Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Физиология как наука. Предмет, задачи, методы, история физиологии 6 страница



Қалқанша без кызметі жыл маусымына, организмнің физиологиялық күйіне қарай өзгеріп отырады. Қыста бездің белсенділігі жоғарылап, жазда төмендейді. Буаздық, сүтгену кезендерінде бездің физиологиялық гиперфункциясы байқалады.

Қалқанша без фолликуласының сыртында орналасқан торшалар (парафолликулярлық торшалар) тиреокальцитонин гормонын түзеді. Бүл гормон қан қүрамындағы кальцийдің сүйек үлпаларьша жинақтальш, үнемдеп жұмсалуын, бүйрек арқылы фосфордың бөлінуін қам-тамасыз етіп, қандағы кальций мен фосфордың ара қатынасын реттейді.

Қалқанша серік бездер қалқанша бездің арт жағын ала, оған жабыса орналасқан кішкентай қүрылымдар. Бұл бездер балықтан басқа барлық омыртқалы жануарларда кездеседі. Жылқы, түйе, қой-ешкі, ит және қоянда бүл бездер қос жүптан, ал шошқада жалғыз жұптан түрады.

Без негізгі және оксифлльдік торшалардан қүралады. Негізгі торшалар секрециялық қызмет атқарады, ал оксифильдік торшалардың маңызы әлі толық анықталмаған.

Қалқанша серік бездер паратгормон және кальцитонин деп аталатын гормондар бөледі. Паратгормон сүйекте кальцийдің жиналуын реттейді, кальцийдің белокгармен, фосфатгармен қосылыс түзуін шапшаңдатады, кальций мен фосфордың сүйектен шайылуын жеңіддетеді, қан құрамындағы кальций мөлшерін жоғарылатады, бүйректе кальцийдің кері сорылуын жеңілдетеді. Кальцитонин қан қүрамында кальций деңгейін төмендетеді, сүйектен кальцийдің шаймалануын бөгейді. Оның әсері паратгармонға қарсы бағытталған.Бездің гипофункциясы жағдайында организм тынышсызданып, нерв жүйесінің қозғыштығы жоғарылайды, бұлшық ет тартылып, діріл байқалады, тәбет жойылып, шөл лайда болады, жүрек қағып, тыныс жиілейді, ішек қимылы нашарлайды, тыныс еттерінің сіреспе жиырылуы саддарынан организм тұншығып өледі. Без қызметі нашарласа аминсіздеу процесі бұзылып, бауырдың аммиакты несепнөрге айнаддыру қабілеті нашарлайды, денеде белоктың алмасу өнімі - гуанидин мен оның туындыларының мөлшері кебейіп, организм уланады.

Без қызметі күшейсе қандағы кальций мөлшері көбейіп, фосфор деңгейі төмендейді және бұл элементтер организмнен көп мөлшерде бөлінеді. Осының салдарынан сүйек борып, кеуектенеді, ет босаңсып, ішекке қан құйылады.

8.8. Айырша без (тимус)

Айырша без көкірек қуысында жүрекке жақын жатқан ірі тамырлардың вентральдық бетін ала орналасады. Ол бір-бірімен дәнекер ұлпамен жабысқан екі бөліктен тұрады. Әр бөліктің алдыңғы жағы сүйірлене көкірек қуысынан мойынға шығып жатады да, артқы жағы толыса келіп, жүрек қапшығына дейін созыла орналасады.

Без ұлпасы боз заттан және қыртыстық бөліктен тұрады. Әр бөлік секрециялық торшалардан және қан түзуші мүшелерге тән торлы-эндотелийлі ұлпа торшаларынан құралады. Без тек жыныстық жетілу кезеңінде ғана өсіп-дамиды да, одан кейін өз қызметін тоқта-тып, инволюция (кері даму) процесіне ұшырайды.

