Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жетілдіру жолдары



Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауында былай айтылып кеткен: «Қазір бүкіл әлем жұртшылығы экономикалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалта бастағанын бәріңіз көріп, біліп отырсыздар. Дағдарыс салқыны бізді де айналып өткен жоқ.

Қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін біз банктерге қосымша өтімділік бердік. Бұл шағын және орта бизнестің, ірі кәсіпорындардың экономикалық белсенділігін қамтамасыз ету үшін жасалды.

Жеке тұлғалардың салымдары бойынша кепілді өтеудің сомасы 700 мыңнан 5 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды. Мемлекет сыртқы қарыз алумен және меншік капиталының жеткіліктілігімен байланысты банк секторының тәуекелдерін төмендетуге көмектесті».

2007 жылдың екінші жартысында басталған әлемдік қаржы нарықтарындағы тұрақсыздық Қазақстанның даму қарқынына әсер етті. Бұл отандық банктердің сыртқы қаржылық ресурстарды тарту мүмкіндіктерін төмендетуде, ал ішкі экономикаға кредит беру көлемін қысқартуда көрінді. Бұдан басқа, әлемдік нарықтағы азық-түлік тауарлары бағасының шапшаң көтерілуі салдарынан экономикаға инфляциялық қысымды едәуір күшейтті. Қазіргі таңда банктердің өтімділігінің төмендеуіне байланысты Қазақстан да Әлемдік Қаржы дағдарысының шырмауына ілініп отыр. Осыған байланысты қаржы дағдарысының әсері жайлы туралы айта кетсек. Негізінен көптеген жағдайларда дағдарыстың пайда болуы экономиканың белгілі бір секторына шамадан тыс көңіл бөлінуі мен дамуы. Ол сектордың қарқынды дамуы ұзақ мерзімді өсу деңгейінен ағымдағы көрсеткішінің ауытқу феномені арқылы анықталады. Қазақстанда да осы жағдай байқалды. 2007 жылдың ортасына қарай банк секторының дамуы 1,07 болды, ол басқа секторлармен салыстырғанда 3 есе артық. Ол сыртқы елдердің макроэкономикалық фоны мен мұнай-газ секторының дамуы нәтижесінде банк секторы қарқынды дамыды. Сонымен қатар, теңгенің тұрақты бағамын басқа валюталар қатарында құнын сақтау нәтижесінде тұтынушылардың сенімін жоғарылатты. Ол өз кезегінде банк жүйесінде депозиттердің өсімін арттырды.

Таяуда өткен ІІ Астана экономикалық форумында бүгінгі таңдағы жаһандық қаржы дағдарысынан шығудың жолдарын табу, қаржылық тапшылық уақытында қалай әрекет жасау, қандай экономикалық жүйеге өтіп, нені басшылыққа алу керек деген көптеген мәселелер талқыланды. Бұл екі күнге созылған әлемдік форумның басым бөлігі – қазір көпшіліктің аузында жүрген исламдық қаржы жүйесі тақырыбын талдауға арналды. Аталған форумға көптеген исламдық қаржы мамандары – атап айтқанда, Ислам Даму Банкінің президенті Ахмад Мұхаммед Әли әл-Мадани, ИДБ Исламдық зерттеу және оқыту институтының ғылыми кеңесшісі Умер Чапра, Малайзиядағы Халықаралық Ислам Университетінің деканы Ахамед Камил Мейдин Меера,

Халықаралық «Алтын динар» кеңесінің Президенті Омер Ибраһим Вадилло, т.б. ғалымдар қатысты. «Еуразияның жаһандық қатерлер жүйесіндегі эконмикалық қауіпсіздігі» деп аталған форумның бірінші күнгі отырысына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев қатысып, сөз сөйледі. Елбасы күллі адамзат баласын толғандырып келе жатқан жаһандық экономикалық қауіпсіздік мәселелерін жан-жақты талқылап, жаңа ұсыныс-пікірлерін білдіріп, дағдарыс уақытында біздің елімізде қолға алынып жатқан іс-шаралар жөнінде айтты. Бүгінгі күні жасалынып жатқан дағдарысқа қарсы күрес шараларына Қазақстанның 18 миллиард АҚШ доллары көле-мінде қаражат бөлгендігін атап өтті. Бұл – еліміздің жалпы ішкі өнімнің 14 пайызын құрайды.

