Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып 1 Бухгалтерлік есеп ақпараттық жүйе ретінде



Азақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Есеп және аудит кафедрасы

«Бухгалтерлік есеп қағидалары» пәні бойынша

5В050800, 050508 «Есеп және аудит» мамандықтарының студенттеріне арналған пәнді оқытудың

ДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

Павлодар


Тақырып 1 Бухгалтерлік есеп ақпараттық жүйе ретінде

Бухгалтерлік есеп дегеніміз нақты бір шаруашылық іс-әрекет жүргізетін субъект туралы қаржылық ақпаратты жинап, өндеп, пайдаланушыларға беретін жүйе.

Шаруашылық іс-әрекет жүргізетін субъект – бұл мақсаттардың орындалуына бірігіп жұмыс істейтін адамдар тобынан тұратын ұйым.

Алдарына қойған мақсаттарға жетуге ұйым материалды және еңбек ресурстарын, әр түрлі қызметтер, ғимараттар мен жабдықты пайдаланады. Осы ресурстардың мөлшері туралы ақпарат тиімді жұмыс үшін ұйым қызметкерлеріне, сондай-ақ ұйымның іс-әрекетің бағалау үшін сыртқы пайдаланушыларға да қажет. Осындай ақпаратты бухгалтерлік есеп жүйесі қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, бухгалтерлік есеп шаруашылық іс-әрекеті мен шешім қабылдайтын тұлғалардың арасындағы байланыс бұыны.

Яғни, бухгалтерлік есеп: болашақта пайдалану мақсаттары мен кәсіпорын іс-әрекеті турралы мәліметтерді тіркеу арқылы шаруашылық іс-әрекетті өлшеу; мәліметтерді өндейді, қажетті сәтке шейін сақтап, пайдалы ақпаратқа айналдыру; есеп беру арқылы шешім қабылдайтын тұлғаларрға береді.

Бухгалтерлік ақпарат пайдаланушылары келесідей бөлінеді.

Бірінші топ топ – ішкі пайдаланушылар (әкімшілік, меншік иесі, директорлар Кеңесі, менеджердер, кәсіпорындардың басшылары т.б.).

Екінші топ – тікелей қаржылық мүддесі бар сыртқы пайдаланушылар (инвесторлар, несиеберушілер).

Үшінші топ – тікелей емес қаржылық мүддесі бар сыртқы пайдаланушылар (салық органдары, реттеуші органдар т.б.).

Әдістемелік ұсыныстар.

Бұл тақырып бойынша студентерге келесі сұрақтарға назар салу керек:

1. Ғылым ретіндегі бухалтелік есептің пайда болуының және қалыптасуы тарихи аспектісі.

2. Басқару жүйесіндегі бухгалтердік есеп.

3. Бухгалтерлік ақпарат және басқару шешімдерін қабылдау. Бухгалтерлік есептің пәні, әдісі және міндеті.

4. Экономиканың ақпараттық көздері және оны пайдаланушы ретіндегі қаржылық есеп беруі.





Дата публикования: 2015-02-28; Прочитано: 3413 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...