Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып: Азаматтық-қүқықтық қатынастар



Мақсаты: азаматтық құқықтық қатынастардың түрлерiн, элементтерiн және мәнiн анықтау.

Сұрақтар:

1 Азаматтық-құқықтық қатынастар үғымы және олардың түрлері.

2 Азаматтық-қүқықтық қатынастардың мазмүны.

3 Азаматгық-құқықтық қатынастардың субъектілері мен объектілері.

4 Азаматтық-қүқықтық қатынастардың пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздері.

1. Азаматтық-құқықтық қатынастар үғымы және олардың түрлері. Өздерінің қажеттерін қанағаттандыру барысында азаматтар мен занды тұлғалар үнемі өзара ер түрлі қатынастарға түсуге мәжбүр болады.

Қоғамдық қатынастарды құқықтың түрлі салаларының нормалары реттеп отырады. Азаматтық қүқық негізінен меншік қатынастарын және тауар-ақша айналымы саласында қалыптасатын қатынастарды реттейді. Азаматтық қүқық сондай-ақ өзіндік мүліктік емес қатынастарды да реттейді. Мүліктік емес игіліктер өзіндік мүліктік емес қатынастардың объектілері болады. Азаматтық құқық нормалары реттеген қоғамдық қатынастар құқықтық қатынастар, атап айтқанда, азаматгық-қүқықтық қатынастар сапасына ие болады. Азаматгық-құқықтық қатынастар дегеніміз - азаматтық құқық нормалары реттеген қоғамдық қатынастар.

Азаматтық-құқықтық қатынастардың ерекшеліктер іазаматтық-құқықтық реттеудің объектісі мен әдістеріне байланысты. Азаматтық-құқықтық қатынастардың аса маңызды белгісі, ең алдымен, оған қатысушылардың заң жүзіңдегі теңдігі.

Азаматтық-құқықтық қатынастар ерікті болады. Әдетте, мұндай қатынастар оларға қатысушылардың қалауы бойынша жасалады, өйткені азаматтық-құқықтық қатынастардың басым бөлігі шарттың негізінде пайда болады.

Азаматтық-құқықтық қатынастардың түрлері. Азаматтық-құқықтық нормалары реттейтін объектіге қарай азаматтық-құқықтық қатынастардың мынадай түрлерін ажыратады:

1) мүліктік қатынастар;

2) мүліктік қатынастармен байланысты мүліктік емес өзіндік қатынастар;

3) мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес өзіңдік қатынастар.

Сонымен қатар, абсолюттік және салыстырмалы азаматтық-құқықтық қатынастар болады. Абсолюттік құқықтық қатынастарда құқық берілген адамға міндетті ретінде үшінші адамдардың беймәлім тобы қарсы тұрады, мұндай құқықтық қатынастарда іс жүзінде әркім және барша жұрт міндетті болып шығады. Мысалы, меншіктің құқықтық қатынастары абсолюттік қатынастарға жатады, мұнда меншіктің субъективтік құқығына барлық үшінші тұлғалардың бұл құқықты бұзбау, оны жүзеге асыруға кедергі жасамау міндеті ұштасады. Салыстырмалы құқықтық қатынастарда нақты адам (адамдар) мiндетті болып табылады. Салыстырмалы құқықтық қатынастар құқық берілген тараптарың да, міндетті тараптың да нақты тұлғаларын байланыстырады, яғни дербестелген болып табылады. Мәселен, зиян келтірген адам жәбірленушіге зиянның орнын толтыруға, сатып алушы өзі сатып алған заттың құның төлеуге міндетті.

Азаматтық-құқықтық қатынастар заттық және мiндеттемелік азаматтық-құқықтық қатынастар болуы мүмкін. Заттық құқықтық қатынастарда құқық берілген субъектінiң затқа өзінің әрекетімен ғана жүзеге асатын құқығы болады (“өзі әрекет ету” құқығы). Заттық құқықтың субъектісі өзінің затқа деген мүддесін басқа адамдардың көмегіне жүгінбестен, затқа тікелей әсер ету жолымен қанағаттандыра алады. Міндеттемелік құқық субъектісінің затқа деген мүддесі басқа адамның белгілі бір әрекеттер жасауы жолымен қанағаттандырылуы мүмкін. Міндеттемелік құқықтық қатынастарда құқық берілген адам міндетті адамнан белгілі бір әрекеттер жасауды талап етуге құқылы (“бөгде әрекет” құқығы). Мәселен, сатып алушы сатушыдан өзіне затты беруді талап ете алады, ал сатушы оны сатуға, яғни белгілі бір әрекеттер жасауға мiндетті.

Зат қашан да заттық құқықтық қатынастардың объектісі болып саналады, ал міндеттемелік қатынастардың объектісі - зат болмауы мүмкiн.

