Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Німді өндіріп өткізу шығындары мен корпорацияның басқа да шығыстары



Барлық ақша шығыстарының экономикалық мазмұнына сүйеніп оларды 3 топқа бөлуге болады: пайда олармен байланысты шығыстар, пайда алумен байланысты емес шығыстар, мәжбүрлік шығыстар.

Пайда алумен байланысты шығыстарға өндірістік процесті, жүргізуге, өнімді сатуға кететін шығындар, жұмыс атқаруға, қызмет көрсетуге қиығындар, инвестициялылар жатады.

Пайда алуға байланысты емес шығыстарға тұтыну сипатындағы шығыстар, сонымен бірге қайырылуылық және гуманитарлық мақсаттарға жұмсалатын шығыстар жатады. Бұл топқа сый ақыны, мемлекеттік емес сақтандыру қорғаларға аударуларды, әлеуметтік-мәдени сфераны дамытуға шығындарды жатқызу болады. Осы шығыстардың түрі компания имиджін қалыптастырып, оның табыстылығына жалама түрде әсер етуі мүмкін.

Шығыстардың 3-ші тобына – мәжбүрлікке – салық төлемдері бюдежттке тыс мемлекеттік қорларға аударулар, міндетті сақтандыру, резервтерді қалыптастыру бойынша шығыстар, айып пұл дар жатады.

Пайда алумен тікелей байланысты шығындар материалдық шығындардан, төлемақыға шығындардан, қосымша шығындардан (накладные) инвестициядан тұрады.

Материалды шығындар – шикізат және материалдарға, жартылай фабрикаттарға, отынға және энергияға шығындар ж.б. тұрады. Әдетте, бұл шығыстар кәсіпорын шығыстарында ең көп үлесті құрайды.

Материалдық шығыстардың құнын анықтау үшін шығыстардың құнын анықтау үшін олардың сатыпалынған бағасы (жанама салықтарды есептемей) негіз болып табылады. Шот фактурада көрсетілген сатып алынған материалдардың бағасы олардың базалық өзіндік құнын құрайды. Оған тасмалдар, жеткізу және сақтау бойынша шығыстар қосылады. Егерде материалдық запастар импортталатын болса, онда олардың базалық өзіндік құны кезендік баждар көлеміне және басқада кедендік шығыстар көлеміне өседі.

Қосымша шығындарға әкімшілік – басқару шығындарын, арендалық төлемді бейматериалдық активтердің амортизациясын, қосалқы өндірістік шығындарын және т.б.

Өнім өндірісі мен сатуға шығындар есеп беру белгісі бойынша өндірілген өнімнің бірлігіне жатқызу бойынша классификацияланады.

Есеп беру белгісі бойынша классифкацияланған шығындарды өнімнің өзіндік құнына спецификациялық тәсілдер мен жатқызылады. Олар өнімі сатудан түсетін пайданың қалыптасуына да, салық салынатын пайданың да қалыптасуына ықпал етеді.

Кәсіпорын шығындарын есеп жүргізу белгісі бойынша бөлу заңмен белгіленедң. Салық төлеушілердің өндім өндіру мен сатуға кететін шығындарды есепке алудың белгілі бір принциптері мен ережелерін мемлекеттік белгілейді.

Нормативті акттерге сәйкес өнімнің өзіндік құнына қосылатын шығындар 5 негізгі белгілер бойынша есепке алынады, материалдық шығындар, еңбек ақыға шығындар, әлеуметтік мұқтаждықтарға аударулар, негізгі қорлардың амортизациясы және т.б. қалған шығындар бойынша (прочие затраты).

Шикізатты материалды және сатып алуға кеткен кәсіпорынның ақша шығыстары тек сатылған өнім көлемінде ғана компенсацияланады қалған бөліктері сатылмай қалған дайын өнім мен қоймадағы сапастарда қалып қалады.

Еңбек ақыға шығындар, керісінше, жақты есепке алынған кезде кәсіпорын айқын ақша төлемдерін (реальные денежные выплаты) жүргізуіне байланыссыз өнімнің өзіндік құнына құрамына қосылады.

