскери және азаматтық билік генерал-губернатордың қолында болды. Облыстың басында әскери губернатор тұрды. Ол да әскери және азаматтық билікті шоғырландырды. Сондай-ақ облыста казактық әскердің атаманы болды. Жетісу және Сырдария губернаторлары шекаралық жұмыспен де айналысты. Әскери губернаторлар тұсында облыстық билеу құрылды, ол үш бөлімшеден тұрды: шаруашылық, соттық және бұйрық беруші. Уездерді басқару уездік басшылардың қолында болды. Оларды генерал-губернаторлар облыс офицерлерінен тағайындады. Болыстарды – болыстық билеуші, ауылдарды – ауыл старшиндары басқарды. Сайлау үш жыл сайын өткізіліп, уездің басшысымен облыстың генерал-губернаторымен бекітілді.

ХХ ғасырдың 60 жылдарында заңды актілерде сайлау жүйесінде өзгерістер болды. Жергілікті аристокартия өз қызметінен айырыла бастады. Жергілікті билік ету аппаратына сайлау жүйесі асықпай енгізілді. Себебі, үкімет ақсүйектерді биліктен шығаруға батылы жеткен жоқ. 1867-1868 жылдардағы реформа жергілікті аристократияның билігін шктеуді заңдастырды да Ресей мүддесіне көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы халықтар мемлекеттік шаруаларға айналды. Ақсүйектер әкімшілік басқару жүйесінде барлық құқығынан айырылып, оның барлығы орыс шенеуліктерінің қолында шоғырланды. Сұлатандарға қатты соққы бергенімен, орыс шенеуліктері болыс билеушілеріне, старшындарға, байларға үлкен билеу құқығын берді.

1867-1868 жылдары аймаққа жаңа сот құрылысын енгізді. Қазақтар империяның жалпы заңымен қабылданған әсекри және халықтық сотпен сотталды. Әскери сотпен қазақтарды сатқаны үшін, үкіметке қарсы шығу үшін, почталық транспортқа шабуыл жасау үшін, қызмет адамдарын өлтіру үшін сотталады. Империяның жалпы заңдары бойынша өлтіру, ұрлық, барымта, шетелге қашу үшін соттады. Қалған барлық істерді халық соты шешті. Билердің сотын тек қазақтар емес, сонымен қатар орыстар да қолдады. Патша үкіметі билер сотын қалдырған себебі, олар сайлауға қатысты. Билерді губернатор сайлады, ал уездің басшылары оларды мұқият бақылап отырды.

1867-1868 жылдардағы реформа аймақтағы саяси-әкімшілік басқаруын түбегейлі өзгертті.Үкімет әлекметтік-саяси жағында қазақ ақ сүйектерінің көмегінен бас тартты және де жер сатуды шектеді. 1867 жылы Жетісу және Сырдария облыстарында жер әлі деқоғаммүлкі болып қалды. Патша үкіметі сол аймақтарды мемлекеттік меншік деп жариялауға қорықты. Ал қыр дала жерлер мемлекеттік меншік деп жарияланып, Ресей империясына қосылды. Қазақтарға жерді пайдалануға берді, бірақ олар ол үшін салық төледі. Жаңа реформа мұсылман діншілерін құқын шектеді. Мұсылмандарды жергілікті әкімшілік бақылап отырды.

Реформа кейбір мәдени шараларды ұйымдастыруға тырысты. Қазақтардың орыс тілін үйрену үшін “орыс-қырғыз” мектептерін салуға көздеді.

Тұрғындарға медициналақ көмек көрсету үшін, әрбір уезде медициналық пунктер ұйымдастырылды. Қазақтар медициналық көмекті пайдаланған жоқ, себебі бүкіл Қазақстанда тек қана 20 дәрігер, 20 фельдшер, 20 акушер ғана болды. Медициналық көмек көбінесе орыс және казактар уездерінде көрсетілді.

1886 жылдың 2 тамызында Түркістан аймағын басқару туралы, ал 1891 жылдың 25 мамырында Ақмола, Семей, Жетісу, Орал, Торғай облыстарын басқару туралы үкім шығарылды. Жалпы империялық сот енгізілді, оған 2 дүниежүзілік және 2 облыстық сот.