Елбасының пікірінше, дағдарыстан шығуға септігін тигізетін қолға алынуы тиіс шаралардың бірі – жаңа әлемдік валюта қабылдап, оны қолданысқа енгізу. «Біз, іс жүзінде валюталық-қаржылық интеграциялық бірлестік құруға кірісуге тиіспіз. Оның өз ішінде біртұтас мемлекетаралық ұлтүстілік (наднациональный) қолма-қол ақшасыз тұрақты есеп айырысу-төлем бірлігі енгізілуі мүмкін. Оның бағамы әлемдік валюта ауытқуларына тәуелді болмауы тиіс. Жаңа валюта жүйесі қалыптасқан валюталық жүйелерді бұзбастан, тұрақты ұзақ мерзімді және инфрақұрылымдық инвестициялауды жүргізуге мүмкіндік береді. Мұндай мемлекетаралық ұлтүстілік электрондық есеп айырысу-төлем бірлігі «еураз», «еуразий» немесе мен бұрын ұсынғандай, «алтын» деп атала алар еді»,– деді Н.Назарбаев. Елбасының жаңа әлемдік валютаны айналымға енгізу туралы ұсынысымен қатар, кейінгі жылдары исламдық қаржы жүйесіне жіті көңіл бөлуі үстіміздегі жылдың 12 ақпан күні «Ислам банктері туралы» ҚР Заңының қабылдануына түрткі болғаны рас. Расында, бүгінгі күні көптеген экономика мамандары қаржы дағдарысынан алып шығатын қолайлы жолды исламдық экономикадан іздеуге кіріскен. Өйткені, дәстүрлі батыстық экономика үлгісі қазір тығырыққа тірелді. Қарызға белшесінен батқан батыс банктері қай жақтан көмек келер екен деп жалтақтауға көшкен. Бірақ, әне-міне аяқталады деген дағдарыс тұңғиығының түбі көрінбей, керісінше, тереңдеп бара жатқан сыңайлы. Мамандардың пікірінше, бұл дағдарыс бұрынғы дағдарыстардан өзгерек және ол кемінде әлі 3-4 жылға созылуы мүмкін. Ал ислам экономистерінің айтуынша, тек исламдық қаржы жүйесін дамытып, ислам банктерін ашу арқасында ғана бұл дағдарыс дүмпуінен құтылуға болады.

Жаһандық қаржы дағдарысы кезінде алдымен батыстық үлгідегі банк жүйесі қатты зардап шегіп отыр. Жалпы, дағдарыс та осы банктерден басталған. Бұған олардың шектен тыс мөлшерде қарыз беруі мен артынша оның үстеме пайыз көрсеткішін тым қатты өсіріп жіберуі себеп болды. Экономиканың әлеуетін есепке алмастан үстеме пайыздың шектен тыс жоғары көтерілуі жаппай дағдарыс жағдайына алып келді. Бұл – Ислам дінінде тыйым салынған «пайыздық несиені» қолданудың кесірінен орын алғанын көреміз. «Ауаны (яғни жоқ нәрсені) сатуға болмайды, тек қолыңда не бар, соны ғана сата аласың,– деген пікірін айтты бұл жөнінде Ислам Даму Банкінің президенті

Мұхаммед Әли Астана форумында.– Ислам қаржы жүйесі бұл дағдарыстан зардап шеккен жоқ. Керісінше, ислам банктерінде өсім байқалады. Өйткені, исламдық қаржыландырудың негізі берік, оның табысы үстеме пайызға бағынышты емес. Бірақ, қазіргі дағдарыстың барлық проблемаларын шешу үшін исламдық қаржы жүйесі әлі шағын болып отыр. Бұл – жеке-дара емес, аймақтық, құрлықтық, әлемдік деңгейде бірлесіп шешетін дағдарыс. Сондықтан, исламдық қаржы жүйесін кеңінен насихаттап, бұған елдерді тарту керекпіз»,– деді ол.

