Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Физиология как наука. Предмет, задачи, методы, история физиологии 4 страница



Бізге белгілі нерв жүйесінің жоғары бөліміне келіп, сыртқы орта мен организмнің өзіндегі өзгерістер мен құбылыстарды сигналдайтын импульстердің көзі сол өзгерістер мен құбылыстардың өздері болып табылады. Ол болмыстың тікелей сигналдау жүйесі немесе бірінші сигналдық жүйе. Адамдар қоғамының дамуы қарым-қатынастың құралы ретінде тілді дамытты. Ұғынықты сөйлеу тіл адамға ғана тән ұғынықты сөз сигналы арқылы біз заттардың пішінін, формасын, қасиетін және де айналада болып жатқан құбылыстарды жеткізе аламыз.

Екінші сигналдық жүйенің тітіркендіргіші сөз болып табылады. И.П. Павлов екінші сигналдық жүйені сигналдардың сигналы деп атайды.

Екінші сигналдық жүйе арқылы адам болмысты толығырақ, анығырақ бейнелейді, сонымен қатар қормаған ортадан ақпаратты алады. Екінші сигналдық жүйе адамның жоғары ой-сана қабілетінің негізі болып табылады.

Сөз сөйлеудің өзі рефлекторлық сипатта болады. Бұл пікірді кезінде Сеченов айтқан болатын. Дыбыс сіңірлеріне, тілге және бүкіл сөйлеу аппаратына келетін эфференттік импульстер осы органдардың жұмысын қамтамасыз етеді. Екінші сигналдық жүйенің таңқаларлық бір ерекшелігі-шартты байланыстардың жасалуының жылдамдығы өте шапшаң жүреді.

Егер адамға белгілі бір қимыл-қозғалыс актісін ойла десе сол кезеңде осы қимыл-қозғалысты жүзеге асыратын бұлшықеттердің функционалдық қалпы өзгереді. Моларға сәйкес органдардың қанмен жабдықталуы жақсарады, кейде тіпті сол актінің айқын көрініс бермейтін, әрең байқалатын қарапайым элементтері көрінеді. Кейде адам іштей ойлағанның өзінде, іштей сөйлегенде де жоғарыдағы айтқан құбылыстар байқалады. Бұл кездерде эфференттік импульстер естілетін сөздерді, сөйлеуді туғызбаса да кейде адамның ерні жыбырлап, тілі аздап қозғалады, тіпті кей жағдайларда эфференттік импульстердің күшеюі саларынан біраз дыбыс шығарып, сөйлеп те кетеді.

Физиологиялық көзқарас тұрғысынан ойлау актісінің. Өзі сөз арқылы берілмеген жағдайда да күрделі тізбекті рефлекс болып табылады.

Сөйлеу органына келетін импульстер онда өзгерістер туғызып, соның нәтижесінде үлкен жартымалар қыртысына баратын афференттік жауап сигналдары пайда болып, ал олар қайтадан жаңа эфференттік импульстер туғызады. Сондықтан үздіксіз бірін-бірі тудырып отыратын афференттік және эфференттік импульстер ойлаудың негізінде жататын физиологиялық үрдістің негізгі бір компоненті деп қаралуы керек. Сөйлеу негізгі 3 түрлі қызмет атқарады:

1) коммуникативтік (өзара қарым-қатынас орнатушы);

2) түсіндіруші;

3) реттеуші;

Сөйлеудің түсіндіруші қызметі тиісті бір түсінікті абстракциялық ойлауды тудырады. Бұл үшін түскен ақпарат анализденіп, синтезделеді. Тұжырым, қорытынды, ұғымдар қалыптасады.

Сөйлеудің, реттеуші қызметі арқылы ағзадағы әртүрлі жүйелердің әрекеті өзгереді. Бір сөздіңөзі қалай айтылғанына қарай адамның көңіл-күйін әртүрлі бағытта, деңгейде, түрде өзгерте алатындығы өмірден белгілі, ал бұл белгілі бір вегетативтік реакцияның өзгерісін туындатады.

