![]() |
Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | |
|
|
Тыныс алу дегеніміз организмнің қоршаған ортадан оттегін сіңіріп, өзінен көмір қышқыл газды бөлуін қамтамасыз ететін процестер жиынтығы. Демек тыныс алудың мәні организм торшаларын оттегімен қамтамасыз ету арқылы қоректік заттар құрамындағы энергияны биологиялық құнды тұрге айналдырып, денеде пайда болған көмір қышқыл газды бөліп шығаруда.Адам мен сүт қоректілердің сыртқы тыныс аппараты жоғарғы (мұрын қуысы, аңқа, көмекей) және төменгі (кеңірдек, ауа тамырлар - бронхылар мен бронхиолалар) тыныс жолдары мен газ алмасу мүшесі - оң және сол өкпеден тұрады. Дем алынған кезде ауа жоғарғы тыныс жолдарына түсіп, онда шаң-тозаңнан тазарады, жылынады, дымқылданады да, төменгі тыныс жолдарына өтеді.
Плевра — көкіректің ішкі бетін астарлап жататын сірі қабық.
Адам мен жануарлардың газ алмасу мүшесі – өкпе, – құрылысы жағынан түтікшелі – көпіршікті, паренхималы ағза. Ол тыныс жолдарынан және газ алмасу бөлімінен тұрады. Тыныс жолдарын бронхы (ауа тамыр) тарамы, ал газ алмасу бөлімін – көпіршік (альевеола) бөлімі деп атайды. Бронхы тарамы арқылы ауа тазаланып, жылынып, дымқылданып, ионданып, альвеолаларға жеткізіледі. Альвеола тыныс жолының тұйықталған сонғы бөлігі. Олардың қабырғасы оралымды мембранаға бекіген жұқа бір қабат жалпақ эпителий торшаларынан түзіледі. Әр альвеола сырт жағынан тығыз орналасқан капиллярлар торымен қоршалады. Өкпе капиллярлары кең (диаметрі 40 мкм дейін) және тар (диаметрі 11 мкм) тұзақ торлар құрайды. Кең тұзақ капиллярларынан қан толассыз ағады және ол альвеолалар кеңістігінің көп мөлшерін қамтиды. Бұл капиллярлар тұзағы бір-бірімен жалғаса келіп альвеолалық тор түзіледі. Альвеола мен капиллярдың жанасу беткейінің жалпы қалындығы бар болғаны 0,004 мм, сондықтан бұл жерде газдардың алмасуына айтарлықтай кедергі болмайды.
Өкпеде альвеолалар саны орасан көп, сондықтан өкпенің тыныстық аумағы өте үлкен. Өкпе альвеолаларының саны 350 млн. жетеді де, олардың жалпы беткейі 100-120 м2 құрайды, демек дене беткейінің мөлшерінен 100 есе артады22
Билет
3-сурак.Нефрон (nephronum, грек, nephros — бүйрек) — бүйректің құрылымдық және қызметтік бірлігі. Бүйректі миллиондаған нефрондар (бүйрек өзекшелері) құрайды. Нефрон — бүйрек денешігінен, проқсимальды және дистальды бөлімнен (түзу, ирек өзекшелер) тұрады.Бүйрек денешігі тамырлы және несепті бөліктерден құралған. Тамырлы бөлікті әкелгіш артериола, қылтамырлар (капиллярлар) торы және әкеткіш артериола кұрайды. Бұл бөлікке тазаланудан өтетін артерия қаны ағып келеді. Несепті бөлікті капиллярлар торы шумағын сыртынан қаптап тұратын бүйрек денешігінің қапшығы құрайды. Бүйрек денешігінің қапшығы екі қабат болып жатқан бірқабатты жалпақ эпителийден құралған. Қапшық қуысы проксимальды бөлім өзекшесі қуысымен мойын арқылы жалғасады. Бүйрек денешігінде капиллярлар шумағындағы қаннан, жоғарғы қан қысымының арқасында қан сұйығы қылтамырлар қабырғасы арқылы сүзіліп, бүйрек денешігі қуысына шығып, алғашқы несепке айналады. Алғашқы несеп құрамы жағынан қан плазмасынан айырмашылығы жоқ. Тек, оның құрамында қалыпты жағдайда протеиңдер болмайды. Алғашқы несеп нефрон бөлімдері арқылы ағып өткенде, оның құрамындағы керекті заттар (қант, керекті түздар, су) кері сорылып, керек емес ыдырау өнімдері (аммиак туындылары, улы, бояғыш заттар, дәрі- дәрмектер) несеп құрамына шығарылып, соңғы несепке (зәрге) айналып, нефрондардан құралған жинағыш түтікшелерге шығарылады.
Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 2104 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!