Міне, осы себептерге орай, елімізде «Ислам банктері туралы» Заңның қабылдануы мен ІІ Астаналық экономикалық форумда исламдық қаржы жүйесіне басым көңіл бөлінуі дағдарыстан шығар жолдың осында жатқандығын аңғарса керек. Ресми деректер бойынша, қазіргі кезде Әбу-Даби қорында шетелдік нарықты қаржыландыруға күші бар 800 млрд АҚШ доллары сақтаулы. Соның ішінде, исламдық банк иелеріне тиесілі қаражат – 750 млрд доллар. Оның үстіне, исламдық қаржыландыру жыл сайын 15-20 пайыз өсім көрсеткішіне ие болған әлемдегі ең жедел, әрі жылдам өсуші сала. Исламдық банкингті дүние жүзінің 400-ден астам қаржылық құрылымдары тәжірибеден өткізуде. Бүгінде, тіпті, өзге дінді ұстанатын мемлекеттердегі экономика ма-мандарының өзі дағдарыстан ис-лам экономикасы ғана құтқара алатынын мойындай бастаған. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Дағдарыстан шығу кілті» атты мақаласында бұл жөнінде: «Егер біз бүгінгі қаржы жүйесінің кемшіліктерін анықтап алмасақ, онда ол алдағы уақытта жаңа дағдарыс дауылдарының жиілеп соғуына әкеледі және оның шығыны біз үшін бұдан да үлкен болуы ғажап емес»,– дейді. Ал шариғат талаптарына негізделген экономика жүйесі қаржы дағдарысына соқтықпауға толық мүмкіндік береді.

Бір айта кетер мәселе, форум барысында біз ислам банктері жүйесінің өзі де әлі даму сатысында екеніне көз жеткіздік. Түбінде ислам экономикасы бұдан да жоғары, бұдан да таза жүйеге көтерілетін болады. Міне, бұл басқосу сол мақсатқа бағытталған бір шара болды.

Бүгінгі әлемдік экономикалық дағдарыстың басты себебі – ол банктердің кінәсі. Олар өздеріндегі қомақты қаражаттың бәрін әркімге несиемен таратып жіберді. Енді бұл ақша екі-үш есе болып өздеріне қайту керек емес пе? Ал оған экономиканың күші жетпей қалды. Сондықтан, дағдарыс ең алдымен банктерге қатты соққы болып тиюде. Сосын банктер арқылы қоғамның бар саласына жайылып кетті.

Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық Банкі мен Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі әлемдік қаржы және тауар нарықтарындағы тұрақсыздықтың теріс салдарын жұмсартуға бағытталған бірінші кезектегі шаралар кешенін жедел қабылдады және іске асырды. Өтімділіктің жаһандық тапшылығын тудырған қаржы дағдарысының екінші толқыны әлемдік қаржы жүйесінің шеңберінен шықты және нақты секторға едәуір теріс әсер етті. Осының нәтижесінде әлемдік экономиканың өсу қарқынының едәуір және, ізінше, тауарлар мен қызмет көрсетулерге жаһандық сұраныстың баяулауы байқалады.

Бұл отандық экономиканы тұрақтандыру және оңалту жөнінде жаңа қосымша шаралар қабылдауды талап етеді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық Банкінің және Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2011 – 2012 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары (бұдан әрі – Жоспар) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау үшін әзірленді және жаһандық дағдарыстың Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ахуалға теріс салдарын жұмсартуға және болашақтағы сапалы экономикалық өсу үшін қажетті негізді қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін айқындайды.

Осы шараларға қосымша өтімділік тапшылығының проблемасы жедел шешілді және ұлттық банк жүйесінің келесі сыртқы қауіптерге дайындығының қажетті деңгейі қамтамасыз етілді.