Сөйлеудің 3 формасын ажыратады:

1) Акустикалық – дыбыстық сигналдар түрінде көрінеді;

2) Оптикалық – әріптік символдарды анализдеу, синтездеу түрінде байқалады;

3) Кинестезиялық – сөздің дыбыстық формасын ұйымдастырушы артикуляциялық органдардағы ет аппаратының жұмысынан көрінеді (мылқаулардың сөйлеуі).

Сөйлеуді іске асыруға 3 анализатор қатысады:

1) сөйлеу-қозғалыс;

2) сөйлеу-есту;

3) сөйлеу-көру.

Бұлармен қоса аса үлкен рольді ми қыртысының маңдай бөлігі атқарады.

Сөйлеу-қозғалыс анализаторы тілден, ауыз қуысынан, көмекейден, диафрагмадан шығатын сигналдарды қабылдайды да, сөзді құрауға және айтуға қатысады. Ми қыртысы ядросы маңдайдағы екінші және үшінші иректер аймағында Брок орталығында орналасады.

Сөйлеу-есту анализаторы сол жақтағы ми сыңарының жоғарғы самай аймағында (Вернике орталығы), ал сөйлеу-көру анализаторы шүйде, аймағында жатады. Сөзді ұқпайды.

Адамның қалыптасуы барысында екінші сигналдық жүйе бірінші сигналдық жүйе негізінде, қоғамдық еңбек нәтижесінде пайда болды және біртіндеп өмірлік қатынастардың ең тұрақты негізгі реттеушісіне айналды.

Екінші сигналдық жүйе біріншінің негізінде, сонымен байланысты болып қана қызмет атқара алады.

Екі сигналдық жүйе әрқашан бір-бірімен тығыз байланысты болады. Соның нәтижесінде біз болмысты толық және терең қабылдай аламыз. И.П. Павловтың айтуынша: «Адам болмысты ең алдымен бірінші сигналдық жүйе арқылы сезеді, қабылдайды, содан соң екінші сигналдық жүйе арқылы сол болмыстың қожасына айналады (сөз сөйлеу, ғылыми ойлау).

Сигналдық жүйелердің бірінде пайда болатын шартты байланыс екіншісінде де пайда бола алады. М: қоңырау үніне шартты қарашық рефлексін қалыптастырып, артынан қоңырау үнін «қоңырау» деген сөзбен алмастырғанда да шартты рефлекс көрініс береді.

Бірінші сигналдық жүйеден екінші сигналдық жүйеге қозу шектеліп беріледі. Осыған байланысты санаға шамадан тыс көп тітіркендірулер ағымы келе алмайды. Түрліше адамдарда ойлау процесі кезінде бірінші және екінші сигналдық жүйенің қатысуы түрліше болады. Павлов және оның мектебі екі сигналдық жүйенің арақатынасына байланысты адамның кейбір жеке типтерін ажыратады:

1) Көркем немесе суреттеме тип. Бұл адамда бірінші сигналдық жүйе басымырақ болып келеді. Негізінен нақтылы образдық (заттық) ойлау тән;

2) Ойшып типте екінші сигналдық жүйе басымырақ көрініс береді. Олар абстракциялы ойға ыңғайлы келеді.

3) Орташа типте 2 сигналдық жүйенің көрініс беруі бір дәрежеде.

7.5. Ұйқы мен түс көрудің психофизиологиялық механизмдері

І. Ұйқының маңызы:

1) Ұйқы ағзаның тіршілік әрекетін қамтамасыз етеді.

2) Ұйқы ағзаны шаршаудан, қажудан сақтайды.

3) Ұйқы кезінде ми зат алмасу нәтижесінде түзілген ақырғы өнімдерден босайды, артық ақпараттан босайды.

4) Ұйқы кезінде қысқа мерзімдік естегі ақпарат ұзақ мерзімдік еске көшеді деген болжам бар.