Айырша без күрделі қызмет атқаратын құрылым. Оның секрециялық торшалары тимозин гормонын түзеді. Без бүкіл лимфалық жүйенің дамуына әсер етеді, сүйектің қатаюын, организмнің өсіп-жетілуін реттейді. Бұл безде лимфоциттер сұрыпталып, ұлпалық иммунитет қалыптастыруда маңызды рол атқаратын Т-лимфоциттер пайда болады.

Айырша безді тәжірибе мақсатында сылып тастаса, организмнің өсіп-дамуы баяулап, минерадды тұздар мен белоктың алмасуы бұзылады, сүйек жұмсарып, майысады, бұлшық ет тонусы төмендеп, босаңсиды, жоғары дәрежелі нервтік қызмет бұзылып, ацидоз жағдайында 2-3 ай ішінде мал өліп кетеді. Сақа малда аталған ауытқулар байқалмайды.

8.9. Аралшық без (Ұйқы безі)

Үйкы безі әрі экнокриндік, әрі эндокриндік қызмет атқарады. Ішкі секрециялық қызметгі Лангерганс аралшықтары атқарады. Аралшықтар альфа-, бета және дельта торшалардан қүралады. Альфа-торшалар глюкагон гормонын, бета-торшалар - инсулин гормонын, ая делъта-торшала - соматостатин гормонын бөледі

Инсулин гормонын алғаш рет канада ғалымдары Бантинг және Бест анықтаған. Инсулин торша мембранасының глюкозага деген өтімділігін жоғарылатады, глюкозаның торшаға өтуін жандандырады, гликогеннің түзілуін күшейтіп, оның бауырда ыдырауын бәсендетеді, май қышқылдарының тотығуын, кетонды денелердің түзілуін тежейді майдың қорға жиналуын жақсартады, белок биосинтезін арттырады.

Бета-торшалар қызметі күшейіп, инсулин көп бөлінсе қан құрамында глюкозаның мөлшері азаяды. Гипогликемия жағдайында тыныс жиілеп, ОНЖ-ның қозғыш тығы жоғарылайды, дене дірілдеп, оны тер басады, бұлшық ет босаңсып, температура төмендейді, инсулиндік немесе гапогликемиялық шок (талықсу) байқалады.

Инсулин жетіспеген жағдайда гипергликемия, глюкозурия орын алып, қан құрамында кетоңды заттар мөлшері артады, организм диа-бет ауруына шалдығады. Диабет ауруы зәрдің көп бөлінуімен (поли-урия), судың көп ішілуімен (сусамыр - полидипсия) сипагталады.

Глюкагон - инсулиннің антагонисі. Ол гликогеннің глюкозаға айналуын шапшандататын фосфорилаза ферментін белсендіріп, қандағы глюкоза мөлшерін көбейтеді, май қышқыддарының тотығуын жандандырып, кетонды затгардың түзілуін күшейтеді, май ұлпаларынан глицерин мен май қышқылдарының босануын шапшандатады. Глюкагонның бір түрі ащы ішектің эндокриндік бездерінде де түзіледі. Ол аралшық без глюкагонынан құрылысы мен қасиеттері жағынан ерекшеленеді. Бұл гормон ішек қуысындағы глюкозаның әсерімен бөлінеді де, қанға сіңгеннен кейін инсулиннің бөлінуін күшейтеді.

Соматостатин гормоны тек түзілген жеріңде ғана әсер етеді, оған паракриңдік эффект тән. Бұл гормон инсулин мен глюкагонның бөлінуін тежейді.

Ұйқы безінің майда өзектерінің эпителиалдық торшаларында липокаин гормоны түзіледі. Дипокаин фосфолипидтердің-лецитиннің түзілуін жаңдандырады, май қышқылдарының тотығуын жылдамдатады, май қорының шығынын күшейтеді, көмірсулардьгң майға айналуын тежеп, бауыр торшаларын шырланудан сақтайды.