Бірінші кезекті шаралар кешенін іске асыруды ескере отырып, ағымдағы жылдың 9 айы ішінде ЖІӨ-нің өсуі шамамен 4%-ды құрады. Жұмыссыздық деңгейі төмен деңгейде тұр және 7%-дан аспайды. Тұтыну бағаларының өсуін тұрақтандыру мүмкіндігі туды. Ағымдағы жылғы 10 айда инфляция деңгейі 8,8%-ды құрады, бұл жылдық болжамның кемінде 10%-ына сәйкес келеді. Қазақстандық банктер өздерінің ішкі және сыртқы міндеттерін ойдағыдай орындауда. Екінші деңгейлі банктердің экономиканы кредиттеуі өткен жылдың соңындағы деңгейде сақталды. Ағымдағы жылдың 10 айы ішінде банктердегі депозиттер 21,8%-ға дерлік, оның ішінде, халықтың депозиті 2%-ға ұлғайды.

Ағымдағы жылдың басынан бастап Үкімет, Ұлттық Банк пен Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі ішкі және сыртқы нарықтағы экономикалық жағдай мониторингін күшейтті және қосымша бірқатар шараларды қарастырды.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы әзірленіп, қабылданды, онда қаржы ұйымдарының қасақана төлем қабілетсіздігіне дейін жеткізгені үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік шаралары қатаңдатылды. Үкімет белгіленген пруденциалдық нормативтерді бұзып отырған қаржы ұйымдарының қызметіне араласуға қажетті нарық құралдарын ала отырып, банктің акцияларын мәжбүрлеп сатып алуға құқық алады. Өз кезегінде, банктерге шығарылған облигацияларды және құрылатын Стресті активтер қорының акцияларын мерзімінен бұрын сатып алу құқығы берілді.

Банктерге деген сенімді сақтап қалу мақсатында заңда жеке тұлғалардың салымдары бойынша кепілді қайтару сомаларын бұрын көзделген 700 мың теңгеден 1 миллионға дейін, ал 2012 жылға дейін (3 жыл ішінде) - 5 млн. теңгеге дейін ұлғайту көзделген.

Ағымдағы жылдың 18 қарашасынан бастап ішкі міндеттемелер бойынша ең кіші резервтік талаптар 5%-дан 2%-ға дейін, ал өзге міндеттемелер бойынша 7%-дан 3%-ға дейін төмендетілді. Бұл банктерге олардың ресурстық базасын шамамен 350 млрд. теңге көлемінде ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Бағдарламаның мақсаты Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға ғаламдық дағдарыстың теріс салдарын жұмсарту және болашақта сапалы экономикалық өсу үшін қажетті негіздерді қамтамасыз ету болып табылады.

Мақсатқа жету үшін Үкімет, Ұлттық Банк пен Қаржылық қадағалау агенттігі мынадай бес бағытта шоғырланатын болады.

1. Қаржы секторын тұрақтандыру

2. Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу.

3. Шағын және орта бизнесті қолдау.

4. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту.

5. Инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру.

Жобаны қаржылық қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының 10 млрд. АҚШ доллары (1 200 млрд. теңге) көлеміндегі қаражат пайдаланылатын болады. Олар мыналарға бағытталатын болады:

1) қаржы секторын тұрақтандыруға – 4 млрд. АҚШ доллары (480 млрд. теңге);

2) тұрғын үй секторын дамытуға – 3 млрд. АҚШ доллары (360 млрд. теңге);

3) шағын және орта бизнесті қолдауға – 1 млрд. АҚШ доллары (120 млрд. теңге);

4) агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға – 1 млрд. АҚШ доллары (120 млрд. теңге);

5) инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға – 1 млрд. АҚШ доллары (120 млрд. теңге).