ІІ. Ұйқының пайда болуы 100 – деген ғасырлар бойы құпия болып келді.

Адамдар тәуліктің 1/3 бөлігін ұйқыда өткізеді. Дәринің әсерінен наркоздық ұйқы туындайды, ауру адамда потологиялық ұйқы болады. Сонымен қатар жануарларда маусымдық ұйқы кездеседі. Адамның ұйқы кезіндегі миының биоорғағын тіркеген кезде жылдам және балу ырғақтарды жазып алған. Соған байланысты адамның ұйқысын болу ұйқы немесе ортодоксальды және жылдам ұйқы (пародоксальды) кезеңдерін ажыратады. Жылдам ұйқы кезінде электроэнцефолограммадан жоғары жиіліктегі төмен амплитудалы тербелістерді, ал болу ұйқы кезінде жоғары амплитудалық баяу тербелістерді жазып аламыз. Жалпы ұйқының 25%-ы жылдам ұйқыдан тұрады. Жылдам ұйқының белгілерін ұйықтап жатқан адамның сырт көрінісінен де байқауға болады: кірпіктерінің қозғалысы, дене қимылы көз алмасының қозғалысы; жылдам ұйқы кезінде адам түс көреді. Бір түн ішінде адам 4-5 рет түс көреді. Ересек адам 1 тәуелікте 8 сағат ұйықтауы тиіс. Бірақ кейбір адамдарда летаргиялық ұйқы кездеседі, мисалы; Качалкин деген адам 23 жыл ұйықтаған. Летаргиялық ұйқының 3 себебі бар:

1) адамның қажуы, ренжуі немесе нервтік соққыға шалдығуы.

Қалған екі себебі ауыр науқастанумен байланысты. Летаргиялық ұйқының механизм толық зерттелмеген. Ғалымдардың пікірі бойынша Летаргия құбылысының маусымдық ұзақ ұйқыға ұқсастығы бар. АҚШ-тың Кентукки штатында Олджен басқарған бір топ ғалымдар мынадай зерттеу жүргізген; ұйқы тудыратын зат болуы тиіс деген болжаммен маусымдық ұйқыдағы жануарлардың қанын маймылдарға құйған, сонда олардың температурасы 10 градусқа төмендеп, жүрек соғысы 2 есе азайып, маужырап ұйқыға кеткен. Тексеріп қарағанда қандағы ұлы зат опиумға өте ұқсас болды, - дейді Олджен. Александр Беклианның зерттеулері маусымдық ұйқыдағы жануарлардың қанында белоктың ерекше бір түрі түзілетіндігін дәлелдеген. Ондай белогы бар жануар морфийге тітіркеніп, жауап бермейді. Ал кейін оянғаннан соң морфий оларға әсер етеді. Ұйқы механизмін түсіндіруге көптеген ғалымдар талпынған:

1) Швед физиологы Гесстің қағидағы бойынша ұйқының орталығы гипотоламуста, себебі ұйқы гипотоламустың аймақтарын тітіркендірген кезде туындайды.

2) Анохиннің түсінігі бойынша ұйқыныңтуындауы ми қыртысы мен оның астындаға нерв орталықтарының әрекеттесуінен болады. Ұйқының орталығы орталық нерв жүйесінің бір жерінде емес, әр жерінде орналасқан.

3) Нейрогуморальдіқ гипотеза. Мұны қолданушылардың айтуы бойынша адам қажығанда оның қанында гипотоксиндер жиналады да ми жасушаларында тежелуді туындатады. Екі қоянның қан тамырларын айқастырып тәжірибе жүргізенге, бірінің миындағы микроэлектрод арқылы ұйқы орталығын тітіркендіргенде 2 қоянның екеуі де ұйықтап қалған.

4) И.П. Павловтың гипотезасы бойынша ми қыртысындағы тежелу иррадияция тәртібімен тарап, мидың төненгі бөліктерін қамтыған кезде ұйқы туындайды, бірақ ұйқы тежелудің ми нейрондарының 80-90 пайызына тараған жағдайда туындайды.