Ұйқы безі сығындысынан калликреин (падутин), ваготонин, центропнеин деген заттар да бөлінген. Калликреин артериолалар мен капиллярларды кеңейтіп, қан қысымын төмендетеді. Ваготонин парасимпатикалық нервтер тонусын жоғарылатады, эритроциттердің түзілуін жандандырады. Центропнеин тыныс орталытын қоздырып, бронхыларды кеңейтеді, отгегінің қанмен тасымалдануын жақсартады.

8.10. Бүйрек үсті бездері

 

Бүйрек үсті без сырт жағынан фиброзды қабықпен қапталған жүп без. Ол сыртқы қыртыстық қабатқа және ішкі - боз затқа бөлінеді. Қыртыстық қабат үш аймаққа бөлінеді: сырткы - шумақты, ор-таңғы — шоғырлы және ішкі - торлы аймақтар. Әр аймақ өзіне тән гормондар түзеді. Бозғылт зат хром тұздарының әсерінен сарғыш түске боялған хромаффиндік торшалардан құралған. Бұл кабатта көптеген нерв талшықтары мен ганглиоздық (симпатикалық) нерв торшалары кездеседі.

Бездің қыртыстық қабатында түзілетін гормондар минерало-кортикоидтар (альдостерон, дезоксикортикостерон), глюкокорти-коидтар (гидрокортизон, кортизон, кортикостерон), андокорти коидтар (андростендион, андростерон, эстрон, прогестерон) болып 3 топқа бөлінеді

Минераакортикоидтар организмде минералды заттардың алмасуын — натрий мен калий деңгейін, реттейді. Минералокортикоидтар жетіспесе организм натрийді, суды, хлоридтерді көп бөліп шығарады да, ішкі ортаның қасиеттері өзгеріп, тіршілік жағдайлары бұзылады.

Глюкокортикоидтар көмірсулар, белоктар, майлар алмасуына әсер етеді, ұлпаларда белоктың ыдырауын күшейтіп, олардың синтезін бәсендетеді. Глюкокортикоидтар әсерімен қан құрамындағы амин қышқылдарының мөлшері өсіп, олар бауырда глюкоза мен гликогенге айнала қордағы май шығыны артып, қуат алмасуы күшейеді. Бұл гормондар антиденедердің түзілуін баяулатып, қабыну процесін өршітпеуде маңызды орын алып, булығу (стресс) тудыратын әр түрлі қолайсыз факторлардың әсеріне бейімделуде маңызды рөл атқарады.

Бүйрек үсті безінің қыртыстық бөлігінің қызметі нашарласа адам аддисон дертіне шалдығады: тері қола түске боялып, адам арықтайды, тәбет нашарлап, қандағы қант мөлшері азаяды, қан қысымы төмендейді, астения (әлжуаздық) пайда болып, ішкі ортада натрий мөлшері азайып, калий мөлшері көбейеді.

Бездің боз затында адреналин және норадреналин гормондары түзіледі. Бұл гормондар катехол туындысы болғандықтан катехоламиндер деп аталады. Олардың әсері симпатикалық нерв өсеріне ұқсас, сондықтан оларды симпатикалық аминдер деп те атайды.

Адреналин тираминнің туындысы, ал норадреналин метилсізденген адреналин болып табылады, оның құрамында метил тобы болмайды.

Катехоламиндер гликогенолиз және липолиз процестерін шапшаңдатады, көмірсулар мен майлар алмасуына әсер етіп, жылу реттеу, қан айналым процестеріне, бұлшық ет әрекетіне, ОНЖ-сі, тыныс алу және қан түзу мүшелерінің қызметіне ықпал жасайды. Адрен-лин жүрек етінің қозғыштығын күшейтіп, жиырылу күшін арттырды, жүрек жұмысын жиілетіп оның минуттық көлемін көбейтеді, қан қысымын жоғарылатады. Норадреналин жүрек етінің қозғыштығын өзгертпейді, жүрек жұмысын баяулатады. Бұл екі гормон да жүрек тамырлары арнасын кеңейтіп, тері тамырларын тарылтады, бауыр мен бұлшық еттерде гликогеннің ыдырауын күшейтіп, қан-дағы глгокозаның деңгейш жоғарылатады. Катехоламиндер организмді белсенді әрекеттерге дайындайды.