Әлеуметтік мұқтаждықтарға аударулар – бұл міндетті әлеуметтік сақтандыру бойынша төлемдер және әлеуметтік сақтандыру бойынша тыс қоршаға аударулар (Зейнет қоры, Халықтық жұмыстылықтың мемлекеттік қоры, Міндетті медициналық сақтандыру қоры). Аударудың мөлшерлері заң жүзінде төлем ақы қорына процентпен есептелінді. Әлеуметтік мұқтаждыққа аударуларды өнімнің өзінің құнына қаражатты төлем ақыға есептеу кезінде нақты төленіп берілуіне байланыссыз жатқызылды.

Негізгі қорлардың амортизациясы осы қорлардың баланстық құқына бегіленген нормалар бойынша өнімнің өзіндік құнына қосылады.

Тағы басқа қаған шығындарға командировка, өкілдік (представление) шығыстар, жарнамаға шығындар, қысқа мерзімді банктін несиенің, проценттері жатады. Мұндай шығындарға екі түрлі жабу тәсілі тән заң жүзінді белгіленген көлемде оларды өнімнің өзінің жатқызады, ал нормадан артық шығыстарды салық төлегеннен кейін кәсіпорынның өзінде қалатын пайда есебінен жабылады.

Сонымен қатар осы шығында тобынан (прочие затраты) жекелеген салық түрлері төлемдер, арнайы бюджеттен тыс қорларға аударулар, арендалық төлемдер, әкімшілік шығыстар, жөндеу қорларын қалыптастыру бойынша шығындар, бейматериалды, активтер бойынша амортизациялық ауларулар және т.б. шығындар жатады. Шығындар әр бір элементі үшін жабудың өзінің ережелері бар.

Өндірілетін өнімнің біреуіне шығындары жатқызу тәсілі бойынша тұрақты және айнымалы шығындарға бөледі.

Айнымалы шығындар өндірілетін өнім көлеміне тік пропорционалды. Бұл шикізатқа, материалдарға, технологиялық отынға және энергияға шығындар, еңбекке кесімді ақы (сдельная з/п) және т.б. шығындар.

Тұрақты шығындар өндірілетін өнім көлемінің өзгерісіне байланыссыз. Бұл әкімшілік – басқару шығындары, уақыт бойынша төленетін еңбек ақы, амортизация, шаруашылық шығыстар арендалық төлемдер және т.б.

Шығындарды тұрақты және айнымалыларға бөлу өнімнің өзінің жоспарлау үшін және оған сәйкес сату бағасын дұрыс белгілеу үшін қажет.

Өнім өндіруге және сатуға шығындарды жоспарлау ең алдымен кәсіпорынның оптималды бағалық саясатын анықтау үшін қажет. Бұл жердегі міндетті шартт айналым және тұрақты шығындарды бөлектеп жоспарлау және өндірістік запастардың ең үнемді көлемін анықтау.

Тұрақты экономикалық жағдайда айнымалы шығындарды жоспарлау қиынға түспейді және өзара толықтырылатын екі әдіспен жүргізіледі:

- бір өнімге кететін шығындардың эмпиристік нормалар бойынша;

- өткен уақытта өнімнің өзінің туралы нақты мәліметтер бойынша.

Бір өнімге айнымалы шығындардың қорларын белгілеу шығындардың жалпы несиелік анықтауға мүмкіндік береді.

Айнымалы шығындардың тұрақты құны кезінде олардың жалпы келесі формула бойынша есептелінеді.