5) Тәжірибедегі жануардың миының ретикулярлы формациясының қызметін тежеген кезде ұйқы келген, ал қоздырғанда ұйқыдан оянған. Осыған байланысты ретикулярлы формацияда ұйқы орталығы болуы тиіс деген болжамды көптеген ғалымдар ұсынады.

6) Қазіргі ғалыми гипотеза бойынша гипофиздің, қалқанша бездің, бүйрек үсті безінің гормондарының және нейромедиаторлардың мидың нейрондарына әсер етуінің нәтижесінде ұйқы пайда болады деген болжам бар. Яғни ұйқы механизмін түсіндіретін минайы бірауызды қағижа жоқ.

Ұйқы кезінде түс көруді де ғалымдар толығымен түсіндіре алмады. Көптеген ғалымдардың көзқарасы бойынша адамға күндіз әсер еткен тітіркендіргіштерден мида туындаған қозу ашақтары өшпей, қалып қолды. Соның әсерінен адам түс көреді.

Гипоз. Гректің «Ұйқы құдайы» деген сөзінен шыққан. Ол ағзаның ерекше психикалық жағдайы. Гипнозды сөзбен шландыру арқылы, не дәрі – дәрмекпен тудыруға болады. Гипноздалған кезде адамның миы, толық тежелмейді. Мидағы сол тежелмей қалған орталық арқылы гипноздаушы мен гипноздалушының арасында байланыс сақталады. Осыны пайдаланып, гипноздаушы адам өзінің әмірін жүргізе алады. Бірақ гипноздаушы адамның әмірі гипноздалушы адамның өмірлік принциптеріне кереғар келетін болса, ол әмір аяғына дейін орындалмайды.

Гипноздың 3 кезеңі бар:

1) Сомноленция – маужырағанымен ұйықтағысы келмейді, көзін ашқанымен жакжағына қарай алмайды.

2) Гипнотация – ұйқысырау. Көзі жабық, гипноз жасаушының әміріне бағынышты икемделе бастайды.

3) Сомнабулизм – жартылай ұйқы. Әміршінің айтқанының көбін орындайды. Сомнабулизм немесе лунатизм жай өмірде де байқалады.

7.6. Естің нейрофизиологиялық негізі

Нейроглияда естің генотиптік, фенотиптік ес деп аталатын түрлерін ажыратады. Генотиптік ес шартсыз рефлекстің, инстинктердің, импритингтің көрініс беруін қамтамасыз ететін туабіткен ес түрін айтады. Фенотиптік ес ағзаның жеке дамуында қабылданған ақпаратты өңдеуді және сақтауды қамтамасың ететін ес түрі. Жалпы ес деген ұғынның өзі белгілі бір ақпаратты есте қалдыру, сақтау, еске түсіру үрдістерінің жиынтығы түрінде көрініс береді. Бұл үрдістер ми нейрондарында ерікті немесе еріксіз «ізжазбасы» (энграммасы) түрінде қалуы мүмкін. Фенотиптік ес есте сақтау қабілеті бойынша бейнелік, эмоциялық, шартты рефлекстік, ерікті және еріксіз деп бөлінеді. Адамның есте сақтау қабілеті қисынды – мағыналық және сезімді – бейнелік деп бөлінеді. Бірінші естің түрі адамның екінші сигналдық жүйесімен өте тығыз байланыста болады. Ол ойлауға, сөйлеуге, қшелдауға қатысы бар ес, ал екінші түрі анализаторлардың рецепторларынан келген мәліметті сақтауға қатысы бар ес. Жалпы көптеген ғалымдардың көзқарастыра бойынша адамның ес үрдісі кем дегенде 4 деңгейден өтеді:

1) сенсорлық ес. Сенсорлық ақпараттың милисекунд аралығында сақталуына және де ол ақпараттың біріншілік талдануымен, жүйеленуімен байланысты. Сексорлық есте ақпарат ізінің сақталуы 0,1-0,5 секундты құрайды, яғни бұл деңгей ақпаратты қысқа мерзімге сақтағанымен, оның сыйымдылығы салыстырмала түрде шексіз, бұл сенсорлық естің негізгі ерекшелігі болып табылады. Оның сыйымдылығының жоғары болуы естің басқа деңгейлерінің сенсорлы естен ақпаратты таңдап алуға, келешекте маңыздысын ғана теріп сақтауға мүмкіндік береді. Сақтауға арналған материалдың тағдыры оның сипатымен анықталады. Сөзге байланыссыз ақпарат (вербальды емес) сенсорлы естен бірден аралық ес деңгейіне түседі. Ол түскен ақпарат сол жерде бірнеше минуттан бірнеше жылға дейін сақталады, ал вербальды (сөзге байланысты) ақпарат аралық еске түспестен бұрын қысқа мерзімді еске өтеді. Қысқа мерзімдік ес сыйымдылығы шекті 7±2 бірліктегі ақпаратты сақтайтын ес болып табылады. Вербальды ақпараттың бірінші қысқа мерзімдік еске өтуі, оның есте жазылуы үшін бірнеше рет сол ақпаратты қайталаумен түсіндіріледі. Аралық естің ерекшеліктерінің бірі ол есте жеке тұлға үшін маңызды ақпараттың жазылуында. Ақпараттың жақсы сақталуын төртінші деңгей, ұзақ мерзімдік ес қамтамасыз етеді. Бұл есте жеке тұлғаның белгілі бір өзіне ғана тән ерекшеліктері (оқу, жазу, профессионалдық дағдылары) сақталады. Бұл ес түрі басқа естермен салыстырғанда ми ұлпасының зақымдалуына тұрақты келеді, яғни амнезия туындаған жағдайда да ұзақ мерзімдік есте жазылған көптеген ақпараттар жазылып қолда. Мида сақталған керексіз ақпарттардың жайылып, естен шығарылуы ұйқы кезінде жүреді деген болжам бар, сонымен қатар ақпараттың логикалық оңделуі бояу ұйқыда өңделген ақпараттың ұзақ мерзімдік еске өтуі жылдам ұйқы кезінде жүреді деп болжанады.

Естің физиологиялық негізі өте күрделі. Ғалымдардың көзқарасы бойынша ақпараттың ізі ми қыртыстарында пайда болып, сақталады, ал оларды қабылдап консолидациялауға (бекіту, нығайту, нықтау) ретикулырлық формация мен лимбиялық жүйе қатысады. Есте сақтаудың молекулалық гипотезасы бойынша мидағы нейрондардың уақытша байланыс тізбектері химиялық жолдармен қалыптасады. Қазіргі түсініктер бойынша естің негізгі элементі синапстар болып табылады. Жалпы ес механизмін түсіндіруге тырысқан бірнеше теориялар бар. Солардың ішінде кең тарағандарының бірі реверберация гипотезасы. Бұл гипотеза Лоренто Де Ноның мида тұйықталған Нейрондар тізбегінің бар екендігін дәлелдейтін еңбегіне негізделген. Бұл гипотеза бойынша нейрон тізбегіне түскен ақпарат тізбекте айналып жүріп, өзінің ізін қалдырады, бірақ кейінгі кезде көптеген ғалымдар бұл гипотезаны қолдамайды. Соңғы кезеңде Шнейдер мен Шерманның 1968 ж. жұмыстарының негізінде есті бір кезеңде жүретін гипотезасы өрбіді,. 1984 ж. Корсаков және Корсакова мынадай гипотезаны ұсынды: ес ізінің жазылуы немесе меңгерілуі импритинг типі бойынша бірден жүреді.