Үкімет, Ұлттық Банк, Қаржылық қадағалау агенттігі, «Самұрық-қазына» ұлттық әл-ауқат қоры (бұдан әрі – «Самұрық-Қазына» қоры) және «ҚазАгро» ұлттық холдингі (бұдан әрі – «ҚазАгро» холдингі) осы қаражаттың нысаналы және тиімді жұмсалуына тұрақты мониторинг пен бақылауды қамтамасыз етеді.

Жоспарды іске асыру бойынша Үкіметтен негізгі оператор болып «Самұрық-Қазына» қоры шығатын болады. Ол үшін Үкімет «Самұрық-Қазына» қорын 607,5 млрд. теңгеге қосымша капиталдандыруды жүзеге асырды.

«Самұрық-Қазына» қоры мен «ҚазАгро» холдингі тиісінше 4 млрд. АҚШ доллары және 1 млрд. АҚШ доллары сомасына облигация шығару жолымен Ұлттық қордан қарыз алуды жүзеге асырады. Бұл үшін Ұлттық қордың инвестициялық саясатына өзгерістер енгізілетін болады.

Экономикалық өсу қарқынының төмендеуі жағдайында Үкімет контрциклдық бюджет саясатын, ал Ұлттық Банк - жағымды ақша-кредит саясатын жүзеге асыратын болады. Алайда экономика мен қаржы секторын тұрақтандыру шамасына қарай ақша-кредит және фискалдық саясаттар макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, оның ішінде, инфляцияның төмен қарқынын ұстап тұру мақсатында қаталдандыратын болады.

Отандық банк жүйесін қолдау қажеттілігі оның елдің экономикалық

жүйесіндегі маңызды рөлінің болуымен түсіндіріледі. Тәуелсіздік жылдарында отандық банктер отандық экономикалық жүйенің ажырамас бөлігіне айналған, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және оның нарық жағдайында дамуын ынталандыратын жетілдірілген қаржы жүйесін қалыптастырды.

Отандық банктерге қолдау жасай отырып, мемлекет олардың ішкі экономика мен нақты секторды кредиттеу көлемін сақтайтындықтарына, атап айтқанда, шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыруларына және ипотекалық кредиттеу бойынша қолайлы жағдайды белгілейтіндіктеріне сенім артуда.

Мемлекеттің мақсаты – жалпы жүйе тұрақтылығын қолдау және сақтау. Бұл мақсаттар үшін Қазақстанда тиісті реттеу мен қадағалау, сондай-ақ депозиттерге кепілдік беру жүйесі бар. Жүйе тұрақтылығына қауіп төнген жағдайларда мемлекет банк секторына жағдайды тұрақтандыруға қажетті тәртіпте және көлемде қаржылық қолдау көрсетеді.

Мемлекет банктің борыштары бойынша ешқандай міндеттемелер алмайтыны сияқты банктердің операциялық қызметіне араласпайды. Ағымдағы жағдайда банктер банк депозиторларының мүдделері барынша қорғалатындай етіп активтер мен пассивтерді тиімді басқаруды қамтамасыз етулері тиіс. Бұған қарамастан мемлекет қызметі ел экономикасының одан әрі дамуына ықпал ететін жүйе құраушы банктерге қатысты тұрақтандырушылық бастамаларымен шығады.

Қаржы секторын тұрақтандыру үшін мынадай шаралар қабылданатын болады:

Біріншіден, ол қарапайым және ерекше артықшылығы бар акцияларды сатып алу, сондай-ақ реттелген қарыздар беру арқылы төрт жүйе құраушы банктерді қосымша капиталдандыру. Бұл ретте банктерге мұндай мемлекеттік қолдау көрсетудің басты шарттарының бірі капиталды банк акционерлерінің өздерінің ұлғайтуы болып табылады.