8.11. Жыныс гормондарының түзілуі және маңызы

Жыныс бездері аралас бездерге жатады. Олар жыныс торшалары-мен қатар аталық және аналық гормондар бөледі. Жыныс гормондары көбею мүшелерін физиологиялық тонуста ұстап, негізгі және қосалқы (сыртқы) жыныс белгілерін дамытады, аталық және аналық дарақтарға тән мінездерді, жыныстық дағдылы әрекеггерді (инстинкг), организмнің пісіп-жетілуін реттейді.

Жыныс гормондары холестериннің туындылары болып табылады. Аталық және аналық гормондар аталық бездерде де, аналық бездерде де қатар түзіледі. Мысалы, ер адамның тәуліктік зәрінде 3-10 мкгаталықгормондар және 5-15мкг аналық гормондар, ал әйел-дер зәрінде 3-10 мкг андрогендер, 18-36 мкг эстрогендер болады.

Аталық гормондар (андрогендер) аталық бездің (еннің) аралық ұлпа-ларындағы Лейдиг торшаларында түзіледі. Ал, бездің Сертоли торшаларында эстрогендер (аналык, гормондар) тузіледі.

Аталық гормондарға алъдостерон, изоандростерон, дегидроандростерон, тестостерон жатады. Олардың арасындағы ең белсендісі -тестостерон. Аталық гормондар анаболизмдік гормондарға жатады. Олар бұлшық етте белоктың түзілуін және жиналуын күшейтіп, оң азоттық тендестік қалыптастырады, денеге салмақ қостырады, денеде майдың жиналуын азайтады, бейорганикалық фосфордың, сульфаттың, натрий-калий хлоридтерінің қорға жинақталуын күшейтеді.

Аналық гормондар аналық жыныс мүшелерін физиологиялық тонуста ұстап, жыныстық айналымды, сүт безінің қызметін реттейді. Эстрогендер (эстрадиол, эстрон, эстриол) аналық организмге тән белок пен майдың, су мен минералды түздардың алмасу деңгейін қалыптастырады, капилляр қабырғасының өтімділігін жоғарылатады.

Аналық безде эстрогендермен қатар сары дене гормоны (геста-гендер) және андрогендер түзіледі. Сары дене гормондары - прогестерон, прогненол - ұрықтану және ұрпақ көтеру процестерін реттейді. Прогестерон буаздық кезінде гипофиздің гонадотроптық гормондарының түзілуін, фолликуланың дамуын, жатырдың жиырылуын бөгеп, ұрықтың өсуіне, сүттену процесінің басталуына ықпал етеді. Аналық бездің аралык, торшаларында тузілген андрогендер фолли-кулаларда куыстың пайда болуын, овуляция (фолликуланың жарылуын) реттеуте қатысады.

Сары дене, жолдас, жатырдың кілегей қабығы (эядометрия) релаксин гормонын бөледі. Буаздық барысында бұл гормонның бөліну мөлшері өсе түседі. Релаксин босағгу (төлдеу) процесінің дұрыс өтуі үшін қажет, оның әсерімен шат сүйектерінің байламы (симфиз) жібіп, жатыр мойыны босаңсып, ашылады.

Буаздық кезінде планцента (жолдас) да ішкі секрециялық қызмет атқарады, одан эстрогеңдер, прогестерон, релаксин және жолдас гонадотропині бөлінеді. Бұл гормоңдар буаздықтың сәтті өтуі үшін қажет.