2.Азаматтық-құқықтық қатынастардың мазмұны. Азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылардың субъективтік құқықтары мен субъективтік міндеттері оның мазмұнын құрайды. Субъективтік құқық дегеніміз құқық берілген адамның байқалатың мінез-құлқының заңды жолмен қамтамасыз етілген шарасы. Ол құқық берілген адамның белгілі дәрежеде өзінің әрекет ету (өзінің дұрыс әрекет ету құқығы) мүмкіндігінен немесе міндетті адамнан белгілі бір әрекеттер жасауды (бөгде әрекеттер құқығы - талап ету құқығы) талап ету мүмкіндігінен көрінеді. Мәселен, автордың шығармасын жариялау құқығы, оған қол сұғылмау құқығы оның өз әрекеттерімен жүзеге асырылуы мүмкін. Керісінше, жалға берушінің өз мүлкін жалға беру шартында көрсетілген мерзім өткен соң қайтару жөніндегі құқығын міндетті адамның тиісті әрекеттер жасауынсыз жүзеге асыру мүмкін емес.

Құқықтық қатынастардың мазмұнын құрайтын элементтер - субъективтік құқықтар өзіндік және берілетін субъективтік құқықтарға бөлінуі мүмкін.

Иелерімен тығыз байланысты құқықтар өзіндік құқықтар деп аталады (мысалы, белгілі бір аппараттың өнертапқышы аталу құқығы), осыған орай, барлық басқа өкілеттіктерді берілетін құқықтар деп атауға болады

Субъективтік міндет дегеніміз - міндетті адамның байқалуға тиісті мінез-құлқының заңды жолмен қамтамасыз етілген шарасы. Азаматтық-құқықтық қатынастардың мазмұнын құрайтын субъективтік құқықтар мен оның қатысушыларының міңдеттері өзара тығыз байланысты, әрбір субъективтік құқықтың тиісті міндеті бар және керісінше. Құқықтық қатынастардың бір тарабындағы субъективтік құқықтың міндетті адамнан белгілі бір әрекеттерді жасауды талап етуіне келесі тараптың осындай әрекеттер жасауға бағытталған субъективтік міндеті сай келеді. Демек, құқық берілген адамның белгілі бір әрекеттер жасау жөніндегі субъективтік құқығына құқықтық қатынастардың келесі қатысушысының бұл қүқықты жүзеге асыруға кедергі жасамау, оны бұзбау міндеті сөйкес келеді.

3.Азаматгық-құқықтық қатынастардың субъектілері мен объектілері. Азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушы тұлғалар субъектілері болып табылады. Азаматтық-құқықтық қатынастар субъектiлерінің ауқымы АК-ның 2-тарауында айқындалған. Құқық, оның ішінде азаматтық құқық реттеп отыратын қатынастар қоғамдық қатынастар, яғни адамдар арасындағы қатынастар болып табылады. Азаматтық-құқықтық қатынастарға құқық берiлген немесе міндетті адам ретінде қатысу мүмкіндігі құқық субъектiлiктiң болуын талап етеді, ал ол құқық қабілеттілігі мен әрекет қабiлеттiлiгiн қамтиды. Азаматтық құқықтарды иеленіп, міндеттер атқару қабiлетiн құқық қабілеттілігі деп түсінеміз. Өз әрекеттерімен құқықтарды иеленiп, оларды жүзеге асыру, сондай-ақ мiндеттерді белгілеп, орындау қабiлетi әрекет қабілеттілігі болады.

Азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастардың қатысушылары:

1) азаматтар;

2) заңды тұлғалар;

3) мемлекет;

4) сондай-ақ әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер (АҚ – 1-бап, 1 т.).

Құқықтық қатынастардың объектісі азаматтық-құқықтық қатынастардың да объектiсi болады.

Азаматтық құқықтар объектілерінің негізгі түрлері АК-ның 115-бабында аталған, мұнда олар мүліктік және мүліктік емес өзіңдік игіліктермен құқықтарға бөлінеді. Мүліктік игіліктер мен құқықтарға, атап айтқанда, заттар, ақша, оның ішінде шетелдік валюта, бағалы қағаздар, жұмыстар, көрсетілетін қызмет, шығармашылық интеллектуалдық қызметтің объективтелген нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және өзге де дараландыру құралдары, мүліктiк құқықтың өзі де жатады. Мүліктік емес өзіндік құқықтар мен игіліктерге адамның өмірі, денсаулығы, ар-намысы, қадір-қасиеті, іскерлік беделі, ізгі атағы, жеке өміріне қол сұғылмайтындығы, жеке және отбасылық құпиясы, есіміне құқығы, авторлық құқығы, шығармаларына қол сұғылмау, құқығы және басқа материалдық емес игіліктері мен құқықтары жатады.