Қазіргі таңда банктер берген қарыздардың 35,6%-ы құны айтарлықтай төмендеген жылжымайтын мүліктермен және жермен қамтамасыз етілген. Бұл банктер активтерінің сапасын төмендетеді. Осыған байланысты банк секторында залалдардың едәуір көлемі әлеуетті жинақталуда. Банк секторын сауықтыру үшін Қаржылық қадағалау агенттігі банктер құрған провизияларға қойылатын талаптарды арттырады. Бұл банктердің өз шығындарын қабылдауына және оларды жасақталған провизиялар есебінен шығынға жазуына септігін тигізеді. Бірақ, банктердің провизияларды құруы үшін қосымша капитал қажет.

Банктерді қосымша капиталдандырудың жалпы сомасы кемінде 4 млрд. АҚШ долларын (480 млрд. теңге) құрайды, олардың ішінде:

1 млрд. АҚШ доллары (125 млрд. теңге) төрт жүйе құрушы банктердің (Қазақстанның Ұлттық Банкінің, Қазкоммерцбанктің, Альянс банкі мен ТӘБ-нің) қарапайым акцияларын сатып алу түрінде берілетін болады.

3 млрд. АҚШ доллары (355 млрд. теңге) реттелген борыш түрінде және дауыс беру құқығын бермейтін ерекше артықшылығы бар акцияларды сатып алу арқылы берілетін болады.

Берілген қаражатты банктер резервтердің (провизиялардың) барабар деңгейін қалыптастыруға және ел ішінде қарыз алушыларға кредиттер беруге жіберуі тиіс.

Мемлекет банктер капиталының бақылау пакетін сатып алмайтын болады. Құны 2008 жылғы 24 қарашада, яғни, банк ұсыныс жасаған күнге дейін Лондондық және Қазақстандық қор биржаларында акцияларға баға белгілеуге байланысты белгілі болатын банктердің дауыс беруші акцияларының 25%-ына дейін «Самұрық-Қазына» қорының меншігіне түседі.

Мемлекет капиталданған банктердің ұзақ мерзімді қатысушысы болып қалмайды. Әлемдік қаржы дағдарысының бәсеңдеуі және халықаралық капитал нарықтарына жол ашылған жағдайда «Самұрық-Қазына» қоры нарық қағидаттары бойынша банктердің қатысушылары құрамынан шығатын болады, бірақ акцияларды сату бағасы сатып алу бағасынан төмен болмайтын шарт негізінде. Банктердің акционерлері 5 жыл ішінде акциялардың мемлекеттік пакетін қайта сатып алатын құқыққа ие болады.

«Самұрық-Қазына» қоры банктердің сыртқы борыштарын қайта құрылымдау жөнінде шаралар қабылдайтын болады. Банктер жеткілікті өтімділікке ие болады, ал қайта құрылымдау сыртқы қорландырудың шектеулі қолжетімділігіне байланысты қаржыландыру қаупін азайтуы тиіс. Егер сыртқы борыштарды қайта құрылымдау жөніндегі жұмыстың тиісінше тиімділігі болмаса және банктердің қауіптерге ұшырағыштығы олардың депозиторларының мүдделеріне қауіп төндіретін болса Қаржылық қадағалау агенттігі соңғы шара ретінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес консервациялау рәсімдері шеңберінде банктердің активтері мен міндеттемелерін мәжбүрлеп қайта құрылымдауды жүргізуі мүмкін.

Екіншіден, Стресті активтер қоры құрылды.

Стресті активтер қорының қызметі қазақстандық банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға бағытталатын болады. Банктердің сенімсіз активтерін сатып алу және кейіннен оларды басқару осы мақсатты іске асырудың негізгі тетігі болады. Макроэкономикалық, нарықтық және басқа да факторлар әсерінен елеулі тәуекелдерге ұшырайтын (құнсыздануға) активтер, атап айтқанда, банктердің жылжымайтын мүлік және жер кепілдігімен қарыздар беруі осындай активтер ретінде қарастырылады.

Банктерден мұндай қарыздарды сатып алу банктердің теңгерімін өтімділігі аз активтерден тазартуға және банктерге өз залалын мойындауға мәжбүрлейді.

Активтерді сатып алу Стресті активтер қоры айқындайтын дисконтты немесе тәуекелдерді бөлудің басқа нысанын (банктер құратын провизиялардың көлемін ескеретін) теңгерімдік құны бойынша жүзеге асырылатын болады.