Жыныс гормондарының түзілуі және бөлінуі нейрогуморальдық жолмен реттеледі. Нерв жүйесі жыныс бездерің қызметін рефлекстік жолмен гапофиздің гормон бөлу қабілетін өзгерту арқылы реттейді. Гипофиздің фолликуланы жандандырушы гормоны аналық организмде фолликуланың пісіп-жетілуін, ал аталық организмде - сперматогенезді жандандырады. Лютеиндеуші гормон жыныс гормондарының түзілуін, ал пролактин - сары денеде прогестеронның бөлінуін және сүтгену процесін жандандырады. Эпифиз мелатонині жыныс бездерінің өсіп-дамуын тежейді.

9 - ТАРАУ ҚАН ЖҮЙЕСІ

9.1. Организмнің ішкі ортасы туралы түсінік

Бір торшалы қарапайым организмдер сыртқы ортадан өзіне қажетті заттарды бүкіл денесі арқылы қабылдап, керексіз ыдырау өнімдерін сол арқылы бөліп отырады. Ал адам мен жоғары сатыдағы жануарларда мұндай мүмкіндік жоқ. Олардың сыртқы қабығының рөлін орындайтын терісі қоршаған ортадан қажетті заттарды сіңіре алмайды, ал торшалары сыртқы ортамен тікелей жанаспайды, арнаулы ішкі ортамен қоршалады. Ішкі ортаға қан, торша аралық (ұлпалық) сұйық және лимфа (сөл) жатады. Торша өзіне қажетті заттарды осы ортадан сіңіріп, қажетсіз заттарды сол ортаға бөледі. Бірақ қан тамырлардан шықпайды да, торшалармен тікелей жанаспайды. Организм торшалары кан құрамынан пайда болатын торша аралық сұйықпен ғана жанасады, сол себепті қанды шартты түрде ғана организмнің ішкі ортасы, ал лимфа мен ұлпа аралық сұйықты шын мәнісіндегі ішкі орта деп санайды.

9.2. Қан, оның атқаратын қызметтері

Қан қызыл түсті, мезодермадан түзілетін сұйық үлпа. Ол ұлпалық сұйық, лимфамен бірігіп, организмнің ішкі ортасьн құрайды, денеде көп қырлы қызмет атқарады, солардың арасында бастылары:

- тасымалдаушы қызмет - қан торшаларға қорек жеткізіп, олардан алып шыққан алмасу өнімдерін бөлу мүшелеріне (бүйрек, тер бездері, өкпе т.б.) тасымалдайды. Қанмен денеге гормондар таральп, үлпаларға оттегі жеткізіледі, торшалардан көмір қышқыл алынып кетіледі;

- Қорғаныстық қызмет. Қанның ақ түйіршіктері фагоциттік
белсенділік көрсетеді (торшалық иммунитет) және лимфоциттер бөлген
антиденелер бөгде заттарды жойып отырады (гуморальды иммунитет);

- жылу реттеуші қызмет. Толассыз айналыста болудың арқасында
қан денеде жылудың біркелкі таралуына мүмкіндік береді. Қанның
жәрдемімен жылудың артық мелшері тері арқылы сыртқы ортаға бөлінеді;

-байланыстырушы (коррелятивтік) қызмет. Әр түрлі мүшелер мен
торшалар әрекеті кезінде түзілген өнімдер мен ішкі секреция бездері
бөлген гормондарды тасымалдап, қан организм торшаларын, үлпала-
рын, мүшелерін өзара байланыстырады. Қанды неге сұйық ұлпа дейді, оның қурамы қандай?

Қан әр түрлі торшалар жиынтығы болып табылады. Ол сүйық зат -

плазмадан және қан түйіршіктерінен (торшаларынан): қызыл

түйіршіктерден (эритроциттерден), ақ түйіршіктерден (лейкоциттер-

ден) және қан табақшаларынан (тромбоциттерден) тұрады.

