Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ортаңғы ми. Құрылысы мен қызметі



Ортаңғы ми (средний мозг); (mesencephalon — грек,гр. mesos — ортаңғы, гр. encephalon — ми) — ортаңғы ми қақпағы мен үлкен ми аяқшаларынан тұратын ми бөлігі. Ортаңғы мида аралық мидағы үшінші ми қарыншасы қуысын ромбы тәрізді мидағы төртінші ми қарыншасы қуысымен байланыстыратын түтікше қуыс — суқұбыры (суағар) болады. Ортаңғы ми қақпағы — қақпақты пластинканың беткей қабаты ақзаттан, ал терең қабаты сұрзаттан құрылған. Төрт төмпектің алдыңғы жұп төмпегінің сұрзаты — афференттік қыртысасты көру рефлекстерінің, ал артқы жұп төмпегінің сұрзаты тепе- теңдік және есту рефлекстерінің орталықтарын түзеді.

Ортаңғы мидың сұрғылт заты құрамына төрт төмпешік,қара зат,қызыл ядро III және IV жұп ми жүйкелерінің ядролары мен торлы құрылым кіреді.Төрт төмпешік пен көз алмасын қозғайтын жүйке (III жұп)ядролары ортаң,ы мидың сырт жағында,ал ішкі жағында қара зат,қызыл ядро және IV жұп шығыршықтың жүйке нейрондары орналасқан.Көз алмасын қозғайтын III жұп аралас жүйке тармақтары арасында көздің қиғаш еттерінен басқа еттерді жиырылтатын қозғалтқыш талшықтармен қатар көз еттерінен орталыққа тебетін сезімтал жүйке талшықтары бар .Төрт төмпешік алдыңғысы көру қабылдағышыштарының тітіркенуіне байланысты қимылдарды жүзеге асыратын орталық.Бұл орталыққа серпіністер көру жүйкесінің бұтақтары арқылы жетеді(мысалы көздің,бастың,дененің жарық түскен жаққа бұрылуы). Қызыл ядро орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдерімен және ми қыртысымен тығыз байланысқан.Ол қаңқа еттерінің тонусын реттейтін қозғалыс орталық. Мысалы Миды қызыл ядродан төменірек жерден кессе,мысықта децеребрациялық мелшию (құрысу) белгілері пайда болады:мысықтың басы қақшиып шалқаяды,жотасы созылып,тікірие сіресіп қатаяды,құйрығы тік көтеріледі.

Қара зат. Нейрондарынан қара пигмент көп болғандықтан ядро қара болып көрінеді.Мұның қызметтің маңызы осы күнге дейін анықталмаған.Дегенмен оның қыртыс және қыртыс астындағы түпкі ядролар торлы құрылыммен бірге қаңқа әсіресе саусақтардың нәзік және нақты қимылдарын қамтамасыз ететін еттердің тонусын реттейтіні анықталды.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 9678 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2026 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.264 с)...