Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Көлденең жолақты жүрекет ұлпасы



Көлденең жолақты жүрекет ұлпасы (лат. textus muscularis striatus cardiacus) жүректің ортаңғы етті қабығы — миокардты құрайды. Көлденең жолақты жүрекет ұлпасы ет жасушалары — кардиомиоциттерден тұрады. Кардиомиоциттер қызметіне байланысты жұмысшы кардиомиоциттер және өткізгіш кардиомиоциттер болып екі түрге бөлінеді.

Жұмысшы кардиомиоциттер

Жұмысшы, немесе жиырылғыш кардиомиоциттердің ұзындығы 100-150 мкм, көлденең ені 10-20 мкм, пішіні цилиндр тәрізді ұзынша болып келеді. Жүрекет жасушасының екі ұзын ұштарындағы кардиомиоциттер сарколеммасы тым майда келген, пішіні саусақ тәрізді өсінділер түзеді. Көрші кардиомиоциттер өздерінің ұштарындағы осы саусақ тәрізді өсінділері арқылы бір-бірімен өзара тізбектеле байланысып, ұзынша келген бұлшықет талшықтары тәрізді құрылымдар түзеді. Кардиомиоциттер ұштарындағы өсінділерінің бір-бірімен қатпарлана байланысқан жерін ендірме дискілер деп атайды. Жұмысшы кардиомиоциттің сопақша келген ядросы жасушаның орталық бөлігінде, ал оның миофибриллалары кардиомиоцит цитоплазмасының шеткі жағына ығыса орналасады. Диаметрі 1-3 мкм миофибриллалардың құрылысы бұлшықет талшықтары миофибриллаларының құрылысына ұқсас. Кардиомиоциттердің жалпы органеллалары ядролардың екі ұштары маңында орын тебеді. Органеллалардың ішінде митохондриялар жақсы жетілген. Олар миофибриллалар айналасында тізбектеле орналасады. Агранулалы эндоплазмалық тор да жоғары деңгейде жетілген. Олар кардиомиоцит цитоплазмасының шеткі жағында, сарколемманың астында орналасып, бір-бірімен жалғасып жатқан кең қуысты өзекшелер (цистерналар) түзеді. Агранулалы эндоплазмалық тор өзекшелері де, миофибриллалардың аралықтарында ұзынынан жатады. Миоглобиндер кардиомиоцит цитоплазмасында біркелкі таралған, қосындылардан гликоген дәншелері, липид тамшылары және липофусцин пигменті кездеседі. Жануарлардың жасына байланысты липофусциннің саны көбейе береді. Бұл пигментті "қартаю пиг- менті" деп те атайды. Кардиомиоцит плазмолеммасы телофрагма (Z-сызығы) деңгейінде жасушаның ішіне қарай қатпарлана еніп, кең қуысты көлденең түтікшелер (tubulus transversus) түзеді. Бұларды Т-түтікшелер деп атайды. Бұл түтікшелердің бұлшықет талшықтарындағы Т-түтікшелерден айырмашылығы жасушаның ішіне қарай Т-түтікшелермен бірге, оларды сыртынан қаптаған плазмолемманың негіздік жарғағы қосарлана енеді. Көлденең жолақты жүрекет ұлпасы еріксіз жиырылады.

Өткізгіш кардиомиоциттер

Өткізгіш кардиомиоциттер мөлшері жағынан жұмысшы кардиомиоциттерге қарағанда ірі келеді. Олардың орташа ұзындығы 100 мкм, көлденеңі 50 мкм. Бұл кардиомиоциттердің цитоплазмаларында жалпы органеллалардың барлығы да бар. Бірақ, кардиомиоцит миофибриллалары аз болып келеді және олар жасушаның шеткі жағында сирек орналасады. Кардиомиоцит плазмолеммасы Т-түтікшелер жүйесін түзбейді. Өткізгіш кардиомиоциттер бір-бірімен тек ұштарымен ғана емес, бүйір беттеріндегі аралық өсінділері арқылы да байланысады. Ендірме дискілердің құрылысы қарапайым келеді, плазмолемманың саусақ тәрізді өсінділері және олардың аралықтарындағы десмосомалар мен нексустар жұмысшы кардиомиоциттерге қарағанда нашар жетілген. Өткізгіш кардиомиоциттердің негізгі қызметі — жүйкелер арқьлы келген қозу толқындарын (импульстерін) жұмысшы кардиомиоциттерге жеткізу. Өткізгіш кардиомиоциттер жүректің жүйке-ет өткізгіш жүйесін құрауға қатысады.