Есте сақтау қабілетінің физиологиялық жағын зерттеген академик Ливанов мынадай қорытындыға келді: ес синапстық құрылымдардың дәрежесіне байланысты. Естің механизмін түсіндіруде ортақ бір көзқарас қалыптаспаған, сонымен қатар есте сақтаудың жеке бір орталығы мидың арнайы, бөлігі ми аймағы бар деуге де болмайды, себебі ақпаратты есте сақтауда мидың барлық құрылымдары қатысатын болу керек. Бұнда негізгі рольді үлкен ми сыңарлар қыртысы атқарады.

Мидың зақымдалуына байланысты еске түсіру қабілетінің бұзылуы немесе толық жойылуы толық немесе жартылай амнезия деп атайды.

8 – ТАРАУ ІШКІ СЕКРЕЦИЯ БЕЗДЕРІ

8.1. Ішкі секрециялық бездер және олардың жіктелуі

Маманданған торшалардың биологиялық белсеңді затгарды торша-аралық кеңістікке, одан әрі қанға бөлуін ішкі секреция дейді. Ішкі секреция деген түсінікті ғылымға Клод Бернар енгізген. Ол дененің барлық мүшелері ішкі секрециялық қызмет атқарады деп есептеген.

Бүл түжырымды ғалым дененің барлық мүшелерінен зат алмасу өнімдерінің қанға бөлінетінімен негіздеген. Сондықтан ол ішкі сек-рециялық жүйеге қалқанша безді, айырша безді, бүйрек үсті бездерін, көк бауырды (талак), лимфа түйіндерш жатқызған.

Көп жағдайда ішкі секрециялық қызметке тым кең мағына беріледі. Кейбір зерттеушілер бүл түсінікке ішкі секрециялык, бездерге жатпайтын құрылымдарда биологиялық белсенді заттардың (көмір қышқыл газы, гистамин, ацетилхолин, ренин, гепарин т.б.) түзілу процесін де жаткызады. Аталған заттар организм функцияларына гуморальдық жолмен өсер етеді. Дегенмен, ішкі секреция филогенез түрғысында кешірек қалыптасқан және эндокриндік бездердің дамуына байланысты пайда болған реттеу тетігі. Сол себепті ішкі секреция деген түсініктІ мүшелердің, үлпалардьщ, торшалардың алмасу онімдерімен шатастыруға болмайды.Ішкі секрециялық немесе эндокриндік бездер деп безғе тән құрылымы бар және өздері түзген биологиялық белсенді затгарды тікелей қанға немесе сөлге (лимфаға) бөлетін бездерді айтады. Грек тілінен аударғанда эндон деген сөз - ішкі, крино - бөлемін деген мағына береді. Ішкі секреция бездерінің шығару өзектері болмайды, оларда пайда болған заттарды гормондар (грек тілінен аударғанда гормон -қозғаймын деген сөз) деп атайды. Ішкі секреция бездерінің мелшері шағын болады, бірақ олар каымен мол жабдықталады. Безде қан та-мырлары орасан коп капиллярлар торын қүрайды, сондықтан без бөлген өнімдер қанға тез сіңеді.

Эндокриндік бездер қызмет ерекшеліктеріне қарай екі топқа бөлінеді.

1) тек эндокриндік қызмет атқаратын бездер. Оларға қалқанша,
қалқанша серік бездер, бүйрек үсті бездері, серік (плацента), айьфша
без, гипофиз, эпифиз және тимус жатады.

2) аралас қызмет атқаратын бездер. Бұл топқа үйқы безі мен
жыныс бездері жатады.

8.2. Биологиялық белсенді заттар. Гормондар, олардың жіктелуі, қасиеттері

Организмде белгілі бір әрекетгерді (функцияларды) реттейтін өзіңдік әсері бар органикалық қосылыстарды биологиялык, белсенді заттар дейді. Оларды төрттопқа бөледі: гормондар, гормоноидтар, парагор -мондар, телегрондар.

