Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тайм менеджмент жүйесінің элементтері



ТМ Жүйесінің элементтері Басқару бағыттары мен әдістері
  Мақсаттардың қойылуы Жоғары деңгейдегі қызметкерлердің тайм менеджментке мотивациясы мен уақыт үшін күресу сезімдерін қалыптастыру. Дербес және іскер қасиеттердің бірігуін қамтамасыз ету (өзіне тартудың жүйесі). ТМ-тің жеке және ұйымдық құндылықтар мен мақсаттар жүйесіне қосу Уақытты басқаруда қалыптасқан тәжірибеге сәйкес күшті және әлсіз жақтардың толық талдануы (SWOT талдау). Басымдылықтардың белгіленуі. Мақсаттардың денгейлерінің белгіленуі (құндылықтар – мақсаттар - міндеттер). Мақсаттардың бірі бірімен байланысы мен жүзеге асыру мүмкіндігін тексеру. Ерекеше тайм менеджмент құжаттамасын енгізудің әрбір қадамын және уақытын жазбаша түрде тіркеу.
  Жоспарлау Ағымдағы уақыт шығындарын талдау және алынған нәтижелер негізінде еңбек операцияларын нормалау. Жоспарлау уақытында барлық деңгейлерді есепке алу (ұзақ уақыттан күнделікке дейін) Жалпыға көңіл бөлу, жүйелік жанасу, жеке бөлімшелердің жоспарларын келістіру. Болашақ жұмысты атқаруға жұмсалатын уақытты оптималды түрде бөлістіру. Ресурстық стратегияны дұрыс таңдау («тездету», «жинақтау», «тежеу», «реттеу».) Мотивация жүйесімен (жылдам жұмысты мақтауды жоспарлау ал, жоспарды орындамағанға сөгіс жариялау) ұштастырылған жоспарлау мерзімін нақты қысқарту.
  Шешім қабылдау Шешім қабылдауда «басымдылықтарды анықтау» стратегиясын қолдану, мысалы: жұмыстарды маңыздылығы мен орындалу керек уақытына қарай реттеу (Эйзенхауер матрицасы). Делегирлеу жүйесін қалыптастыру және өзінің делегирлеу дағдысын қалыптастыру. Шешім қабылдау процесін жетілдіру, мысалы: жыйналыс өткізу тиімділігі. Шешім қабылдауды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету бойынша шаралар енгізу (эксперттік жүйелерді енгізу, құжат айналымын жетілдіру).
  Шешімді орындау Жұмыс уақыты кестесін модернизациялау және жұмыс істеудің ыңғайлы кестесін қолдану. Жұмыстарды «жеңіл» және «жедел» топтарға бөлу. Жұмыстың ырғағын қалыптастыру, жеке биоритмді ескеру, жұмыс пен демалыс уақыттарын кезегін дұрыс ұйымдастыру. Жеке уақытты жоспарлау қабілетті дамыту. Жалпы жұмыстар әдісі мен дағдысын енгізу.
  Жүзеге асыруды бақылау Бақылау схемаларын жасау және жазбаша тіркеу (субъектілері, объектілері, әдістері, тәртіптері). «Жылдам» оперативті бақылау әдістері мен каналдарын жасау. Көпжақты бақылау (процестерді, нәтижелерді, жеке бақылау)
  Коммуникация, басқару информациясы Ұйымда ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ағымдарын жоспарлау. Электрондық құжат айналымын жүйесін дайындау және енгізу (Ақпаратық технологиялар инжнирингі). Қағаздармен, телефонмен, корреспонденция, кітаптармен, компьютермен және басқа техникалармен жеке жұмыс жүргізу техникаларын зерттеу. Кездесулер және жиналыстарды өткізудің тиімді әдістерін қалыптастыру.



Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 1378 | Нарушение авторского права страницы



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...