2. Үлкен жерлердің тартып алынуы қазақ минталитетін бұзуы, патша отарлауын білдіріп, олар қазақтардың ұлттық күресіне тап болды. ХVІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың басындағы реформалар және қазақ менталитетін бұзуы Қазақстандағы ұлттық көтерілістеріне басты қадам болды. Осы көтерілістердің хронологиясы XVIII ғасырдың соңы ХІХ ғасырдың 70 жылдары – ХХ ғасыр. Қазақтардың ұлттық қозғалысының басы деп Сырым Датұлының бастауы мен қазақтардың Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуы болып есептелінеді. Көптеген қазақ тарихшылары ұлттық көтеріліс негізіне қарап, қазақтардың отарлауға қарсыекенін аңғарады. Барлық қозғалыстың негізгісі ол аграрлық сұрақ болды. Қозғалыс тек қана тәуелсіздік үшін ғана емес, жер үшін, патша үкіметіне ғана қарсы емес, қазақ ақсүйектеріне қарсы болды.

Ресейдің әкімшілік саяси жүйесі, қазақтардың әлеуметтікбайланысының дәстүрліқұрылымын бұзды, ол көшпелілер қоғамын әр түрлі топ адамдары құқығын шектеді. Ұлттық көтерілістерді Е. Пугачевтен бастап, Сырым Датұлы, И. Тайманов, М. Өтемісов және т.б. басқарды.

Алғашқы және ірі көтерілістердің бірі ол Сырым Датұлы басқарған көтеріліс (1783-1797). Оның басты себебі жер иеленуді шектеу болды. Патша үкіметінің арқасында хандар мен сұлтандардың халықты тонауы, қазақ халқының наразылығын тудырды. Осы көтерілісте мал шаруашылығымен айналысатын адамдар жайылым жер үшін күресті. С. Датұлы қазақ халқының көтерілісін қолдап, қазақ мемлекетін құрғысы келді. Оның айтуынша билікті хандар қолында емес, билердің қолында ұстау керек еді. Жүздердің бірігуін хан емес, бүкіл халақ сайлайтын адам билеу керек. Кіші жүздегі қазақтардыңқозғалысы 14 жылға созылып, соңында сәтсіздікке ұшырады. Оынң басты себебі, көтерілісшілердің басшыларының, әсіресе Сырым Датұлының келіспеушілігі болды. Патша Орал мен Жайық арасындағы территориядағы жайылым жерлерді пайдалануға берді, себебі ол жаңа көтерілістің қорықты.

1783-1797 жылдары көтеріліс отаршылдыққа және хандарға қарсы жүргізіліп, Кіші жүзде хан билігі жойылды. Басқа көтерілістерге қарағанда Бөкей Ордасындағы И. Тайманов пен М. Өтемісұлының көтерілісі феодалдыққа, отаршылдыққа қарсы бағытталды. Олардың көтерілісі Қазақстанның Ресейге қосылуының толық аяқталған кезеңде болды. Ақсүйектердің жергілікті тұрғындарды қанауы, шаруалардың одан сайын көтерілуіне әкеліп, олар аристократияның өз жерлеріне орнығуына қарсы болды.

Кенесары Қасымұлының көтерілісі (1837-1847) өзінің көлемі мен мағынасы жағынан ХІХ ғасырдағы ең үлкен ұлттық көтеріліс болды.

Дәріс 6. XX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН.

Сұрақтар:

1.XX ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік- экономикалық және саяси дамуы.

2. 1917 жылғы қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауы.

XX ғасырдың басында Қазақстан Ресейдің отар аймағы болды.Қазақстан бұрынғы шаруашылық тұйықтылығын жоғалтып, қоғамдық еңбек бөлінісіне және бүкіл Ресейлік, ал содан кейін әлемдік нарыққа қосылды.XX ғасырдың басында қазақ аулында аграрлық қарынастар көзге көрінерліктей өзгерістер пайда болды. Қазақстанда жер заң жүзінде мемлекет меншігі болып есептелді, ол тауар- ақша қатынастардың дамуына байланысты ең құнарлы жерлер жеке меншікке айналды, сатылды, жалға берілді. Патша үкіметінің қоныстандыру саясаты және байлардың тартып алуы нәтижесінде жайылымдық жерлерінен айрылған қазақ ауылдарының кедей бөлігі отырықшылыққа аусып, жер өндеумен айналысуға мәжбүр болды. XX ғасырдың басында Қазақстанда қазақ шаруашылықтың 45 млн. Га ең құнарлы жерлері тартылып алынды. Қазақтардың кедейлігі олардың отырықшылыққа айналып және егіншілікпен айналысуларына мәжбүр болды. Қазақстанның кейбір аудандарында жер өңдеу 1- ші орында тұрды,ал мал шарушылығы қоымша шаруашылыққа айналды.

Мысалы: 1904-1905 жылдары Қостанай уезінде халықтың 77 %, Ақтөбе уезінде 94 %, Орал уезінде 90 % жуығы жер өңдеумен айналысты.