Ішкі секреция бездерінің өнімдерін (инсулин, тироксин, гидро-кортизон т.б.) гормондар деп атайды. Олар қан арқылы бүкіл денеге тарап, гормондық реттеу тетігін қалыптастырады. Жеке торшаларда түзіліп, солардың өзіне ғана әсер ететін физиологиялық белсенді зат-тарды торшалық гормондар дейді. Ал торшаларда түзіліп, үлпаларға жайылып, олардың қызметіне әсер ететін физиологиялық белсенді заттарды улпалық гормондар немесе гистогормондар деп атайды.

Парагормондар деп үлпаларда зат алмасу өнімі ретінде бөлініп, физиологиялык белсенділік көрсететін заттарды (мысалы, көмір қыш-қыл газы, мочевина) атайды. Ішкі секреция бездерінен тыс, басқа мүшелер мен үлпаларда түзіліп, организмдегі зат алмасу процесі мен көптеген физиологиялық әрекеттерді реттеуге қатысатын химиялық қүрылымы жағынан әртекті физиологиялық белсенді заттарды (мы-салы, гастрин, серотонин, гепарин, секретин, гистамин, ацетилхолин т.б.) гормоноидтар деп атайды. Олар қысқа мерзім ішінде әсер етеді, үлпа белоктарымен қосылып кетеді, немесе тез бұзылады.

Бір организмнің сыртқы секрециялық бездерінде түзіліп, басқа дарақтарға әсер ететін физиологиялық белсенді заттарды (ферромондар, алломондар т.б.) телегрондар дейді

т.б.) гормоноидтар деп атайды. Олар қысқа мерзім ішінде әсер етеді, ұлпа белоктарымен қосылып кетеді, немесе тез бұзылады.

Метаболизмдік гормондар организмдегі зат алмасу процесінің қарқыньш реттейді. Зат алмасу процесіне гормондар қажетті ферменттердің түзілуін жандандыру, бәсеңдету немесе тоқтату нәтижесінде әсер етеді. Мысалы, инсулин, глюкагои, адреналин гормондары комірсулардың алмасуын реттейді, өсу гормоны белоктардың түзілуін жандандырып, көмірсулар мен майлардың алмасу қарқынын озгертеді; тирок-син қуаттың өндірілуін күшейтіп, белоктардың, көмірсулардың, майлардың тотығуын жақсартады.

Морфогенездік гормондар торшалардың генетикалық аппараттарына әсер ету арқылы торшалардың өсуін, көбеюін, жіктелуін бағыттап, реттеп отырады. Олар организм мүшелерінің, бөліктерінің, белгілерінің дамуындағы ретгілікті қамтамасыз етеді.

Үйлесімдік гормондар жеке мүшелердің қызмет әрекетін өзгертіп, оларды өзара сәйкестендіреді, үйлестіреді. Мысалы, адреналин жүрек жұмысын күшейтіп, оның жиырылу күшін артгырады, шеткей кан тамырларын тарылтады, қарын мен ішек қимылдарын баяулатады

Атқаратын қызметіне, әсер баеытына қарай гормондар үш топқа бөлінеді. 1) Эффекторлық гормондар - олар тікелей нысана мүшелер-ге әсер етеді. 2) Троптық гормондар - эффекторлық гормондардың түзілуі мен бөлінуін жандандырады. 3) Релизинг гормондар - гипофиздің троптық гормондарының бөлінуін және гапоталамустың нейросекрециялық қызметіін ретгейді.

Гормондарға оларды биологиялық белсенді заттардың басқа топтарынан ерекшелендіретін бірнеше қасиет тән.

1. Алшақ (дистанциялық) әсер - гормондар өздері түзілген бездер-
ден алшақ орналасқан мүшелер қызметіне әсер етеді.

2. Өзіндік әсер - әрбір гормон организмде жүретін белгілі бір
процеске ғана әсер етеді. Дегенмен, жеке мүшелер қызметіне немесе
белгілі бір процесті ретгеуге бірнеше гормон қатысуы мүмкін. Олар-
дың әсері не бірыңғай (синергиялық), не кереғар (антагонистік) болуы мүмкін





Дата публикования: 2014-12-30; Прочитано: 299 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.014 с)...