Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Уақытты есепке алуды «еңбек процесінің ағындық картасы» әдісі



Ұйымда уақытты есепке алудың қарапайым әдістерінің бірі бұл - «еңбек процесінің ағындық картасы» әдісі. Еңбек процесінің ағындық картасы әдісі 1960-1970 жылы еңбек операцияларын талдау үшін, кейіннен ақпараттық, қаржылық, басқару және тағы басқа операцияларды талдау мақсатында жиі қолданыла бастады.

Еңбек процесінің ағындық картасы әдісі жасалынатын операциялардың сызықтық кезегін көруге, талдауға және әрбір операциялардың кеңістікте уақыттық мінездемесін көрсетуге мүмкіндік береді. Көбіне еңбек процесінің ағындық картасы әдісін жасау үшін жасалынатын операциялардың немесе іс-қимылдардың бірнеше моделі жасалынып, оларды талдау негізінде ең ұтымдысы таңдалады.

Еңбек процесінің ағындық картасы әдісін жасаудың басты мақсаты көптеген операцияларды жинақтап, оларды түсінікті қалыпқа келтіру үшін бірнеше ағындарға топтап көрсету болып табылады. Бұл жерде әрбір іс-қимылдар оптимизациядан өтеді және орнайы кодталып немесе әр іс-қимылдарға арнайы символдар беріліп кодталады. Алғашқы кезде бұндай кодтау үшін 50-ден аса символдар қолданылды. Бірақ кейінірек олар 5-ке дейін қысқартылды:

ОПЕРАЦИЯ – объектіні, тұлғаны, ақпаратты белгілі бір мақсатта өзгерту белгісі.

ҚОЗҒАЛТУ - объектіні, тұлғаны немесе ақпаратты бір жерден, екінші бір жерге ауыстыру.

БАҚЫЛАУ - объектіні, тұлғаны немесе ақпараттың сапасын немесе санын анықтау мақсатында тексеру немесе тәжірибе жасау.

ТОҚТАУ - объектінің, тұлғаның немесе ақпараттың келесі операцияны күтіп тұруы. Ол күтпеген жерде, табиғи түрде және өзінен өзі пайда болады.

САҚТАУ - объектінің, тұлғаның немесе ақпараттың келесі операцияға дейін бақыла астында болуы. Жоспарлы түрде болады.

Сонымен қатар төмендегідей аралас операциялар болуы мүмкін:

- операция жүзеге асу барысында бақылау

-қозғалту барысында операциялар.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 725 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...