Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

The Infinitive



§16. Ағылшын тілінде инфинитив жақты, шақты,райды көрсетпей істің іске асуын тек қана атайтын етістіктің жіктелмеген формасы. Инфинитив не істеу? не жасау? деген сұрақтарға жауап береді.

Инфинитив“to” болшегімен және “to” бөлшегінсіз.

“Тo” болшегінің жеке мәні болмайды және екпін қабылдамайды.

Мысалы: To buy – сатып алу, to sellсату.

Инфинитив “to” бөлшегінсіз қолданылады:

1. Модальдық етістіктен кейін:

Мысалы: He can speak German.

Ол немісше сөйлей біледі.

2. to make мәжбур ету және to let руксат ету етістіктерінен кейін:

Мысалы: I made him read this story.

Мен оны бұл әңгімені оқуға мәжбүр еттім.

She let her son go there.

Ол өзінің баласына онда баруға рұқсат етті.

3. Oбъектік септеу инфинитивпен құрылымында, to see, to hear, to watch деген етістіктерден кейін:

Мысалы: We saw him cross the street.

Оның көшеден өтіп шыққанын біз көрдік.

I heard him sing.

Мен оның өлең айтқанын естідім.

4. Егерде сөйлемде екі инфинитив болса олар “ and” немесе “or” шылауымен байланысады.

Мысалы: He promised to telephone or wire.

Ол телефон соғуға немесе телеграмма беруге уәде берді.

Негізгі етістік (инфинитив) нысандары.

Өзінен кейін тура толықтауыш қабылдайтын инфинитивтің негізгі етісте төрт формасы, ырықсыз етісте екі формасы бар. Өзінен кейін тура толықтауышты қабылдайтын инфинитивтің негізгі етісте тек екі формасы бар.

  Етіс Ырықсыз етіс
Indefinite жай   To ask   To be asked
Continuous нақ   To be asking   ––––––––––––––––
Perfect аяқталған   To have asked   To have been asked
Perfect Continuous Аяқталған нақ     To have been asking     ––––––––––––––

Ағылшын тілінде ең көп қолданылатын формалары - Indefinite Infinitive Active және Passive. Қалған инфинитив нысандары өте сирек қолданылады. Олардың ішінде басқаларына қарағанда жиірек қолданылатын Perfect Infinitive.

Негізгі етістік формаларының құрылуы және қолданылуы.

Indefinite Infinitive Active (to ask) көмекші етістіксіз құрылған формасы. Indefinite Infinitive Passive (To be asked) “to be” көмекші етістігі және негізгі етістіктің Past Participle нысаны арқылы құрылған формасы. Indefinite Infinitive (Active, Passive) келесі қызметтерді атқарады:

1. Бастауыш функциясында:

Мысалы: To bath in the Black Sea is very pleasant.

Қара теңізде шомылу өте жанға жайлы.

2. Атаулы күрделі баяндауыш құрамында.

Бұл функцияда негізгі етістік “to be” жалғаушы-етістікпен қолданылады. Мысалы: The duties of a postman are to deliver letters and newspapers.

Почтальонның міндеті газеттер мен хаттарды апарып беру.

3. Етістікті күрделі баяндауыштың құрамында:

1) Модальдық етістікпен байланысып.

Мысалы: She must get up early.

Ол ерте тұру керек.

2) Сын есім және жалғаушы етістікпен байланысып:

Мысалы: He is ready to help you.

Ол сізге көмектесуге дайын.

4. Тура толықтауыш функциясында:

Мысалы: He began to learn English last year.

Ол ағылшын тілін үйренуді өткен жылы бастады.

5. Анықтауыш функциясында:

Мысалы: We have intention to go there.

Бізде онда баруға ниет бар.

6. Пысықтауыш функциясында:

Бұл функцияда инфинитив көрсетеді:

1. Мақсат. Сөйлемде инфинитив алдында so as немесе in order деген жалғаулықтар тұруы мүмкін:

Мысалы: We stopped there so as to rest a little.

Біз онда сәл демалуға тоқтадық.

2. Нәтиже (too, enough)

Мысалы: It is too cold to bathe today.

Шомылуға бүгін өте салқын.

@ Exercise 1.

Put “to” before the infinitive:

1.He can …. speak German very well. 2. I am very glad …. see you. 3. She asked me …. ring him up and tell him about it. 4. This work must …. be done at once. 5. I am not sure that this work can …. be done in such a short time. 6. My son asked me …. let him …. go to the theatre. 7. Let me …. help you with your work. 8. I don’t know what …. tell him. 9. We have come …. ask you about it. 10. I made him …. read this story. 11. I saw her …. leave the room. 12. I intend …. ring him up and …. Ask him about it. 13. You must …. make them …. Learn this rule. 14. Did you her …. ask the teacher about it? 15. We heard her …. come downstairs.

@ Exercise 2.

Put “to” before the infinitive where it is necessary:

1. I like … play the guitar. 2. My brother can … speak French. 3. We had … put on our overcoats because it was cold. 4. They wanted … cross the river. 5. It is high time for you … go to bed. 6. May I … use your telephone? 7. They heard the girl … cry out with joy. 7. They heard the girl … cry out with joy. 8. I would rather … stay at home today. 9. He did not want … play in the yard any more. 10. Would you like … go to England? 11. You look tired. You had better … go home. 12. I wanted … speak to Nick, but could not … find his telephone number. 13. It is time … get up. 14. Let me … help you with your homework? 15. I was planning … do a lot of things yesterday. 16. I’d like … speak to you. 17. I think I shall be able … solve this problem. 18. What makes you … think you are right? 19. I shall do all I can … help you. 20. I like … dance. 21. I’d like … dance. 22. She made me … repeat my words several times. 23. I saw him … enter the room. 24. She did not let her mother … go away. 25. Do you like … listen to good music? 26. Would you like … listen to good music? 27. That funny scene made me … laugh.

@ Exercise 3.





Дата публикования: 2015-01-04; Прочитано: 5999 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...