С = Н х В

С – акция түріндегі айнымалы шығындардың жоспарлы сомасы;

Н – ақша түріндегі бір өнімге кететін шығындар нормасы;

В – натуралды өлшеудегі өнім өндірісінің жоспарлы көлемі

Егерде жоспарлау кезінде есептегі кезеңнің нақты мәліметтерін сүйенуге мүмкіндік болса, онда айнымалы шығындардың жоспарлы көлемі келесі түрі бойынша есептеліну мүмкін:

Впл

Спл = Ср

Вф

Спл – айнымалы шығындардың жоспарлы сомасы;

Сф – есептегі кезеңдегі айнымалы шығындардың нақты сомасы;

Впл – натуралды өлшемдері есептегі кезеңнің нақты өндіріс көлемі

Шығындар, өнімнің өзіндік құны маңызды экономикалық категориялар б.т. Олардың деңгейі көп жағдайда к/о-ның пайдасының және рентабельдігінің деңгейін анықтайды.

Кез келген өнім өндіру, жұмыстар жасау және қызметтер көрсету белгілі бір шығындармен байланысты.

«Шығындар» ұғымы өндіріс шығындарының туындауына байланысты активтердің (материалдардың, ақша қаражаттарының) азаюын немесе міндеттемелердің (көбіне несие қарыздарының) көбеюін білдіреді.

Кәсіпорынның өндіріске және өнімді өткізуге арналған шығындары ақшалай түрде өнімнің өзіндік құнын құрайды.

Өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындарды жоспарлау, есептеу және талдау кезінде шығындарды топтастырудың мынадай түрлері қолданылады:

- шығындар туындайтын орындары (өндірістер, цехтар, учаскелер және т.б.) бойынша;

- жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер түрлері бойынша;

- шығындардың түрлері (шығындардың баптары мен элементтері) бойынша.

Шығындар шартты-тұрақты және шартты өзгермелі болып бөлінеді. Шартты-тұрақты шығындарға өнім шығару көлемі өзгерген кезде мөлшері өзгермейтін шығындар жатады. Бұл шығындар өндірістік жайларды жылытуға және оларға жарық, беруге арналған шығынлар, жалпы өндірістік қызметкерлердің жалақысы, негізгі құрал – жабдықтардың амортизациясы материалдық емес активтердің төзуы және т.б.

Шартты-өзгермелі шығындарға өнім өндіру көлемнің өзгеруіне сәйкес ұлғайтып немесе азайып отыратын шығындар жатады. Бұл шикізат пен негізгі материалдардың, технологиялық энергиямен отынның жұмсалуы, өндіріс жұмысшыларының жалақысы және т.б.

Бұдан басқа, өндіріс процесіне тиістілігі жағынан шығындар өндірістік (өндіріс процесі барысындай туындайтын) және өндірістен тыс (тауарларды өткізумен байланысты) шығындар болып бөлінеді.

Міндеті бойынша шығындар негізгі және ұстеме шығындар болып бөлінеді. Өнімнің өзіндік құнына енгізк әдісі бойынша шығындар тікелей және жанама шығындарға бөлінеді.

Өнімнің өзіндік құны өнім өндіру процесінде пайдаланылатын табиғи ресурстардың, шикізат пен материалдардың, негізгі қорлар мен еңбек ресурстарының, сондай-ақ басқа да өндіріс шығындарының құндық (ақшалай) бағасын білдіреді. Өзіндік құнды қалыптастыратын шығындар өзінің экономикалық мазмұнына қарай келесі элементтер бойынша топтастырылады: материалдық шығындар, еңбек ақы төлеу шығындары, әлеуметтік аударымдар, негізгі қорлардың амортизациясы, басқадай шығындар.

Материалдық шығындар өнімнің өз құнынды маңызды орынға. Оған жататындар: шикізат, негізгі материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар, отын, энергия және т.б. Еңбекке ақы төлеу шығындары өнімнің өзіндік құнындағы қажетті адам еңбеніе сипаттайды. Еңбекке ақы төлеу шығындарының құрамына мыналар енгізіледі:

1) К/о қабылдаған еңбек ақы төлеу формалары мен жүйелеріне сәйкес кесінді бағаларды, тарифтік ставкаларды, қызметтік айлық ақыларды негізге ала отырып есептейді.