4. Азаматтық-құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздері. Қықтық қатынастар пайда болуы үшін нақты адамдар арасында нақты құқықтар мен міндеттер туғызатын нақты мән-жайлар қажет болады.

Азаматтық-қүқықтық қатынастарды өзгерту немесе тоқтату үшінде осындай мен-жайлар қажет болады.

Мүдай мән-жайларды заңдық фактілер деп атайды.

Заңдық факті дегеніміз - заң құқықтық қатынастардың пайда болуын, өзгеруін немесе тоқтатылуын онымен байланыстыратын мән-жай.

Құқықтық қатынастардың тууына себепші болатын ықпал ету тетігіне қарай заңдық фактілер мынадай топтарға бөлінуі мүмкін: құқықтық қатынастардың болашақ немесе осы сәттегі қатысушыларының іс-әрекеттері; үшінші түлғалардың іс-әрекеттері; оқиғалар.

Нақты жігерлі мінез-құлық актілерін іс-әрекеттер дептүсінеміз.

АК-ның 7-бабы оқиғаларды, яғни қатысушылардың еркінен тыс пайда болатын мән-жайларды да заңдық фактілерге жатқызады. Кейбір жағдайларда құқықтық нәтижеге жету үшін бірлі-жарым заңдық фактінің пайда болуы да жеткіліктi. Кейде үш, төрт, бес және одан да көп зандық фактілердің жиынтығы бойынша ақырғы зандық салдар туады. Қарастырылатын мұндай жиынтықты әдетте іс жүзіндегі немесе заңдық құрам деп атайды.

Заңдық күй деп аталатын жағдайды зандық фактілердiң ерекше санатына жатқызуға болады. Бір реттік актілерді жасамаудан емес, заң құқықтық маңыз беретін тұлғаның немесе заттың белгілі бір құқықтық немесе іс жүзіндегі қасиеттері болуынан байқалатын мән-жайларды зандық күй деп түсіну керек. Мысалы, қайтыс болган адаммен жақын туыстық байланыс - мұрагерлік құқықтық қатынастың пайда болу негiздерiнiң бiрi.

3аңдық фактілердiң құқықтық қатынастардың дамуына ықпал етуіне қарай оларды құқықты туғызатын, құқықты тоқтататын және құқықты өзгертетін фактілерге бөлуге болады. Мұның алғашқысы бұрын мұндай зандық байланысы (шарт, зияң келтіру)

болмаған адамдар арасында құқықтық қатынастардың тууына әкеп тірейді. Екіншісі (мерзімінiң өтуі, шарттың бұзылуы) - заңдық қатынастардың тоқтатылуына әкеп соғады. Үшіншісі – қалыптасқан құқықтық қатынастардың мазмұнын өзгертуге себешпі болады. Заңдық фактілер өздерінен кейін туатын құқықтық салдарға түрліше ықпал етеді.

Зиян келтіру фактісі заңның нақты заңцық қатынастағы үйғарымдарын тек жүзеге асырады. Мүндай зандық факгшерді қүқықгы бағыттаушы фактілер деп атайды. Бүлардан өзгеше, қүқықты қалыптастырушы зандық факгілер қүқықтық қатынастардың тууына себепші больш қана қоймастан, сонымен қатар занда белгіленген шекарада олардьщ мазмүьш айқыңцауға да жәрдемдеседі. Мысалы, мүлікті сату жөніндегі қүқықтық қатынастардың мазмүны заң нормаларына ғана емес, сондай-ақ сатушы мен сатып алушы арасыңцағы шартгың талап-тарына да байланысты. Құқықты қалыптастырушы зандық фактілер бүл қасиеттері жөнінен қүқықтық нормаларға үқсайды, бірақ одан мәнді айырмашылығы - қүқықтық қатынастардың мазмүнын жалпылай емес, жеке-дара анықтайды.

Заңдық фактілердің барлығынан мәміле мен әкімшілік актілерді ғана қүқықты қалыптастырушы фактілерге жатқызуға болады. Әлбетге, олар қүқықтық қатынастардың мазмүнын белгілі бір шектерде ғана, ол императишік үйғарымдарға немесе заңның тыйым салуына қайшы келмейтін шектерде ғана анықтай алады.

Азаматгық қүқықтың кейбір объектілерін және мәмілелердің кейбір түрлерін міндетгі тіркеу секілді зандық фактілер түрінің ерекше маңызы бар (АК-ның 118 жөне 155-баптары). Олар қүқықтар мен міндеттерді туғызбайды.

Әдебиет: 1, 2, 3, 4, 11, 13, 16, 17

Бақылау сұрақтары:

1. Азаматтық-құқықтық қатынастардың түрлері.

2. Субъективтік міндет дегеніміз не?

3. Азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастардың қатысушылары.





Дата публикования: 2014-12-11; Прочитано: 3014 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.011 с)...