3. Жүрек — іші қуыс бұлшықетті мүше. Ересек адам жүрегінің салмағы 250-300 грамм. Жүрек кеуде қуысының сол жағына таман орналасқан. Оның дәнекер тканінен түзілген жүрек қабы қаптап тұрады. Жүрек қабының ішкі беті жүректі ылғалдайтын және жиырылу кезінде үйкелісті кемітетін сұйықтық бөліп шығарады. Жүрек бұлшықеті (гр. myocardiummys — бұлшықет, kardia — жүрек) - жүректің жүрекшелері мен қарыншаларының бұлшықет қабығы (миокард). Жүрекшенің бұлшықет қабығы беткей және терең ет қабаттарынан тұрады. Беткей ет қабатының кардиомиоциттері көлденеңінен орналасады. Ол оң және сол жүрекшелерді сыртынан қаптап, оларға ортақ қабат болып келеді. Терең ет қабаты әрбір жүрекшеде жекелей орналасады. Бұл қабаттың кардиомиоциттері ұзынынан орналасады. Жүрек қарыншаларының бұлшықет қабығында айқын байқалатын бес ет қабаты болады. Олардың сыртқы беткей және ішкі бұлшықет қабаттарын қиғаш жатқан кардиомиоциттер, ал ортаңғы үш ет қабаттарын сегіздік тәрізді иіле орналасқан жүрек ет жасушалары түзеді. Жүректің құрылысы оның атқаратын қызметіне сай келеді. Ол тұтас арқылы екі — сол жақ және оң жақ бөлікке бөлінген. Ал жүректің әр бөлігі бір-бірімен жалғасқан екі бөлімнен: жоғарғы — құлақшадан және төменгі — қарыншадан тұрады. Сонымен, адамның жүрегі бүкіл сүтқоректі жануарлардікі сияқты төрт камералы: ол екі құлақшадан және екі қарыншадан тұрады.

Қарыншаға қарағанда құлақшаның қабырғасы әлдеқайда жұқа. Бұл құлақша жұмысының оншалықты көп болмауына байланысты. Ол жиырылған кезде қан қарыншаларға өтеді. Қарынша бүкіл тамырларды бойлай қан айдап, көп жұмыс атқарады. Көп жұмыс істейтіндіктен, сол жақ қарыншаның бұлшық еті оң жақ қарыншаның қабырғасынан қалың болады. Әрбір құлақша мен қарыншаның шекарасында жақтаулы қақпақшалар болады, олар сіңір талшықтары арқылы жүректің қабырғасына бекінеді. Бұл жақтаулы қақпақшалар.

Құлақша жиырылғанда қақпақшаныыңы жақтаулары қарыншаның ішіне қарай салбырап, босап қалады. Сондықтан қан құлақшадан қарыншаға еркін өтеді. Қарынша жиырылғанда қақпақшаның жақтаулары тығыз жабылып, құлақшаның кіре беріс жолын бітейді, сондықтан қан тек бір бағытта — құлақшадан қарыншаға қарай ағады, одан қан тамырларына барады

Билет

  1. Ауыз қуысындағы асқорыту процессі.
  2. Жүйке ұштары. Рецепторлардың жіктелуі, қызметі.
  3. Эндокринді жүйе, қызметі, маңызы, ағзалары