2) Ынталандыру сипатындағы төлемдер

3) Жұмыс режимі және еңбек жағдайларымен байланысты төлемдер

4) Қайданыстағы заңдарға сәйкес кезекті және қосымша демалыстарға ақы төмен

5) Қолданыстағы заңдарға сәйкес сіңерген еңбек жылдары үшін бір реттік сыйақылар төлеу.

Негізгі қорлардың амортизациясы. Негізгі қорларды толық қалпына келтіру, өзіндік кұнға қорлардың баланстыө құны және әрекеттегі амортизациялық аударымдар нормалары негізінде анықталған сомаларды жатқызылады.

Басқадай шығындар құрамына: салықтар мен жиналыстар, арнайы қорларға аударымдар, материал бойынша төзу салалары, кредит бойынша пайыздарды төлеу және т.б.

Өнімнің өзіндік құнына енгізілген шығындар жиынтық өнімнің өндірістік өзіндік құнын құрайды. Ал егер өндірістік құннан анықталмаған өндіріс қалдықтары өзгерсін алып (немесе қосақ) тауарлық өнімнің өндірістік өзіндік құны анықтамалады. Сонан соң бұған өндірістен тыс шығындарды қоссақ тауарлық өнімнің толық өзіндік құнын аламыз. Жоспарлау, есептеу және бөлістіру әдістері бойынша шығындар:

- экономикалық элементтер бойынша – шығындардың сметалық бөлігі

- калькуляция баптары бойынша бөлінеді.

Шығындарды экономикалық элементтері бойынша топтау өндіріс және өнгімді өткізуге арналған шығындар сметасына айқындалады.

Шығындар сметасына келісідей элементтер жатады:

1) Шикізат, негізгі материалдар сатып алынған жартылай фабрикаттар, жабдықтаушы бұйымдар

2) көмекші және басқадай материалдар

3) шеттен алынған отын

4) шеттен алынған энергия

5) негізгі және қосымща еңбек ақы

6) әлеуметтік аударымдар

7) негізгі қорлардың амортизациясы

8) басқадай ақшалай шығындар

Шығындар стемасы бойынша жиынтық өнімнің өзіндік құны, аяқталмаған өндіріс қалдықтарының өзгерісі есептеледі.

Калькуляция баптары бойынша шығындарды бөлістіру өнімнің бір бірлігінің өзіндік құнын анықтауға, шығындарды ассортименттік топтар бойынша бөлуге, шығындарды төмендету резервтерін анықтауға мүмкіндік береді. Калькуляция баптары бойынша топтағанда шығындар оларды пайдалану бағыттары және пайда болу орны бойынша біріктіріледі.

Шығындарды калькуляция баптары бойынша топтауға келесілер жатады:

1) шикізат негізгі материалдар, жартылай фабрикаттар, жабдықтаушы бұйымдар;

2) көмекші материалдар

3) технологиялық мақсаттағы отын

4) технологиялық мақсаттағы энергия

5) өндірістік жұмысшылардыі негізге еңбек ақысы

6) өндірістік жұмыстың қосымша еңбек ақысы

7) өндірістік жұмысшылардың еңбек ақысы жүргізілетін әлеуметтік аударымдар

8) бұйымды ұстау мен пайдалануға шығындар

9) жаңа өндірісті әзірлеуге және игеруше бойынша шығындар

10) цехтың шығындар

11) жалпы өндірістік шығындар цехтың өзіндік кұн

12) ақаудан брак шығындар тауарлық өнімнің өндірістік өзіндік құны

13) өндірістік тыс шығындар тауарлық өнімнің толық өзіндік құны

Калькуляция дегеніміз өнімнің, атқарылған жұмыстар мен қызметтердің бірлігінің өзіндік құнын есептеу б.т.

Өндірісті ұйымдастыру ерекшеліктері мен технологиясына бапты өндірістегі шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың бірнеше әдістері қолданылады. Калькуляциялаудың қарапайым, тапсырыстық, нормативтік, қайта жасау әдістері қолданылады.





Дата публикования: 2015-01-15; Прочитано: 1134 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.013 с)...