-

9.3. Плазма және қан сарысуы

. Плазма түсті сұйықты қан плазмасы деп атайды. Ал қан ұйығаннан кейін және қан сары-суы деген не? Олардың арасында қан-дай ұқсастық пен айырмашылық бар? Плазма да, сарысу да

сұйық зат. Оның түсі құрамында бояғыш заттардың (лютеин, каротин, ксантофилл) болуына байланысты. Плазманың кұрамында 90-92% су, 8-10% құрғақ зат болады. Құрғақ заттын 6-8%-ы белоктар-дан тұрады. Плазма белоктары альбумин, глобулин, фибриноген фракцияларына бөлінеді. Қан плазмасы құрамында несепнәр, зәр қышқылы, пурин негіздері, креатин, амин қышқылдары, аммиак сияқты белок алмасуының қаддық өнімдері болады. Бүл қосылыстарды қал-дық азот деп атайды. Оның қандағы мөлшері белок алмасуының қар-қынына, организмнің физиологиялық жағдайына байланысты өзгереді. Плазма қүрамында көмірсулар (глюкоза), липидтер және мине-радды заггар (0,9%) болады. Қан қүрамындағы белоктарға пропердин мен ферменттер (амилаза, липаза, сілтілі фосфатаза, трансаминаза) де жатады. Пропердин вирус белоктарьшен байланысып, оларды за-лалсыздандырады, бакгершшарды өлтіреді, сондықтан ол кейбір ауру-ларға қарсы күресудің туа пайда болған факторы болыл саналады.

Қанға үйытпайтын зат қосып тұндырғанда бөлініп шыққан сары бөлінген оның сұйық бөлігін қан сарысуы деп атайды. Қан сарысуы құрамы мен қасиеттері жағынан плазмаға ұқсас, тек оның құрамында фибриноген белогы ғана болмайды.

9.4. Қанның формалы элементтері, олардың қызметтері

Қан белоктары қандай қызмет атқарады?

Плазма белоктары әр түрлі маңызды қызмет атқарады. Оларға буферлік қасиет тән, сондықтан белоктар қанның рН-ын тұрақты деңгейде сақтауға мүмкіндік береді. Белоктар қанға тұтқырлық қасиет беріп, артериялардағы қысымды қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Олар онкостық қысым туғызып, қан кұрамындағы су мөлшерінің тұрақтылығын сақтайды, қан мен ұлпа арасындағы судың алмасуын реттейді. Альбуминдер әр түрлі дәрі-дәрмек препараттарын, дәрүмендәрілерді, гормондарды бояғыш заттарды (пигменттерді) тасымалдауда зор рөл атқарады. Глобулиндерден түрлі қорғаныш денелер түзіледі, сондықтан олар организм иммунитетін қалыптастырады. Фибриноген канның ұю процесіне катысады. Қан ұйыған кезде фибриногеннің физикалық қасиеттері өзгеріп, ол ерімейтін фибрин талшықтарын түзеді. Плазма белоктары ұлпа белоктарын құрау үшін пайдаланылады.

Плазмада альбуминдер глобулиндермен салыстырғанда екі есе көп болады (тиісінше шамамен 4,5 және 2-3%). Альбуминдердің глобулинге қатынасын белок коэффициенті деп атайды. Альбуминдер мен фибриноген бауыр торшаларында, ал глобулиндер - тек бауырда ғана емес, көк бауырда, сүйек кемігінде, лимфа түйіндерінде түзіледі.

9.5. Қанның физикалық қасиеттері

. Қанның қандай физикалық қасиеттері болады?

Қан қызыл түсті, кермек дәмді, қоймалжың, тұтқыр сұйық. Оның түсі құрамында ерекше белок - гемоглобиннің болуына байланысты. Артерия қанының түсі ашық - қызыл, ал вена қаны- қоңыр қызыл болады. Бұл қанның оттегімен қанығу деңгейіне байланысты. Қан құрамындағы минералды тұздар оған кермек дәм береді. Құрамында белоктар мен эритроциттердің болуымен байланысты қан тұтқырлық қасиетке ие болады. Судың тұтқырлығы бір өлшем деп алынса, онымен салыстырғанда плазманың тұтқырлығы 1,7 - 2,2, ал қанның тұтқырлығы - 5,0-ге тең.