2009 жылы республикалық бюджеттен Стресті активтер қорын капиталдандыруға алғашқы траншпен 52 млрд. теңге бөлінді. 2010 жылы Қордың жарғылық капиталы республикалық бюджет қаражаты есебінен 122 млрд. теңгеге дейін жеткізілетін болады.

Үшіншіден, банктердің міндеттемелеріне уақтылы қызмет көрсетуді

қамтамасыз ету мақсатында өтімділіктің қосымша көздері ұсынылатын болады. Атап айтқанда, Ұлттық Банк репо операциялары бойынша қамтамасыз ету ретінде қабылданатын құралдардың тізібесін кеңейтетін болады.

Ресурстық базаны тұрақтандыру мақсатында ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың, сондай-ақ активтері Ұлттық Банктің басқаруындағы мемлекеттік ұйымдардың уақытша бос ақша қаражаты отандық банктердің депозиттерінде орналастырылатын болады.

Төртіншіден, қаржы секторында мемлекеттік реттеу жетілдірілетін болады.

Қаржылық қадағалау агенттігі пруденциалдық реттеу шеңберінде банктердің сыртқы міндеттемелерінің және тұтастай көтерме қаржыландыру деңгейін төмендету бойынша жұмыстар жалғасатын болады. Бұл ретте банк заңнамаларының қолданыстағы және жаңадан енгізіліп жатқан талаптары банктерді қорландырудың әртараптандырылған базасын құруға ынталандыруы тиіс, яғни белсенді операцияларды көп дәрежеде депозиттік база, атап айтқанда жеке тұлғалардың есебінен қаржыландыру.

Таңдаулы халықаралық практика негізінде банктердің капиталдандыру есебінің тәсілдері оңтайландырылатын болады. Банк активтерін жіктеудің қолданыстағы тәртібі оңтайландырылатын болады, бұл банк активтеріне жанама факторлардың болуы мүмкін, оның ішінде экономика секторларында іскерлік белсенділіктің төмендеуі, жағымсыз сыртқы құбылыстарға ұшырау, айырбас бағамдарының күтіліп отырған тұрақсыздығы әсерін ескере отырып банктердің қосымша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруын көздейді.

Тәуекелдерді басқару жүйесіне және банктердегі ішкі бақылауға талаптар күшейтілетін болады. Ең алдымен банктер өтімділікті жоғалту тәуекелі мониторингіне тәсілдерді елеулі түрде қайта өңдеуі тиіс болады, ал банктердің активтері мен пассивтерін басқару стресті ахуалдардың туындауын ескере отырып үлгіленуі тиіс.

Бесіншіден, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жаңа жағдайлардағы жұмыс істеу тетіктері пысықталатын болады.

Көрсетілген шаралар банктерге жекеше де, шоғырландырылған негізде де, сондай-ақ банк конгломераты шеңберінде де қолданылатын болады.

Қорытындылай келе, бүгінгі әлемдік экономикалық дағдарыстың басты себебі – ол банктердің кінәсі. Олар өздеріндегі қомақты қаражаттың бәрін әркімге несиемен таратып жіберді. Енді бұл ақша екі-үш есе болып өздеріне қайту керек емес пе? Ал оған экономиканың күші жетпей қалды. Сондықтан, дағдарыс ең алдымен банктерге қатты соққы болып тиюде. Сосын банктер арқылы қоғамның бар саласына жайылып кетті.

Отандық банк жүйесін қолдау қажеттілігі оның елдің экономикалық жүйесіндегі маңызды рөлінің болуымен түсіндіріледі. Тәуелсіздік жылдарында

отандық банктер отандық экономикалық жүйенің ажырамас бөлігіне айналған, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және оның нарық жағдайында дамуын ынталандыратын жетілдірілген қаржы жүйесін қалыптастырды.





Дата публикования: 2014-12-11; Прочитано: 1547 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...