1. Жеген тамақ ауыз қуысынан бастап қорытылады, мұнда тамақтың дәмі, температурасы, басқа да қасиеттері анықталады. Сұйық тамақ бірден жұтылады, ал қою тамақ шайналып ұсақ талады, сілекеймен араласып ас қоймалжыңына айналады. Асты шайнау ас қорытудың алғашқы кезеңі. Астың әрі қарай қорытылуы оның шайналу дәрежесіне сай болады. Егер ас жеткіліксіз шайналса, онның құрамындағы қоректік заттар толық қорытылмайды, сіңуі де нашар болады. Кейбір мәліметтерге қарағанда, шала шайналған астың 35-40% қорытылып үлгермей, организмнен сыртқа айдалады. Сондықтан тамақты мұқият ұзақ шайнайтын адамдарға азғантай тамақ жеткілікті болады да, шала шайнайтын кісіге ондай мөлшер жеткіліксіз болады. Тамақты шайнап, ұсату – ауыз қуысының негізгі қызметі. Шайнауға қозғалмалы орналасқан төменгі жақ сүйегі мен қозғалмайтын үстіңгі жақ сүйегінде орналасқан тістер, тіл және үрт қатысады. Тістер тамақты шайнап ұсақтайды, тіл шайналған асты қозғалтып, сілекеймен араластырады да, жұтқыншаққа қарай жылжытады. Ауыз қуысында шайналып жұмсарған, жылытылған, сілекеймен араластырылған ас қоймалжыңын тіл көтеріп таңдайға тақап қысады. Ал таңдай доғасы оны жұтқыншаққа қарай ысырады. Бұл кезде жұмсақ таңдай мен тілшік жұтқыншаққа қарай көтеріліп, оның қуысының мұрын бөлімін ауыз бөлімінен бөліп тастайды. Сонда жүтылған ас мұрын қуысына кетпей, өңешке бағытталады. Бұған көмекейдің көтерілуі де көмектеседі. Тілдің түбірі көмей қақпақшасын үстінен басып, көмейді жауып тастайды. Ас қоймалжыңы өңешке қарай қозғалады. Жұтқыншақ көтеріліп, өңештің кіре берісіндегі сфинктер еті босап, өңеш жолы ашылады да, жұтқан ас өңешке кіреді. Өңештің қабырға еттері жиырылып асты қарынға ысырады. Бұл кезде қарынның кіре берісіндегі сфинктер ашылып, асты қарынға өткізеді.

2. Сезімтал жүйке ұштары (рецепторы); (receptores, лат. receptos — қабылдағыш) — сезімтал жүйке талшықтарының соңғы сезгіш ұштары.

-Сезімтал жүйке ұштары организмнің сезім мүшелерінде орналасады. Денедегі орналасу орындарына байланысты сезімтал жүйке ұштары экстерорецепторлар (көру, есту, дәм, иіс, тері сезімдері), интерорецепторлар (ішкі мүшелерде, қан және лимфа тамырларында) және проприорецепторлар (тірек-қимыл мүшелерінде) болып бөлінеді. Тітіркендіргіштердің табиғатына байланыста механорецепторлар, барорецепторлар, хеморецепторлар, терморецепторлар, фоторецепторлар болады. Құрылыс ерекшеліктеріне байланысты сезімтал жүйке ұштары: бос және қапталған сезгіш жүйке ұштарына бөлінеді.

Бұлар көбінесе эпителий және дәнекер ұлпаларында болады. Қапталған сезімтал жүйке ұштарын сыртынан нейроглия және дәнекер ұлпасының тақташылары қаптап жатады

Экстерорецепторлар (лат. exter - сыртқы және receptor — қабылдайтын) — сыртқы дүние заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерінің бейнесі болып табылатын түйсіктер. Экстерорецепторларға көру, есту, иіс сезу, дәм сезу, тері түйсіктерінің рецепторлары жатады

ЙНТЕРОРЕЦЕПТОРЛАР, интероцепторлар — организмнің, ет, сіңір, буын жүйелерінде және ішкі органдарында (жүрек, лимфа және қан тамырларында, тыныс алу, ас қорыту жүйелерінде т. б.) болатын рецепторлар.

3. Эндокриндік жүйе — ағзаның гуморальды реттелуінде маңызды рөл атқарады. Бұл жерде гуморальды реттелу дегеніміз — қанның құрамындағы гормондар және минералдық заттардың әсерлері арқылы организм қызметінің реттелуі. Ол ағзаның ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. Ішкі секреция бездері шығарған заттар гормон деп аталады. Бездер бөлген гормондар қанның ағысымен ішкі мүшелерге және мүшелер жүйелеріне келіп, олардың жұмысына әсер етеді.

Организмде бездерді үш топқа бөледі:

  1. Сыртқы секреция бездері (бауыр, сілекей, ұйқы және ішек бездері);
  2. Ішкі секреция бездері (гипофиз, эпифиз, қалқанша без, қалқанша маңы бездері, тимус, бүйрек үсті бездері);
  3. Аралас секреция бездері (жыныс бездері, ұйқы безі).




Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 4493 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2026 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.138 с)...