Қанның тығыздығы 1,050 -1,060. Ол эритроциттер санына тәуелді өзгереді, себебі эритроциттердің тығыздығы - 1,090, ал плазманың тығыздығы 1,025 -1,034 аралығыңда болады.

9.6. Қанның буферлік жүйесі

Қанның буферлік жүйесі деген не, оның маңызы қандай?

Адам мен жоғары сатыда дамыған жануарлар қанының әрекетшіл ортасы өлсіз сілтілік болады (рН-7,35-7,45). Бұл көрсеткіш сутегі (Н+) жөне гидроксил иондары (ОН) мөлшерінің ара қатынасымен анықталады. Артерия қанының рН-7,45, ал вена қанының рН-ы ұлпалардан көмір қышқыл газының сіңірілуімен байланысты 7,35 шамасында сақталады. Зат алмасу процесі барысында қанға көмір қышқыл газдың, сүт қышқылының т.б. қышқыл алмасу өнімдерінің бөлінуіне қарамастан қанның әрекетшіл ортасы тұрақты жағдайда сақталады. Бұл қан плазмасы мен эритроциттердің буферлік қасиеті мен денеден қышқылдар мен сілтілердің артық мөлшерін шығарып отыратын бөлу жүйесінің қызметімен байланысты.

Қан құрамында төрт түрлі буферлік жүйе болады.

1. Бикарбонатты буферлік жүйе; ол көмір қышқылы мен натрий
бикарбонаттарынан тұрады.

2. Фосфатты буферлік жүйе; бір және қос негізді фосфорқыш-
қылды натрийдан тұрады.

3.Белокты буферлік жүйе; плазма белоктарынан құралады. Бе-
локтар амфотерлік қасиетінің арқасында ортаның әрекетшіл ортасына
қарай не сутегі, не гидроксил иондарын бөледі де, қанның сутектік
көрсеткішін бір деңгейде ұстайды. 4. Гемоглобиндік жүйе; гемоглобиннің калийлі тұзына (КНвО2) байланысты. Бұл қосылыс көмір қышқылына қарағанда әлсіз қышқыл болғандықтан оған өзінің калий ионын береді де, сутегі ионын қосып алып, баяу диссоциацияланатын (ажырайтьш) қышкылға айналады. Канның буферлік қасиетінің 75 пайызы осы гемоглобинге байланысты.

Қан әрекетшіл ортаның қышқыл жаққа ығысуынан жақсы қорғалған. Оның себебі сілтілік қордың болуында. Қанның сілтілік қоры деп 100 мл. қандағы бикарбонаттар мөлшерін айтады. Қан құрамында қышқылдық және сілтілік эквиваленттер белгілі арақатынаста болады да, қышқыл-сілтілік тепе-теңдік қалыптасады.

9.7.Қанның ұюы, оның биологиялық мәні мен механизмі

. Қанның уюы деген не, оның биологиялық мәні неде?

Қанның физикалық қасиеттерінің өзгеріп, сұйык күйден қойыртпақтанып қатқылдануын ұю деп атайды. Қанның ұюы оның маңызды қорғаныш қасиеттерінің бірі. Ол организмді қансыраудан сақтайды. Қансырауды тоқтатуға (гемостаз) қан тамырларынын қабырғасы, тамыр маңындағы ұлпалар, қан плазмасы құрамындағы ұю факторлары, барлық қан торшалары қатысады. Бұл процесте биологиялық белсенді заттар да маңызды рөл атқарады. Олар физиологиялық әсеріне қарай қанның ұюын жеңілдететін, қанның ұюына кедергі жасайтын және ұйықты ерітетін заттар болып бөлінеді.





Дата публикования: 2014-12-30; Прочитано: 321 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.018 с)...