Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Азақстан Республикасының банк жүйесінің экономикалық мәні мен сипаты



Қазақстан Республикасының егемен мемлекет ретінде дамуы, оның экономикалық қауіпсіздігі, мемлекеттік билік органдары мен жергілікті мемлекеттік басқару органдарының мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің үзбей және тиімді жұмыс істеу елдің стратегиялық маңызы бар банк жүйесінің жай-күйі мен тұрақтылығына әрі орнықтылығын қамтамасыз ету мәселелеріне тікелей байланысты болады.

Қазақстан Республикасының банк жүйесі жоғарғы (бірінші) деңгейі егемен Қазақстанның орталық банкі болып табылатын Қазақстан Ұлттық Банкінен тұрады.

Мемлекеттің монета аралық билігінің және мемлекеттік банктік менеджменттің басты органы Қазақстан Ұлттық Банкі өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының экономикалық-қаржылық мүддесін тиісінше қамтамасыз етуге ат салысады.

Қоғам мен мемлекеттің мүддесіне сай инвестициялық-қаржылық және кредиттік құзыреті бар Қазақстанның Даму Банкі өзінің ерекше құқықтық мәртебесіне орай деңгей аралық мемлекеттік банк ретінде көрініс тапқан.

Қазақстан Республикасы банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін:

1) мемлекетаралық банктер;

2) Қазақстан Республикасының резидент банктері (заңды тұлғалар – коммерциялық ұйымдар);

3) Қазақстан Республикасындағы резидент емес банктер;

4) шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының резидент банкі- аралас капиталы бар банктер құрайды.

Қазақстан Республикасының осындай нарықтық үлгідегі банк жүйесінің құрылуы және оның нормативтік құқықтық негіздерінің айтарлықтай қалыптасуы елімізде үзбей жүргізіліп жатқан экономикалық және құқықтық реформаның жемісті нәтижесіне жатады.

Қазақстан Республикасының банк жүйесінің нормативтік құқықтық негізін құрайтын банктік заңнамалық актілердің нормаларының өзара генетикалық, функционалдық және құрылымдық байланыстары банктік заңнаманың банк жүйесі ауқымында жүзеге асырылатын банктік қызмет (банктік операция, мәміле, іс-әрекет) барысында туындайтын қоғамдық банктік қатынастарды жан-жақты реттей алатынын көрсетеді.

Банк жүйесінде жүргізілетін әр алуан банктік операциялық қызметтің ұйымдастырылуы ерекшелігі және ресурстық – ұйымдастыру негізін құру процесінде айқындалады.

Қазақстан Республикасы банк жүйесінің құрылуы өзіне тән біртұтастық және құрылымдық ерекшеліктерге байланысты болады. Осындай иерархиялық, біртұтастық және құрылымдық сипаты-мәні банк жүйесінің тиісінше қалыптасуына септігін тигізеді. Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы банк жүйесі өз ауқымдағы мемлекеттік банктік менеджмент мән-жайларымен ғана емес, сонымен бірге өзіндік (корпоративтік) басқаруға және ұйымдастыруға қабілеттілігімен ерекшеленеді.

Сонымен Қазақстан Республикасының бүгінгі банк жүйесінің сипаттамалық белгілері мынадай көрініс табады:

1. Қазақстан Республикасының банк жүйесі күрделі әлеуметтік жүйе тобына жатады;

2. Банк жүйесінің қоғам мен мемлекеттік мүдделеріне жұмыс істеуіноның нормативтік құқықтық базасын құрайтын банктік заңнамалық актілер және заңға тәуелді нормативтік банктік актілер, сондай-ақ халықаралық банктік келісімдер мен банктік стандарт ережелері қамтамасыз етеді;

3. Қазақстан Республикасының банк жүйесі мемлекеттік банктік менеджмент (мемлекеттік басқару – реттеу ықпалы) ауқымында жұмыс істейді;

4. Банк жүйесі Қазақстан Республикасы қаржы – кредит жүйесінің аса маңызды бір бөлігі болып саналады;

5. Қазақстан Республикасының банк жүйесі екі деңгейлі иерархиялы, бір тұтас және өзіндік ұйымдастырылуға қабілетті құрылым болып табылады;

6. Жоғарғы және төменгі деңгейлі банк жүйесі Қазақстан Ұлттық Банкінен, Қазақстанның Даму Банкінен, Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысы жинақ банкінен, коммерциялық банктерден, мемлекетаралық банктерден, банктік инфрақұрылымнан және банктік рыноктан тұрады;

7. Банк жүйесінің жоғарғы бірінші деңгейдегі Қазақстан Ұлттық Банкі белгілі бір дәреже – көлемде тиісті мемлекеттік билік органдарының ықпалына тәуелсіз, кредиттік - қаржылық сипатты айрықша құқықтық мәртебесі бар экономикалық субьект – мемлекеттік монетарлық биліктің басты органы болып табылады;

8. Қазақстан Республикасының банк жүйесі, оның ұйымдастырылу нысандары мен басқа да мән-жайлары Қазақстан Республикасы Конституциясымен, ҚР банктік заңнамалық актілермен, қатысы бар өзге де заңнамалық актілермен, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінің заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілермен регламенттелінеді;

9. Банк жүйесі экономикалық саясатын іске асыруға айтарлықтай септігін тигізеді және дүниежүзілік экономика аясындағы халықаралық банк жүйесімен өзара тиімді қары қатынас миханизмін құрады.





Дата публикования: 2014-12-11; Прочитано: 1331 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...