Қазақстан территориясында темір жолдың салынуы әр түрлі аудандар арасындағы экономикалық байланыстардың дамуына және олардың мамандануына негіз салды. Қазақстанның бүкіл территориясында тауарлы мал шаруашылық аудандары және әсіресе солтүстік облыстарда тауарлы егіншілік аудандары пайда болды. Бұл ауыл шаруашылығындағытауар қатынастарының дамуына өз әсерін тигізді. Бүкіл Ресейлік экономикада мал шаруашылығында өлкенің үлесінің жоғары болғандығын атап өту қажет: 1913 жылы ол империялық бүкіл мал шаруашылық өнімінің 15,3 % берді.

XX ғасырдың басында Қазақстан капиталистік өдіріске тартыла бастады. Бірақ өндіріс әлі өте нашар дамыды. Ауыл шаруашылық шикізаттарды алғашқы өңдеу ұсақ кәсіпорындары ретінде көрініс тапты. Ірі фабрика- заводтық өндіріс өте нашар дамыды. Семей губернаторы патша жазған баяндамасында былай деп жазды: «Семей облысындағы фабрика – заводтық өндіріс саны және сапасы жағынан өте нашар дамыған. Өндірістің көлеміне және облыста бар заводтардың күрделі емес құрылымдарына қарап, оларды қолөнер шеберханалары қатарына қосуға болады.» Өлкедегі шенеуліктер өндірістің дамуының төмен деңгейде болуының негізгі себептері халықтың аз қоныстануына копиталдық жеткіліксіздігінде жұмысшылардың техникалық білімнің төмен деңгейде болуы, байланыс жақсы жолдарының болмауында деп есептейді. Негізінде өнеркәсіптің даму деңгейінің төмен болуы патша үкіметінің отаршылсаясатында болды, өйткені олар жергілікті халықтық экономикасының модернизациялануын қаламады. Көп миллион халық және үлкен табиғи байлығы бар терретория әлемдік рынокқа шикізат әкелуін және өндіріс өнімдерін өткізу аймағына айналды. Бүкіл Ресейлік экономикада Қазақстанның үлесі 0,7 % қана болды. Бірақ оның байшикізат ресурстарын Ресейдің ғана емес, санымен бірге шетел капиталдарының қызығушылығын туғызды. Қазақстандағы шетел азаматтарының кәсіпкерлігі патша үкіметінің саясатына қарамастан дамиберді, және бұл саясат бас кезінде шетелдік капиталдың бұл өлкеге енуін қысқартуға бағытталды. Дегенмен, шетелдік капиталды қажет еткен патша үкіметін бұл саясаттан (өзгертуін) бастартуға мәжбүр болды. Шетелдік капиталға өлкені алғаш игеру және барлау функциясы жүктеледі.

XX ғасырдан бастап Қазақстанға шетелдік капиталдың енуі интенсивті түрде жүрді. Көбінесе олар акционерлік формадағы өндіруші кәсіп орындар болды.Негізінен оларды түсті метал, көмір, мұнай қызықтырды. Өндіруші кәсіпорындарда негізгі орынға ие болған орыс капиталы.

XX ғасырдың басында акционерлік формада болды. Акцияландыру процессі мұнай өндіру кәсіпорындарында қарқынды түрде дамыды. 1910-1914 жылдары Қазақстан терреториясында екі үлкен акционерлік мұнай компаниялары «Ембі» мен «Ембі- Каспий» жұмыс істеді. Қазақстанның акционерлік кәсіпорындарының акциялары шетелден биржада жоғары бағаланды. Осыған дейін шетел кәсіпкерліктерінің қызметкерлері мбір жақтан ғана қарастырылды. Оның тек жаман жақтары ғана айтылды. Сөзсіз, шетелдік капиталдары (салымдары) өнімнің үлкен пайызын беретін тармақтарында жіберілді, яғни табиғи ресурстарды өндіру. Сонымен бірге айта кеткен тағы бір мәселе XX ғасырдың басында шетелді капиталдың көптен келуі елдің экономикасына позитивті өзгерістерді енгізді, оны жандандырып, техникалық өрістің қозғаушысы болды, яғни Қазақстанға техниканы және ірі капиталистік өндіріс ұйымдардың дайын формаларының енуіне негіз болды. Қарастырылып жатқан кезең экономикаға көптеген өзгерістер енгізгені қарамастан, шаруашылықтың негізгі түрі болып көшпелі мал шаруашылығы қала берді. Пайда келесі бөліктерден құралды: мал шаруашылығы- 60 %, егін егу 30 %, және өнеркәсіп- 10 %.





Дата публикования: 2015-02-28; Прочитано: 589 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.012 с)...